Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

КІРПІКШЕЛІЛЕР НЕМЕСЕ ИНФУЗОРИЯЛАР ТИПІ



 Другие рефераты
Клетка орталығы Классикалық массаж және дене сымбаттылығының бұзылуы, оны емдеу Кариотип Кiрлiкшелi құрттар класы

Бұл типке көп ұсақ кірпікшелері бар қарапайым жәндіктер жатады, 7000-нан астам түрі белгілі. Бұлардың ерекшелігі – денесінде екі түрлі ядросының болуы – үлкен вегетативті ядро макронуклеус және кішкене генеративті – микронуклеус.

Инфузориялар типі екі класқа бөлінеді. Кірпікшелі инфузориялар- Ciliata және сорғыш инфузориялар – Suctoria. Кірпікшілері инфузориялардың кірпікшелері тіршілік циклының барлық кезендерінде болады, ал сорғыш инфузориялардың даму циклының алғашқы кезеңінде ғана кірпікшелері болады да, содан кейін жойылады.

  КІРПІКШЕЛІ ИНФУЗОРИЯЛАР КЛАСЫ – CILIATA

Кірпікшелі инфузориялар тұщы суларда теңіздерде, планктонды, су түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында (псаммофильді түрлері) тіршілік етеді. Паразит инфузориялар да кездеседі. Денелерінің ұзындығы 30-40 мкм-нан 1 мм-ге дейін.

Кірпікшелі инфузориялардың денесін (өмір бойы) кірпікшелер қаптам тұрады. Кірпікшелілер жыныссыз және жынысты – конъюгация жолымен көбейді.

Инфузориялардың көп таралған белгілі түрлерінің біреуі – инфузрия туфелька немесе парамеция – Paramaecium caudatum (10- сурет).  Ұзынша сопақтау болып келген тұщы суларда өздігімен қозғалып жүретін күрделі құрылысты қарапайым жәндік.

Денесін кірпікшелер біртегіс жауып тұрады, тек артқы жағында кірпікшелері ұзындау болады. Кірпікшілері қозғалу қызметімен бірге асты ауыз тесігіне жеткізу қызметін де атқарады.

Ауыз ойықтың айналасында толқын тәрізді әрдайым қозғалып тұратын мембранелла орналасқан. Цитоплазмасы эктоплазма және эндоплазмаға бөлінген. Эктоплазма қабаты сыртынан мықты майысқақ пелликуламен қапталынған. Пелликула екі сыртқы және екі ішкі мембранадан құралған. Пелликуланың сыртын алты бұрышты, қатар орналасқан құрылым жауып тұрады, соған байланысты парамеция денесінің пішіні өзгермейтін тұрақты болып келеді.

10-сурет. Инфузория туфелька — Рагао’аесiцш саца iлт: 1 кiрпiкшелер, 2- ас қорыту вакуолi, З — микронуклеус, 4 — ауыз тесiгi, 5 — жутжыншаь (цитофаринке), б — кылаулатiыш, 7 — жиырылгьоц вакуолi, 8 макронуклеус, 9 – трихоцисталар

Пелликуланың астында бір-бірімен ұштасып жатқан фибрилл торы болады – олар тірек қызметін атқарады. Эктоплазма қабатында қорғаныш қызметін атқаратын қысқа таяқшалар – трихоцисталар орналасқан. Олар тітіркенген кезде ұзын, серпінді жіпше түрінде сыртқа атылады.

Инфузория денесінің алдынғы жағында ауыз ойығы немесе перистомы болады. Перистомның түп жағында ауыз тесігі – немесе цитостом орналасқан, ол жұтқыншаққа – цитофаринкске жалғасады. Жұтқыншақ цитоплазмаға ашылады. Инфузориялар ұсақ организмдермен коректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен).

Перистом айналасындағы кірпікшелердің қозғалуы нәтижесінде коректік заттар сумен бірге ауыз тесігіне және жұтқыншаққа түсіп жатады. Жұткыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері коректік затқа толып цитоплазмаға ауысады. Ас қорыту вакуольдері дененің ас қорыту циклозы (айналымы) жолымен қозғалады, ферменттер арқылы асты қорытып, плазмаға өткізіп тұрады. Сінбеген қалдықтарды арнайы тесігі арқылы (қылаулатқыш) шығарып тастайды.  Ак қорыту вакуольдердің құрылуы сыртқы температураға байланысты. Қоршаған ортасы неғұрлым жылы болса вакуольдің түзілуі де тез болады, инфузорияның коректенуі де жиілейді.

Барлық инфузориялардың жиырылғыш вакуольдері эктоплазма және эндоплазманың арасында орналасқан. Олардың қызметі амеба мен талшықтылардың жиырылғыш вакуольдері сияқты үнемі жиырылып, осмос қысымын реттейді, зәр шығарады және тыныс алады. Бірақ инфузория вакуольдерінің құрылысы күрделі. Оларды вакуольдің өзі немесе орталық резервуар және оны қоршап жатқан жұлдыз тәрізді қосымша вакуольдер құрайды. Орталық резервуар қосымша вакуольдермен түтіктер арқылы және қоршаған ортамен арнайы зәр шығаратын тесік арқылы жалғасады.

Цитоплазмадағы артық сұйық заттар қосымша вакуольдеріне жиналып, түтікшелер арқылы орталық вакуольге немесе резервуарға құйылады. Резервуар жиырылып сұйықтарды арнайы тесікпен сыртқа шығарыды. Туфельканың алдынғы және артқы жағындағы орналасқан вакуольдері кезектесіп жиырылады.

Цитоплазмада екі ядро орналасқан. Үлкен – макронуклеус және кіші – микронуклеус. Макронуклеус хроматинге бай, үрме бұршақ дәні терізді, көбеюден басқа денедегі барлық қызметті реттейді, сондықтан да макронуклеус вегетативті ядро деп аталады. Макронуклеустің ойыс жағында кішкене микронуклеус орналасқан, ол тек қана көбею қызметін атқарады, сондықтан ол – генеративті ядро. Парамеция барлық инфузориялар сияқты жыныссыз жолмен көлденең бөлініп, көбейеді.

Жыныссыз жолмен бірнеше рет бөлінген инфузория, енді жынысты жолмен көбеюге көшеді. Жынысты көбею жолы конъюгация деп аталады. Конъюгацияның копуляциядан айырмашылығы – екі ядроның қосылуы.

Коньюгация кезеңі екі инфузорияның бауыр жағымен бірігуінен басталады. Бұлардың пелликулалары аздап ісінеді, сондықтан инфузориялар бір-біріне тығыз жанасып тұрады. Бұндай инфузрияларды коньъганттар деп атайды.

Пелликулаларының жанасқан жері еріп, сол жерде цитоплазмалық көпіршік пайда болады. Макронуклеус ядролары да еріп кетеді. Инфузорияның екеуінің де микронуклеусі екі рет бөлінеді, сөйтіп әрқайсысында төрт ядро пайда болады. Олардың үшеуі еріп кетеді, ал қалған төртінші ядро тағы да 2-ге бөлінеді – біреуі үлкен, екіншісі кішкентай. Бұларды пронуклеус деп атайды. Үлкен пронуклеус аналық ядро жылжымайтын стационарлық ядро, кіші пронуклеус қозғалуға қабілетті, кезбе – аталық жыныс ядро. Бұдан кейін екі инфузорияның аталық кезбе ядролары цитоплазмалық, көпіршік арқылы бір-бірімен алмасады, сөйтіп стационарлық аналық ядросымен қосылады. Бұл процесс кариогамия немесе конъюгация деп аталады. Конъюгация нәтижесінде ұрықтанған синкарион деп аталатын диплоидты ядро құрылады, яғни конъюгацияның соңында әр инфузория синкарионға ие болады. Синкарион түзілгеннен конъюгацияға қатысқан инфузориялар ажырап кетеді. Ажырап кеткен инфузорияларды – эсконьюганттар деп атайды. Енді әрбір эсконьюганттың синкарионы 3 рет бөлінеді. Соның нәтижесінде 8 ядро пайда болады, 8 ядроның үшеуі еріп кетеді, ал қалған 5 ядроның біреуі – микронуклеус, төртеуі макронуклеустер. Бұл жағдайда инфузория тіршілік ете алмайды, сондықтан оның денесі екіге бөлінеді. Макронуклеустер бөлінбей екеуден әрқайсысына өтеді, ал микронуклеус бөлініп екі есе кішірейіп әрқасысына өтеді. Екіге бөліну арқылы пайда болған инфузориялардың әрқайсысында енді екі макронуклеус және бір микронуклеусы болады.

Инфузориялар конъюгациядан басқа жынысты – автогамия жолымен дамиды.

Классификациясы. Кірпікшелі инфузориялар түрлерге өте бай, құрылысы күрделі, кең тараған қарапайымдылар. Бұл класқа 20-дан аса отрядтар жатады. Бұлар үш отрядтар үсті қосындысына бөлінеді.

скачать работу


 Другие рефераты
Фашизм как социокультурное явление
Күн жүйесіндегі планеталар
Тауардың қасиеттері
Компьютеры как средство общения людей


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ