Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)

хозяйства Казахстана” деген бірлескен зерттеуін атап өтуге болады. Бұл еңбекте 60-80-жылдар аралығындағы Қазақстандағы ауыл шаруашылығындағы дамуы тарихта сыңайы қөзқараспен талдау жасалынған [4]. Бұл жұмыс жаңа тарихи принципі тұрғысында жазылып, 60-80-жылдардағы бүкіл Кеңес Одағындағы аграрлық саласында етек алған тоқыраудың себептері айқындалған. Оның негізгі себептерін авторлар ауыл шаруашылығы саласындағы социалистік меншіктің орын алуының аграрлық теория мен практиканың алшақтығы салдарлары ретінде түсіндіреді. Ауыл шаруашылығын басқарудағы әміршіл — әкімшіл әдіспен ұйымдастырылып, мемлекеттік ресми органдардың толық біржақты үстемдігіне негізделгенін, ол жағдайда аграрлық салада ешқандай да нарықтық механизм қажет еместігін айқындап берді. Әйтседе авторлардың зерттеуінде тотолитарлық жүйе кезеңіндегі аграрлық өндірістегі келеңсіз мәселелерге және олардың себептерін толық ашу жеткіліксіз деуге болады. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын, Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын басқаруда жүргізген саясатын арнайы зерттеп ортаға салған еңбек. Осы тақырыпты ғылыми түрде зерттеуге үлес қосқан тарихшылар С.А. Байтілен, К. Рыспаев, Қ.Қ. Байсаринаның, еңбектері үлкен қызығушылық тудырады. Зерттеуші С.А. Байтілен «Кеңес мемлекетінің Қазақстандағы аграрлық саясаты; ауыл шаруашылығындағы экстенсивті бағдар және дағдарыс (1965-1990 жылдар)» деген тақырыпта жазылған докторлық диссертациясында кеңес қоғамының аграрлық салада ғана емес, қоғамның барлық саласында дағдарыстық құбылыстар орын алғандығын атап көрсетеді [5]. Осыған байланысты, тарих ғылымдарының докторы, Қ.Қ. Байсаринаның «Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы; тарихы және сабақтары (1946-1965 ж.ж) деген тақырыпта жазылған докторлық зерттеу жұмысында соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылық өндірісін дамытудың басты бағыттары, оның қайшылықты тағдыры, өмірге енгізілу әдісі, түрі мен тәжірбиелері сол секілді аграрлық саясаттың ащы сабақтары, қиыншылықтары мен зардаптары зерттелген [6,8-б]. Кеңес үкіметі тұсындағы ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалар, өндірісті ұйымдастыру мен ұйымдық шарауашылық мәселелері, соның ішінде колхоз құрылысының тарихы жөніндегі мәселеге объективті баға берген зерттеулер назардан тыс қалған жоқ. Осы тақырыптарға ғылыми түрде үлкен үлес қосып жүрген тарихшы ғалымдар: Т. Медеуов [7], О. Мұқатова [8], Е.Т. Берлібаев [9]. Аграрлық сектордағы меншік және шаруашылық нысандардың қалыптасып дамуы, олардың тиімділігін арттыру мәселесі сонау ХХ ғасырдың басынан-ақ Н.К. Кондратьев, А.В. Чаянов және тағы басқа әлемге белгілі ғалымдардың еңбектерінде көп мән берілген. Соңғы жылдары осы тақырыпта Қазақстанның бірқатар экономист ғалымдарының, оның ішінде Б. Баймұқанов, Ж. Шарақымбаев, Қ. Шалғымбаева, З. Байтеков [10], А. Қошанов [11] еңбектерінде агробизнесті қалыптастырумен қатар, аграрлық сектордың экономикасын дамыту мәселелері зерттелген. Ауыл шаруашылығы саласындағы жекешелендіру процесі және оның нәтижелерін көрсету барысында экономистер М.Т. Оспанов, Р.Р. Аутов, Х.Е. Ертазин [12] және М.К. Сүлейменов [13] еңбектерін атап өтпеске болмас. Кең көлемдегі материалдар арқылы мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын реформалау және нарықтық мәндегі жаңа шаруашылық құрылымдарын құру жолдары, олардың қызметін мемлекеттік реттеу тегеуріші көрсетіліп, аграрлық азық-түлік нарығы, агробизнестің маркетингтік сфера мәселелері талданған. Дегенмен, республика өңіріндегі аймақтардың табиғи, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне байланысты аграрлық қатынастарды қалыптастыру, дамыту, олардың тиімділік мәселелері әлі де толық зерттелмеген. Ауыл шаруашылығына тікелей қатысты шешімін таппаған мәселелердің барын жоққа шығара алмаймыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аграрлық саясаттың негізіндегі жаңа ережесі – жерге меншіктік құқықтың болуы аса маңызды болып табылады. Сондықтан, жер кодексінің мәні, сол заң арқылы ауылдың әлеуметтік экономикалық жағдайына әсерін айқындайды. Қазіргі кездегі Қазақстаның аумағындағы жер қатынастарының даму тарихы – бұл өте күрделі әрі қызықты да тақырып. Реформалау процесінде қалыптасқан жерде меншік пен шаруашылық жүргізу түрлерін талдау мен жер қатынастарын жетілдіру мәселелерінің маңыздылығы сөзсіз. Аталған мәселе бойынша іс жүзінде әлі де толығымен зерттелмеген деуге болады, алайда, бұл тақырып, көптеген ғалымдарды, саясаткерлердің ғылыми қызығушылығын тудырады. Бұған дәлел ретінде, бірақтар жазбаша қайнар көздерді, археология мен тарихи мәліметтерді айтуға болады. Қазақстанда феодалдық жер қатынастарын дамуын көптеген қазақстандық және шетелдік ғалымдары зерттеген. Жер қатынастарында мемлекеттік бақылау жерді пайдалану мен қорғау саласындағы жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ететін нормативті құжат бұл «Жер кодексі» заңы. Жерді құқықтық қорғау мен сақтау саласындағы жер құқық қатынастары қиын да әрі өзекті мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселелер жөнінде пікір білдірген ғалымдар: Ә.С. Бектұрғанов, Ө.С. Стамқұлов, Г.Ә. Стамқұлов, Е. Әбдікәрім жерге мемлекет меншігін және жер пайдаланушылардың құқығын қорғау, жерді табиғат объектісі ретінде қорғау жолдарын әр түрлі бағыттаған. Ауыл, село еңбеккерлерінің өндіріс саласындағы еңбектерін зерттеумен қатар, олардың әлеуметтік, моделі саласын зерттеу мәселесі назардан тыс қалмады. Айталық, Х. Әбжанов, Ж.Б. Әбілхожин, А.Н. Алексеенко, А.Б. Галиев зерттеулері аграрлық сектордағы село тұрғындарының әлеуметтік, мәдени, демографиялық зерттеулерінде көрсетілген. Қазақстанның ХХ-ғасырдың 80-90 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуынан әлі де зерттелмеген немесе тарихи тағылымда жеткілікті көрініс таппаған нақты-тарихи проблемалардың үлкен көлемін алға тартқан зерттеу жұмыстың бірі бұл – С.З. Баймағамбетовтың «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени құрылысы (1980-2000 жж.) – Тарихи талдау» деген тақырыпта жазылған докторлық диссертациясы. Онда халықты әлеуметтік қорғаудың, әлеуметтік қорғаудың, денсаулық сақтаудың , мәдениет пен білім беруді нақты жай-күйі мен перспективалары талданған [14].
Қазіргі таңда Қазақстанның ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға қалыптастыру және нарықтық қатынастарды орнықтыру мәселелері оның барысындағы қиыншылықтар өзекті проблемалардың бірі болып саналады. Әйтсе де зерттеулердің басым көпшілігі экономика – ғылыми мәселелері бойынша жарық көрді өйткені, ауыл дағдарысының себептері мен мәнін экономикалық негізінде түсіндірілетіні белгілі. Осыған байланысты, 90 жылдардың басында және қазіргі кезде, “Ауыл шаруашылығының әлеуметтік экономикалық мәселелері жөнінде, экономист зерттеушілер, әлеумет-танушылар көп еңбектер жазып, өздерінің пікірлерін, ұсыныстарын, сынды қөзқарастарын жазды. Зерттеу жұмысындағы “Қазақстандағы ауылдың дамуы” мәселелер мен келешек мүмкіндіктері деп аталатын есеп – республиканың ауыл аймақтарының 1991 жылғы дамуын тек ауыл шаруашылығының дамуы тұрғысынан емес, ауылдағы адам қатынастарының бүкіл кешені тұрғысынан қарастырған. Мемлекеттік статистика мәліметтері бойынша, ел халқының жартысына жуығы (44 пайыз) ауылдық жерлерде тұрып жатыр. Ауыл дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің талдауы экономикалық даму қарқындары мен адам дамуы деңгейі арасындағы тығыз өзара байланыс есеп қортындылары тезисті статистикалық көрсеткіштер көрнекі дәлелдейді.
Сонымен қатар зерттеу жұмысында Елбасы Н.А. Назарбаев, академик М. Қозыбаев, ғалым-экономистер М. Расулов, Ғ. Калиев, мемлекет қайраткері: Д.А. Қонаевтың ой толғау еңбектері, естеліктері, талдаулары, ғылыми еңбектері ерекше назар аудартады. Олар өз еңбектерінде Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында болған саяси әлеуметтік экономикалық өзгерістер, кездескен қиындықтар мен қателіктер, қазіргі таңдағы қиындықтардың басты себептері, проблемалары жан-жақты талданған. Қазақстан ауыл шаруашылығында нарықты экономиканы қалыптастыру және орнықтыру мәселелері әр уақыттарда Премьер-Министр, ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін атқарған А. Есімов, Б.Тұрсынбаев, Ж. Кәрібжанов, С. Терещенко тәрізді азаматтардың сөйлеген сөздерінде, олармен журналистер қауымының арнайы сұхбаттары кезінде айтылды. Нарыққа өтпелі кезеңдегі ауыл проблемасын шешу үшін жергілікті табиғи-географиялық, әлеуметтік, демографиялық, экономикалық ерекшеліктерді басты назарға ала отырып, аграрлық саладағы дағдарыс себептерін аталған азаматтар әрине толық ашпаса да, олар негізінен дағдарыстан шығу жолдарын көрсетуге баса назар аудартады. Аграрлық қатынастар, нарықтың даму барысындағы жіберліген қателіктер, оны түзету жолдары, отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көңіл бөлу, кәсіпорындардың еңбекті ұйымдастырудың тиімді формаларын іздестіру жолдары, ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты жүргізудің көптеген формаларын дамытудың мәселелері т.б. қосымша тарихи зерттеуді талап етеді. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынасы, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселеріне арналған еңбектердің маңызы өте зор.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының алдына қойған мақсаты – Қазақстан Республикасында аграрлық қатынастардың нарыққа бейімделуін қамтамасыз ететін оның даму мәселелерін, осы ауыл шаруашылығы саласындағы терең өзгерістерді тарихи ғылыми талдау жасау болып табылады. Осыған байланысты, зерттеу жұмысының міндеттері төмендегі мәселелерді қамтиды.
- 1985 — 1990 жылдар аралығындағы республика ауыл шаруашылығының алдына тұрған проблемалар және оларды шешу жолдарын көрсету;
-Республикада осы жылдар аралығында жүргізілген Кеңес мемлекетінің аграрлық саясатының шынайы бағыт-бағдарын, мәні мен сипатын және қайшылықтары мен зардаптарын айқындай түсу;
- Кеңес өкіметінің аграрлық салада жүргізген саясатының мәнін ашып, тәжірбиесін ой-елегінен өткізе отырып, ауыл шаруашылығының жағдайын сапалық жағынан жоғарғы деңгейге жеткізе алмауының себептерін ашып көрсету;
-Аграрлық қатынастардың даму кезеңдері мен жаңа әлеуметтік экономикалық мазмұнын айқындау.
12345След.
скачать работу

Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ