Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы



 Другие рефераты
Бақытжан Қаратаевтың ғылыми зерттеу жұмыстары Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары Банктік емес кредиттік ұйымдар

 

 

 

Жоспар:

 

 

Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3

 

 

       I.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы жалпы ақпарат

           

1.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы ережелері ._ _ _ _ _ _ _ _4

           

1.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  міндеттері,

         мақсаты, функциялары және құқықтары. _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _5

           

 

      II.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрылымы.

           

2.1. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы және органдары.
         Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыретi       _ _ _ _ _ _ _  _ _ _ _ _ _ 8

           

2.2. Ұлттық Банкінің капиталы және резерві _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _ _ _  13

           

2.3. Ұлттық Банкінің өкілдері, ұйымдары және филиалдары _ _ _ _ _ _ _  _ _ _15

 

 

     Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _  _ _ _ _ _ _ _17

 

 

     Қолданылған әдебиеттер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _18

 

 

     Қосымшалар_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Мен өзімнің курстық жұмысымда жоспарда берілген негізгі бөлімдердің тақырыптарын ашуға тырысамын. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы, оның негізгі мақсаты неде, қандай міндеттері, функциялары және құқықтары бар екенің жазамын.

Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі -Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

         Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық Банк "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады.

Ұлттық Банк, мемлекеттің орталық банкі есебінде, Қазақстан Республикасының әлемдік шаруашылық жұйесіне ену процесіне қатысып отыр. Қазақстан Республикасы халықаралық қаржы ұйымдарының тұрақты мүшесі болып табылады.

 

 

       I.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы жалпы ақпарат

 

1.1.          Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің жалпы ережелері

 

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Қазақстанның Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады. Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген шекте Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi және өз қызметiнде  Конституцияны, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық және заңнама актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
       Қазақстанның Ұлттық Банкi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Өзiнiң дербес балансы бар, өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрлесiп тiкелей бағыну схемасындағы бiртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өздерi болатын елдiң заңдарын ескере отырып филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.
       Қазақстанның Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен үйлестiредi және онымен тұрақты консультациялар өткiзiп отырады.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және егер ол өзiнiң негiзгi функцияларын орындауы мен ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтiн болса, оны жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiк атқармайды, сол сияқты Қазақстанның Ұлттық Банкi де мұндай жауапкершiлiк алған кезде болмаса, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiк атқармайды.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк билiк органдары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң, оның филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының заңнамамен бекiтiлген өкiлеттiктерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiне араласуға құқылы емес.
       Қазақстанның Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң, басқа да заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi оның "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланып отырады.
       Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы жазылған мөрi, сондай-ақ өзiнiң эмблемасы болады.
      Қазақстанның Ұлттық Банкi филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының өз мөрi бар.
 

 

1.2. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты,
  мiндеттерi, функциялары, өкiлеттiктерi және құқықтары

 

 Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгі мақсаты Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстанның Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
      1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
      2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      3) валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
      4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
        Қазақстанның Ұлттық Банкi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды атқарады:
      1) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргізу;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асыру;
      3) банктердiң банк функциясын жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң банк, қаржы жөнiндегi ке

12345
скачать работу


 Другие рефераты
Социальная политика государства
Влияние магнитного поля
Теория Бутлерова
Экологическое законодательство зарубежных стран


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ