Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазіргі сайлау жүйесі



 Другие рефераты
Лидерство и руководство Личностные качества педагога Личностные особенности пожилых людей как фактор их адаптации в посттрудовой период Личность и индивидуальность

Қазіргі сайлау жүйесі

Өркениетті, демократиялы қоғамда саяси процеске қатысудың негізгі түріне айлау жүйесі жатады. Сайлау арқылы азаматтар мемлекеттің өкілетті, заң, сот, атқару органдарын қалыптастыруға қатысады. Ол азаматтардың саяси құқығының жүзеге асырылуын білдіреді. Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады., билік бір қолдан екіншілерге бейбіт жолмен беріледі. Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғандығына бақылау жасау мүмкіндігін де береді.

             Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтығын айтады. Жалпы алғандасайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді (кандидаттарды) ұсынудың тәртібі, процесі және негізгі принциптері, оны ұйымдастыру, материалдық жағынан қамтамасыз ету, майлаушылармен жұмыс жүргізу және т.б. шаралар кіреді.

            Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы занда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді. Онын 2 түрі бар: 1)белсенді түрі, 2) бәсең түрі. Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді. Бәсең (енжар) түрі олардың сайлану құқығын қамтиды. Сайлау құқығында солар реттеледі.

            Берілген дауысты есептеу тәсілімен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық, пропоционалдық және аралас түрі болып бөлінеді.

            Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды.

            Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы. Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты (50 пайыз және 1 дауыс) алған талапкер саналады.Мұнша дауысты үміткердің көбі бірінші кезекте ала бермиді. Сондықтан сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі.

            Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50 пайыздан артық дауыс алу шарт емес.

            Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандатты келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады. Мәселен, мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ, Англия, Франция, Жапонияда дамыған.

            Сайлаудың мажоритарлық жүйесі қарапайым және онай сияқты көрінеді. Оның үстіне парламентте көш бастаушы партия тұрақты үкімет  қалыптастыра алады. Сондықтан ол жүйе кеңірек тараған. Алайда оның кемшілікетері де бар. Оның ең бастысы – сайлаушылардың қалған 49 пайызының ( ал салыстырмалы көпшілік жүйесінде одан да көп азаматтардың) еркі, ықтияры ескерілмейді.

            Пропоционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы- ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың  (депутаттық орынның) арасындағы пропоционалдықты басшылыққа алады.  Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен  бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға дауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде (Ұлыбритания мен Франциядан басқа) кең дамыған. Сайлаудың пропоционалдық жүйесінің кемшілігі- айлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.

            Мажоритарлық және пропоционалдық жүйелердің кемшіліктерін жою үшін аралас айлау жүйелері қолданылады. Онда депутаттық мандаттың бәр бөлігі мажоритарлық жүйе принципі арқылы жеңіп алынады, екінші бөлігі партия тізімі бойынша сайлауға байланысты бөлінеді. Ұсақ партиялардың кілдерін шектеу үшін мұндайда төменгі шек қойылады. Мысалы, Германияда 5 пайыздан кем дауыс алған партияның өкілеттігі шектеледі, яғни парламентте орын ала алмайды. Бұл жүйе тұрақты үкімет құруға мүмкіндік береді.

            Еліміздің сайлау жүйесіне келсек ҚР-сы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жкргілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға қатысуғақұқығы бар. Сайлау жалпыға бәрдей, тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс жағдайында өткізіледі.

            Жалпыға бәрдей белсенді сайлау құқығы- ҚР-ның он сегіз жасқа толған азаматарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, және мүліктік жағдайында, жынысына, нәсіліне,ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатыса алады.

            Бәсен сайлау құқығы- Республика азаматтарының Конституцияда белгіленген шектеулермен Президент, Парламент және мәслихаттың депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болып  сайлану құқығы. Мәселен, 1999 жылдың 10 қантарында мажоритарлық ждүйенің абсолютті түрі бойынша Н.Ә. Назарбаев мезгіленген бұрын жетіжылдық мерзімге ҚР-ның Президенті болып сайланады. (Бұған дейін 1990 жылғы сәуірінде Жоғарғы КеңесПрезидент етіп сайлаған. 1991 жылдың желтоқсанынан ҚР-ның Президенті. 1995 жылғы референдумда Президенттің өкілеттігі ұзартылған).

            Елімізздің кәсіби Парламенті тұнғы рет 1994 жылғы 7 наурызда сайланған. Бірақ 1995 жылғы наурызда жаңа Конституия бойынша екі палаталы Парламент сайланды. Жоғарғы палата (Сенат) 47 депутаттан тұрды, оның 7 сенаторын Президент тағайындады. Төменгі палата (Мәжіліс) 67 депутаттан тұрды. 1999 жылы Жаңа парламенттік сайлау болды. Парламент мүщелерінің бір бөлігі партиялық тізім бойынша сайланды.

            Конституцияда Президентікке және Парламент депутаттарына үміткерлер үшін жас шегі және сол лауазымда болу шегі белгіленген. ҚР-ның Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Мәжіліс депутаты болып 25 жасқа толған ҚР-ның азаматы сайлана алады. Сенат жепутаты болып азаматтықта екм дегенде 5 жыл тұрған, 30 жасқа толған, жоғарғы білімі және кем дегенде 3 жыл тұрақты тұратын азамат сайлана алады. Мәслихат дупутаты болып ҚР-ның 20-ға толған азаматы сайлана алады.

скачать работу


 Другие рефераты
Договор как основной вид сделки
Общие черты развития России и Запада в начале ХХ-го века
Организация газодымозащитной службы в гарнизонах пожарной охраны
Тауар – тұтынысты қанатғатандыруға назар аудару


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы

Компания Родные Просторы - поставщик свежих фруктов в Екатеринбурге.

ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ