Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақтағы ел басқарудың үлгісі

жүрген тамаша қаламгер Мұқтар Мғауиннің дәлелдегендей, Тәуке ханның тұсында Бұқар жырау «Ордадағы белді би, батағой ақсақалдардың бірі» болды. Ардақты ағалары Төле би, Қаз дауысты Қазбек пен Әйтеке сияқты даналар мектебінен өтіп, «Жеті жарғны» жазуға қатысты.

Ол халық бабасына, халық данасына айналды. Абылайхан, Бұқар жырау барша билікке қатысқан қауым ұлт тұтастығының, біріккен мемлекеттердің идеологиясын қалыпсатырды. Ұлттық, халықтық ағынның жыршысы, ұйытқысы Бұқар жырау ұлт санасының қайнар бұлағының бастауы бола білді. Дала демократиясы көшпелілер өркениетінде басқадай өзгеше сипат алды. Кейіннен қазақ мемлекеттігі қожырап, хансымақтар отаршыл жүйеге сүйеніп, осы дала демократиясының қалыптасқан қаймағын бұзған кезде, Сырым, Исатайлар Абылайхан заманын көкседі. Билік пирамидасындағы халықтық, батырлық, билік арналарының жоғалып, олардың орнына империялық диктат, озбырлық талау, таптық езу арнасы күш ала бастаған кезде батырлар мен билерді шаруаларды бұқара қауымды. Қазақ батырлары мен билері Сырым, Исатай батырлар дабыл қағып күрес алаңына шықты. Әулие дананың қазақ халқының тарихындағы орны осындай.

Орыс әкімдері қазақ даласын хансыз басқарудың сан жолдарын қарастыра бастағанда – ақ тек төрелермен ғана ақылдасқан екен. Ал төрелер «қара қазақ өзін-өзі басқаруға, әлі жетілмеген, ол халықтың бағына қарай құдай-тағала басына бізді қойған», деп сендірген екен. 1822 жылы қабылданған белгілі «Орта жүз қазақтары үшін» атты жарғыға «Округтарға аға сұлтан төрелерден сайланады» деген баптың енуіне осы сөздер себеп болғаны сөзсіз. Патшалық Рессейдің көзалында қарапайым қазақтың да ел басқара алатынын дәлелдеген Орта жүздегі Айдаболдың Едігесінен туған Шоң (1754-1836) болды. Ол «қарадан» аға би сұлтан болған тұңғыш би. Содан кейін Шоң салған ізбен Шорманның, оның баласы Мұсаның, Тұсынбай Боштайының, Сатыбалды Қазанқапының, Өскенбай Құнанбайының, Жайық Ыбырайының, Зілқара Мұсатының, Естемес Есенейдің әр кезедерде әр округтарға аға сұлтан болып тағайындалғаны тарихтан аян.

Шоң өмірірінде Керекуден асып ешқайда бармаса да қала салып, отырықшылыққа айналған халық ұрпағының қауіп-қатер, ауру-сырқауға, ұшырамай өсетінін, еңбектің неше түрлісімен, оқу – жазуды дамытуға болатынын мойындаған жан. Шоң өзінің ақыл-парасат, алғыр істерімен қара қазақтың да ел басақара алатынын әкімдерге дәлелдеп шығу мақсатын ұстанған. Осы тұста Шоңға жолыққан поляк демократ-жазушысы Адольф Янушкевич 1846 жылы Парижде шыққан «Күнделіктер мен хаттар» атты кітабында: «Шоң үлкен адам болған. Елді әрі ақылды, әрі әділ және іскер басқарғаны сонша, оның өкіметіне хандар да қызыға қараған. Ол заманда төрелер халықты қатты қанаған екен. Шоң оларды өзі билеген аймақтан аластатып, халқының шексіз сүйіспеншілігіне бөленген», деген сөз қалдыруы бекер болмаса керек.

Демек, би – билеуші ғана емес, сонымен қатар білім мен өнер иесі, яғни өз заманының тарихшысы, заңшысы, ақылшысы.

Қазақ сөз қадірін білген халық, сөзге тоқтаған халық. Қасиетті сөз – киелі сөз екенін білген халық. «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деп айтарын айтқан халық. Үш би айта білді, Әз Тәуке хан, Абылай хан тыңдай білді, бағалай білді.

Осы уақытқа дейін біз хан деген сөзге үрке қарап келдік. Оларды «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» өктем әмірші деп білдік. Шындығына келгенде, қазақ сахарасында ел билеушілердің демократиялық жолын ұстағанын сол заманның куәгері – жыраулар поэзиясынан да байқау қиын емес. Мәселен, Бұқар жыраудың көп толғауларында Абылай хан атына үлкен сындар айтылады. Хан болса, көбіне-көп жырау сезімен есептесіп отырған, сөзін жерге тастамаған. Мұның өзі ел басқару ісіндегі демократияның бір көрінісі.

Әдетте хан өз ордасына үш жүзден кеңесшілер жинаған. Бұл – Хан кеңесі деп аталған. Осы Кеңестің шешімін орындауға хан міндетті болған. Әз Тәукенің хандық дәуірі кезінен жеткен «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деген сөз бар. Әз Тәуке хан барша мемлекеттік мәселерді ел жіберген өкілдерімен кеңесіп, шешіп отырған. Хан әділ шешімге осындай жолмен келген. Қазақ тұрмысындағы ең қиын дау – жер дауы, жесір дауы кезінде би біреу болмаған. Бірнеше бидің пікірі бір жерде тоғысқан кезде ғана түйінді шешім қабылданған. Қазақ – «қара қылды қақ жарған» биді құрметтеген халық. Бұра тартқан бидің қадірі болмаған, ондайлар көп ұзамай-ақ ел билігінен ығысып қалып отырған. Осының бәрін демократияның қазақ еліндегі биік үлгісі деп бағалауымыз керек.

Жалпы қазақ елі тарихындағы билер институтында аты шыққан ұлы тұлғалардың саны аз емес. Олардың ішінде он үш жасында қазақ пен қалмақ елінің дауын шешіп, ұрыс-төбелессіз қонтажыны бітімге келтірген Қазыбек, он үш жасында билік айтып, көзге түскен Мөңке би, Шақшақтың Жәнібегі мен Әнеттің Кеңгірбайы сияқты билерді сөзден мүдірткен он бес жасар Жобалай бар. Олар – нағыз халық даналары, даланың цицерондары.

Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, жүйелі сөзге жұртшылық, қоғам құлақ асса, міне, сол жерде, сол елде ғана дамиды. Керісінше, ақыл – ойға, тілге қысым жасалып, шек қойылған жерде талант аясы тарылып, сөз өнері тоқырайды. Сондықтан билердің шешендік сөз өнері өз алдын бір үлкен тәрбие мектебі болып саналған.

Тоталитарлық дәуірде бас та кесілді,тіл де кесілді. Қазақ ата салтынан ада қалды. Замана талабы – көреген бабаларды, дана ағаларды тыңдау керек екендігін ел жадына салады. Бұл да тарих тағылымы.

Осы арада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Өткенді талдаумен көбіне білімі таяз адамдар, тарихты конъюктуралық реңкке, аяқ астынан саясат қажетіне қиюластырушы білімсіздер, немес саясатшысымақтар айналысатындықтан да кәсібилердің әділдігі аса маңызды» – деген пікіріне қосылып, ата-баба шежіресін, одан қалды тарихын қолдан жасайтындарға тосқауыл қою керектігін айтқан жөн.

Қазақ мемлекетіндегі билер басқарудың сабақтастығы. Қазіргі жағдайда егемен ел басқарудың тың жолдарын іздестіргенде ұмытыла бастаған билер институтын белгілі бір деңгейлерде қайта жаңғыртсақ та артық болмас еді. Мысалы, қазір қазақ мектебінің қай бағытты ұстануы керек деген мәселесі күн тәртібінде тұр. Қазақтың жаңа мектебі ұлттық үрдіске негізделген пәлсапалық әдістемелік арнамен өрістеуі қажет. Қазақтар үлкен ойшылдардан кенде болмаған. Майқы би, Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би, Сырым Датұлы сияқты мол пәлсапа иелерін қалай мақтаныш етпеске. Олардың артында қалған бай мұрасы қазіргі қазақ мектебінің негізін құраса оңды болар еді, бекзаттығы мен талайды тамсандырып, халықтың ар-ұятына айналғанды.

Біле білсек, ұрпақтардың сабақтастығы жоқ па билердің үрдісінде. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» демекші, кейінгі билер өзінің алдында өмір сүргендердің тәлім-тәжірибесін ескеріп отырған. Сөйтіп, ұрпақтардың байланысына сызат түспеген. Билердің сөзі сол күйінше кейінгі ұрпаққа жетіп отырған.

Атақты билердің барлығы осындай халық мектебінен тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алған. Мәселен, Қазыбек би Бұқарада оқыған кезде ғұлама ғалым Тобықты Әнет бабаның қасына көшіп барып, айлап-жылдап, қазақтың әдет-ғұрыпын, шариғат заңдарын үйренген, батасын алған.

Осы сияқты әрі батыр, әрі шешен Қошқарұлы Жәнібек – Төледен, Датұлы Сырым – Малайсары биден бата алған. Демек, қазақта аға-кексе ақындар мен шешендерден, билерден ақыл кеңес сұрап, бата алу бейне бір ұстаз алдында емтихан тапсырып, сыннан өтіп, кәмелеттік аттестат алумен пара-пар болған.

Билердің сөздері кітап болып халыққа таратылмаған, бірақ, ауызекі айтылған пәлсапалық, дүниетанушылық, қоғамға, адамға, заманға, уақытқа көзқарастарын негізге ала отырып, ұлттық мектептің іргетасын қаласа дейміз. Нағыз ұлттық мектеп дегенің де осы болар еді ғой. Әрине, елді басқарудың батыстық үрдісіне мойынсұнып отырғанда билер мектебін ашып, олардың қызмет өрісін кеңейтудің оңай іс еместігін түсінеміз. әл-Фараби бабамыз негіздеп кеткен шығыстық үрдіспен басқарудың ұзын-ырғасын әлі толық байыбына жетіп, меңгере қойған жоқпыз.

Қалың қазақ шоғырланған жерде халықтық ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, басқарудың билер институты сияқты түрінде қолдануға болар еді. Бұл, әрине, күні ертең осы бағытпен жүрейік деген сөз емес. Бірақ, өзіміздің төл табиғатымызға жақын басқару әдісін ұстансақ, одан көштен қалып қоймайтындығымыз анық. Демек, билер алқасын пайдаланып, талай шаруаны тыңғылықты шешуге болады. Сонда ол көп нәтиже берер еді. Түрме арқылы ешкімді үркітпес едік. Билерді тек ақ-қараны ашатын адамдар десек, онда қателескеніміз, оларды кең мағанасында халықтың тәрбиешілері деп білгеніміз жөн.

Билердің ең үлкен тағылым – олар сөз құдыретін, сөз ғылымын терең меңгерген адам. Олар қоғамның дамуында сөзді құралына айналдыра білген. Сонысымен қоғамды дамытушы, жетектеуші құралға, ілгері апарушы құралға айналдырған. Дәл қазір билердің басқаруын кеңінен енгізуге толық мүмкіндік бар. Қазіргі қабылданып жатқан заңдарға халықтық мазмұнға ие билер үрдісін пайдалану жөніндегі арнаулы бап енгізсе де жөн болар еді.

Жалпы билер институты қоғамдық, шаруашылық өмірдің қай саласында да қолданыс табуға әбден лайық. Мәселен, мектепті алайық. Директор, тәуір әкім не ұйымдастырушы болуы мүмкін. Алайда педагогикалық оқиғаға әділ баға беруде екі талай. Не істемек керек? Мұндай да педагогикада мол хабары бар төтенше би төрелік айтса, көп мәселенің беті ашылар еді. Басқа салаларда да дәл осылайша жанжал туа қалса, оны ушықтырмай шешкен жөн.

Билер туралы сөз еткенде жадымыздан шығармайтын бір мәселе – қалың қазақ шоғырланған жерде ғана, онда да басқа ұлт мәдениетінің ықпалы үстемдік етпеген кезде ғана билер алқасы нәтижелі жұмыс істейді десек шындыққа сәйкес келеді. Қазақтың тарихынан хабары бар, 7 атасын білетін қазақтар ғана билер алқасыны

123
скачать работу

Қазақтағы ел басқарудың үлгісі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ