Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы
а шешiм қабылдауға, сондай-ақ өз құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi шешудi өзiнiң орынбасарларына, Қазақстан Ұлттық Банкi орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiнiң, филиалдарының және өкiлдiктерiнiң басшыларына тапсыруға құқылы.
Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының және оның орынбасарларының жеке жалақыларының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасын тағайындау мерзiмiне қарамастан 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi, өз құзыретi шегiнде құжаттарға қол қояды және сотта және басқа ұйымдарда iстерi қаралған кезде, сондай-ақ өзге де мәселелер бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi қызметкерлерiнiң қатысуы үшiн сенiмхат бередi.
Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметтен босатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасымен келiсiлген жазбаша өтiнiшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынып, қызметтен кете алады. Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және өздерiне бөлiнген қызметтiк мiндеттерi негiзiнде мәселелер қарайды және шешiм қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты бөлiмшелерiнiң басшылары өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi бекiтетiн осы бөлiмшелер туралы ережелер негiзiнде жүзеге асырады.
2.2. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң капиталы және резервтерi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң капиталы және резервтері жарғылық және резервтiк капиталдардан, қайта бағалау шоттарынан, арнайы провизиялардан (резервтерден), сондай-ақ жалпы провизиялардан (резервтерден) тұрады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылындағы бөлiнбеген таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстерi мен шығыстары (алтынвалюта активтерiн қайта бағалау шоттарына жатқызылған, пайда болған iске асырылмаған кiрiс сомасын қоспағанда) арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Банктiк активтер бойынша жасалған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына және алтынвалюта активтерiн қайта бағалаудан iске асырылған кiрiс сомасына азайтылған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылындағы бөлiнбеген таза кiрiсi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды ұлғайтуға жiберiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiткеннен кейiн бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi бiр қаржы жылына мәулетпен мемлекеттiк бюджетке аударылады.
Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда барлық бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқаруында қалады және жарғылық капитал мөлшерiне жеткенге дейiн резервтiк капиталды толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылындағы шығындарды өтеу үшiн резервтiк капитал қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны жабылмаған шығын Қазақстан Ұлттық Банкiне бiр қаржы жылына мәулетпен мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен толық көлемде өтеледi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi және бөлiнбеген таза кiрiстен шегерiмдер арқылы кемiнде 20 миллиард қазақстандық теңге мөлшерiнде түзiледi.
Қазақстанның Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi айқындаған тәртiппен иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын дербес жүзеге асырады.
Резервтік капитал жарғылық капиталдан кем емес мөлшерде қалыптасады, бөлiнбеген таза кiрiс есебiнен толықтырылады және Қазақстан Ұлттық Банкiнің Басқармасы белгілеген тәртiппен жүргiзiлетiн операциялар бойынша шығасыны өтеу мен шығындардың орнын толтыруға ғана арналады.
Қазақстанның Ұлттық Банкi шығыстары есебiнен кредиттердi, депозиттердi, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезiндегi шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және басқа да активтердi қоса алғанда, оның iшiнде аяқталмаған құрылыс көлемi, күмәндi және үмiтсiз талаптар, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң монетарлық емес қызметi бойынша басқа да талаптар және әлеуметтiк сипаттағы төлемдер бойынша арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлiнбеген таза кiрiс есебiнен - банк активтерi бойынша жалпы провизиялар (резервтер) түзiледi.
Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан жұмсалмаған кiрiстi есепке алуға арналған. Негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi құрал-жабдықтарын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi қазақстандық теңгенiң iшкi және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жасалған және пайдаланылады әрi мыналардан тұрады:
1) тазартылған алтын;
2) Қазақстан Ұлттық Банкiнде сақталатын валюта құндылықтары;
3) шетел валютасындағы жай және аударым вексельдерi;
4) шетел үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген бағалы қағаздар;
5) осындай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз еткен жағдайда шетел валютасымен деноминацияланған басқа да сыртқы активтер.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi туралы нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалатын мақсаттарға пайдаланылады.
Қазақстанның Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және оларды орналастыруды айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң активтерiн немесе мiндеттемелерiн бағалаудағы өзгерiстердiң салдары болып табылатын алтынвалюта активтерi бойынша бағамдық айырма олар пайда болған есептiк кезеңдегi iске асырылмаған кiрiстердiң немесе шығыстардың есебiне жатқызылады. Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес есептелген iске асырылған кiрiс немесе шығыс сомасы есептiк кезеңдегi кiрiстер мен шығыстардың тиiстi шоттарына жiберiледi. Қаржы жылын аяқтау нәтижелерi бойынша iске асырылмаған кiрiстер мен шығыстар қайта бағалаудың тиiстi шоттарына жатқызылады. Алтынвалюта активтерiнiң түрлерi бойынша қайта бағалау шоттарында қалдық болмаған жағдайда пайда болған терiс бағамдық айырма есептi кезеңнiң шығыстарына жатқызылады. Алтынвалюта активтерiн қайта бағалаудан түскен iске асырылған кiрістер толық көлемде резервтiк қорды ұлғайтуға жiберiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтынвалюта активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталымдылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажетті деңгейде ұстап тұруға тиiс.
2.3. Ұлттық Банкікің өкілдері, ұйымдары және филиалдары.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары (бұдан әрi - филиал) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен ашылады, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей бағыну схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылымына кiредi, оған есеп бередi және өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi олар үшiн айқындаған өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.
Филиалдың Қазақстанның Ұлттық Банкi бекiткен құрылымына сәйкес филиалдың құрамына бөлiмдер мен басқа да бөлiмшелер кiруi мүмкiн, олардың өкiлеттiктерi мен құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалы туралы ережеде айқындалады.
Филиал өз қызметiнде жергiлiктi мемлекеттiк билiк органдарынан тәуелсiз және мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша оған ондай жауапкершiлiктi Қазақстан Ұлттық Банкi жүктеген жағдайларды қоспағанда, жауапкершiлiк атқармайды. Қазақстан Ұлттық Банкi филиалдардың мiндеттемелерi үшiн жауапкершiлiк атқарады.
Филиал өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, нормативтiк құқықтық актiлерiн, Басқарма мен Директорлар кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiн, осы Ереженi және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалы туралы ереженi басшылыққа алады.
Филиалды ашу және жабу тәртiбi, қызметiнiң мiндеттерi мен функциялары, филиал органының құзыретi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалы туралы ережемен айқындалады.
Филиалдың қызметiне басшылықты Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы лауазымға тағайындайтын (лауазымнан босататын) оның директоры жүзеге асырады. Филиалдың
| | скачать работу |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы |