Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДРАМАТУРГИЯ

імін ұмытпаған Гүлбаршынды аласапыран көңіл-күйдегі хал-ахуалымен көреміз. Өзі сүйген адамы Алтайға қосыла алмағандықтан, күйінішті болып жүрсе де, өлердегі сөзін айтып соңынан қалмай қойған Жиенбайға тұрмысқа шыққан, бірақ оның қызғаншақтығынан, ақыры сотталып кетуінен кейін жалғыз жүрген Гүлбаршын тектес тағдырларды елестетеді. Пьесаның сюжеттік-композициялық құрылысындағы Гүлбаршынның сырт сұлулығына, мінез тартымдылығына еліккен Абдолланың да, бұрынғы өзіне ғашық қыздың ықыласына қайта ие болғысы келген Алтайдың далбаса – екіұдай көңіл-күйі де сенімді өрілген. Пьесаның көркемдік_түйіні – ғұмырдың сұлулығы өзіңді жақсы көретін адамның сезімі екендігін бағалау. Пьесаның көркемдік шешімін танытатын кейіпкер Жиенбайдың диалогтары мен монологтары әйелді жан-тәнімен сүйген еркектердің орынсыз қызғанышқа ерік беретініне де, маскүнемдікке салынатынына да, қызғанған адамдарымен төбелесетініне де, содан сотталатынына да кейіпкер тағдыры сендіреді. Бірақ, өзі ғашық болып қосылған әйелден ешқашан ажырағысы келмейтін, жылдар өтсе де қайта қосылудан күдер үзбейтін еркек махаббаты Жиенбай тағдыры арқылы жинақталып берілген (Балғабаев С. Ең әдемі келіншек: Әңгімелер мен пьесалар. — Алматы: «Ана тілі» баспасы, 2006. – 272 б.; 84-85-бб.).
Пьеса сюжетінің шешімінде адамдардың алып-ұшқан асау сезім құрсауына қанша түссе де, бәрібір тұрмыс заңдылығына бағынатындығы дәлелденеді. Өзіне өліп-өше ұмтылған Абдоллаға да, бір сәттік қайта оянған сезімін білдірген Алтайға да берілмей, қанша алабұртып толқыса да, өзіндік өмірлік тұрағына мәңгілікке оралған Гүлбаршын тұлғасы арқылы тиянақты шешімді тектес адамдардың мінез-құлық психологиясы көркем шындықпен жинақтала көрсетілген.
Жазушының «Біз де ғашық болғанбыз», «Қыз жиырмаға толғанда», «Ғашықсыз ғасыр», «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек» атты пьесаларында да еркек пен әйел арасындағы сан алуан кайшылықтар егізделген тұрмыстық-әлеуметтік хал-ахуал мәселелері қамтылған.
«Біз де ғашық болғанбыз» пьесасының сюжеттік-композициялық желісінде заманымыздың ең өзекті мәселесі – отбасы бірлігінің сақталуы нысанға алынған. Қыз бен жігіт кезінде бірін-бірі ұнатып қосылған көп жұбайлардың отбасын құрып бірге тұру сынағына төтеп бере алмай, о бастағы тұтанған, шын сүю сезімін, махаббатты қорғай алмай ажырасып кететінін, бірақ екеуі де тап сондай кайталанбас ғажайып шынайы сезімді өмір бойы аңсап өтетінін, ажырасқандарына өкінетіндерін автор пьеса кейіпкерлері Дәукен (Дәуітрахымбай) мен Зияда тағдырлары арқылы дәлелдеген.
«Қыз жиырмаға толғанда» пьесасы адамның жүрек қалауы мен жұбайлық ғұмырдағы сыйластық, адамгершілік ар алдындағы жауапкершілік мәселесіне арналған.
Басты кейіпкерлердің бірі Ғайыпберген – тұрлаулы сезімі жоқ, өзіндік күнделікті ұсақ-түйек тұрмыстың мәселелерін шашу үшін өзін шын ұнатқан қыздармен, әйелдермен көңілдес болудан ләззат алатын, тіршілік қозғалысындағы адамдарда шынайы махаббат, шын беріле сүю сезімінің болуын мойындамайтын адамдардың жинақталған бейнесі.
Асыл, адал сезім иесі Тәукенмен диалогы да өмір шындығын көз алдымызға әкеледі:
«Әй, жігіт! Білесің бе, дүниенің бәрін бүлдіретін, болмайтын нәрсені ойлап тауып жұрттың басын қатыратын мына сендер сияқты адамдар! Әр нәрсенің шегі болуға тиіс. Ғашықтық та, махаббат та солай! Біреуді сүй, ұнат, бірақ соншалықты фанатик болуға бола ма екен?! Өмірдің қарапайым логикасы бар емес пе?! Екеуі де бірін-бірі жақсы көретін және екеуінің де тал бойына бір міні жоқ керемет адамдардың қосылуы неғайбыл. Және қосылған күнде де өмір бойы махаббаттары жалындап, бір-бірінің бетіне карап, Қозы Көрпеш-Баяндай болып өтеді деп пе едін?!» (Жазушының аталған кітабы, 190-бет).
Ғайыпберген тектес адамдардың осындай жан ділі психологиясының ықпалымен тұрмыстық-әлеуметтік ортадағы азғындаудың, тұрлаусыздықтың, селқостықтың, салғырттықтың адамдар қарым-қатынастарындағы опасыздықтың, екіжүзділіктің, т.б. жағымсыз қасиеттердің мол орын алып келе жатқаны анық. Жазушы осындай адамдарды тани білу керектігін ұғындырғысы келген.
Пьесада Жібекті шын сүйетін, аруы өзіне бұйырмаса да тек оған жақсылық тілеумен ғана өмірін өткізуге пейілді.
Пьесаның негізгі басты кейіпкер, Жібек пен оның жанындағы жанама кейіпкерлер (Жібектің анасы, Ғайни, тежілеулес достары Есімсейіт, Тәукен) – өмірдің, адалдыққа, пәктікке, шынайы сезімге толы болмысын дәлелдейтін тағылымын дәлелдейді. Басты кейіпкер Жібек – анасы Ғайни айтқандай: «Ақылы бар өзінің! Тек аздап қиялшылдау. Бала сияқты! Тауды, тоғайды, даланы жақсы көреді. Әкесі де сондай еді… Соған тартқан», – сипатымен танылады.
Пьеса – адамгершілік-имандылықтың, махаббаттың, ғашықтықтың адамзат ұрпақтарына тән басты ұстаным екендігін дәлелдеуге құрылған туынды. Шығарма арқауындағы негізгі қайшылық – шынайы махаббат сезімі бар адамдар мен тұрлаусыздық, жеңіл ойлылық, көрсеқызарлық құрсауындағылар арасындағы үйлесімсіздік. Шығарманың алтын желісі – адамгершілік-имандылық қасиеттерінің мәңгілік үзілмейтін ұстанымының беріктігін, қуаттылығын таныту көзқарасы. Пьесаның композициясындағы идеялық желіні адамдарды өмір бойы ар, адамгершілік сотының алдында жауап беріп жүргендей мағынада алуы да дәйекті. Ал, пьесадағы бұрынғы ата-бабалардың алдыңғы буын өкілдерінің отбасылық ұйытқыны, ерлі-зайыптылар татулығын, еркек пен әйел махаббатының беріктігін кіршіксіз сақтаған касиетті дәстүрін бүгінгі ұрпаққа жеткізушілер, болашаққа ұластырушылар тұрпатын Жібектің анасы Ғайни бейнесі айқын елестетеді. Пьесаның сонында өзі ұнатқан адамның сұрықсыз, мағынасыз болып шыққан сықпытынан түңілген Жібектің екінішті сөздеріне анасы Ғайнидың айтқан жауабы рухани қуат беретіндей сенімді естіледі.
Пьеса соңында анасының сөздерінен қуаттанған кейіпкер Жібектің тілеулес досы Есімсейітке өзіне деген сенімін, жақсылық, сұлулық тұғырында болуға деген құштарлығын білдіріп тұрған толғаныстары да шығарманың идеялық тұжырымындай көрінеді.
Қаламгердің «Ғашықсыз ғасыр» пьесасының такырыбы – отбасылық, ерлі-зайыптылық тұрмыс, идеясы – тіршілік қақтығыстарына төтеп бере алатын еркек пен әйел арасындағы шынайы махаббат сезімінің қуаттылығын таныту. Пьесадағы ең басты өзекті мәселе – өмірге келген, енді келетін жаңа ұрпақ тағдыры. Басты кейіпкерлері – біздің замандастарымыз. 47 жастағы ғылым докторы, профессор Қайырбай мен 43 жастағы ғылым кандидаты Фарида жастай бірін-бірі сүйіп қосылған, төрт перзенттері бар, кенжесі Жұлдыз – мектептегі жоғары сынып оқушысы. Тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы жақсы отбасы үшін пьеса сюжетіндегі шиеленісті жағдайы – Қайырбайдың ұлды болу мұратымен Нәзікеш есімді қызбен көңіл қосып, оның екіқабат болып үйге өзі іздеп келгені. Қазіргі үйінен амалсыз кетіп, бірақ ұл емес, қыз туған Нәзікешпен бірге тұрған кезі Қайырбай үшін жайлы болмады. Оқиғаның шиеленісті, шарықтау кездерінде Фарида мен Қайырбайдың қайта қауышуын, Қайырбайдың жүрек ықыласына ие бола алмаған Нәзікештің бөбекті Фаридаға әкелгенін, өзінің басқа жаққа кеткенін, Жұлдыздың сәби-сіңлісін жұбатып, жылы жүрекпен қабылдағанын көреміз.
XX ғасырдың 90-жылдары мен XXІ ғасырдың басындағы жиырма жылдық кезең Қазақстанның қоғамдық-әлеуметтік, тұрмыстық қарым-қатынастарында көптеген өзгерістер болуымен ерекшеленді. Бірнеше ғасыр бойы басқа дінді жатжұрттың отарлық құрсауында болған қазақ халқының әлеуметтік жағдайында, адамдардың карым-қатынастар жүйесінде өзгерістер, құбылыстар орын алды. Хакім Абай шығармаларында өткір сыншыл тілмен сыналған халық ортасындағы жағымсыз қасиеттер, дағдылар қазіргі заманның қайраткер қаламгерлері тарапынан да өткір сыналды. Демократия ұғымын бетперде етіп, қалай да биік мансапқа, билік қызметтеріне қол жеткізу үшін маңына жинап алған жандайшаптарымен, жағымпаздарымен сыбайласып, елдің қамын жегенсіп, көпірме, көбік сөздерімен қарапайым халықтың мазасын, уақытын алғаннан басқа түк бітірмей, босқа далақтап жүрген дарынсыз, қабілетсіз, қуыс кеуде сұмпайылардың әртүрлі билік орындарында жүргендері де тәлім. Жазушы Сұлтанәлі Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» атты екі бөлімді комедиясы – қазіргі кезеңдегі осындай келеңсіздікті бейнелеген сатиралық туынды. Комедияның барлық кейіпкерлері қазіргі кезеңдегі адамдардың іс-әрекеттері, мінез-құлық дағдылары жинақталған сипаттарымен көрсетілген. Қазақ тарихын жазуда өздерінің руының адамдарын, «… батыр бабамыз … бес жасында шешен, он жасында қол бастаған көсем болды…» (124-бет) деп, өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай етіп жазып жүрген суайт «тарихшы-ғалымдар» Асай Мүсеевич бейнесіне жинақталған: Жергілікті билік орындарындағы билік иелері пьесадағы кейіпкер Қошқарбай секілділер ондай алаяқ «зерттеушілерді»:
«Ұлы ғалым… Бұл кісінің ашқан жаңалықтары!.. Әсіресе, біздің батыр бабамыздың бес жасында шешен… он жасында қол бастаған көсем болған дейтін жаңалығы сұмдық!.. Ұлы ғалым!» (140-бет) деп жар салып жарнамалауы – қазіргі кезеңдегі келеңсіздіктердің нақты көрінісі.
Пьесадағы кейіпкер Мэлис Әлібаевич – жоғары мемлекеттік билік қызметіндегі лауазымын ауылдастарын, туыстарын, жағымпаздарын-жандайшаптарын маңына жинауға пайдаланған, сол арқылы өзін-өзі насихаттаумен қызмет істеп жүрген билік аппараттарындағы қуыс кеуде шенеуніктердің жинақталған бейнесі. Ол жағымпаздарының жандайшаптарының колдауымен билік аппаратындағы жауапты қызметкер, одан әрі министр, премьер-министр, тіпті Президент болуға да ұмтылып жүрген қазіргі мансапқорлар тағдырын айқын елестетеді. Пьеса кейіпкерлерінің өзара диалогтары уақыт шындығын сыншыл реализм көркемдік әдісімен айқын елестетеді:
«Асай Мүсеевич. … Айтпақшы дейім, Мэлис Әлібаевич, сіз алдағы сайлауда президенттікке өз кандидатураңызды ұсынуыңыз керек!
Мэлис Әлібаевич: Жо-жоқ, оған әлі
1234
скачать работу

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДРАМАТУРГИЯ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ