Клетка орталығы
Другие рефераты
Клетка орталығы екі центриольден (диплосома) және центросферадан түзіледі. Бұл органелла өз атын цитоплазманың терең бөліктерінде ядроның жанында немесе Гольджи аппаратының бетінде орналасуына байланысты алған. Екі центриоль – диплосома бір-біріне бұрыштап орналасады. Клетка орталығының негізгі қызметі – микротүтікшелерді құрау.
Әрбір центриольдің қабырғалары ұзындығы шамамен 0,5 мкм, ал диаметрі шамамен 0,25 мкм болатын микротүтікшелердің тоғыз микротүтікше кешенінен құралған цилиндр болып келеді. Әрбір кешен үш микротүтікшеден құралып, триплет деп аталады. Триплеттер бір-бірінен 500 бұрыштықта орналасып, үш микротүтікшелерден құралады. Олар, әрқайсысының диаметрі 20 нм толық А және толық емес В мен С. А түтікшесінен екі тұтқа кетеді, оның біреуі көршілес триплеттің С түтікшесіне қарай, ал екіншісі цилиндрдің орталығына қарап жатады. Цилиндр орталығында ішкі тұтқалар жұлдыз немесе дөңгелек спицалар пішіндерін түзеді.
Центриольдер өзара перпендикуляр – орналасады. Біреуі өз ұшымен екіншісінің бүйір бетіне сүйене орналасады.
Біріншісі – баласы, ал екіншісі анасы деп аталады. Бала центриоль аналық центриольдің бөлінуінен пайда болады. Аналық центриоль шар тәріздес сателлиталардан құрылып әрбір триплеттің сыртқы бетімен тығыз затпен байланысқан электронды тығыз белдікпен қоршалған. Аналық центриольдің орта бөлігі гало деп аталатын фибриллярды құрылым кешенімен қоршалады. Микротүтікшелер триплеттері аналық центриольдің түбінде электронды тығыз жиынтықтар – тамыршалармен байланысады.
Сателиттер ұшына және гало ауданына цитоплазма арқылы тубулиндер тасымалданып, осы арада микротүтікшелер жасақталады. Жасалған микротүтікшелер цитоплазманың әр бөлігіне, цитоқаңқа құрылымында өз орындарына орналасу үшін, тарайды. Центриольдер мен сателиттер айналасындағы гиалоплазма аумағын центросфера деп атайды.
Центриольдер клетка циклінде екі еселенетін өздерін реттеуші құрылым. Екі еселену кезінде центриольдер екі жаққа алшақтайды, аналық центриольдің базальді ұшына перпендикуляр тоғыз жеке микротүтікшелер құрылған ұсақ процентриоль пайда болады. Тоғыз жеке-жеке микротүтікшелердің әрқайсысына тубулиннен тағы екі микротүтікше қосылады. Центриольдер базальді денешіктер, кірпікшелер мен талшықтар түзуге және митоз ұршығын түзуге қатысады.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|