Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі

Мемлекеттiң жəне үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың өзара iс-қимылын жандандыру талап етiледi. Бұл орын алып отырған проблемаларды шешудiң жолдарын тез жəне тиiмдi табуға мүмкiндiк бередi.

ҮЕҰ-ды қолдаудың нақты нысандарының бiрi оларға əлеуметтiк маңызды жобаларды iске асыруға арналған мемлекеттiк гранттар беру мүмкiндiктерi мен тəртiбiн айқындау болып табылады.

Қазақстанның жастар мен балалар ұйымдарын қолдауға жəне оларды дамытуға айрықша назар аудару қажет. Бұл жастарды барабар əлеуметтендiруге жəне əлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуге, олардың сыңаржақ дiни немесе экстремистiк саяси идеяларды қабылдау салдарынан қылмысқа бой алдырмауына жəрдемдеседi. /10/

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осы курстық жұмыс «Мемлекет – қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде» деген тақырыпқа жазылған.

Қоғамның саяси жүйесі- бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табынушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.

Саяси жүйенің екінші түрі- дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж. Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал- демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына  сәйкес дамуы.

Саяси жүйенің үшінші түрі- ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік құрылыс- конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.

Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде- мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Саяси жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз - қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси  жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.

Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз.

Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жөніндегі ұлығаусар міндеттерді еңсере алады.

Осы тақырыпта, жоғарыда айтылып кеткен ерекшеліктер мен өзгерістер  кеңірек ашылып қарастырылған.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.        Ашитов З.О.  Қазақстан Республикасының құқық негіздері: Оқу құралы.: Жеті жарғы, 2003.- 296 б.

2.        Д.А.Булгакова. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы.-Алматы: Заң әдебиеті. 2004.

3.        Қ.Д.Жоламан. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, ҚазМЗУ –дың баспа- полиграфия орталығы.-1999

4.        Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық. -Алматы, 2003.- 692 б

5.        Сапарғалиев Ғ.  Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы.- Алматы: Жеті жарғы., 1997.- 96 бет

6.        Әлисұлтан Құланбай:«Саяси реформалар бірінші кезекте қоғам үшін керек» // Егемен Қазақстан 20 қараша 2009ж

7.        ҚР Конституциясы 1995ж 30 тамыз (2007ж21.05өзгертулер мен толықтырулар)

8.        Қуат Бораш: «Туыстас партиядан ту ұстар партияға дейін» //Егемен Қазақстан 14 желтоқсан 2008ж

9.        Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау міндеттерін еңсере алады //Астана. 12 қазан. "Қазақстан Бүгін"

10.   Выступление Главы государства на заседании Государственной комиссии по разработке и конкретизации программы демократических реформ Астана, 24 наурыз  2006ж.

11.   www.egov.kz

12.   www.akorda.kz

Пред.678
скачать работу

Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ