Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Кения



 Другие рефераты
Колумбия Республикасы Кирибати Корея Республикасы Корей Халық Демократиялық Республикасы

Кения (Kenya), Кения Республикасы (Republіc of Kenya) – Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 582,6 мың км2. Халқы 28,8 млн. адам (1999). Халқының этникалық құрамы банту, нилот, кушит топтарына жататын кикуйю (21% шамасында), луйя (14%), луо (13%), календжин (11%), камба (11%), т.б. тайпалардан және 165 мыңнан аса Азия, Еуропа, араб елдерінен келгендерден тұрады. Ресми тілдері ағылшын тілі мен суахили тілі. Тұрғындарының кейбіреулері дәстүрлі наным-сенімдерін, кейбіреулері христиан дінінің католик және протестант тармақтарын, енді біреулері ислам дінін ұстанады. Астанасы – Найроби қаласы.Кения – Британ достастығына кіретін республика. 1969 жылы қабылданған конституциясы бойынша елді жалпыхалықтық сайлауда 5 жылға сайланған президент басқарады (1978 жылдан Даниэль арап Мои). Жоғары заң шығарушы орган – бір палаталы Ұлттық жиналыс. Әкімш. жағынан 7 провинцияға және астаналық округке бөлінеді. Ұлттық мерекесі 12 желтоқсан – Республика күні (1963). Ақша бірлігі – Кения шиллингі. Кения Шығыс Африка таулы үстіртінің солтүстік-шығыс шетін алып жатыр. Жерінің орталық бөлігінен экватор сызығы өтеді. Саванналық өсімдіктер көп. Орталығы мен тау беткейлерінде — тропиктік ормандар, тау басында шалғынды өсімдіктер өседі. ==Кен байлықтары:== көмірлі натрий тұзы, кианит, диатолит, гипс, торий, ниорий, алтын және полиметалл кентастары. Климаты субэкваторлық: қаңтардағы орташа температура 14 — 24°С; шілдеде 12 — 25°С, жылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден (солтүстік-шығыс) 2000 мм-ге (батыс) дейін. Өзендері шағын келеді. Ірілері Тана мен Галана Үнді мұхитына құяды. Көлдері — Рудольф, Баринго, Накуру, Наиваша, Магеди, т.б. Жерінде Амбосели, Мара, Марсабит, Агонг қорықтары және Меунт-Кения, Найроби, Цаво, т.б. ұлттық саябақтар орналасқан. Оларда піл, жираф, зебр, буйвол, арыстан, қабылан, маймыл, түйеқұс, т.б. бар. Өзендерінде қолтырауын, бегемоттар кездеседі.Табиғаты. Кения Шығыc Африка таулы үстіртінің солтүстік-шығыс шетін алып жатыр. Жерінің орталық бөлігінен экватор сызығы өтеді. Жері қызыл, латериттік, шалғынды қара-сұр топырақты келеді. Саванналық өсімдіктер көп. Орталығы мен тау беткейлерінде – тропиктік ормандар, тау басында шалғынды өсімдіктер өседі. Кен байлықтары: көмірлі натрий тұзы, кианит, диатолит, гипс, торий, ниорий, алтын және полиметалл кентастары. Климаты субэкваторлық: қаңтардағы орташа температура 14 – 24С; шілдеде 12 – 25С, жылдық жауын-шашын мөлш. 250 мм-ден (солтүстік-шығыс) 2000 мм-ге (батыс) дейін. Өзендері шағын келеді. Ірілері Тана мен Галана Үнді мұхитына құяды. Көлдері – Рудольф, Баринго, Накуру, Наиваша, Магеди, т.б. Жерінде Амбосели, Мара, Марсабит, Агонг қорықтары және Меунт-Кения, Найроби, Цаво, т.б. ұлттық саябақтар орналасқан. Оларда піл, керік, зебр, буйвол, арыстан, қабылан, маймыл, түйеқұс, т.б. бар. Өзендерінде қолтырауын, бегемоттар кездеседі.

Мазмұны

  • 1 Тарихы.
  • 2 Экономикасы.
  • 3 Ішкі сілтемелер
  • 4 Сыртқы сілтемелер
  • 5 Пайдаланылған әдебиеттер

Тарихы.

Кениядағы жергілікті халықтар, негізінен, 14 – 19 ғасырларда басқа жақтардан көшіп келгендер. Б.з.б. 5 ғ. мен б.з. 6 ғ. арасында жағалауына грек, мысыр, қытай, үнді, араб теңіз жиїанкездері жиі-жиі келіп-кетіп жүреді. 7 – 8 ғасырларда мұнда арабтар мен суахильдер қоныстары пайда болды. 11 ғасырда жағалаулар мен ішкі аймақтарда қала-мемлекеттер құрылды. 15 ғасырдың аяғынан бастап елге португалдар келіп, арабтарды ығыстыра ұстады. 18 ғасырда бірнеше араб сұлтандықтары құрылып, кейіннен көпшілігі көршілес Занзибар сұлтанына бағынды. 19 ғасырда Кенияны Ұлыбритания мен Германия мемлекеттері отарлай бастады. 1890 жылы ел толығымен ағылшындардың бақылауына өтіп, 1895 жылы Шығыс Африка протектораты болып құрылды және елдің көп бөлігі ағылшын тағының меншігі болып жарияланды. Отаршылдар 1904, 1915, 1939 жылы арнайы заңдар шығарып, жергілікті халықтарды жақсы жерлерден ығыстырды, нәсілшілдік кемсітушілікке ұшыратты. Жергілікті әкімшіліктерге негрлер жұмысқа алынбады. Дегенмен 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 – 18) жергілікті еуропалықтармен бірге негрлер де әскерге алынып, Германияға қарсы соғысқа араласты. Соғыстан кейін Кения ға еуропалықтар ағылып келе бастады. Алғашқы саяси ұйымдар пайда болды. 2-дүниежүзілік соғыста (1939 – 45) Ұлыбритания Кения әскерлерін Таяу Шығыс пен Бирмадағы соғысқа пайдаланды. Соғыстан кейін жергілікті халық арасынан нәсілшілдікті жоюды талап еткен саяси ұйымдар құрыла бастады. 1952 жылы отаршылар үкіметі саяси ұйым басшыларын жазаға тартты. Жауап ретінде отаршыларға қарсы қарулы көтеріліс басталды. 1956 жылы көтеріліс басып жаншылды. Бірақ әр жерде ұсақ көтерілістер болып тұрды. 1960 жылы үкімет төтенше жағдайды жоюға келісіп, кейбір реформалар жүргізді. Сол жылы жаңадан құрылған Африкалықтардың ұлттық одағы (КАНУ) үкіметпен Кенияға тәуелсіздік беру жөнінде келіссөз жүргізе бастады. КАНУ 1961 және 1963 жылы парламент сайлауында жеңіске жетіп, 1963 жылы тұңғыш рет африкалық үкімет құрды. 1963 жылы 12 желтоқсанда Кения тәуелсіз республика болып жарияланды. 1963 – 66 жылы КАНУ басшылары арасында елді дамыту жолдары жайында алауыздық туды. 1969 жылы өте күшті ішкі саяси дағдарыс болды. Елдегі әр түрлі этникалық топтар арасында қақтығыстар басталды. Оны басу үшін саяси партияларға тыйым салынып, елде тек КАНУ партиясының билігі орнады. 1984 жылы үкімет этникалық толқуларды күшпен басты. 1989 жылы саяси тұтқындарға бостандық берілді. 1991 жылы үкімет көппартиялыққа көшіп, оппозициядағы партиялар құруға рұқсат етті. 1997 жылы елде демократиялық реформалар жүргізу жөнінде халықтың жаппай бас көтерулері болып өтті. 1998 жылы Найробидегі АҚШ елшілігінде жарылыс болып, 230-дан астам адам қазаға ұшырады, 5000-дай адам жараланды.

Экономикасы.

Кения экономикасы нашар дамыған ел. Халқының 80%-ы ауыл шаруашылығында, 7%-ы – өнеркәсіпте, 13%-ы қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Елдегі жұмыссыздар саны – 16%. Елдің жылдық ұлттық өнімі – 9,3 млрд. АҚШ долл-ы шамасында. Шетке: шай, кофе, мұнай өнімдері, жеміс-жидектер шығарады. Елге сырттан: шикі мұнай, машиналар, өнеркәсіп тауарлары, химия өнімдері, тұрмысқа қажетті заттар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Уганда, Ұлыбритания, Танзания, Германия, Жапония, Біріккен араб әмірлігі, т.б.

Кениядағы жергілікті халықтар, негізінен, 14 — 19 ғасырларда басқа жақтардан көшіп келгендер. Біздің заманымыздан бұрынғы 5-ғасыр мен біздің заманымыздың 6-ғасыры арасында жағалауына грек, мысыр, қытай, үнді, араб теңіз жиһанкездері жиі-жиі келіп-кетіп жүреді. 7 — 8-ғасырларда мұнда арабтар мен суахилилер қоныстары пайда болды. 11-ғасырда жағалаулар мен ішкі аймақтарда қала-мемлекеттер құрылды. 15-ғасырдың аяғынан бастап елге португалдар келіп, арабтарды ығыстыра бастады. Олар жағалауларды толықтай басып алып, 18-ғасырға дейін өз бақылауларында ұстады. 18-ғасырда бірнеше араб сұлтандықтары құрылып, кейіннен көпшілігі көршілес Занзибар сұлтанына бағынды. 19-ғасырда Кенияны Ұлыбритания мен Германия мемлекеттері отарлай бастады. 1890 ж. ел толығымен ағылшындардың бақылауына өтіп, 1895 ж. Шығыс Африка протектораты болып құрылды және елдің көп бөлігі ағылшын тағының меншігі болып жарияланды. Отаршылдар 1904, 1915, 1939 ж. арнайы заңдар шығарып, жергілікті халықтарды жақсы жерлерден ығыстырды, нәсілшілдік кемсітушілікке ұшыратты. Жергілікті әкімшіліктерге негрлер жұмысқа алынбады. Дегенмен 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 — 18) жергілікті еуропалықтармен бірге негрлер де әскерге алынып, Германияға қарсы соғысқа араласты. Соғыстан кейін Кенияға еуропалықтар ағылып келе бастады. 2-дүниежүзілік соғыста (1939 — 45) Ұлыбритания Кения әскерлерін Таяу Шығыс пен Бирмадағы соғысқа пайдаланды. Соғыстан кейін жергілікті халық арасынан нәсілшілдікті жоюды талап еткен саяси ұйымдар құрыла бастады. 1963 ж. 12-желтоқсанда Кения тәуелсіз республика болып жарияланды. Кения экономикасы нашар дамыған ел. Халқының 80%-ы ауыл шаруашылығында, 7%-ы — өнеркәсіпте, 13%-ы қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Шетке: шай, кофе, мұнай өнімдері, жеміс-жидектер шығарады. Елге сырттан: шикі мұнай, машиналар, өнеркәсіп тауарлары, химия өнімдері, тұрмысқа қажетті заттар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Уганда, Ұлыбритания, Танзания, Германия, Жапония, Біріккен Араб Әмірлігі, т.б.

Сыртқы сілтемелер

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Constitution(1998)art. 53 «the official languages of the National Assembly shall be Swahili and English and the business of the National Assembly may be conducted in either or both languages.»
  2. Балалар энциклопедиясы
12
скачать работу


 Другие рефераты
Кванттық теорияның шығуы
Многогранники
Рекламная деятельность в системе маркетинга
Общественная культура и партийные системы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ