Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қылмыстық-атқару құқығы ғылымы



 Другие рефераты
Еңбекпен түзету заңдарының реформасы Қылмыстық-атқару заңдарының түсінігі, маңызы, мақсаттары мен түрлері Қылмыстық-атқару құқығының принциптері Құқықтың саласы ретіндегі қылмыстық-атқару құқығы

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы ғылымы жаңадан көтеріле бастады. КСРО ыдырауына дейін қылмыстық жазаны ғылыми-зерттеу проблемалары ІІМ жүйесінде, негізінен Мәскеу қаласында топталған болатын. Қылмыстық-атқару құқығын Ресейдегі зерттеуді бағыттау орталығы Ресей Федерациясы ІІМ қарайтын Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты болып есептеледі. Жазаны атқаратын жазалау органдары проблемаларын байыпты зерттеу Ресей Федерациясы ІІМ Академиясында жүргізіледі. Қылмыстық жазаны өтеу проблемаларын зерттеуде Рязань ІІМ-нің Жоғары мектебі алдыңғы қатардағылардың бірі болып есептеледі, сондай-ақ қазіргі кезде ІІМ-нің Уфадағы  Жоғары мектебінде зерттеу жұмысы өріс алуда.

Қазақстанда қылмыстық жазаны орындау проблемалары Қазақстан Республикасы ІІМ академиясының қылмыстық жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасында, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасында ғылыми зерттеулер жүргізіледі, ал Қостанай заң институтында Шымкенттің заң колледжінде ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алына бастады.

Қылмыстық-атқару құқық ғылымы құқық саласына сәйкес келгенімен, оның пәні қылмыстық-атқару құқығының маңызынан едәуір кең. Оған мемлекеттің қылмыстық жазаны атқару саласындағы саясаты, Қазақстанның қылмыстық-атқару заңының және жазаны атқару (мекемелер) органдарының даму тарихы, заң шығару жүйесі мен оның басталуы, мазмұны, қарастырып отырған құқық саласының құрылу нормасы, құқықтық қатынастар, шетелдердің қылмыстық-атқару құқығы, сотталғандармен айналысу туралы Халықаралық актілер кіреді.

Қылмыстық-атқару құқық ғылымы заң ғылымының әр түрлі салаларымен өзара тығыз байланыста. Ең алдымен өзара тығыз байланыс қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқықтарымен жүргізіледі де, бұлардың пәні мен әдістерінің жақындығын білдіреді.

Конституциялық құқық ғылымы қылмыстық-атқару құқығы ғылымының негізі болып табылады. Басқа да құқық салаларының нормалары оның кейбір жалпы проблемалары азаматтық, еңбек, шаруашылық, әкімшілік құқықтарымен бірдей болады.

Қылмыстық-атқару құқығы мен криминология ғылымдары арасында тығыз байланыс бар. Кейбір елдерде бұл сала «Криминологияның» құрамды бөлігі «Пенология» оқытылады. «Пенология» атауы латынның «poena» - жазалау және «Logos» –  ілім, яғни жазалау туралы ілім деп аталады. Қылмыстық-атқару құқығы ғылымында сотталғандардың жеке басын зерттегенде криминологияда талдау әдістері кең пайдаланылады. Бұдан басқа қылмыстық-атқару заңдарының ең басты міндеттерінің бірі – қылмыстың алдын алу, әсіресе қайталанба қылмыстың (рецидив) болмауын ескерту. Сондықтан, құқықтың бұл саласының кейбір нормалары мен институттары криминологиялық түрде негізделуі қажет, ол үшін мәжбүр ету амалдарын тиімді қолданумен бірге олардың заңды бұлжытпай орындауға жағдай жасау керек. Бұл мәселені шешу түзеу психологиясы мен педагогикасының өзара байланысына әкеледі. Біз бұдан аталған ғылым салаларының бірін-бірі байытып отыратынын байқаймыз.

Қылмыстық-атқару құқығы ғылымының әдістемелік негізі құқықтың жалпы теориясы болып есептеледі. Бұл ғылымның теориялық жағдайы, қағидаттары мен ұғым аппараты, зерттеу әдістерінің – барлығы құқық саласының негізі болып саналады.

Бұл саладағы ғылыми зерттеулерді үйлестіріп отыру мақсатында Қазақстан Республикасында қылмыстық жазаны атқару проблемасын зерттеу үшін Ғылыми орталық ашқан жөн болар еді.

скачать работу


 Другие рефераты
Абай Құнанбаев (1845-1904)
Жүрек және ауа райы
Особенности поведения животных
Лягушки


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ