Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақтағы ел басқарудың үлгісі



 Другие рефераты
Саясаттану тарихындағы дара тұлғалар Қазақтың халықтық саяси ой-пікірлері Бұқаралық ақпарат құралдары – саяси күрестің субъектісі мен объектісі Идеология — қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлігі

Қазақ қоғамындағы билердің рөлі мен билер алқасы туралы. Егемен ел болғаны қазақ халқының табиғатынан туындайтын талай тағылымды тұстарды ауызға алып, қайта жаңғыртып, ұлттық үрдіске лайықтап кесіп-пішіп жатқанымыз белгілі. Қазақтың үш ұлы биінің, әрі батыр, әрі би Сырым Датұлының мерейтойларын атап өткенде көптеген ойлар туындаған. Шынында да өз заманында бұл бабаларымыз ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен ретінде танылған еді.

Сонда бізді толғандыратыны: неге біз патшалық отарлауға дейін мұрты бұзылмаған ел басқарудың тамаша үрдісі – билер алқасын қайта жандандырмаймыз деген ой еді. Бізге, енді ғана егемендіктің дәмін тата бастаған іргелі елге, ғасырлар бойы жалғасқан халықтық дәстүрді қайта жаңғыртпасқа?

Талғам таразысына салып көрейікші. Қашан қазақ жері отарлау саясатының қырсауына түскенеге дейін билер алқасы арқылы дау-дамай, жанжал ғана емес, азаматтық, елдік, рулық мәні бар мәселелер кең көлемде шешіліп отырды. Билердің басқаруы өмірдің, күнделікті тіршіліктің қажеттігінен туындаған, қазақтың ұлттық табиғаттына сай келетін. «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деп, қандай шаруаны болмасын сабырлықпен, көптің қатысуымен, елдің төрелік етуімен, билердің билік құруымен шешіп отыратын. Соның арқасында ешкімді итжеккенге айдатпаған, абақты, түрме тұрғызудың қажеттілігі болмаған. Бітім, құн беру, келісімге келу, ағайыншылық жолдарымен талай күрделі мәселенің күрмеуі шешілген. Қандай мәселені де әр елдің, әр ауылдың билері, ақсақалдары үнемі әділдікпен шешіп отырған.

Әрдайым қара қылды қақ жарған әділдікті берік сақтаған. Халқымыздың ежелден ұстанымы осындай болған. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген мақал халықтың тәжірибесінен алынған.

Қазақта «Он үште – отау иесі, он алтыда – орлаға кіреді» деген сөз бар. Өйткені 16 жас – кәмелет жасы. Ордаға кіреді деген сөз осы жаста хан сайлауға, би сайлауға, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге қатысады деген ұғымды білдіреді. Ал халық сынынан өтіп, ақыл – парасатымен танылған балалар 16 жасында би болып сайланған, ел басқару ісіне араласқан.

Біздің білуімізше, билер беделі мен орнына қарай: төбе би, төтенше би, жеке би, бітуа би, аға би, бала би болып келеді. Әркімнің өзінің билік айтатын, пәтуаға шақыратын тұстары болған. Мәселен, төтенше би шұғыл мазмұндағы мәселелерді шешкен. Бұл – тұрақты би емес, мұндай мәртебенің қай – қайсысы да билердің кеңесуімен ғана берілген. Өздері «мына мәселеде пәленшенің білігі бар, соны белгілесек» деп отырған. Әрмен қарай қалай алып кетеді, ол сол бидің парасат – пайымына байланысты болған. Әдетте би атаулы өзінің ойын дәлелдеп шығатын, соған үлкен дайындығы бар, өмірлік-пәлсапалық тәжірибесі мол, құқықтық мәселелерді терең меңгерген адамадардан іріктелген. Аңғаратын бір жайіт, қазақта билердің айтқандарына бәрі де мойынсұнған, бұл бір қаймағы бұзылмаған елдіктің әдемі нышандары.

Қазақ халқының тұңғыш аудармашысы, публицист және прогресшіл бағыт ұстаған ағартушы – демократ Дінмұхамед Ғазыұлы Сұлтанғазин (1897-1917/18) өз зертеулерінде Ш.Уәлиханов сияқты қазақ қоғамындағы билер сотының тиімді және гуманистік сипаттағы нышандарына ерекше назар аударған. Қазақтың билер сотының демократиялық және ұлттық ерекшеліктерге сай келетіні қахында ерекше толғаныспен жазады. Билер сотының жағымды, бюрократиялық сипаттардан мүлдем ала жақтарын мақтанышпен көрсетеді. Сұлтанғазин билердің ертеректе сайланбағанын ақсақалдар өздерінің халық дәстүрлерін жақсы білгендіктен би боп танығандарын айтады. Билердің шешімдерін ешкім өзгертпеген, тіпті хандардың өзі билердің ісіне араласпаған, тіпті шешімдерін бұза аламаған.

Бұрынғы және қазіргі қазақ қауымына белгілі заңгер, саясатшы Дінмұхамед Сұлтанғазиннің бұл пікірінен мынаны аңғаруға болады. Билер сотының шешімі дауласқан екі жақтың да талаптарына сай келіп отырған, билердің іс бойынша айтқан билігіне даугер де, айыпкер де риза болған. Егер бір жақ шығарылған билікке риза болмаса шешім әділетсіз деп танылған. Қазан төңкерісіне дейінгі билер сотының тәжірибесіне небір күрделі істер бойынша шығарылған үкімнің әділеттілігіне бүкіл ел риза болып отырған.

Қазақтағы билердің дауға кесік айту дәстүрі туралы Әлихан Бөкейхановтың еңбектерінен де кездестіруге болады. Оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 21-санында жарық көрген «Бас қосу турасында» деген мақаласында қазақ халқының дәстүрлі салтындағы үлкен жиынға әр рудың сөзін ұстап баратын адамның, ақсақалдың, бидің қазіргі дәуірдегі көпшілік атынан сайланып, қызмет ететін депутатпен орайлас екендігі салыстырып көрсеткенін байқаймыз. Ендігі уақытта, орысқа қараған заманда қазақтар бас қосып, іс жасау үшін, өз ішіндегі алауыздықты, әрі тарт, бері тарт берекесіздікті құрту керек деген ой айтады. Байдың, мықтының, атқамінерлердің шабындыққа, егін жайға, жаз қонысқа, қыс тебінге жасайтын зорлықтарын айғақтап, мұжық арасындағы жерді пайдаланудағы бірауыздылық, әділеттілік қазақ шаруаларына үлгі ретінде тартылады. Орыс заңына бір жолата бас ию, ескі шариғат шарттарын орындау – осы секілді екінің біріне жығылған үзілді-кесілді таңдаудың дәл қазіргі күнде қазақ тұрмысына келмейтіндігін автор «Тағы да би хәм билік» атты мақаласында айта келіп, заманға лайық, екі бағыттың да тиімді рәсімдерін алған жолды жөн көреді.

Халықтың осындай қарапайым тәжірибесінен туындаған қазылық институт, билік-төрелік айту әдеті қалыптасқан.

Билер институтындағы ұлы тұлғалар. Қазақ еліндегі билер институтындағы ұлы тұлғалар туралы сөз еткенде қазақ жерінің тұтастығына өлшеусіз үлес қосқан халқымыздың үш данасы, ұлтжанды үш кемеңгер Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке билердің қазақ сахарасының 7 салада, 7 бағыт-бағдарда, 7 бапты жарғысын саралағанын айтпасқа болмайды. Қожаберген жыраудың «Жеті жарғы» дастанында:

Шығайдан соң орнына Тәуке қалды

Кезінде Әз Тәуке деп атақ алды.

Қазыбек, Төле би, Әйтеке ақылшы боп,

Дейтұғын «Жеті жарғы» заң шығарды, — деуі осыдан.

«Жеті жарғы» ғұмыр кешу салты бір, төскейде малы, төсекте басы қосылған үш халықтың мүдесіне қызмет ететін, халықаралық ержеге сәйкес көтерілген ел билеу заңы деуге болады.

Тәуке хан 1680 жылы хан сайланып, сонымен қоса Хан кеңесіне қарақалпақ Сасық би, Мұхамед би, қырғыз Көкім би, кіші жүздің атынан айыр тілді алшын Әйтек би, ұлы жүзден үйсін Төле би, орта жүзден арғын Қаз дауысты Қазыбек би сайланады. 6 бидің ең жасы үлкені, Тәукенің әкесі Жәңгір ханның кеңесшісі болған қарақалпақ Сасық биді Хан кеңесін басқаратын кемеңгер билікке сайлады.

1684 жылы көктемде Хан кеңесінде қабылданған «Жеті жарғыны» жазғандардың бірі төртқара Бәйбекұлы Әйтеке ((1644-1700) – Тұран жұртының ортақ перзенті, қазақ халқының киелі отбасынан өсіп-өнген, парасатты, талғамы жоғары, әруақты, халқына қадірлі азамат. Бабасы Жалаңтөс батырдың әскери мектебінен тәлім алған Әйтеке би де, өзге билер де қазақ хандығының саяси бірлігін нығайтуды, тәуелсіздігін сақтап қалуды көздеп Тәуке ханға бір сардарға бағынған, соғыс өнеріне жаттықтырылған тұрақты халық жасағын құруды ұсынады. Бірақ уақытша болса да қазақ жүздерінің басын қосып, өзара қақтығысуларды тоқтатқан Тәуке хан қолындағы қарулы билікті әлдебіреуге ұстатқысы келмей, бұл пікірге мән бермейді.

Қарадан шыққан әскери элита, елге билік айтқан шешендер мен көсемдер хан тірегіне айналады. Хандық билік жүйесі мен ақыл-күштің тетігі – батырлар мен билер билігіне осылай ұласты. Билер мен батырдар әкелген қара халықтың рухы хандық өктемдікті шектей білді. Бүкіл қазақтық мәжіліс, бүкіл қазақтық негізгі заң, үш жүздің бірлігі, ынтымағы осылай туындады, ұлттық сана халық көңіліне осылай ұялады. Ен далада өз құдіреті – ел құдіретіне айналғандықтан хандық билікті ең биік тұғырға қондырған әз Тәукеге Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің Абылай ханға Бұқар жыраудың тоқтау сала алуы осыдан.

Қазақ халқының ұлттық санасының қайнар басында халқымыздың үш кемеңгер билер Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би тұрғаны хақ.

Билер қаншама дана болса да өздеріне сын көзбен қарап, кемшіліктерін де көре білген. Оны біз Қаз дауысты Қазыбектің мына бір айтқандарынан байқаймыз:

Асқар тау, сенде бір мін бар – асу бермейсің,

Тасқын су, сенде бір мін бар — өткел бермейсің,

Билер, сендерде бір мін бар – басқаға сөз бермейсің.

Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы 18 жасынан бастап қазақ елі басынан кешірген тағдыр тауқыметінің, алмағайып замана оқиғаларының куәгері, орта жүздің төбе биі, шешендік өнердің маңдай алды өкілі ретінде еліміздің тарихында мәңгілік орын алған аса ірі тұлға. Ол қазақ халқының біртұтас, дербес мемлекетін құруға және оны нығайтуға қатынасқан ірі мемлекет қайраткері. Сонымен қатар Қазыбек би өз тұсындағы хандарының ақылшысы, мемлекет аралық шиеленістерді бейбіт жолмен реттуді жақтаған парасатты елші – мәмлегер, дипломат та бола білген. Қызбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, ұлы империялардың әкімшіліктері де сүйенген. Атап айтқанда, 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан.

Сөз болып отырған дәуірдің даналары туралы айтқанда, үш жүздің атақты билерінің өкшесін басқан, кемеңгерлігі тасқан, шешендігі асқан, бір өзі дала академиясы болған, өзі би, өзі жырау, өзі дипломат, өзі мемлекет қайраткері, замана данасы, қазақ мемлекетін бүкіл еуразиялық биікке көтеруге үлкен үлес қосқан Бұқар жырауды да атамасқа болмайды. Мұқтар Әуезов айтып кеткендей, «тыныштық заманда қиюы қашып, арасы ашылған қарындасты табыстырып, қысылшаң заманда сасқан елге жол табатын, бет нұсқайтын, кемеңгер, көрегені болаған» билер мен жыраулар қазақ тарихында легион десе де болады.

Тарих тақырыбына жазып

123
скачать работу


 Другие рефераты
Куда идет Россия
Асимптота
Культурное развитие Византии
Имидж делового человека


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ