Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көне Түркі тіліндегі шылаулардың лексико-грамматикалық мағынасы

аннан кейiн олардан жаман қылықты сонда үйренген едiк.Синтаксистiк амал – тәсiл бойынша сұрақ қою арқылы аталмыш тiркестiң қандай сөйлем мүшесiнiң қызметiн атқаратындығын анықтаймыз. Қашан үйренген едiк? Жақын қонғаннан кейiн – мезгiл – мекен пысықтауыш сөйлем мүшесi болады. Анта кiсре iнiсi ечүсiнтег қылыңмадуқ ерiнч – Содан кейiн iнiсi ағасындай бола алмады. Қашан? Содан кейiн – бұл тiркес мезгiл пысықтауыштық қатынаста болады. Қағанын бiрле Соңа йышда сүңүсдiмiз – Қағанымен бiрге Соңа қойнауында шайқастық. Қалай шайқастық?- қағанымен бiрге – есiм негiздi тiркес, сын – қимыл пысықтауыштық қатынаста болады. Жалпы осындай сипатта шылау сөздердiң сөйлем мүшелерiне қатысы анықталынып отыр. Тағы бiр айта кететiн мәселе шылаулардың қасиетi жай сөйлем және құрмалас сөйлем тұрғысынан да сипатталады. Мәселен, тегi, үчүн септеулiк шылаулардың жай сөйлем және құрмалас сөйлем iшiнде қолданылуынан түсiнiк берелiк: Бiр кiсi йаңылысар, оғушы бодуны бiсүкiне тегi қыдмыз ермiс – Бiр кiсi егер жаңылса, руы, халқының тұқымына дейiн қалмас едi. Бұл сөйлем – шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Тегi септеулiгi басыңқы сөйлемде келiп, бағыныңқы сөйлемнiң баяндауышы шарттылық мағынасымен тығыз байланыста болады. Басыңқы сөйлемдегi тiркескен сөзiне шектiк, нақтылық мағынаны бiлдiре отырып, шартты бағыныңқы сөйлемнiң себептiк мағынасы мен ұштасып жатады. Яғни шылау сөздер құрмалас сөйлем құрамында келiп, әр түрлi қатынасқа байланысты бiр ғана компоненттiң құрамында қалмай, екiншi компонентке де әсерiн тигiзедi. Жай сөйлемдердi құрмаластыруда да шылаулардың атқаратын рөлдерi ерекше болып отыр. Олар құрамалас сөйлемнiң салалас түрiн жасауға да, сабақтас түрiн жасауға да қатынасады. Дегенмен руникалық жазбалардағы шылаулардың барлығы дерлiк құрмалас сөйлем жасауға қатынаса алмайды. Негiзiнен құрмалас сөйлем жасауға қатынасатын шылаулар екi түрлi болады. Соның iшiнде салалас құрмалас сөйлем құрамында келетiн жалғаулық шылаулар өте сирек.Мысалы: Өгүм қатун улайу өглерiм, екелерiм, келүңүнiм, кунчуйларым бунчайеме тiрiгi күң болтачы ертi – Шешем өгей қатынға iлескен аналар, жеңгелер, келiндерiм, бикештерiм мұнша және тiрi күң болар едiңдер. Ал жай сөйлемдердi сабақтастыра құрмаластыруға қатынасатын септеулiктер бiрлi – жарым ұшырасады.Жай сөйлемдердi бiр – бiрiмен сабақтастыра құрмаластыру қызметiн атқарғанда септеулiк шылаулар бағыныңқы компонент баяндауышы болып тұрған етiстiк сөзбен тiркесiп, қабыса байланысып, грамматикалық мағынасын үстемелеп тұрады: Тәңiрi күч бертук үчүн, қаңым қаған сүсi бөрiтег ермiс, йағысы қонтег ермiс – Тәңiрi берген үшiн, әкем қағанның әскерi бөрiдей едi, жаулары қойдай едi.
Келесi бiр мәселе сөйлемнiң бiрыңғай мүшелерiне қатысты болмақ. Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiнде шылаулардың бiрыңғай мүшелерiн жасауы соншалықты көп кездеспегенiмен, тiлдiк қолданысында бар: Бод йеме бодун йеме кiсi йеме iдi йоқ ертечi ертi – Ел және халқы да жан және иесi жоқ болар едi. Беглерi бодуны түзсiз үчүн, табғач бодун теблiгiн күрлiг үчүн, армақчасын үчүн, iнiм ечүлi кiңшүртүкiн үчүн беглi бодунлығ йоңшүртуқым үчүн турк бодун iлледүк iлiн ычғыну ыдмыс – Бектерi халқының түзу еместiгi үшiн, табғаш халқының алдауында илағаны үшiн, өтiрiгiне көнгендiгi үшiн, iнiлi – ағалы дауласқаны үшiн, бектi халқының жауласқаны үшiн түркi халқы елдiгiнен айырылды. Руникалық жазбаларда бұдан да басқа тегi, кiсре, ру, бiрле сияқты шылаулар бiрыңғай мүшелер арасында келедi.
Келесi кезекте көне түркi тiлiндегi шылаулардың байланысу түрлерiне сипаттама берелiк. Байланыс түрлерiн анықтау үшiн де оларды сөйлем iшiнде алып қарастырамыз. Себебi жоғарыда ескерткенiмiздей көне түркi ескерткiштер тiлiндегi септiк жалғаулары бiрiнiң орнынан бiрi қызмет атқарып, тұрақсыз болып келетiндiктерi бар.Сонымен шылаулардың байланысу түрлерi мынандай болып келедi: Анта кiсре теңрi йарылқаду құтым бар үчүн, үлүгiм бар үчүн өлтечi бодунығ тiрiгрү iгiтiм – Содан кейiн тәңiрi жарылқап, бағым бар үшiн, үлесiм бар үшiн өлмекшi халықты тiрiлте көтердiм. Осы сөйлемнiң iшiнде екi шылаулы тiркес бар.Оңың бiрi «содан кейiн», екiншiсi - «үлесiм бар үшiн, бағым бар үшiн» тiркестерi. Кесре/ кейiн септеулiк шылау синтетикалық тәсiл арқылы шығыс септiктi есiм сөзбен тiркесiп келген. Бұл тiркес байланысудың түрi меңгеруге жатады. Екiншiсi үчүн/үшiн септеулiгi аналитикалық тәсiл немесе орын тәртiбi арқылы тiркескендiктен, байланысудың түрi қабысуға жатады.Негiзiнен, меңгеру бiрле, артуқ, тапа, кесре, ру/рү, аша, тегi, ұдұ тұлғалы септеулiк шылаулар арқылы байланысады.Сол сияқты шылаулардың ендi бiрi: жанасу, қабысу, матасу болады.
Қазiргi тiлiмiздегi шылаулардың синтаксистiк құрылымы, яғни сөз тiркесi, оның түрлерi, сөйлем мүшелерi, сөйлем және оның түрлерi, олардың бiр – бiрiмен байланысу жолдары көне түркi руникалық жазбаларында кездеседi.Сөзiмiз дәлелдi болу үшiн көне түркi тiлiндегi шылау синтаксисiн «үчүн» және «сайу» септеулiктерi арқылы салыстырып көрелiк: Антағынын үчүн iгiдмiш, қағанының сабын алматын йер сайу бардығ, қоп анта алқынтығ арылтығ – Мұның үшiн өзiңдi өрлеткен қағанның сөзiн қабылдамай, әр жер сайын барып, сол жерде көп алқындық, аздық.Осы сөйлемдi алып қарайтын болсақ, салаласа байланысқан құрмалас сөйлем iшiнде «үчүн» және «сайын» деген септеулiк шылау сөздерi бар. Сайу септеулiк атау тұлғалы зат есiм «йер» сөзiмен тiркесiп келген. Бiрiншiден, йер сөзiмен тiркесiп келгенде заттың үлестi түрде түгелдiгiн бiлдiредi де, өзiнен кейiнгi көсемше формалы етiстiк сөзiне iстiң тиянақтылығын және мезгiлдiк мағынасын бiлдiредi. Екiншiден, йер сайу есiм негiздi тiркес түрiне жатады. Үшiншiден, сөйлем iшiнде тiркестi сөзiмен бiрге амал пысықтауыштық қатынастығы сөйлем мүшесiнiң қызметiн атқарады.Төртiншiден, шақтық мағынамен үйлеседi. Бесiншiден, қабыса байланысады. Сол сияқты үчүн сөзi де iлiк септiк есiмдiк «антағынын» сөзiмен тiркесiп келiп, мақсат,себеп мәнiн бiлдiредi. «Антағынын үчүн» тiркесi есiм негiздi тiркес түрi. Сөйлем iшiнде тiркескен сөзiмен бiрге не үшiн?, не себептi? деген сұрақтарға жауап берiп, матаса байланысып, пысықтауыштық қызмет атқарады. Ендi қазiргi қазақ тiлiнде шылау сөздердiң атқаратын рөлi қандай дегенге келетiн болсақ, оны да осы үчүн септеулiк шылауы арқылы көрсетемiз. Шылау сөздер құрамындағы өзгерiстiң барысы тiлдегi сөздердi тiркестiру қабiлеттiлiгiнен байқалып отырады дедiк. Үшiн шылауы қазiргi тiлiмiзде өзi тiркескен сөзбен келуi мынандай: негiзiнен, атау септiктi зат есiм, сан есiм, есiмдiктермен тiркесiп келедi (мен үшiн,бiз үшiн, отан үшiн, ана үшiн, бес үшiн); тәуелдiк жалғауының I-II-III-жақ формасынан кейiн тiркесiп келедi (баласы үшiн, балаң үшiн, балам үшiн, барғаны үшiн, келгенi үшiн); етiстiктiң –мас/-мес,-у формалы қимыл атауларымен және –мақ/-мек,-ған (қан,ген,кен) есiмшелерiмен тiркесiп жұмсалады (бармас үшiн, өлу үшiн, келмек үшiн, берген үшiн). Бұлардың бiрiне сеьеп – салдар, арнау мағыналарын жамаса, болымсыз есiмшелерге тiркескенде мақсаттық мағынаны бiлдiредi. Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiнде аталмыш шылау сөз тiркесiнде iлiк септiгiнен басқа табыс, жатыс, құралдық септiктегi есiм негiздi сөздер мен етiс негiздi тiркестерi бар: Аны үчүн, армақчысын үчүн, бодун үчүн және етiстiктiң формаларымен тiркесiп келуi бiрмедiк үчүн, түзсiз үчүн тағы басқа осы сияқты сөздермен тiркесiп келулерi бар. Әрине қазақ тiлiмен салыстырғанда айырмашылықтары жоқ емес.
Жалпы қорыта айтқанда көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылаулар синтаксисіне осындай сипатта зерттеу жұмысы жасалынады.Ендігі кезекте көне түркі тіліндегі шылау сөздердің сөз аралығындағы грамматикалық мағыналарын көрсетіп, қазақ, қарақалпақ, өзбек, түрік, түрікмен кейбір қажетті деректерге байланысты тува, тофалар, якут тілдерімен де салысытырылып отырады. Енді көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің синтаксистік қасиетіне жеке – жеке тоқталамыз.
Кісре:Кісре/кесре сөзі сөйлемнің барлығында есімдікпен тіркесіп келіп, белгілі бір іс - әрекеттің соңынан болатын мезгілдік ұғымды білдіру үшін қызмт атқарады. Руникалық жазбаларында кісре сөзімен мағыналас болып келетін кідін,өтрү,ұдұ формалары кездеседі.Аталмыш тұлғалар шылау мағынасы басқа контекстік мағынада үстеу сөз табының қызметінде көріне алған.Біз тек оның шылау мағынасындағы қызметін алып қараймыз.Мысалы:
Көне түркі тілі: Селеңе кідін йылуын қол біртін сыңар Шып башыңа тегі черік ітдім(МЧ.15) – Селеңгіден кейін йылуын қолдан Шып басына дейін шеріптер қойдым. Орхон – Енисей жазба ескерткіштер тілінде кідін формасы өте аз қолданылған.Контексте шығыс септікті зат есім сөз бен тіркесіп келіп, іс – қимылдың соңынан болатын мекендік не мезгілдік мағынаны білдіріп, ойды тиянақтауға қатысады: «анта өтрү түргес қарлұқығ табарын алып, ебін йулып бармыс, ебіме түсміс(МЧ.9) – Содан соң Түргеш, Қарлұқтың тауарын алып, үйін құлатып барып үйіме келдім.Бесінч ай ұдұ келті(МЧ.15) – Бесінші айдан соң келді. » Мұнда өтрү сөзі сөйлемнің бас жағында шығыс септікті есімдікпен тіркесіп келеді де, мезгілдік мағынаны білдіреді.Ұдұ сөзінің тек сөйлемнің соңында келгендігі болмаса, атқаратын қызметтері мен беретін мағынасы кісре/кесре – мен бірдей. Аталмыш тұлғаны қазіргі жекелеген түркі тілдеріндегі кейін, соң мағынасындағы шылау сөздерімен салыстыралық. Мәселен, қазақ тілімен салыстырып қаоағанда сөздермен тіркесіп келуі жағынан айырмашылқтары бар. Кісре шылауының мағынасындағы соң формасы етістіктің есімше және тұйық етістіктің қосымшаларынан кейін тіркесіп келе береді. Кейін шылауы тікелей есімше формасымен тіркеспей , шығыс септігі жалғауын қабылдағаннан кейін ғана тіркесіп келеді. Бұндай заңдылық қазіргі түркі тілдеріне де ортақ. Мысалы:
Қазақ тілі: Іңірде соққан жел аспанды тазартып болған соң,өзі де мүлгіп кеткен
1234
скачать работу

Көне Түркі тіліндегі шылаулардың лексико-грамматикалық мағынасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ