Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанда нашақорлықпен күрес шаралары



 Другие рефераты
Қазақстандығы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер Қазақстандағы грек диаспорасы Қабыршақты амеба отряды Көру анализаторы

Есiрткi жер бетiн әбден жайлап алды. Кез келген мемлекеттiң алдында нашақорлыққа күрес ашық жарияланып отыр. Қазақтың тегiнде болмаған есiрткi қазiргi таңда есiрiп кеткен. Сарапшылардың пiкiрiнше, бiздiң елiмiз тiптi есiрткi саудасының жол торабына айналған. Жыл сайын есiрткiмен күрес шараларына бөлiнетiн қаржының көбеюiне қарамастан нашақорлар саны күннен күнге өсiп келедi.

Қазiр Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Бұл бiрнеше рет көзге түсiп тiркелгендерi. Тiркелмегендерiнiң қанша екенi әзiрге белгiсiз. Республикамызда нашақорларды емдейтiн 9 орын бар. Үстiмiздегi жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жұмыстарын жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен әйел адамдар екенi анықталып отыр. Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық жаза күшейтiлдi, Үкiмет тарапынан қомақты қаржы да бөлiнуде. Бiрақ, нашақорлардың саны азаяр емес. Заңгерлердiң айтуынша, есiрткi бизнесi тамырының тереңге бойлауына одан түсетiн қыруар ақша себеп болуда. Күнделiктi бұқаралық ақпарат құралдарынан есiрткi тасумен қолға түскен азаматтар туралы. есiрткi пайдаланудың керi әсерi жайында ақпараттар берiлiп жатады. Бiрақ, өз басына түспеген соң басқамыз бұған көңiл аудармай, бей-жай қараудамыз. Ақша табудың оңай жолын тауып алғандар болса бұл кәсiбiн тыяр емес.

Дәрiгерлердiң айтуынша, нашақорлар Астана мен Алматы қалаларында жыл өткен сайын ұлғайып келедi. Астана қаласы нашақорлардың саны бойынша республикадағы төртiншi орында екен. Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 5 мыңға жуық жасөспiрiм есiрткi тұтынса, солардың iшiнде токсикомандармен қосқанда 137 бала Астанада тiркелген. Астанадағы нашақорларды емдейтiн диспансердiң бас дәрiгерi Ольга Комарованың айтуынша, барлығы қалада ресми мәлiмет бойынша 3 жарым мың адам тiркеуде тұр. Жыл сайын олар 10-12 пайызға өсiп отырады дейдi дәрiгер. Есiрткi заттарын пайдалану жолында ақша үшiн нашақорлар көптеген қылмыстық iстерге баруда. Сонымен қатар, гигиеналық тазалықтың сақталмауынан оңайдан жазыла қоймайтын түрлi ауруларды да сол нашақорлар таратуда. Әлеуметтiк құрамы бойынша iндетке шалдыққандардың 74 пайызын нашақорлар құрайтын көрiнедi.

Дәрiгерлердiң пiкiрiне сүйенсек, жасөспiрiмдердiң көбiсi героин және синтетикалық есiрткiнi көп пайдаланады. Бұның аяғының не болары белгiлi… Яғни, мөлшерiн асырып тұтынған адам өлiмi, ерте жаста мүгедек болу немесе ұзақ уақыт бойы емделуге тура келедi.

Нашақорлардың басым бөлiгi қалалықтар. Оған ата-анасының баласын тым еркелетiп жiбергенi себеп болар. Бiр-екi баласына барлық жағдайын жасап, сұрағанын берiп жаман үйреткендiктен бе қаланың баласы есiрткiге құмар болады. Олардың ойы зерек, айналадағы түрлi ақпараттардан хабардар. Сондықтан елiктеушiлiк те басым болып келедi дейдi сарапшылар. Есiрткi қазақ жастарының iшiне дендеп енiп барады деуге болады. Қыз-ұл деп бөлмейтiн бұл зауал кең тарап жатыр. Бұрынырақта есiрткiнiң таралуы тек қалаларда кездессе, қазiр түкпiрдегi қаймағы бұзылмаған қазақы ауылдарға да жеттi. Мысалы Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облысы ауылдарынан қалаға келiп емделушiлер көп.

Көп жастардың аузынан: «Бұл жай ғана шөп. Аздап басың айналады. Ертесiне басыңның ауырғаны болмаса, ешқандай тәуелдiлiк жоқ» деген сөздердi жиi естимiн. Демек, олар бұны уақытша ермек деп түсiнедi. Оның артында не тұрғанын естiгенмен, мән бере қоймайды. Мамандардың мәлiмдеуiнше, бұрынғыдай апиын емес, қазiр жасөспiрiмдер күштiсiн — героиндi пайдаланады.

Полиция өкiлдерi осы ауыр есiрткiнiң көбеюiнен қауiптенiп отыр. Нарколог дәрiгерлердiң мәлiмдеуiнше, бiр грамм героин 8 нашақорға бiр мәрте егуге жетедi. Қазiргi таңда iрi қалаларда түрлi ойын-сауық орындары жетерлiк. Ол жердi, әрине, жастар жайлайды. Iшкi iстер министрлiгi өкiлдерiнiң айтуынша, есiрткi тарату қылмысы осындай жерде басым. Полиция күшiмен Қазақстанда мыңға жуық көңiл көтеру мекемелерi тексерiлген. Олардың бiразында есiрткi тұтынған адамдар анықталды. Бiрақ, заңдардағы олқылықтың кесiрiнен клуб иелерiн жауапқа тарта алмаймыз дейдi полиция өкiлдерi. Әкiмшiлiк кодекстiң 319-бабымен жауапқа тартуға болады. Бiрақ, онда осы басшылар нашақорлықтың барлығын бiле тұра шара қолданбаса ғана жауапқа тартылады делiнген. Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 20 тоннаға жуық әртүрлi есiрткi алынады. Ресми көрсеткiштердi тек он еселегенде ғана нашақорлар санының нақты көрсеткiшiн елестете аламыз, дейдi мамандар.

Қорытынды

Нашақорлық — адамзатқа берілген ең ауыр жаза. Нашақорлық-өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз бойында өмірді, ерікті, ақылды, қабілетті саналы, ерікті түрде бұзу.

Қорыта айтқанда, «Адамдар, әрекетті саналы түрде жасаңдар! Себебі есірткі деген уды бір рет қабылдау сауықпайтын зардаптарға әкелуі мүмкін. Нашақорлардың  көбі ұрпағын жалғастыра алмайды.

Соңғы уақытта нашақорлықпен байланысты қылмыстардың көбейгендігі және нашақорлықтың артуы туралы жиі естіп жатамыз. Есірткі заттардың қалай әсер ететіндігін және оған адамның қалай үйренсіп кететіндігін түсіну үшін гоместаз туралы түсінік болуы қажет.

Есірткілердің әсеріне ағзаның жауап беру тәсілдерінің бірі — есірткі әсеріне қарсы әрекет ететін гормондарды бөлу. Мысалы, кокаин жүйке қызметін қоздырған кезде, ағза өзінің қызметін тежейтін гормондарды бөле бастайды. Есірткінің есеңгіртетін әсері аяқталғаннан кейін ағза біраз уақытқа дейін есірткі әсеріне қарсы гормондарды бөлуді тоқтатпайды. Ағза қызметін табиғи гормондардың әлсірету нәтижесінде адам тыныштандырғыш дәрі ішіп алған сияқты көрінеді. Егерде есірткі тыныштандыратын әсерлі болса, есірткі әрекеті аяқталғаннан адам өте сезімтал болады. Барлық есірткілер ауруды басатын әсерлі болғандықтан, есірткі қызметі аяқталғаннан соң адам ауруды тым сезгіш болады, мысалы, апиындар жөтел орталығын тұншықтырады, сондықтан есеңгіреу жағдайынан шыққан адам жөтел ұстамасына ұшырайды. Егер де есірткі әсеріндегі адам өзін көңілді сезінсе, онда есірткі қанағаттану орталықтарына ықпал еткендігі. Есеңгіреу аяқталғаннан кейін ағзадан есірткіге қарсы шығарылған гормондар қанағаттану орталығының қызметін тұншықтырады, адам төзгісіз ауруды сезінеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2009 — 2011 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 27 мамырдағы N 784 Қаулысы
  2. Баландин А., Баландина Л., Джанибеков В. Самые опасные наркотики. — Изд. «Гроссмедиа», 2008
  3. Сердюкова Н. Б. Наркотики и наркомания. Ростов н/Д., 2000
  4. Егемен Қазақстан газеті. 2006 №25
скачать работу


 Другие рефераты
Методы исследования поведения животных
Лобачевский
«КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫ» пәні бойынша қашықтықтан оқыту бөліміне арналған
Стресс и приемы эмоционального равновесия


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ