Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақтағы ел басқарудың үлгісі

ң шешіміне ден қоюы мүмкін. Мұның өзі халықты тәрбиелеп қана қоймайды, әрі рухани жағынан қанағаттандырады.

Осы мақсатпен республикада ең алғашқы болып Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында Билер кеңесі құрылды. Қалада жеті би бар. Қасиетті сан, қастерлі билік… .

Жеті би халықты тәртіпке шақырумен айналысты. Отбасының жан-жалы, ағайынның ашу – арызы, арақтың кейбір ылаңы сотқа жетіп көрген емес. Бірақ, бұлар биліктің атқарып жатқан жұмысының бөлшектері ғана.

Арыстық қазіргі заманның билерінінің ортақ пікірі төмендегідей ойға сайып келеді: өз еркімізбен қолға тигенде, әркімге еліктемей ата жолымен жүру керек. Егін ек, жер ал. Ата жолымен жүрсек біз адаспаймыз, ағайын.

Қарап отырсақ, билер араласпаған мәселелер некен-саяқ: әмеңгерлік дейсіз бе, жер дауы, жесір дауы ма, біреудің басы жарылып, көзі шықса да әділ бидің төрелігімен шешілген. Үлкен мемлекеттік мәселелермен қатар ауыл арасындағы майда-шүйде көрінетін жәйіттер де билер алқасының араласуымен шешімін тауып отырған.

Тағы бір мәселе – бидің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы кластар ашса да жаман болмас еді.

Оған оқуға қабылданатын әрбір шәкірт талантына, қабылет-дарынына, билік зердесіне, парасаттылыққа сәйкес оқытылып тәрбиеленеді. Мектепте Шығыс пен Батыс мәдениетінің жетістіктері тілге тиек болады. Халық педагогикасының озық дәстүрлері өмірмен ұштастырылып, оқу – тәрбие процесінде түрі ұлттық, мазмұны әлемдік бағдарламаларға сай ғылыми – тәжірбиелік әдістемелер негізге алынады.

Егемендікке қолымыз жеткен екен, ел үшін басқарудың тың формаларын қарастырудың еш сөкеттігі жоқ. Қайта бұрыннан барды жандандыру азаматтық борышымыз болса керек. Оның үстіне мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңес құрылған кезде билер мектебі институтына да талдау жасауға тиіс сияқты.

Өйткені ұлы идея ұлы күшті тудырады. Дәл осы кезде елді басқару, меңгеру өнері шыңдалады. Біріншіден, ханды халық сайлайды. Екіншіден, елге бай құт емес, би құт екендігі айқындалады. Дана көсем Ақназар (Хақназар), Жәңгір, Тәуке, Абылай хандар кезінде елді бірлікке, ұлдарын ерлікке, азаттық аңсаған халықты ынтымаққа, азаттық күреске шақырған шешен билердің мәртебесі биік тұғырға көтеріледі. Халқымыздың ата-дәстүрін, саяси мәдениетін, дала заңын, шежіре тарихын жетік білетін, шешендік өнерін игерген еліміздің атақты билері халық санасын қалыптастыруға үлес қосқан кемеңгер замана идеолгтарына айналады.

Сондықтан да, халық ішінде «тұтас хандыққа Есім хан жеткен, тұтас билікке Төле би жеткен» деген сөз бар. Бұл қанатты ұғым көптеген көне қолжазбалар мен шежірелерде де кездеседі.

123
скачать работу

Қазақтағы ел басқарудың үлгісі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ