Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

бекітті. 1949 ж. «Казақ мемлекеттік біріккен мемлекеттік баспасы» қайтадан «Қазақ мемлекеттік баспасы» деп аталды.

1943-1949 жж. «Қазақ КСР тарихы» академиялық басылымы шығады. Осы жылдары Ә. Марғұлан, Е.Б. Бекмаханов сияқты атақты ғалымдардың монографиялық зерттеулері жарық көреді. Сөйтіп, құжаттық, археологиялық, этнографиялық материалдар жинақталады. Академик Ә.Х. Марғұлан қазақ халқының этникалық тарихын, материалдық және рухани мәдениетін ғылыми түрде терең зерттеді. Ол 40 жж. басынан бастап көне жазба ескерткіштерін, қазақ халқының рухани мәдениетін, фольклорын, Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер кешенін іздестіріп зерттеуде алғашқылардың бірі болды. Осы зерттеулер нәтижесінде 1945 жылы «Қазақ халқының эпикалық жырлары» туралы докторлық диссертациясы, «Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті» атты кітабы шығады. Халық ауыз әдебиетін жақсы білген Ә. Марғұлан Қ. Жұмалиевпен бірге 1941 ж. орта мектептің 8 сыныбына арналған фольклор туралы оқулық та жазған. Ол «Қазбірмембаспадан» 1941 жылы 7000 дана болып шыққан [23].

Үшінші тарауға қорытынды жасасақ, қазақ зиялылары баспа ісін ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан. Х.Досмқхамедов Республикадағы баспа ісі және ғылыми мекемелер жөніндегі мемлекетаралық комитет төрағасы ретінде ауқымды жұмыстар атқарды. Олар шеттен Москва, Санкт-Петербор, Омбы, Томск қалаларында алған жоғары білімдерін өз халқының ғылымы мен білімін, мәдениетін өркендетуге қолдануға тырысты. Көпшілігі Ресейдің ғылыми мектебінен өткен, үлкен ғылым иесі болды, көптеген шығармалары мен ғылыми еңбектерін дүниеге әкелді. Олардың қазіргі ғылымда да маңызы зор. А. Байтұрсыновтың «Әліппе таңбалар жұмбағы» еңбегіндегі тіл туралы пайымдамалары ғылыми негізде жазу үлгісін дәлелдесе, Ә. Бөкейхановтың қазақ тарихы, саясат туралы, М. Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегі жаңа біліммен ескі білімнің сабақтастығын ашты. Ж. Аймауытовтың «Психология» еңбегі де ғылыми мәнін жоймаған мың жылдан аса тарихы бар Еуропа ғалымдарының еңбектерімен салыстырыла зерттелген еңбек, оған «Адам өзін танымаса , өзгені де танымайды » деген пайымы дәлел. Ғалым-баспагер Н. Төреқұловтың «Ұлт мәселесі және мектеп» тақырыбында 1925 ж. бірінші бүкілодақтық мұғалімдер сьезінде жасаған баяндамасының танымдық, адам ғибрат алатындай өнегелік әсері үлкен.

Қорытынды бөлімде зерттеудің нәтижелері және тарауларға сай негізгі түйіндер жасалды. ХХ ғ. 20-40-жж. баспа ісі өркениетті дәрежеде дами қойған жоқ. Өйткені 20-жж. басында полиграфиялық өндіріс толық қуатымен жұмыс істеген жоқ. Қағаз жетіспеді. Орталықтың өзінде 1920 ж. орташа есеппен алғанда айына 46 пұт (750 кг жуық) қағаз жұмсалған. Қағаздың тапшылығынан баспа ісіне қауіп төнді. Осы бағытта Кеңес өкіметі жедел шаралар қолданып, елде халық шаруашылығын қалпына келтіріп жатқан жағдайда, баспа ісін де қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтап, жұмысын бір арнаға қою көзделді. Баспа бояуын жасау, қағаз шығару сияқты жұмыстар жүргізілді. Соның арқасында типография жабдықтары Қазақстанға да әкелінді.

1923 ж. ортасында Халық Комиссарлар кеңесі «Мемлекеттік баспа туралы» Ережені бекітті. Мембаспа саудалық өндіріс болып, трес құқында жұмыс істеді. Елдегі саяси, шаруашылық, мәдени революция міндеттерін басшылыққа алды. 20-жж. басында жаңа мемлекеттік және партиялық баспалардың құрылуына байланысты Мембаспа әмбебап кітап өнімін жасаудан бас тартты. Көлемі шағын үгіт-насихат брошюраларды, әкімшілік басылымдарының орнына Мембаспа енді іргелі, көлемді еңбектерді шығара бастады.Сөйтіп, мемлекет және партия қайраткерлерінің еңбектері, марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектері том-том болып шығып жатты. Мұндай істер Қазақстанда да кезек күттірмейтін міндет болды. Баспаның нығайған құрылымын іздеу мына бағытта жүрді: шоғырландыру, баспаны тұрпаттандыру, бір орталыққа бағынған басқарудың болуы. Баспа қызметкерлерінің 1928 ж. қаңтарда өткен алтыншы Бүкілодақтың съезі мына қаулыны қабылдады: кітап баспа ісін тиімділеу негізінде әдебиеттің түр- сипаты жағынан баспада тұрпаттандыру қағидасын ұстау. Тұрпаттандыру деп баспа желісін жоспарлы түрде құру, редакциялық-баспа жоспарында әмбебаптық пен қарама- қарсылықты жою. Сонымен КСРО кеңістігінде баспа ісі жоспарлы түрде дамыды. Ол қатаң бақылауда болды. Әдебиетте социалистік реализм әдісі қолданылды. Партиялық қағида сақталды. Сондықтан қазақ баспа ісі еркін дамыды деп айта алмаймыз. Ғалым бір шығармасын жазса, ойында басқа дүние тұрды. Ашық шындықты жаза алмады, бұл кеңестік дәуірдегі әдебиеттің бәріне тән жағдай болды.

«Орталық баспа» кешенді баспа болды, ол бірқатар ұлт тілдерінде әліппелер, оқулықтар, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік, ауыл шаруашылық, көркемдік т.б. әдебиеттерді шығарды. Тұрпатты «Экономбаспа» (1936), «Педагогика» (1937) т.б. баспалар жұмыс атқарды. Орталық баспа мен ұлттық баспалар қырық бес ұлтты әліппелер және оқулықтармен қамтамасыз етті. Әсіресе бастауыш мектепке оқулықтар көптеп шықты. «Сауатсыздықты жою жылдарында қазақ баспаларында да әліппелер, тіпті ересектер үшін әліппелер шыққан. Мектепке оқулық жазбаған ғалым, не баспагер қалған жоқ. Кезінде Ә. Марғұлан, Б. Майлин, Ғ. Мүсіреповтер де мектептің қамын ойлап, қазақ балаларының көзі ашық болғанын қалап, оқулықтар жазған. Алайда, басқа техникалық сала бойынша оқулықтар орысшадан аудару арқылы ғана жазылды. Мұндай құбылыс әлі күнге дейін кездеседі. Қазақ зиялылары көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына Ресейдегі оқиғалар белгілі дәрежеде ықпал жасады. Ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революция қазақ еңбекшілерінің саяси санасын өрістетті. Бұл оқиғаға Ресейдің өзіндегі түрлі топтардың қатынасы әрқалай болды. Өлкедегі әлеуметтік-саяси даму төмен болса да, төңкеріс кезінде жұмысшы қозғалысы жаңа сатыға көтеріліп, елдегі саяси-әлеуметтік оқиғаларға белсене араласты. Алғашқы баспаның сапалы жұмыс істеуіне А. Байтұрсынов үлкен үлес қосқан,жұмысын дұрыс жолға қойды. Жалпы қазақ зиялы қауымының еңбектері ғылымға, ғылыми сөзжасам негізіне бетбұрыс жасауға үйретеді.

Кеңестік жүйедегі кітап ұжымдық ұйымдастырушы, үгітші, насихатшы, коммунистік идеологияны таратушы болды. Орталықта техникалық баспа болғанымен Қазақстанда техникалық әдебиет шығару қарқынды бола қойған жоқ. Салалар бойынша, мысалы зоотехника жағынан жылқы малына қатысты азын-аулақ еңбектер ғана болды. Лениннің «Баспа туралы Декретінен» бастап, үкімет пен партия кітап ісі, кітапты тарату ісіне тұрақты түрде назар аударды. Партиялық, идеялық, бұқаралық, интернационалдық осының бәрі кеңестік кітапқа қойылған талап еді. 1923 ж. партиялық-кеңестік баспалар одағы «Кеңестік партия» баспасы құрылады. Оған 64 ірі өндірістер, Мембаспа да кірді. Бұл одақ кітап басылымдарының жоспарын реттеп отырды, кітаптардың идеялық-саяси мазмұнын, сапасын тексерді. Сонымен бірге полиграфия, кітап саудасы ісі, жоспарлау мәселесімен де айналысты. Ол Біріккен мемлекеттік баспаның негізін қалады.

Ұлттық баспаның қалыптасуына, оның нығаюына Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Нәзір Төреқұлов, Халел Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллиндер т.б.зор үлес қосты.

 Сонымен қорыта айтқанда, ХХ ғ. 20-40 жж қазақ халқы аса ірі тарихи, әлеуметтік оқиғаларды басынан кешірді, халықтың рухани өмірінде түбірлі өзгерістер болды. Ұлтты біріктіретін де, ұлтты айыратын да белгі ол ұлттық сана-сезім, біз өзімізді-өзіміз басқалар арқылы таныдық, «бізді» «олармен» салыстыру арқылы ұлттық сана қалыптасты.

Қазақстандағы аталған кезеңдегі кітап баспа жұмыстарының негізгі ерекшелігінің бірі ғылымдардың жіктелуі мен дамуының қарқындарын, ғылыми жетістіктерді енгізу ғана емес, ғылыми ұсыныстарды баспа бетінде түйіндеу болды. Баспа ісі Қазақстан ғылымының ролінің артуымен тығыз байланыста өсіп дамыды.

«Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі ғылым», деп М. Әуезов айтқандай, ғылыми еңбектері мен мақалалары арқылы ғалымдар қоғам алдында атқарылған жұмыстары туралы есеп береді, ғылыми жетістіктерін паш етеді, кең оқырмандарға тарататыны ғылыми дәйекті талдаулар арқылы дәлелденді. Кітап тарихы – ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын ата-бабаларымыздың тарихы, өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі, сондықтан кітап тұрпаттарының тарихы, даму үрдістері, кітап басу ісінің жекелеген аспектілері салыстырмалы түрде зерттелді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

 

1.       Дағдарыстан жаңару мен дамуға. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққаЖолдауы // Айқын. – 2009. – 7 наурыз.

2.       Лихачев Н.П. Книгопечатание в Казани за первое 50-летие существование в этом городе типографии. Спб., 1895.– 10 с.

3.       Катанов Н.Ф. Восточная библиография // Деятель (журнал). - Казань, 1896–1904.

4.      Библиографический указатель материалов по истории Казахстана: Восточные источники, опубликованные до 1917 г. / Сост. Н. Сабитов. – Алма-Ата: Наука, 1947. – 40 с.

5.      Культура Советского Казахстана. Сб. статей. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1957.– 237 с.

6.       Кереева-Канафиева К. Дореволюционная русская печать о Казахстане. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1963. – 303 с.

7.      Советтік Қазақстанның кітаптары. Ретроспективті жинақталған библиографиялық көрсеткіш. – І том. 1917–1945. – Алматы: Қазмембас, 1962. - 444 б.

8.       Советтік Қазақстанның кітаптары. Библиографиялық к

Пред.6789
скачать работу

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ