Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Коммерциялық фирмалар



 Другие рефераты
Маркетинг. Өнімді өткізу және тарату Маркетинг жайлы Коммерциялық банктер Кәсіпорын құнын бағалау қағидалары

І. Коммерциялық фирмалар және оны басқару құрылымы.

Коммерциялық кәсіпорындар мен фирмалар түрі.

Коммерциялық кәсіпорындарды және фирмаларды өндірушілер мен тұтынушылармен экономикалық өзара байланыстарының мінездемесі бойынша бірнеше түрге бөлуге болады.
1. Коммерциялық ұйымдар, тауарларды өндірушілердің қатарына кіретін, тауарды өткізу және сатып алушы қызметтерін атқаратын. Жекешелендіру процесі нәтижесінде Қазақстанның сыртқы және ішкі экономикасында қызмет ететін фирмалар.
Әдетте олар кәсіпорынның бөлімшелері болып келеді. Олардың қызметі басшылық ұйымдардың бағынышында болады. Кей жағдайларда бұндай ұйымдарға табыстық және шығындық есептерін жүргізуге дербестік беріледі, бірақ жалпы кәсіпорынның нәтижесінің балансында көрініс табады. Оларды дербес заңды тұлға ретінде қарастыруға болмайды, сонымен қатар олар делдалдар да бола алмайды. Ұйымдармен сатып алу мен сату келісім-шарттары заңды түрде жасалмайды, бірақ бақылаушы кәсіпорын тарапынан бағынышты түрінде жүргізіледі. Қызметтерінің нәтижелеріне ұйымдарды құрған кәсіпорындар өз капиталдарымен жауап береді. Жиі олар сатып алу немесе сату құрылымдық бөлімдермен аталады, бірақ кей кезде құрған кәсіпорынның аталуынан элементтері бар арнайы аттарға ие болады. Бұларға мысалы қайта қалпына келген тоқыма және тігін кәсіпорындарын жатқызуға болады, өйткені олар өз меншігінен мамандырылған дүкендер құрады.

2. Еншілес сатып және сатып алатын коммерциялық фирмалар. Өндірістік кәсіпорындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылғанымен, бірақ кейбір қаржылық және құқықтық тәуелсіз болады. Заң жүзінде жеке экономикалық бірлік болып, бірақ фирманың пакетіне ие басқа кәсіпорындар арқылы басқарылатын фирмалар. Еншілес фирмалардың артықшылығы – еншілес фирмалардың қызметі ірі кәсіпорындарға міндеттер қою арқылы жүргізіледі. Алайда егер еншілес фирмалар дағдарысқа ұшырасқан жағдайда, бұл фирманы құрған өндірістік кәсіпорын да шығынға ұшырайды.
Өкінішке орай 90-жылдары бұндай фирмалар ТМД – нің территориясында тек қылмыстық істерін немесе ақшалай іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін құрылатын. 1997 жылдары заңды түрде шаралар қолданып, еншілес фирмаларды реттеуге кірісті.
3. Бірнеше аналық өндірістік кәсіпорындары бар еншілес коммерциялық фирмалар. Бұндай фирмалар бірнеше ірі кәсіпорындарының ортақ келісім жүргізу арқылы құрылады және олардың қызметі екі аналық фирмалардың шарттары бойынша атқарылады. Мысалы, бірнеше өндірістік кәсіпорындар ортақ өнімдерін өндіру үшін арнайы еншілес өндіріс орындарын құрып, өз тарапынан қаржыландырады. Әдетте еншілес фирмалар мен оны құрған кәсіпорындар арасында кооперативтік келісім шарттар құрылады, бір ұтымды жағдайы басқа еншілес фирмаларға қарағанда бұндай фирмалардың қаржылық және басқарушылық дербестігі айтарлықтай жоғары болады. Кооперативтік келісім шарттар құрылған жағдайда ірі акциялық пакет иегерлеріне еншілес фирмаларды басқару процестерінде артықшылықтар беріледі. Бұндай акционерлер квоталық үлесін қоса алады және тауар өндірушілер арасында бәсекелесті тудыра алады. Табыс пен шығынның бөлінуі акциялық пакет қаржыларына пропорционалды бөлінуі мүмкін немесе еншілес фирмаларда аналық кәсіпорындардың арнайы бөлімшелері құрылып, осы бөлімшелер арқылы табыстың аналық кәсіпорындарына пропорционалды бөлінуі жүзеге асырылады. Әрбір бөлім өзінің келісім шарттарын ұстануы мүмкін, бірақ принциптерінің төңірегінде кепілдіктер бере алады. Мұндайда еншілес фирмаларға кәсіпорындар делдалдар болса, ал кәсіпорындардың бөлімдері – дара делдалдар сияқты өздерінің есеп-шарттары мен кепілдіктерін ұсыныла алады.
Көрсетілген мысал тұрғысынан шет елдеріне өз өнімдерін өткізу үшін жиі қолданылады. Бұл жағдайда аналық кәсіпорындарының бірі шет елден алынады, бірақ қаржылық жағдайында бірдей кірістер сақталады. Бұндай фирмалар 90-жылдың соңына дейін сақталып келген, бірақ жылдар өте олардың аналық кәсіпорындарын аралас қоғамдық акционерлер басқан, өйткені олар нарықта беделді имиджге ие болған.
4. Тәуелсіз коммерциялық фирмалар, тұтынушылардың сұранысы бойынша жұмыс істейтін. Көрсетілген фирмалар қаржылық мөлшері, қызметкерлер саны, тауарлардың номенклатурасы және аумақ масштабы, нарықты қамтыған аумағы бойынша әр түрлі болады. Бұндай фирмаларға жанұялық қаржының көмегімен құрылған кішігірім фирмалар; заңды тұлғалардың келісім-шарттары бойынша құрылған коммерциялық фирмалар; ірі фирмалар, яғни қаржыландыру тұрғыдан ірі банктердің, шетелдік инвестициялардың, компаниялардың, фондтардың кірісі бойынша құрылған фирмалар мысал бола алады. Ірі акционерлер фирманы басқара отырып, фирманың болашақ коммерциялық саясатын анықтайды.
Ұсақ, орташа фирмалар қаржылық жағдайында өздерінің тұтынушыларына тікелей тәуелді болады. Нарықта тауарларын өткізу арқылы олар өздеріне жабдықтаушы мен тұтынушыларын таңдай алады немесе олардың аралық байланысы ретінде қызмет атқара алады. Ұсақ фирмаларға қаржылар салуға қолайсыз, өйткені нарықта ұсақ фирмаларға бейімделу жеңілдікке соқпайды. Ұсақ фирмалардың қайтарымсыз шығындарын пайда алмай жабуға мүмкіндіктері жетпейді, бірақ ұсақ фирмалар нарықтың кей секторларында жылдамырақ бейімделгіш болады және серіктестерімен жасалған келісім – шарттарының орындалуын бақылауға мүмкіндіктері бар.
Орталық және ірі фирмалар белгілі бір тауарларды нарықта сатуға бейімделген. Олар нарықты зерттеуге, жарнамалық кампанияларға, техникалық жабдықтауға қаражаттарды салады, әрине бұл әрекетті ұсақ фирмалар жүзеге асыра алмайды. Ірі фирмалар нарықта серіктестіктерін, келісім-шарттарын өздеріне тікелей пайда көру үшін мүдікпей таңдай алады.
Тәуелсіз коммерциялық фирмалар нарықта тәуелсіз делдалдар қызметін атқара алады, өйткені тұтынушылар тарапынан сұраныс көлемін, таңдауын қаржылық тұрғыдан жайғастыруға болады. Сонымен қатар тұтынушылар коммерциялық фирмалардың нарықтық процестерін таңдауы бойынша қаржыландыра алады.
Нарықты зерттей келе кей тауарларға сұраныстың көтерілгенің байқаса, коммерциялық фирмалар нарықтың анықталған сегмент көмегімен белгіленген тауарға бейімделе келеді. Ал егерде коммерциялық фирма ірі фирмалар қатарына жатса, онда фирма анықталған тауарға қызығушылығын байқата отырып, жарнамалық кампанияларды алдын ала қаржыландыра, тауарға бағытталған шығындарды жабуға кредит бөлуге, тауарды өндіруге және нарықта орнықтыруға алдын ала қаржыландыра алады. Бұдан байқайтынымыз, коммерциялық фирмалар ірі болған сайын нарықта орнығу мүмкіншілігі жоғарлайды. Сонымен қатар сұраныстың көлеміне тікелей әсер ете алады, нарықта қажетті тауарларды сатуға үлкен мүмкіншіліктері болады.
Өкінішке орай, еліміздің ішкі нарығында ірі фирмалар тек бір жақты жұмыс істеуге бейімделген, яғни сұранысты ынталандыру шектелген. Тек нарықта өндірістік кәсіпорындарын қаржыландыру үшін акционерлік қоғамдар бейімделген.


5. Сауда орталықтары. Сауда орталықтары – бұлар әдетте ірі коммерциялық құрылымдар, холдинг компаниялары түрінде жасалған. Себебі оның құрамына өндірістік кәсіпорындар, транспорттық, сервистік, делдалдық және тағы басқа фирмалар кіре алады. Шетелдік сауда орталықтар көбінесе трансұлттық бірлестіктерді ұсынады. Холдинг басында әдетте қуатты қаржылық топ тұрады және сол топ саудалық үйінің болашаққа сауда стратегиясын анықтауды. Ірі сауда орталықтары айрықша тұтыну тауарлардың кең номенклатурасына мамандануға ұмтылады. Олар жүздеген елдер мен қалалардағы ірі ондаған дүкендерді бақылайды.
Сауда орталықтарының құрылымы күрделі және әр алуан болып келеді. Сауда орталықтары холдинг мүшесіне кіретін дәстүрлі жабдықтаушылардың тауарларын сатып ала алады. Сонымен қатар сауда орталықтары басқа елдердегі өз өкілдері арқылы тәуелсіз жабдықтаушылармен толық не болмаса кредит арқылы, лизинг түрінде келісім-шарттарға отыру мүмкіндігі бар.
Сауда орталықтары көп дәрежеде өз тәжірибелерінде логистика ғылымын да жиі қолданады. Өйткені соның арқасында олар тауарлардың транспорттық ағымдарын ықшамдайды, өнім қоймаларының көлемін таңдайды, сонымен қатар тауарлардың өтімдік қозғалысын бақылайды.
Тәжірибеде ірі сауда орталықтарының көбі өз холдинг құрамында сақтық компанияларын ұстайды, солар арқылы алып коммерциялық құрылымның қаржылық тепе-теңдігін ұстап қалуға ұмтылады. Саудалық орталықтар өз шығындарын тауардың сатып алынған мен сатқан бағаларының арасындағы ақшалай айырмашылығының жиынтығы арқылы жабады. Сондықтан басқарудың басты міндеті сауда орталықтардың құрамында артық бөлімшелердің орнамауын қадағалайды. Нарықта тиімділікке жету үшін сауда орталықтарының бір тұтас қаржылық жоспары болуы керек.

Тәуелсіз коммерциялық фирманың құрылымы.

Коммерциялық басқарудың құрылымы және оның ерекшеліктері.

Акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектелген қоғам) ұйымдастыру түрінде фирманың ең жоғарғы басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы (жарнашылар) болып келеді. Бұл орган арқылы келесі үкілеттіктермен үлестірілген:
• Фирманың жарғысын бекіту;
• Жарқылық капитал мөлшерін және салу құралдарын анықтау;
• Акцияларды шығару жөнінде шешімдерді қабылдау;
• Бас директорлар және фирма директорларын сайлау, олардың өкілеттіктерінің шектігін анықтау;
• Директорлардың кеңес құрамын анықтау және оның өкілеттік мерзімін анықтау;
• Басшылық нәтижелерін тыңдау және жылдық фирма жұмыстарын жоспарларын бекіту.
Болашақ жоспарлардың жобаларын фирманың маркетинг бөлімі, жоспарлы-аналитикалық бөлімі және өңдеу және сату үйлестіру бөліміні жасайды. Олар белгіленген директорлармен талдайды, бас директорлармен үйлестіріп және таныстырады. Ал бас директор директорлардың кеңесіне жоспарларды баяндайды және қолдаған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысымен бекітіледі (жарнашылардың).
Жалпы жиналыс шешімін директорлардың кеңесіне беріледі, фирманың жоспарын бекіту үшін жоспарлы-аналитикалық бөлімге жіберіледі. Ол бөлімнен жоспар

12
скачать работу


 Другие рефераты
Методы научного познания
Байжанұлы Жаяу Мұса
Орман питомниктерінде жұмыс істеу еңбек қорғау бойынша нұсқау
Куприн


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ