Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі

ықты ойлардың халық мүддесі үшін жұмыс жасауына жағдай туғы­зылады.

Партиялардың  ықпалы мықты болуы үшін жалпы еліміздің саясатында қоғамдық пікірдің ықпалы күшті болуы керек. Ол үшін кез келген деңгейдегі сайлау әділ бәсекелестік түрінде таза өтуі тиіс. Бұл жағдайды қалыптас­тыру – билік тетіктерін ұстап отырған әрбір азаматтың парызы. Бізде әлі күнге дейін осыны түсінбейтіндер жеткі­лікті. Мен  алдыңғы жылы Шығыс Қазақстан облысының бір ауданында болғанымда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы айтты: “Міне, менің қолымда бір қап дәрі. Бұл өткен сайлаудан кейін пайда болды. Енді тағы бір сайлау өткізсем, инфаркт болатын шығармын. Өйткені, халықтың айтқанын жа­сайын десем, билікке ұнамайды. Биліктің айтқанын жасайын десем, жолдаста­рымның көзіне қарай алмаймын”. Егер осылай жалғаса беретін болса, көппартиялық жүйенің халыққа беретін мол мүмкіндігі пайдаланылмай қалады.

Сайлаудың мағынасы – таңдау. Талғам таңдау арқылы қалыптасады. Таңдау мүмкіндігі болса, халықтың саяси талғамы жетіледі. Пар­тиялар халықтық таңдаудан өту үшін өздерінің қоғамды, экономиканы дамыту тұрғысынан жаңа, тың ұсыныстарын жасайды. Сол ұсыныс­тар бәсекеге салынып, тиімді шешімдер қабыл­дауға септігін тиізеді. Сондықтан партиялардың қаншалықты қолдауға ие екенін айту үшін, алдымен партиялар арасында әділ бәсекелестік болу керек. Екіншіден, елде үрей болмау керек. Мен басқа пікірдегі пар­тияны қолдасам, ертең жұмысымнан айырыламын, менің туыстарым жапа шегеді-ау деген қорқыныш болмау керек. Осындай жағдайда ғана кімнің шынайы қол­дауға ие болғанын білуге мүмкіндік бар.

Еліміздегі партиялық жүйе жай­ында әңгіме қозғалып отырған соң тәуелсіздіктен кейін қалыптасқан қазақстандық саяси құрылымдарға қысқаша шолу жасап өтпей болмас. Сонау тоқсаныншы жылдары бірпартиялық өктемдіктің және социалистік саяси жүйенің ыды­рауы республикамызда демо­кра­тия­лық қағидаттар негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партия­лар мен қоғамдық бірлестіктердің қызме­тіне жол ашты. Яки, көппар­тиялық жүйеге өтумен республика халық­тары­ның мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси құрылымдар шоғыры қалыптасты. Көсеуі ұзын көрінетін Кеңес Одағы күйрегеннен кейін аз уақыт ішінде әлі буыны бекіп, бұғанасы қатая қой­маған тәуелсіз Қазақстан демо­кратиялық, ашық қоғам құра отырып, экономи­калық реформа­лар­­дың ал­ғашқы сатысы­нан сүрін­бей өт­ті. Соның ішін­­де жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар жас мемле­кетте қоғамдық-саяси өмірді демо­кратияландыру, саяси әр алуан­дық, халықтың әр түрлі әлеуметтік топ­тардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуға қол жеткізу мақ­сатында кеңінен қызмет жасады. 1990 жылғы 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрған екен. Олардың қатарында: “Достас­тық” азаматтық қозғалысы, “Фо­рум” қоғамы, “Инициатива” әлеу­меттік-саяси бірлестігі, “Қазақ тілі” қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті ассамблеясы, Ұлттық мәдени орта­лық­тар ассоциациясы, “Бірлесу” тәуелсіз кәсіподағы, “Желтоқсан” қоғам­дық комитеті, “Бірлестік” аза­мат­тық қозғалысы, сондай-ақ қо­ғам­­дық бірлестіктердің ірі эколо­гиялық ұйымдары — ядролық жарылысқа қарсы “Невада-Семей” халықаралық қозғалысы, “Арал-Азия-Қазақстан” халықаралық қоғамдық комитеті деп, міне осылайша тізім тізбектеліп жалғаса береді.

Сонымен қатар, қызметі тари­хи-ағарту сипатындағы бірлестік­терден “Ақиқат”, “Мемориал”, “Әділет” та­рихи-ағарту қоғамдары, “Жерұйық” тарихи-этнографиялық бірлестігі жұмыс істесе, қоғамдық-саяси қозға­лыс­тардың ішінен “Азат” (1990 ж., 1 шілде), “Поко­ление” (1992 ж., 24 қа­раша), “Лад” (1993 ж., мамыр), “Аза­мат” азамат­тық қозғалысы (1996 ж., 20 сәуір) өз хал-қадерлерінше азаматтық қоғамға арна салды. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыпта­суының келесі кезеңінде Қазақ­станның либералдық қозғалысы (1997 ж., мамыр), “Қазақстанның бо­ла­шағы үшін” (1998 ж., ақпан) жастар қозғалысы, “Қазақстан — 2030 үшін” (1998 ж., 6 қазан) қоғам­дық қозға­лы­сы, “Өрлеу” (1998), “Ақ жол” қоғам­дық қозғалыстары (1998), тағы бас­қа­лары құрылды. 1989—1994 жылдардың аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік Әділет министр­лігінде тіркелді. 1998 жылы олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бір­лестік қызмет жасады. Сол кезеңде атал­ған қозғалыстар мен қоғамдық бірлестіктердің нақты стратегиялық тұғырнамалары және соңынан ерткен орнықты идеялас электораты бола қоймаса да олар егемен елде көппар­тия­лық құры­лыс­тың іргесін қалау­лары­мен тарих беттерінен орын теп­пек. Қазақ­стан­дағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді құқық­тық жағынан реттеу республика­мыз­дың Консти­ту­циясында, “Қоғамдық бірлестік­тер туралы” (31.05. 1996) және “Сая­си партиялар туралы” (15.07.2002) заңдарында қамтамасыз етілді.

Қазақстандағы аталған саяси партиялар мен қоғамдық бір­лестіктер әлеуметтік әділдік, демо­кра­тиялық-құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуда осы уақытқа дейін аз қызмет атқарған жоқ, атқара да бермек. Алайда алдына әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру жөнінде өршіл міндет қойған Қазақ­станның жедел саяси жаңа­руына көптеген саяси партиялар мен қозғалыстардың сылбыр әрекеті”  сай келмейтіні анық еді.

Партиялардың саяси жүйедегі рөлін нығайту арқылы ғана демо­кра­тиялық реформаларды алға бас­тыруға болатынын Елбасы Нұр­сұл­тан На­зарбаев бірнеше рет алқалы жиын­дарда атап көрсеткені соның айқын мысалы. Президент саяси партиялар мұ­нан былайғы саяси жаңа үрдістер­дің қозғаушы күшіне айналуға тиіс еке­нін және партия­лық жүйенің да­муы ел заңдарын берік ұстана отырып жұмыс істейтін неғұрлым күшті әрі қабілетті пар­тиялардың табиғи түрде іріктеліп шыға алатынына сенім білдіргені көпшіліктің есінде.

Бұл ретте елдегі саяси партиялар өз өкілеттіктерін елеулі түрде кеңей­ту­ге дайын ба, өздерінің есе­леніп отырған ықпалын қоғам мен мемле­кет­тің мүддесіне сай қан­шалықты пай­далана алады деген заңды сұрақ­тың туындайтыны жасырын емес. Өйткені өткен тәжірибе көрсетіп отырғандай, осыған дейін Қазақ­стан қоғамында көпшілік партиялар тек өздерінің саяси жетекшілері мен қаржылық демеушілерінің мүдделері аясында қызмет етіп келгені ақиқат.

Осыған орай Мемлекет басшы­сы қоғамның барлық буынының қолдауы мен сеніміне шын мәнінде ие болған бірнеше ірі бұқаралық партияның құрылуын өмірдің өзі талап етіп отырғанын қадап айтқан еді.

Өзара идеялас партиялардың “Отан­ның” айналасына топтасу үрдісіне орай бұдан былай қазақ­стан­дық партиялық жүйе қандай болады деген дүдәмал әңгімелердің туатыны шындық. Бұл сауалға жауапты Пре­зидент таяуда Азамат­тық партияның кезекті съезінде өзі айтты. Бәзбі­реулер Қазақстанда бірпартия­лық жүйе болуы керек деген пікірлер айтып қалатынын, бірақ біздің бұл жолдан өткенімізді, ондай қадам тұйыққа әкеліп тірейтінін Елбасы нақты айтты. Сондай-ақ енді біреулер екіпартия­лық жүйе тиімді болады десе, келесі біреулері нақты өмірден мүлдем алыс экзотикалық схемаларды ұсынған. Менің көзқарасымша, де­ген еді Елбасы, мұндай әңгіме­лерді саяси үдерістер мен партиялық алаңның құ­рылуын жасанды шең­берлермен шек­теуге болмайтынын ескермейтіндер шығарып жүр. Бізге демократиялық стандарттар мен нормаларға сай келе­тін партиялық жүйе керек. Біз осын­дай анық та айқын қағидатқа тоқтам жасауымыз керек. Президент, түптеп кел­генде, бізде бірнеше қуатты, бәсе­ке­ге қабілетті, көшбасшы партия­лардан құралған демократиялық көппар­тиялы тұрлаулы жүйе құрылуы тиіс деп есептейтінін, еліміз басшы­лық жасауға жауапты әрі рефор­маларды жүргізе алатын, халықтың мүдделе­рін қорғай алатын бірнеше іргелі саяси партиялар болуына қадам жасауы керектігін, жаңа ұйым негі­зінде біз шын мәнінде бұқаралық ха­лықтық партия жасай алатыны­мызды ашып айтты.

Өткенге көз жүгіртсек, биліктің партиясы саналатын “Отан” өзінің жетіжылдық белесінде бірнеше шағын саяси құрылымдарды қата­рына қосып келе жатқанын аңға­рамыз. Мәселен, 1999 жылғы 19 қаңтарда Елбасы Н.На­зарбаевтың кандидатурасын қол­дау жөніндегі қоғамдық штаб түрінде құрылған саяси құрылым, соңыра 1 наурызда алғашқы съезін өткізіп, сол жиында “Қазақстанның халық бір­лігі”, Қазақстанның демократиялық партиясы, “Либералдық қозғалыс” және басқа да қозғалыстарды өз қанатының астына алды. Ал 2002 жылы республикалық Еңбек және Халықтық-кооперативтік партия­лары “Отанның” құрамына енді. Сол жы­лы аталған саяси партияның құрамы 111 мың адамға жетті. Бір қарағанда, бас партия ұсақ шабақ­тарды қылғыта беретін алып жайын­ға ұқсап кетуі әбден мүмкін. Бірақ бағыты мен бағдарламалары қос тамшыдай өте ұқсас мұндай ұсақ саяси бірлестіктер ешқашан қоғамда қозғаушы күшке айнала алмасы белгілі жәйт еді. Өз кезегінде “Отанның” мығым күші саяси белсенді топтардың идеялық көзқарастарының өмірге енгізуіне мүмкіндік туғызып берді. Әңгіме тиегі ашық айтылып отырған соң “Отан” осы уақытқа дейін де Елбасы Нұр&s

12345След.
скачать работу

Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ