Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көне Түркі тіліндегі шылаулардың лексико-грамматикалық мағынасы

сияқты.(Ә.Т.) Бұл сөлемде көне түркі тіліндегі «кісре» шылауы мағынасында жұмсалған «соң» септеулігі – біріншіден, есімше формалы етістікті тіркес. Екіншіден, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы, басыңқы компоненттері аралығында байланыстырушылық қызметңін атқарады. Үшіншіден, тіркескен сөзімен бірге сын – қимыл пысықтауыштық қызметін атқарады. Ал кісре мағынасындағы кейін тқұлғалы септеулік шылау сөз есімше етістіктермен тікелей тіркесіп келмейді, тек шығыс септікті сөздерден кейн ғана тіркесетін болдаы: Рахмет қоштасып кеткеннен кейін, Натальяның ұйқысы ашылып кетті.(С.М.) Қонақтар жайласып болғаннан кейін Итбай ауыз үйге шықты.(С.К.) Бұл сабақтас құрмалас сөйлемде кейін шылауы іс - әрекеттің шегін білдіреді. Сәлден кейін бір мезетте лап етіп жанған жарық мені селк еткізді. (Ә.Т.) Біраз жүргеннен кейін барылдаған жуан үнмен: Мен керек емеспін ғой, Күлипа, - деді,. (С.Мұратбеков) Мұндағы «жүргеннен кейін» деген етіс негізі тіркес «жүрген кейін» болып тіркеспейді. Көне түркі тілінде бұл ерекшелік кісре, кідін, өтрү, ұдұ сөздер аралығында қалыптасқан. Е.Ағманов кісре/кідін шылау сөздердің орнына түркі тілінде аса жиі қолданыс тапқан «баса» сөзінің де кейін, соң мағынасында қызмет атқарғандығын мынандай мысалдармен дәлелдейді: «Бу сабын баса – бұл сөзден соң ; йаратдымыз анларда баса ақын будуилар (теф) – олардан соң басқа халықтарды жараттық[42,б.87].» Жалпы түркі тілінде қолданылған кісре шылау мағынасындағы баса сөзі де , шығыс септікті сөздерді меңгеріп, мезгілдік және қимылдық мағыналар үстеп, контексте мезгілдік пысықтауыштың қызметін атқарады.Жекелеген түркі тілдерінің бірі қарақалпақ тілінде аталмыш шылау сөздер қазіргі қазақ тіліндегідей болып келеді.
Қарақалпақ тілі: Қасқыр малды тавусқан соң, юйге келип үлыйду.Сонуң соң шомыласың деди. Сонан кейин патша әскери мен экинши жолға кетеди. Кеш болғаннан кейин ол қарры ёзюниң тамына қайта баслады.
Түрік тілі: Топланты башладиктан сонра 10 дакина гечти. Дендүктен сонра йемек йейеджеғиз.
Сонымен көне түркі тілінде қолданылған кейін,соң шылау мағынасындағы кісре (кідін, өтрұ, ұдұ) септеулік шылау сөзі тіркескен сөздерді мезгілдік, мекендік, сын – қимыл грамматикалық – семантикаларын білдіреді.
Тапа: Тапа сөзі – барыс септікті меңгеретін таман, қарай мағынасындағы септеулік. Орхон – Енисей жазбаларында бұл сөз де бірде үстеу, бірде шылау қызметінде болады. Біз тек оның шылау мағынасындағы синтаксистік қызметін алып қарасырамыз. Шылау мағынасындағы қызметі өзінен кейінгі тіркесетін етістікке байланысты болады. Мысалы:
Көне түркі тілі: Тапғач тапа сүледім, тапа сүңіштім сияқты еістіктермен тіркесіп келгенде, үстеу мағынасында болады. Ал мынандай тіркестерде шылау қызметінде жұмсалады: Анча барс йылқа чік йорыдым (МЧ.19) – Бұдан соң (иеленіп) барыс жылы чікке қарай аттандым. Кеңерес тапа барды (КТү.39) – Кеңереске таман (қарай) барды.Ол йылқа түргіс тапа Алтун йасығ тоға ертіс үкүзік кече йорыдымыз (КТү.36) – Сол жылы Түргешке қарай Алтын тауынан өтіп, Ертіс өзенін кешіп өттік. Қарлұғ тапа тезіп кірті (МЧ.34) – Қарлұққа қарай қашып кетті. Негізінен, зат есім сөздермен тіркесіп келіп, объектілік бағыт – бағдар мағынасын білдіреді және өзінен кейін тіркестен етістік сөздің іс - әрекетін кеңістікте өтетіндігін меңзейді. Тапа шылауы 11-12 ғасыр жазбаларында тапа/таба түрінде кездеседі: Менің таба келді (МҚ.) – Маған қарай келді. Баққыланын табару (МҚ.) – Сол (кісі) жаққа қарай. Бір күн бу оғлан өз еві таба барур эрді (Тев) – Бір күні бала өз үйіне таман жүріп еді. [42,б.191]. Дәл осындай көрініс «Жами – ат – Тауарихта» да кездесетіндігі айтылған [43,б.53]. Жалпы қарсылық мәндегісін қоспағанада, ескерткіштер тілінде бағыттық, мекендік мағынасын тіркескен есім сөздеріне үстемелеп отырған. Енді қазргі түркі тілдеріндегі тапа шылауымен тұлғалас, мағыналас сөздердің синтаксистік қызметіне назар аударалық.
Қазақ тілі: Оспан Абайдң ығына таман шалқая отырып, иығы мен басын жүкке сүйеп қалғып кетті.(М.Ә.) Бері таман келіңіздер жолдастар деді ол. (А.Бек.Арпалыс)
Түрік тілі: Гидтилер кенан тапа.
Түрікмен тілі: Ол колхозчыларын арасында дуру билман , кенбесине тарап уграды.
Шор тілі: Мен каяга тебе аттым .
Қарақалпақ тілі: Тюске таман шомылып келейик – деп кемпир қызға айтады.Сыйыр тоғайға таман кетти.
Қазақ тілінде де дәл осындай формада беріліп, барыс септкті есім сқздермен тіркесіп, белгілі бір бағытты және мезгілдік қатынасты білдіреді.
Орхон – Енисей жазбаларындағы тапа шылауы тек зат есім сөздермен тіркесіп келсе, қазіргі қазақ тілінде зат есімді мезгіл атауларына (түске таман, кешке таман), көмекші есімдереге (қасына таман, үстіне таман), есімдіктерге (оған таман, бізге таман) және үстеу (жоғары таман, ілгері таман) сөздерге тіркесіп келеді де әр түрлі грамматикалық мағыналарын білдіреді. Аталмыш тұлға сөйлем мүшелі қызметі жағынан өзгеріске ұшыраған жоқ. Көне түркі тілінде де, қазіргі қазақ тілінде де тіркескен сөздермен бірге жанама пысықтауыштық қызмет атқарады. Білге қаған ескерткішінің 14-ші жолында таман тұлғалы сөз кездеседі. Бірақ оның адынан келетін сөздер өшіріліп қалған сол себептен таман сөзін нақты шылау деп көрсету қиын және басқа ескерткінштерде жоқ. Т.Қордабаев зерттеу еңбегінде 15-18 ғасыр материалдары бойынша тапа шылауының таба тұлғасында келіп, атау тұлғалы және барыс септікті сөздермен тіркесіп іс - әрекеттің мекендік немесе мезгілдік бағытын білдіретіндігін және атау тұлғалы сөздермен тіркесіп кеолуінен гөрі, барыс септікті сөзбен жанасуы сирек кездесетіндігін түсіндіріп дәлелдеген[43,б.53]. Жалпы тапа шылау сөзінің қарсылық мәнде үстеулік қызметін қоспағанда, шылау есебінде мағыналық, тұлғалық және қызметі жағынан ізін жоғалтпай түрленіп, кеңейген түрде бүгінгі тілімізге жетіп отыр.
Үчүн: Үчүн формасы ескерткіштер тілінде ең көп кездесетін шылау деп есептелінеді. Көне түркі тілінде қолданылған үчүн септеулік шылау сөзі қай кезеңде болмасын лексика – грмматикалық мағынасы мен атқаратын қызметтері бірдей болып келеді. Орхон - Енисей жазба ескерткіштер тілінде есім сөзден сын есім жасайтын – сыз/-сіз қосымшалы сөзбен және зат есім жасайтын – лық/-лік қосымшалы сөзбен тіркесіп келуі бар. Бұндай құбылысты 20 – ғасырдың бас кезіндегі баспа сөз тілімен ұштастыруға болады. Көне түркі тілінде «бар,жоқ» модаль сөздерімен тіркесіп келгенде де шығыс септігінің орнына жүреді: өзім құтым бар үчүн қаған олуртым (КТк.9) - өзімнің құтым барынан қаған болып отырдым. Мүнда құрмалас сөйлемнің басыңқы компонентінің соңында йоқ деген модаль сөзімен тіркесіп, мақсат мағынаны білдіреді. Құрмаас сөйлем ішінде бірыңғай мүшеоер құрамында келіп, себеп – салдар мағынасын білдіреді. Синиаксистік анализ жасау барысында шығыс септігінің морфологиялық – семантикасын жоғарыда көрсетілген үшін септеулігі атқара алған. Бұл тұлға жекелеген түркі тілдер көпшілігінде негізгі формасын, қызметін, мағынасын сақтап қолданылады. Мысалы:
Түрік тілі: Бу китабы сенен ичин алдық. Бурайа биркач саад ичин гелдим. Азизи гөрмек ичин гелдик.
Қарақалпақ тілі: Дәри алув ушын аптекаға барып келдим. Ол қалтаның тюби тесик болған ушын жиидени қанша салса да қалтасы толмайды.
Түрікмен тілі: Бабалы үчин атланман, гоюнлары үчин атланыпдыр. Олар сениң билен танышмак үчин Ашгабад ялы ерден гелипдир[44,б.407]. Осы тілдің баспа стилінде үшін сөзінің мағынасында «өтри» тұлғалы лексема қолднылады делінген. Үчин шылауы қарақалпақ тілінде үшын/ушын формаларында келеді. Көне түркі тілімен салыстырып қарағанда тіркесетін сөздердің грамматикалық көрсеткіштері арасында қазақ тіліндегідей айырмашылықтар бар.Негізінен, атау , ілік септік, көптік жалғауы , зат есімдер, есімдіктер, есімше формаларымен және тұйық етістікті сөздермен тіркесіп, мақсат, себеп қатынастарынан алшақтайды. Зерттеу барысында синтаксистік қарым – қатынаста қазақ тіліндег үшін шылауының көне түркі тіліндегі үчүн шылауынан мынандай ерекшеліктері бары анықталды.
Қазақ тілінде атау септігінде қолданылуы активтенген.
Етістіктің формалары жағынан тіркесіп келулері жағынан ұлғайған.
Сөйлем ішіндегі сөз тіркестері аралығында грмматикалық көрсеткіштері тиянақталған.
Тәуелдік жалғауының көпше – жекеше түрлерімен тіркесуі жаңа тұлғалармен түрленген.
Тілдің даму барысында тіркесті сөздер әсерінен күрделі септеулікиер қалыптасқан.
Тегі: көне ескерткіштер тілінде тегі шылауының барыс септікті жай септеу, тәуелді септеу жалғауларымен тіркесіп келуі басқа шылау тіркестірімен салыстырғанда қазақ тілінің нормалық дәрежесімен сәйкес. Бұл тұлға – орхон жазбаларындағы барыс септікті меңгеретін шылаулардың бірі. Ескерткіштер мәтіндерінде үчүн шылауынан кейінгі актив қолданылған септеулік шылау. Мысалы:
Көне түркі тілі: Темір қапығқа тегі сүледім.(КТү.4) – Темір қақпаға дейін соғыстық. Сол сияқты: Йазыққа тегі – жазыққа дейін, ерсенке тегі – ерсенге дейін болып келеді. Мысалдардан көріп отырғанымыздай қазаргі қазақ тіліндегідей көне түркі тілінде де барыс септікті сөзді етістікпен байланыстырушы септеулік шылауладың бірі болып отыр. Тегі шылауы тіркескен сөздің мағынасымен бірге іс - әркекеттің таралатынын, жететін шегін немесе бітер мезгілін білдіреді. Орхон –Енисей жазба ескерткіштерінің барлығында тек барыс септіктегі зат есім сөздермен тіркесіп қолданылған. Қазіргі қазақ тіліндегі тегі шылауы тек әр түрлі сөздермен тіркесіп келуі жағынан ерекшеленеді.
Қазақ тілі: Ертеңге дейін ұстаудың жөні тағы жоқ.(С.Мұратбеков) Олар бөктер айналып жеткенге дейін, мына төтксімен сіздер де барып қаласыздар.(М.Ә.) Соңғы сөйлемде бағыныңқы сөйлемінң соңында келіп, бсыңқы сөйлеммен байланысып, іс - әрекеттің мезгілдік шегін үстейді.
Қарақалпақ тілі: Ол азаннан кешке дейин отурады.Мұндай қы
1234
скачать работу

Көне Түркі тіліндегі шылаулардың лексико-грамматикалық мағынасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ