Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДРАМАТУРГИЯ



 Другие рефераты
Бір өзінің айбаты мың кісідей болады… Әр тынысың «Отан» дейтін күн бүгін (Мұхтар Әуезов) Тіл көгермей, ел көгермес Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Қазіргі қазақ драматургиясы – қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті дамуының заңды жалғасы. Драматургия – көркем әдеби тек (драма, трагедия, комедия) жанрларының өнернамалық жүйесі. Қазақ сөз өнеріндегі дәстүрлі негізі әдебиет шығармалары мен фольклор мұраларында (би-шешендер сайыстары, ақындар айтыстары, жар-жар, беташар, алтыбақан, т.б.) негізі қаланған ұлттық сөз өнерінің бұл саласы қазақтың рухани мәдениетінің әлем өркениетіндегі көрнекті орнын да танытты. Драматургия шығармалары қаламгерлердің тарихи кезеңдердегі халық тағдырын көркем шындық поэтикасы зандылықтары аясында бейнелеуімен ерекшеленеді. Драматургия туындылары (пьесалар, спектакльдер, либреттолар) арқылы әдеби тек саласы драма жанрларының (драма, трагедия, комедия) теориялық ерекшеліктері саралана айқындалады. Драматургия ұғымының аясында театр сахналарындағы туындылар мен деректі, ғылыми-фантастикалық, көркем фильмдердің де қойылымдық-режиссуралық көркемдік шешім ерекшеліктері айқындалады.
Драматургиядағы шығармалар – әдебиет оқырмандары мен театр,
кино көрермендеріне арналған көрнек өнері (көркемөнер) рухани құндылықтары.
Қазақ топырағында драматургияны дамытқандар қатарында Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жұмат Шанин пьесалары ұлттық классикалық дәстүр жолын қалыптастырды және т.б. кейінгі толқын драматург-қаламгерлер шығармашылығы арқылы жалғасты.
Драматургия саласындағы әдебиеттану мен театртану, өнертану тұрғысындағы егізделе, теориялық-тәжірибелік тұтастықпен өрілген зерттеулер, танымдық бағалаулар да үздіксіз жазылумен келеді.

Аристотельдің «Поэтика», Никола Буалоның (1636-1711), «Поэтикалық өнер» (1674), Дени Дидроның «Актер туралы парадокс» (1773-1778 жылы жазылып, 1830 ж. жарық көрген), «Драмалық поэзия туралы», Гатхохольд Эфраим Лессингтің «Гамбургтік драматургия» (1767-1769) атты еңбектерінде классикалық драматургияның поэтикалық табиғаты туралы бағалаулар жазылды. Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің (1770-1831), В. Г. Белинскийдің (1811-1848) еңбектерінде де драматургия мәселелеріне байланысты пікірлері бар. Әдебиеттану, театртану-өнертану тұрғысында жазылған қазақ зерттеушілерінің (С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ж. Шанин, А. Тоқпанов, Ә. Тәжібаев, С. Ордалиев, Б. Құндақбаев, Р. Нұрғалиев, Р. Рүстембекова, Ә. Сығаев, Ә. Бөпежанова және т.б.) еңбектері осы саладағы зерттеулер жүйесін құрайды.
XX ғасырдағы әдеби үдерістегі ұлттық әдебиет алыптарының драматургияны құрайтын шығармашылығы көрнек өнері туындыларына тән ортақ көркемдік-эстетикалық дүниетаным болмысын дәлелдеді. Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926) кітабында «Айтыс-тартыс» тақырыбымен берілген драматургияға байланысты айтылған бағалау да сахналық қойылымның көру, қабылдау аясындағы танымдық-эстетикалық табиғатын түсінуге бағдарлайды: «Уақиға көз алдымызда болып, адамдардың тіршілік жүзінде айтысып-тартысып өмір шеккенін көреміз. Тіршілік майданында адамдардың ақылы жеткенше амалдап, қайратына қарай қару қылып, алысқаны, арбағаны, қуанғаны, жылағаны, ойнағаны, күлгені, сүйінгені, күйінгені, жауласқаны, дауласқаны, бітіскені, жарасқаны өмір жүзіндегідей көрініп, көз алдыңнан өтеді» (Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш: Зерттеу мен өлеңдер. –Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.; 175-бет).
Қазіргі заманғы анықтама бойынша: «Драматургия (грек. Dramaturgіa – 1. драмалық шығарманы құрудың теориясы; 2. белгілі бір халықтың я автордың драмалық шығармаларының жиынтығы») (Орысша-қазақша сөздік: 70 000 сөз / Н. Т. Сауранбаев, Г. Г. Мұсабаев, Ш. Ш. Сарыбаевтың редакциялық басшылығымен, қайта өңдеген және толықтырылған үшінші басылымы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 1152 б.; 227-б.).
Қазақ драматургиясы – әлем өркениетіндегі классикалық жанрлар үлгілерімен үндес туындыларымен өзіндік даму белестерінен өтіп келеді. XX ғасырдың басындағы қазақ драматургиясы К. Тоғысовтың «Надандық құрбаны» (1915), Ж. Аймауытовтың «Рәбиға», «Ескерту», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Шернияз», Қошмұхаммед (Қошке) Кемеңгеровтің «Алтын сақина», «Парашылдар», «Ескі оқу», Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Ел ағасы», «Бәйбіше-тоқал», «Қарагөз», «Абай», «Хан Кене», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Айман-Шолпан», «Тас түлек», «Шекарада», «Түнгі сарын», «Сын сағатта», «Намыс гвардиясы» (Ә. Әбішевпен бірігіп жазған), Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолына», Бейімбет Майлиннің «Шаншар молда», «Ел мектебі, «Неке қияр», «Айша», «Сәлде», «Көзілдірік», «Майдан», «Аманкелді» (Ғ. Мүсіреповпен бірігіп жазған), Ілияс Жансүгіровтің «Кек», «Түрксіб», «Біздің жігіттер», «Исатай-Махамбет», Сәбит Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», «Күрес күндерінде», Ғабит Мүсіреповтің «Аманкелді» (Б. Майлинмен бірігіп жазған), «Ақан сері – Ақтоқты», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» операсының либреттосы т.б. көрнекті драматург-қаламгерлердің (Ж. Шанин, Ә. Тәжібаев, Ә. Әбішев, М. Ақынжанов, т.б.) пьесалары-спектакльдері ұлттық әдебиет пен театр өнерін дамытуға мол үлес қосты.
Қазақ драматургиясының жаңа толқын қаламгерлермен толығу кезеңі – XX ғасырдың 60-70 жылдары. Бұл кезеңдегі қазақ драматургиясына қосылған қаламгерлер (Қалтай Мұхамеджанов, Қанабек Байсейітов, Қуандық Шаңғытбаев, Тахауи Ахтанов, Сәкен Жүнісов, Әкім Тарази (Әкім Әшімов), бұлармен ілесе Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкеев, Қалихан Ысқақов, Баққожа Мұқаев, Оразбек Бодықов, Дулат Исабеков, Асқар Сүлейменов, Софы Сматаев, Төлен Әбдіков, Нұрлан Оразалин, Иранбек Оразбаев, Сұлтанәлі Балғабаев, Жолтай Әлмашұлы, Роза Мұканова, т.б. каламгерлер қазақ драматургиясының көркемдік-эстетикалық қазынасын байыта түсті.
Қазіргі қазақ драматургиясы әлемдік классикалық дәстүрді шығармашылықпен қабылдай отырып, ұлттық топырақтағы осы өнердің өркендеуіне жаңашылдықпен үлес қосып келеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары жазылып, бірқатары театр сахналарында қойылып келе жатқан әртүрлі такырыптардағы пьесалар классикалық драматургия жанрларының уақыт пен кеңістіктегі еміршең, ұлағатын айғақтайды.
Қалихан Ысқақовтың «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жаңғырық», «Есеней – Ұлпан», «Жан қимақ», «Сабатаж!», «Қылкөпір», «Мазар», «Ерліктің екі сағаты», «Апатай», «Жәке-Жәкетай», «Сайқының тұқымдары», «Қазақтар» (Шахимарденмен бірлесіп жазған) барлығы жиырмаға жуық пьесасы бар.
Дулат Исабековтің пьесалары да әралуан тақырыптық, жанрлық ерекшеліктерімен әдебиетіміздің драматургия саласының дамуы қорын молайтты. Драматургтің «Ректордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1982), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Алтын тордағы топты» («Актриса»), «Ескі үйдегі екі кездесу», «Тор» пьесалары театрлар сахналарында үздіксіз қойылуда. Қаламгердің «Жеті желкен» (1987) атты таңдаулы пьесалар жинағы жарық көрген.
Иранбек Оразбаевтың (Иранғайып) «Хайуандық комедия», «Алтын адам», «Естайдың Қорланы», «Қорқыттың көрі», «Махамбет», «Мауглидің оралуы», «Шоқан», «Мен ішпеген у бар ма?..», «Былыққа батқан қала» пьесалары бар.
Нұрлан Оразалиннің «Шырақ жанған түн», «Тас киіктер», «Ақ құс туралы аңыз», «Қара қазан ғасыры» пьесалары оның ақындық сыршылдығы ықпалындағы лирикалық, психологиялық сарындылығымен ерекшеленеді.
Сұлтанәлі Балғабаев – қазіргі казақ әдебиетіндегі көрнекті драматург-қаламгер. Жазушының «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Ең әдемі келіншек», «Қыз жиырмаға толғанда», «Қазақша күрес», «Жамбала, Мико және қасқыр», «Біз де ғашық болғанбыз», «Ғашықсыз ғасыр», «Әйелдер әлемі» пьесаларында өмір шындығының сан түрлі мәселелері камтылған.
Жазушының пьесаларында қазіргі заманғы отбасылық-тұрмыстық өзекті мәселелер драмалық, трагедиялық, комедиялық сипаттар тұтастығымен бейнеленген. Мысалы, «Ең әдемі келіншек» лирикалық-психологиялық әуенді пьесасындағы кейіпкерлер тағдыры қайшылықты тіршілік келбетін, әралуан адамдар тағдырларын романтикалық және реалистік болмысымен көз алдымызға әкеледі. Пьесаның басты кейіпкері – Гүлбаршын. Осыдан он жыл бұрын Алматыдағы жоғары оқу орнын бітіргендер сол айтулы күнді атап өту үшін жиналып, тойлап жатқан қауышулар сәттеріндегі сезім өрнектері, тағдырлар тоғысуы – сахналық койылым жағдайына орайластырыла берілген. Басты кейіпкер Гүлбаршын мен жанама кейіпкерлердің (Абдолла, Алтай, Жиенбай, Мадина, Зухра) монологтары мен диалогтары арқылы – әйелдер мен еркектер арасындағы шынайы махаббат пен тағдыр ықпалындағы қарапайым жұбайлық ғұмырға көнетін тұрмыстық психология қайшылығы көрсетілген. Студенттік жылдарының алғашқы курсында он алты жастағы Гүлбаршын бірге окитын Алтайға ғашық болған екен. Алтайға деген алғашқы махаббат сез

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Психология подростка
Жүрек
Газовые лазеры
Защита информации в персональных компьютерах


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ