Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Кіші жүздің Ресейдің құрамына енуі



 Другие рефераты
Сығанақ алғашқы қазақ мемлекеті – Ақ Орданың астанасы Столыпин реформасы және қазақ шаруаларының тағдыры Қасиетті Түркі жері - Түркістан Қарахан әулетіне 2800 жыл

Кіші жүздің  Ресей империясынын құрамына енуі.

 

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748ж.) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайырханнын мақсаттары:

            1.  Қалмақтар   мен   башқұрттардың   Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.

2.  Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.

3.  Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері   бойындағы   қазақтардың   мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.

4.  Қазақ    жері     арқылы     өтетін     керуен  жолдарының       қауіпсіздігін  қалпына келтіру.

   Ханның ен басты мақсаты - жонғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.

Әбілхайыр осыған дейін, 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз калдырған болатын.

       1730 жыл - Кіші жүз билері Әбілхайырға Жонғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одаққұруды тапсырды.

      Алайда,   хан   1730   жылғы   қыркүйекте Петербургкке аттандырылған елшілеріне әскери     одақ  күру  емес,     Ресейдің құрамына кірутуралы құжат тапсырды.

      1731 жылғы 19 ақпан - елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна кабылдады.

Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілхайырдан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында шауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз салдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды.

  1731жылғы 10 қазан - Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдін қол астына кіруге ант берді.

   Кіші      жүздің       Хиуа       хандығыменаудандары Ресейимпериясына косылмады. Қазақ тарихындағы осы маңызды процесті тарихшылар әртүрлі бағалайды:

   -    М.Макшеев,       И.Завалишин       т  .б. Әбілхайырдың іс - әрекеттерін тұтасынан ақтайды.

-    А.И.Левшин           бұл    бодандықты Әбілхайырдың     жеке     бас     мүддесін ойлағаннан  туыңдаған  іс  -  әрекет деп түйіндейді.

         Кіші жүз Ресей кұрамына кіргеннен кейін де жағдай күрделі күйінде қалды: жоңғарлардың басқыншылық әрекеттерітоқтамады.

Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714 - 1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков(Кереку),          Өскемен.     

    Патша үкіметінін мақсаты - қазақ - жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.

            Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне,          казак - орыс қоныстанушыларына таратып беру саясатын ашық жүргізе бастады.

Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту мақсатында Ресей үкіметі 1734 жылы мамырда Сенаттың хатшысы И.К.Кириллов баскарған экспедиция жабдықтады:

    Ор өзені бойында бекініс тұрғызу.

   •    Орта     Азия     хандықтарымен     керуен саудасын кеңейту.

   •    Қазақ өлкесіндегі  табиғат  байлықтарын игеру.

   •    Сырдария бойында қала тұрғызып, Өзен флотилиясын құру.

Саяси жағдайдың шиленісіп кетуіне байланысты экспедиция мақсаттары түгел іске аспады. 1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісініңнегізі қаланды.

Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И.И.Неплюев (1742) Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді. Бұл қоныс Орынбор деп аталды.

   735-1737 жылдары болған башқұрттардың көтерілістері кезінде Әбілхайырдың     башқұрт     билеушілерімен  бірігіп   кетуінен   сескенген   патша   үкіметі екінші рет ант алуды кездеді.

   •   1738     жылғы     тамыз     -     Орынбор комиссиясының      басшысы,      тарихшы В.Н.ТатищевОрынборда қазақ сұлтандарының сьезін өткізді.

Кіші жүзден 25, Орта жүзден 27 старшина барлығы (60-қа жуык ) Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді.

   Әбілмәмбет пен Абылай сүлтанның ант беруі саяси жағдайдан туған айла болды, яғни Ресеймен жақындасып, Орта жүзге жасалатын жоңғар шабуылын әлсірету.

•     1733     -     1734    жылдар     -     Оңтүстік Қазакстанның     ықпалды     билері     мен сұлтандары Ресей кұрамына кіруге тілек білдірді.

•     1734 жылғы   10 маусым  - императрица Анна     Иоаннова    Ұлы     жүзді     Ресей құрамына  қабылдауға   келісімі  жөнінде жарлық шығарды.

Бірақ бүл жоспардың кейінге ығыстырылуы себептері:

-    Ұлы жүздің Ресейден алыстығы.

-    Ресейлік бағыт ұстаған Жолбарыс ханның 1740 жылы қайтыс болуы.

в) XVIIIғасырдын алғашқы жартысындағы саяси жағдай.

18 ғасырдың 30-40 жылдары казақхалкының саяси дамуындағы күрделі кезен.

•     1740 жыл - Иран әміршісі Нәдіршахтың Хиуаны   талқандап,    Сырдария   өңіріне жақындауы       казақтардың      жағдайын ауырлата түсті.

•     1741 - 1742 жылдар - қонтайшы Галдан Цэрен Орта жүз бен Кіші жүзге екінші "актабан    шүбырьшды"    жорықтарын жасады.

в 1742 жыл - Абылай сұлтан жоңғар тұткынына түсіп, 1743 жылы қиыншылыкпен босады.

   1741-1742 жылдары Орта жүз казақтары Ор бекінісіне дейін ығыстырылып, калмақтардың билігін мойындауы және қоңтайшы белгілеп берген жерлерде ғана көшіп - конуы талап етілді.

  

   1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенаты казактарды және шекаралык. бекіністерді корғау жөнінде жарлык шығарды. 1742 жылы 2 қыркүйекте Орынбор          комиссиясының          бастығы И.Неплюев   Галдан   Цэренге   хат   жолдап, Ресейдің  қарамағындағы  казақтарға қысымжасамауды тапап етті. Жоңғар билеушілері бұл талапқа құлак аспады. Ресей үкіметі казақтарды қорғау деген желеумен зеңбірек пен әскери бөлімдерді Ертіс, Алтай өңіріндегі бекіністерге           орналастырды.&nbs

12
скачать работу


 Другие рефераты
Раздельное питание
Слухи в структуре общественного сознания
Современные цивилизации
Современные методы остеосинтеза


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ