Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығының есебі



 Другие рефераты
Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы Қосылған құнға салынатын салық Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы Әлеуметтік салық

Бухгалтерлік есепте  табыстың (зиянның) сомасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады. Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады. Салық заңы талаптарынан  бухгалтерлік есеп талаптарынан өзгешілігі бар. Осының негізінде бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен  салық салынатын  табыстың арасында айырмашылық пайда болады. Бұл айырмашылық пайда болу себептеріне байланысты тұрақты немесе ауқытша болып бөлінеді.

Тұрақты айырмашылықтын пайда болу себебі, бухгалтерлік табысты анықтау барысында есепке алынатын табыс пен шығындардың кейбір бөлігі салық салынатын табысты санағанда есепке алынбайды. Тұрақты айырмашылықтар қатарына мыналар жатады:

  • Валюталық шоттармен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық айырмашылық;
  • Бюджетке төленетін айыппұл ықпалшаралары (санкциясы)
  • Кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген шектен артық мөлшерде төленген іссапарлық, өкілдік (представительские) және тағы басқа шығындар.

Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша сомасы осы кезеңдегі салық салынатын табыстарды анықтарды есепке алынбай келген кезеңдердегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезеңдегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.

Уақытша айырмашылық мыналардың нәтижесінде пайда болады:

  • Бухгалтерлік есеппен салық есебінде табыстар мен шығындарды мойындау уақытын белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан (бухгалтерлік есепте – есептеу принципі, ал салық есебінде – кассалық әдіс бойынша);
  • Бухгалтерлік есеп пен салық есебінде амортизациялық  ацырымды есептегенде әр түрлі әдістерді қолданудан;
  • Негізгі құралдарды бухгалтерлік есептен шығарудан болатын айырмашылықтан және тағы басқалардан.

Бухгалтерлік және салық есептерінің талаптарындағы өзгешіліктер нәтижесінде пайда болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан кейінге қалдырылған салық сомасы өскенде бұл шот кредиттелініп, ал азайғанда дебиттелінеді. Кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері бойынша бөлек есептеледі

скачать работу


 Другие рефераты
Экологический мониторинг
Диспут и формула Кардано
Оружие и доспехи русского войска 9-16 вв.
Предмет, метод и задачи бухгалтерского учета


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ