Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандығы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер



 Другие рефераты
Қалқанша безі Қалқанша безі және қалқанша маңы бездері Қазақстандағы грек диаспорасы Қазақстанда нашақорлықпен күрес шаралары

ызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының  қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.

Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.

Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды,  сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Шығыс Қазақстан облысындағы  Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және  құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі

«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың түрлері мен түршелерінің тізбесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы

21 тамыздағы № 1152  Қаулысы

СҮТҚОРЕКТІЛЕР  

1. Жоңғар сальпинготусы 7. Тас сусары
2. Жалман 8. Шұбар күзен
3. Роборовский атжалманы 9. Түркістан сілеусіні
4. Сары алақоржын 10. Қазақстан арқары
5. Қызыл қасқыр 11. Алтай арқары
6. Сабаншы  

         ҚҰСТАР

1. Қызғылт бірқазан 18. Жекдуадақ 35. Жұртшы
2. Бұйра бірқазан 19. Тарғақ 36. Ақсұңқар
3. Жалбағай, қалбағай 20. Кіші шалшықшы құс 37. Ителгі
4. Қара дегелек 21. Сүйір тұмсықты шалшықшы құс 38. Лашын
5. Қоқиқаз 22. Қарабас өгіз шағала 39. Тұрымтай
6. Сұңқылдақ аққу 23. Қарамойнақ шағала 40. Үкі
7. Кіші аққу 24. Қарабауыр бұлдырық  
8. Қутұмсық қаз 25. Ұбақ, қолаңтөс  
9. Қызыл жемсаулы қарашақа 26. Балықшы тұйғын  
10. Қара тұрпан 27. Жыланшы қыран, бүркіт  
11.  Дөңтұмсық тұрпан 28. Бақалтақ қыран  
12. Ақбас үйрек 29. Дала қыраны  
13. Алтай ұлары 30. Қарақұс  
14. Ақ тырна 31. Бүркіт  
15. Ақбас тырна 32. Ақиық субүркіт  
16. Дуадақ 33. Аққұйрық субүркіт  
17. Безгелдек 34. Сақалтай, қозықұмай  

 БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР

1. Шұбар батбат кесіртке 4. Шұбар кесіртке
2. Зайсан батбат кесірткесі 5. Жолақты әбжылан
3. Үлкен көз кесіртке  

ҚОС МЕКЕНДІЛЕР

1.Даната құрбақасы

БАЛЫҚТАР

1.Таймен                      2. Сылан

 Шығыс Қазақстан облысының Қазақстанның Қызыл кітабына

             енгізілген сирек кездесетін, бағалы, жергілікті және

                     құрып кету бар  өсімдік түрлерінің тізімі

                       (Қазақ ССР-дің Қызыл кітабы,  Алматы, 1981ж.)

  1. Верещагин сазшөбі – сирек, жергілікті түр

2. Қыртысты жуа – сирек, аз жергілікті түр, құрып кету қаупі бар

  1. Ұсақ торлы жуа – сирек түр
  2. Көп тамырлы жуа – сирек түр
  3. Ақшыл секпілгүл – сирек, жергілікті түр
  4. Ала күлтелі қызғалдақ – сирек түр
  5. Сібір қандығы, жауқарын – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр
  6. Людвиг құртқашашы – сирек, аз жергілікті түр
  7. Ірі гүлді шолпанкебіс  — сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр
  8. Нағыз шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр
  9. Секпіл шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр
  10. Телпек сүйсін– саны азайып бара жатқан сирек түр
  11.  Алтай рауғашы – таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр
  12.  Ақ тұңғиық, аққугүл – сирек түр
  13.  Дала шұғылығы, сәлдегүл – таралу аймағы азайып бара жатқан жергілікті түр
  14.  Сауыр тегеурінгүлі – сирек, аз жергілікті түр
  15.  Көктем жанаргүлі– сирек түр
  16.  Алтай гим
    12
    скачать работу


     Другие рефераты
    Творчество И.Е.Репина
    Тайманұлы Исатай (1791-1838)
    Невербальное поведение личности и ее влияние на ход переговоров
    Имидж делового человека


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ