Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

өнімдерінің негізгі бағыттары, түрлері» деп аталады. Бұл тарауда оқулықтар мен оқу құралдарының шығуы, ғылыми және ғылыми-көпшілік кітаптар мен басылымдар, Қазақстанды зерттеу қоғамы және басқа да ғылыми, ғылыми-көпшілік ұйымдар мен мекемелердің басылымдары қандай деңгейде болғаны туралы мәселелер қарастырылған.

1920 ж. наурызда РКФСР Оқу Халық Комиссариатының ұлттар бөлімінде сауатсыздықты жою жөнінде арнаулы комиссия құрылады. Осы комиссияға қазақ және қырғыз тілдерінде 500 мың дана «Әліппе» шығару тапсырылады. Қазақстан үкіметі шұғыл түрде республика Оқу Халық Комиссариатына қазақ тілінде оқулықтар шығаруды міндеттеді.

1921 ж. 31 қаңтарда Қазақ АКСР Оқу Халық Комиссариаты мен Қазақстан Мемлекеттік баспасы редколегиясының біріккен кеңесінде 1-2-басқыш мектептерге арнап қазақ тілінде оқулықтардың жоқ екенін, атап айтқанда, арифметика, геометрия, жаратылыстану, физика, алгебра, химия, жалпы тарих, қазақ тарихы, мектеп гигиенасы, педагогика, дидактика мен методикалық әдебиеттерді қазақ тіліне аударып шығару қажеттілігі айтылды. Оқу кітабын, синтаксис, қазақ тілінің теориясын жазу ісі қолға алыну қажеттігіне де мән берілді.

1922-23 оқу жылында әліппе, грамматика, есеп құралы оқулықтары 178 мың дана болып шыққан. Дегенмен де басқа оқулықтар мектептерге жетіспеді. «КСРО халықтарының кіндік баспасы» ұйымдастырған комиссия 1923 ж. 9 маусымда қазақ тілінде мектеп оқулықтарын шығару мәселесін қарап, Қазақ республикасы кітаптан қатты тарығып отыр деп көрсетті де, қазақша оқулықтар мен құралдарды қарқынды түрде жылдам баспадан бастырып шығару туралы арнайы қаулы қабылдады. 1922-1923 оқу жылында қазақ мектептері 14 оқулық алған болса («Грамматика», «Физика», «Алгебра», «Педагогика», «Мектеп гигиенасы» т. б.), 1924/25 оқу жылында 16 оқулықпен қамтылып, олардың жалпы тиражы 322 мың данаға жетеді. Оқулықтар негізінен орыс тілінен аударылып, әр қалада (Москва, Ленинград, Ташкент) басылып шықты. 30-40 жж. бастауыш мектептеріне арналған оқулықтар барлық пәндер бойынша шығып тұрған. Ал әліппенің көбі үлкендер мектебіне арналып шыққан. Оның авторлары Қ. Төлебаев, А. Медетов, М. Омарова. Қазақстан Өлкелік партия комитеті 1934 ж. 17 наурызда оқулық шығару жөнінде қаулы қабылдап, онда республикадағы аз ұлттар (ұйғыр, дұнған) тілінде мектеп оқулықтары мен методикалық әдебиеттерді шығаруды ұйымдастыруды қолға алуды көздеді. 1943 жылы баспалардың тақырыптық жоспарында таралымдар мен барлық сала бойынша әдебиеттерді көбейту көзделді. 170-ке жуық оқулық кітаптарын шығару жоспарланса, оның жүзі орыс тілінде шығу керек, ал олардың қатарында Қазақстанның басқа ұлт тілдерінде тұрақты оқулықтар шығарылуы тиіс деп жүктелді. Жиырма бір оқулық жоғары оқу орындары мен педучилищелерге арналды. Алаш зиялылары да оқулық жазуға ат салысып, қазақ балаларының сапалы білім алу, ғылымның негізгі салаларын меңгерту мақсатында күш жұмсады. А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, Ә. Бөкейханов, Қ. Сәтпаевтар т.б. бұл іске араласуы үлкен азаматтықтың белгісі еді. Олардың жазған оқулықтары қазақ даласындағы алғашқы жүйеленген оқулықтар болатын. Әрқайсысы өзінің жазған саласында еңбек еткен, ол пәннен білімдері де жоғары еді.

Ғылыми басылым классикалық шығармалар, құжаттар, мұрағат материалдарының түріне жатады. Ол мәтін мен жарияланымды ерекше дайындауды талап етеді. Ғылымның басты қызметі адамдардың практикалық іс-әрекетіне қызмет көрсету болып табылады. Жаратылыстану ғылымдары мен техника адамдардың өндірістік іс-әрекетімен байланысты болып, қоғамдық өндірістің дамуына теориялық негіз жасайды. Қоғамдық ғылымдар болса қоғамдық өмірді прогрестік тұрғыдан қайта құруға бағытталған адамдардың практикалық қызметін теориялық жағынан сипаттайды. Алайда теориялық қызмет басты қызмет болғанымен, бір нәрсе деп қарауға болмайды. Өйткені ғылым идеологиялық қызметті де атқарады. Ғылымға таптық тәсілді қолданған кезде ғылым идеологиялық жағынан бейтарап, объективті білімді жасап, барлық таптарға бірдей қызмет көрсетеді деп санады. Жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар адамдарды идеологиялық жағынан тәрбиелеп, нақты дүниетанымын қалыптастырады.

20-жж. басында Қазақ АССР Оқу Халық Комиссариатында Академиялық орталық құрылды, екі секцияда жұмыс атқарды Мемлекеттік ғылыми секция ғылыми-саяси, ғылыми-техникалық, ғылыми-педагогикалық жұмыстарға жетекшілік етті, қазақ терминологиясы, жазу, алфавит, оқу әдебиеттері баспаға даярланды және ғылыми кітаптар қазақ тіліне аударылды. Осы жұмыс барысында жас ғалымдар, журналистер, баспагерлер бір-бірімен тығыз байланыс жасады. Осы кезде этнография, халық музыкасы, қазақтардың қолданбалы өнері туралы материалдар жинақталды. 1931 ж. Қазақ өлкелік партия комитеті Қазақстанда баспа ісін қайта құру туралы шешім қабылдады. Осы қаулыға сәйкес Қазақ баспасының редакциялары әдебиеттің түрлері бойынша маманданды. Сонымен бірге осы жылы өндірістік-техникалық әдебиеттерді шығару үшін «Қазақ техникалық баспасы» құрылды. Бұл ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен байланысты кітаптар, кітапшалар шығаруға ықпал жасады.

30-жж. басында Қазақстанда ондаған ғылыми-зерттеу мекемелері мен тәжірибе станциялары жұмыс істеді. 1932 ж. наурыздың басында КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасы құрылды. Қазақстан ҒА базасының алғашқы «Еңбектері» 1934 ж. Ленинградта академик А.Н. Самойловичтің редакциясымен шығады. «Еңбектерде» Қарағанды зоология экспедициясының қорытынды жұмысы туралы мақала, Алтай-Ертіс ауданы мәселесін кешенді зерттеу және табиғи өндіргіш күштерін игеру жөніндегі материалдарды жинақтаған екінші шығарылымы жарияланады. 1934 жылы «КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан филиалының Бюллетені» ғылыми-зерттеулер мен жаңалықтардың жаршысы болды. Бюллетеньде Қазақстан ҒА филиалы базасының екі жылдағы қызметі және республикада ғылыми-зерттеудің одан әрі дамуы сипатталады.

Қ.И. Сәтбаев Қазақстандағы қоғамдық ғылымдар мәселесін шешуге тікелей араласқан. ХХ ғ. 40-жж. «Қазақ КСР тарихының» алғашқы екі томын даярлау комиссиясының төрағасы, М. Әуезовтың «Абай» романына «Қазақ өмірінің энциклопедиясы» ретінде баға берді. Қ.Сәтбаев Ш.Ш.Уәлихановтың толық шығармалар жинағын шығаруда редколегия мүшесі болды. 1927 жылы Қ. Сәтбаевтың Мәскеуде қазақ тілінде басылған «Ер Едіге» жыры және оған «Сөз басы» үлкен кіріспе-зерттеуі қазақ тарихына, көркем сөз тарихына, әдебиеттануға қосылған үлкен ғылыми үлес. 1935 жылы «Үлкен Жезқазған» атты ірі ұжымдық еңбек шығады. Оны шығаруға орталық ғылыми-зерттеу институттары, КСРО Мемлекеттік жоспарлау қызметкерлерімен бірге Түрлі-түсті металл басқармасы, Жезқазған комбинатының мамандары қатысады.

Қазақстан зерттеушілерінің монографиялық зерттеулері 1938 жылдан бастап жарық көрді. 1946 жылға дейін 40-қа жуық кітап шығады. Жыл сайын ғылыми зерттеулерге қорытынды жасаған реферативті журналдар шығып тұрды. 1939 жылы КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан филиалының «Хабаршылары» шыға бастады. «Хабаршының» зоология сериясындағы «Редакциядан» деген кіріспесінде ғылыми зерттеу еңбектерін өз уақытында шығарып отыру қажеттігі айтылды. 1946 ж. «Хабаршының» тоғыз сериясы шығады. Мұның өзі ғылыми зерттеулердің шарықтап дамығанын дәлелдейді. 1934-1940 жж. Қазақстан базасының, кейіннен КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан филиалының 20–ға жуық шығарылымы Москва мен Ленинградта жарық көрді. 1939 ж. «КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан филиалының хабаршысы. Зоология сериясының» бірінші нөмірі, келесі жылы «КСРО ҒА Қазақстан филиалының Хабаршысы. Тарих сериясының» бірінші нөмірі жарық көрді.

С.Д. Асфендияровтың «Ежелгі дүниеден бастап Қазақстан тарихының» І бөлімі, «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» атты еңбектерінің шығуы Қазақстан тарихы ғылымы үшін жетістік еді. С.Д. Асфендияровтың редакциялауымен «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» құжаттар жинағы шығады. Бұл да Қазақстан тарихының деректану бөлімін байытты. Ол ұлыдержавалық, ұлтшылдық көзқарастарды сынады. Осы жылдары А.Х. Диваев жинақтаған «Батырлар жыры» шығады.

20-30-жж. Алаш зиялыларының да ғылыми еңбектері шығып, Қазақстан ғылымына үлкен үлес қосты. Соның бірі М. Тынышбаев. ХХ ғ. 20 жж. оның біраз еңбектері Қызылордада «Қазақстанды зерттеу қоғамы» баспасынан, Ташкентте Қырмембаспасының Шығыс бөлімі жариялап тұрды. Ол әйгілі шығыстанушы Бартольдтың ғылыми еңбектеріне үлкен ден қойып, қазақ тарихына қатысты деректеріне ерекше мән берген.

Мемлекеттік библиографияның дамуы Қазақстандағы баспа ісінің дамуымен тікелей байланысты. 1918-1920 жж. жыл сайын Қазақстанда 6-8 атаулы кітап аздаған тиражбен шығатын. Қырмембаспаның құрылуымен 1922 ж. үш мың данамен 47 атау кітап шыққан. 1937 ж. Қазақстанда 400 кітаптың жалпы тиражы 5 316 мың дана болған. 1934 ж. жазда Қазақстан Өлкелік партия комитеті «Марксизм-ленинизм классиктері шығармаларын қазақ тіліне аударып, бастыруды ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдайды. Осы жылы көлемі 270 баспа табақтай 28 атау кітап шығару белгіленеді. Өлкелік партия комитетінің 1934 жылы 11 сәуірдегі қаулысы бойынша Қазақтың ғылыми-зерттеу марксизм-ленинизм институты мен Өлкелік партия комитетінің партия тарихы институтын біріктіріп, Қазақстанның Маркс-Энгельс-Ленин институтын ашамыз деп шешіп, оның алдына төмендегі міндеттерді қояды: а) Маркс, Энгельс, Ленин еңбектерін қазақ тіліне аудару; ә) Қазақстан партия ұйымдарының, Қазан төңкерісі мен революциялық қозғалыстардың тарихы жөніндегі құжаттарды, материалдар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындап, бастырту. Мембаспа білім деңгейі әр түрлі оқырмандар үшін ғылыми-көпшілік сериясын шығарады. Сауаты бар жұмысшылар мен шаруалар үшін «Ғылым бәріне» сериясы шығады, ал «Көпшілік ғылыми кітапхана» өте маңызды әдебиеттерді шығард

12345След.
скачать работу

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ