Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДРАМАТУРГИЯ

ертелеу!.. Ертелеу!.. Ең алдымен (даусын ақырын шығарып). Сізден несін жасырайын, осы жақында министр болатындай мүмкіндігім болып тұр!» (Жазушының аталған кітабы, 129-б.).
Қоғамдағы билік жүйесінде орын алып отырған сыбайластықтың, жемқорлықтың негізі – бірін-бірі жалған көтермелеумен жауапты қызмет орындарына қойып жүрген жағымпаздық, жандайшаптық, алаяқтық жайлаған түрлі деңгейлердегі билік иелерінің сықпыттары осы пьеса кейіпкерлерінің диалогтарынан айқын аңғарылады. Министр болуды ойлап жүргені аузынан шығуы мұң екен, жандайшаптар (Асай Мүсеевич, Қошқарбай) оның, тіпті премьер-министр болуы тиістігін айтып даурығады. Пьесадағы басқа да кейіпкерлер (Саудагер, әйел, билетсіз жолаушы) кез келген мәселеде екіжүзділікпен өмір сүретін қазіргі тұрмыс қайшылықтарын да уақыт шындығына сәйкес іс-әрекеттерімен бейнелеген. Жолаушыларға, халыққа мінсіз, адал қызмет етушілер болып сырттарымен сыпайы көрінетін, бірақ билетсіз жолаушыларға, саудагерлерге және т.б. өздеріне пайдасы тиетіндерге ғана «қызмет» істейтіндердің келбеттерін танимыз.
Пьесаның идеялық-композициялық желісінен мынадай өзекті мәселелердің поэтикалық мағыналық саралануы байқалады: біріншісі – қазіргі билік жүйесіндегі білімсіз, біліксіз мансапқорлардың қоғамның басым бөлігіне жайлап алғандығы; екіншісі – тұрмыстық-материалдық және рухани мәдениет салаларындағы халыққа қызмет етудің тек ғана тамыр-таныстықпен, рушылдық көзқарасқа негізделген сыбайлас жемқорлықпен бытысқан, сұрқиялық, екіжүзділік жайлаған сипаты. Пьесадағы кейіпкерлердің мінез-құлық ерекшеліктері, тұрмыстық көзқарас деңгейі арқылы автор қазіргі қазақ ұлтының мүшкіл әлеуметтік хал-ахуалын аңғартады. Пьесада тойдан қайтып келе жатқан, шала мас күйінде кері бағыттағы пойызға мініп кеткен кез келген ортада саясатшы», «мемлекетшіл», «ұлтшыл», «отаншыл» боп көрінгісі келетін көпірмелі көбік сөзді білімсіз, біліксіз даңғой «ғалымсымақтар», жемқорлар ұсақ саудагерлікпен ғана жан сақтап жүрген қарапайым халық, т.б. – адамдар бейнелері уақыт шындығы тұрғысында ұсынылған. Пьесаның соңындағы Билетсіз жолаушы атауымен шығарма құрылысында поэтикалық мағыналы орын алған кейіпкердің сөзі – жазушының қазіргі ұлт тағдырына алаңдаған ойын айқын аңғартады:
«Ай, қазақтар-ай! Қайран, қазақтар-ай! Барар жерлеріңе аман-есен жетер ме екенсіңдер?! Тағы бір пәлеге ұшырап қалмай, аман жетер ме екенсіңдер?!» (Жазушының аталған кітабы, 161-б.).
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиеті дамуының үдерісіңде қазақ драматургиясы игерген өзекті мәселелердің бірі – ұлттық тарихымыздағы ақтандақ болып келген тақырыптарды көркем шындықпен жазу. Қазақтың ұлттық тарихындағы дербес мемлекеттік құрылыммен қалыптасуымызға, халық болып танылып, сақталуымызға қайраткерлікпен-көсемдікпен өмірін арнап, еңбек еткен хандарымыздың (Керей, Жәнібек, Абылай, Кенесары), би-шешендеріміздің (Төле, Қазыбек, Әйтеке, т.б.), ақын-жырауларымыздың (Асан Қайғы, Бұқар, Махамбет, т.б.), батырларымыздың (Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сырым, Исатай, Жанқожа, т.б.), ғұлама-ағартушыларымыздың, қоғам қайраткерлерінің (Әбунасыр әл-Фараби, хакім Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов), т.б. ондаған тарихи тұлғаларымыздың сөз өнері туындыларындағы көркем бейнеленуі жаңаша серпінмен өркендеді. Әсіресе, XX ғасырдың 80-жылдарының ортасынан басталған ұлт тарихының бұрын әдейі назарға алынбай келген тұстары асқақ рухты романтизм мен сыншыл реализм көркемдік әдістері тұрғысынан мол қамтыла жазыла бастады. Әдеби тек түрлері (эпос, лирика, драма) жанрларының барлық салаларында елеулі туындылар жазылып, оқырмандарға ұсынылды.
Драматургия саласында да халық ықыласпен қабылдаған тың туындылар жазылып, республика театрларының сахналарында қойылумен келеді.
Сәкен Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен көлеңкелер» (Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов бейнелеріне арналған), Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан», М. Байсеркеұлының «Абылайханның ақырғы күндері», «Кек қылышы Кенесары», Жолтай Әлмашұлының «Сана дерті», «Абақты-ғұмыр», «Фрустракция» (Нәзір Төреқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанбек Қожанов, Сәкен Сейфуллин туралы) пьесалары – қазақ тарихының ақтандақ беттерін көркем шындықпен өрнектеген туындылар.
Жолтай Әлмашұлының пьесаларындағы қазақ тарихының қайраткер тұлғаларының бейнеленуі – әдебиетіміздің өзекті тақырыпты игерудегі жаңашылдық. XX ғасырдың басындағы қазақ сөз өнеріндегі шығармашылықты мемлекеттік жауапты қызметтерімен сабақтастыра еңбек еткен қайраткерлердің саяси қуғын-сүргін жазалауларына ұшыраған – Ұлттық трагедиямыз. Табиғи қабілеттерін туған халқына, ұлтына қызмет етуге арнаған дарынды тұлғалардың жазықсыз жазаланғаны – қазақ ұлтын әлсіретуге, тарих сахнасынан біржолата жоюға арналған зұлым саясаттың жендеттік ұстанымының нәтижелері.
Ж. Әлмашұлының «Сана дерті» (драма-элегия) пьесасындағы басты кейіпкер Төреқұлов Нәзір (1892-1937) – ғалым-ағартушы, мемлекет және қоғам кайраткері, публицист. XX ғасырдың басындағы қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік тұрмысындағы саясатқа, баспасөзге, мемлекетті басқару істеріне үлес қосқаны – тарихымыздың шындығы. Ислам дініне оң баға беру, түркі халықтарының әрқайсының мемлекеттік тілі колданысын жүзеге асыру, түркі тілдес халықтарға ортақ әліпбиін жасау ұсынысын қолдау, қазақ баспасөзінің қалыптасуына («Қазақ мұңы», «Халық газетасы» газеттерін, «Инқилоб» («Революция»), «Темірқазық» журналдарын шығаруға ат салысқан) үлес қосқаны – ұлттық мәдениет тарихындағы елеулі істер.
Нәзір Төрекұлов – 1920-1922 жылдары Түркістан Республикасы Орталық атқару комитетінің төрағасы, 1922-1928 жылдары КСРО ОАК жанындағы орталық баспа басқармасының төрағасы болған, Мәскеудегі Күншығыс баспасын басқарған, түрік халықтарының және араб, парсы, ағылшын, француз, неміс, орыс тілдерін жетік білген, әлем халықтарының рухани мәдениетін зерделеген ғалым. 1936 жылы КСРО-ның Ұлттар Кеңесінің жанындағы Орталық тіл және жазу ғылыми-зерттеу институтында қызмет істеген. Ол КСРО-ның 1928-1932 жылдары Арабстанның Хиджаз қаласындағы консулы, 1932-1936 жылдар Сауд Аравиясындағы өкілетті елшісі болған. «1937 жылы шілдеде «халық жауы» ретінде айыпталып, ату жазасына кесілді. 1958 жылы 28 қаңтарда КСРО Жоғарғы сотының шешімімен ақталды». (Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Б. Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы. 2006. – 8-том. – 704 б,; 475-476-беттер).
Жазушы осы қайраткердің Сауд Аравиясындағы елші болып тұрған кезіндегі бір сәтін ғана пьесаға арқау еткен.
Төрт көрісті драма-элегияның сюжеттік-композициялық желісіндегі басты кейіпкер Нәзірдің монологтары, диалогтары арқылы тарихи тұлғаның жан ділі әлемі дүниетаным кеңістігі, қызметін қазақ ұлтының және жалпы адамзаттың ортақ игілігіне арнаған гуманистік ойлары саралана танылады.
Жазушы тарихи шындық деректерін негізге ала отырып, Нәзірдің көптеген тілдерді меңгерген қабілеттілігін, Алаш көсемдерімен (Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, т.б.) ниеттес болғанын, пьесаның идеялық желісінде айқындаған. Мәскеуден келген шақырудың ажалға апаратын суық лебін сезінген Нәзірдің бұған дейінгі мағыналы өмір жолын шолып өткені, ғашығы Еңліктің елес-бейнесімен, басмашылар қолынан қаза тапқан әкесі Төреқұл-рухымен сырласуы, орынбасары болып жүріп Нәзір туралы жалалы мәліметтерді Мәскеуге жіберіп отырған жалақор-бәлеқор Сыпкинмен бет ашысуы, сенімді серік қызметкері, әдебиет пен өнерге тілеулес жас жігіт Сабыржанмен сұхбаттары – бәрі де шығармадағы көркем шындық поэтикасы заңдылықтарының шеберлікпен орындалғанын таныта алады. Халықтың қызметшісі болып еңбек етіп, барлық іс-әрекеттерімен, мінез-құлық дағдыларымен адамгершілік-имандылық ұстанымымен жүрген Нәзірдің монологтары оның табиғи-тарихи жан ділі болмысын айқын елестетеді. Жазушы басты кейіпкердің монологтарынан Кеңес мемлекетіне адал көз қарасын баяндалған.
Маңындағы адамдардың әсер-ықпалынан, заманының қысылтаяңы-қыспағы салдарынан туындаған басты кейіпкердің психологиялық хал-ахуалын жазушы өмір шындығына сәйкес өрнектеген. 1937-1938-жылдардағы саяси-қуғын сүргінге ұшырағандар – Кеңес өкіметін орнату, нығайту жолында аянбай еңбек еткендер. Сондықтан да, олар қуғын-сүргін басталғанда, қамауға түскенде, өздерінің не себепті айыпталғандарына түсінбеді. Түрмедегі тергеулер кезіндегі жалған жалаларды мойындату үшін жасалған жендеттік азаптаулардан кейін, әрине, олардың ақыл-естерінен де айрылып қалғаны анық. Сондықтан, пьесадағы басты кейіпкер Нәзірдің куғын-сүргін дүрбелені басталып жатқанда, өзін орталыққа шақырған хабарды естіп, аттанар сәттегі көңіл-күйі де шындыққа кәміл сенген аңғал, әрі батыр мінез иесін танытады:
«… Ойпырмай, осынша үрейленгенім қалай? Күннен күнге қорқақ, жасқаншақ болып барам ба? Ал, менің ағаларым … Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатовтар қандай жүректі жандар? Мұстафа Шоқай ше? Дүние-дүрмекке басын иіп, бордай үгілген жоқ, өз принципінде қалды. Тіпті өз ойы мен идеясы жолында елін, жерін тастап, шетелге кетті. Сонда да мойыған жоқ. Өз тұстастарымнан … Тұрар Рысқұлов қазақ жеріндегі ашаршылық халықты баудай түсіріп, қырып бара жатқан шақта ұлты үшін шамырқанып, тұп-тұра Сталинге хат жазды. Арты не болар екен деп ойламады. Қорқып-қалтырамады. Менікі не? Кінәм болса екен! Халыққа қиянат жасасам екен! Онда қорқып-үркуге болар-ақ. Бұл не деген үрей?..» (Әлмашұлы Ж. Тірі жан: үш бөлімді драма-дастан. – Алматы: Өлке, 2008. – 288 б.; 25-бет). Жазушының бұл пьесасындағы тарихи шындық пен көркем шындық тұтасуымен өрілген поэтикалық мағыналы мегзеумен қуғын-сүргін құрба
1234
скачать работу

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДРАМАТУРГИЯ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ