Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тауар – тұтынысты қанатғатандыруға назар аудару



 Другие рефераты
Қаржылық есептіліктің әрбір элементі Жоспарлау аудитті өткізудің бастапқы кезіңі Таурлар және оларды өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклінің аудтін жүргізу кезіндегі ақпарат көздері Таурлар және оларды өткізудің аудиті

Тауар –тұтынысты қанатғатандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық обьект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін. Тауарды жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдауы керек. Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы осыған тікелей байланысты. Сондықтан зетртеудің негізгі мақсаты – нарықтағы тауардың шынайы сұранысын анықтау, оны ұтымды өлшемде шығару үшін не қажеттігі, оның техникалық сипаттамасы, экономикалық негізделген баға саясаты. Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды ойлап табу үшін (мысалы, барлық шығынды өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп білуді және соның ішінен нарықтың болашақ талабына жауап бере алатынын дұрыс таңдап алу қажеттігін түсіндіреді.

Басқа сөзбен айтқанда, жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек. Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады.

Сонымен, әрбір кәсіпорын өзінің өндіріс процесінің нәтижесінде өнім алады. Өнім жартылай фабрикат, дайын өнім және өнеркәсіптік жұмыс ретінде көрініс табады. Осының ішінде тауарлар- жалпы экономикалық пайдасы мол өнеркәсіптік өнім құрамының басты элементі болып табылады.

Тауарлар қозғалысын есептеу мен ұйымдастырудың алғышарты – номенклатураны жобалау. Номенклатура – нақты бір өнім  түрінің қолданыстағы белгілену жүйесіне сай өлшем бірлігі бар жүйелі тізімі.

Тауарларды өткізу аудитінің басты міндеті – есептеу мен тексеруді дұрыс ұйымдастыру, дайын өнім қозғалысы туралы нақты мәлімет алу, объекттердің нормаға сай болуын қамтамасыз ету. Дайын өнім аудиті жүргізу толықтығына қарай: кешенді, функционалды, локальді болып бөлінеді.

Функционалды аудит дегеніміз әр түрлі деңгейдегі процесс, цикл бойынша басқару функциясын атқарылуын бақылау.

Функционалды аудит кезінде өнім сақтайтын жерлердің қолдануға жарамдылығын, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, өлшеу шаруашылығының жүргізілуін қарастырады. Тексеру соңында аудиторлық қорытынды – барлық мекемелер үшін бірдей құқықтық статусы бар, екі бөлімнен (кіріспе және сараптама) тұратын аудитордың қолы мен мөрімен расталған құжат беріледі.

Өзінің қорытынды пікірлерін аудитор тексерілген бастапқы  құжуттардың және есеп регистрлерінің мәліметтерімен, орындалған бақылау арифметикалық есептеулердің нәтижелерімен негіздейді. Аудит өткізу барысында табылған қателерді және бұзушылықтарды аудитор жұмыс құжаттарына тіркеу керек.

 

Пайдаланылған әдебиетер:

1.Мамыров Н.Қ., Тлеужанова М.Ә., Макроэкономика Алматы -2003ж

2.Радостовец «Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі»

3.Сейдахметова «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп»

4. Н. Әжібаева, Н.Ә. Байболтаев, Ж.Ғ Жұмағалиев «Аудит» 2006ж

5. Толпаков. Ж С «Бухгалтерлік есеп» 2009 ж

скачать работу


 Другие рефераты
Альбрехт Дюрер - выдающийся художник северного Возрождения
Творческий процесс создания фильма
Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Развитие личности молодого человека средствами интеллектуальных и творческих игр


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ