Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қорықтар аймағы



 Другие рефераты
Майда еритін витаминдер Лизосомалар Қорықтар – биосфера эталоны Қозу үрдісі, оның даму сатылары

1.Кіріспе
Біз жұмыр жер бетінде өзге де алуан түрлі тіршілік иелерімен қатар мекендеп, өмір сүріп жатырмыз. Әрқайсысы өзінше бағалы саналатын олар адамзат игілігін құрайды. Қазақстанда жабайы табиғаттың аса ғажайып өңірлері — шаруашылық қызметінің кез келген түріне тыйым салынған қорықтар бар. Көрік-келбеті уыз қалпында сақталған мұндай табиғат алапта-ры сиреп, құрып кетуге айналған жан-жануарлар мен өсімдіктердің аса маңызды тіршілік ортасы болып табылады, сондай-ақ медициналық және басқа да ғылыми-зерттеулер үшін генетикалық қор, «тірі лаборатория» іспеттес. Биологиялық және ландшафтық орасан мол алуан түрлілік пен әсем табиғат көркі үйлесім тапқан бұл жерлер рухани және дене күш-қуатының қайнар көзі ретінде адамға қызмет етеді.
Қазакстан Республикасының «Ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар туралы» заңы бойынша елімізде ерекше қорғалатын 13 табиғи территория анықталған. Қазіргі кезде Қазақстанда 9 қорық пен 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 66 қорықша, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіштері, 3 зоопарк, 5 ботаникалық бақ, бірнеше дендропарк, халықаралық маңызы зор 2 сулы-батпақты алқап, ерекше мемлекеттік мәні бар, ғылыми құндылығы айрықша 150 су көздері құрылып, жұмыс істеуде.
Қорықтар, қорықшалар, ұлттық парк және табиғат ескерткіштері алқаптары мемлекет территориясының 2,8%-ін алып жатыр. Барлық 9 қорық ғылыми және табиғат қорғау мекемесі мәртебесіне ие және республикада ерекше қорғауға алынған жоғары дәрежелі табиғи территория болып саналады. Олар дәл сол өңірге тән бірегей табиғат кешендерін қаз қалпында сақтау мақсатына қызмет етеді. Бұлардың ішіндегі ең көнесі батыс Тянь-Шань таулы аймағындағы көркем де келісті табиғат мүйісі — Ақсу мен Жабағылы өзендерінің бастауы маңындағы Талас Алатауының батыс сілемін қамтып жатқан Ақсу-Жабағылы қорығы болып табылады. Тянь-Шанның шығыс бөлігінде, Іле Алатауының тау жоталарында — Алматы қорығы, солтүстіктегі далалық өңірде — халықаралық маңызы бар су төңірегі құстарының көптеген түрі ұя салып, сулы-батпақты алқабын мекен еткен Қорғалжын қорығы орналасқан. Қостанай облысындағы Наурызым қорығы көкке бой түзеген көрікті қарағай ормандары мен сан алуан дала өсімдіктері дүниесін құрайды. Үстірт қыратындағы шөл қорығы Үстірт арқарларын, итаю және бағалы өсімдіктер дүниесін қорғау мақсатында құрылған. Суы тартылып, құрғап бара жатқан Арал теңізіндегі Барсакелмес қорығы республикадағы аралда орналасқан бірден-бір қорық болып табылады. Аралда 300-дей құлан, қарақұйрық, ақбөкендер мекендеп, тіршілік етеді. Шығыс Қазақстан тауларында сондағы күміс сулы Марқакөлдің атымен аталған қорық бар. Республикадағы ең жас қорық — Алтайдың қылқан жапырақты ну ормандары мен оның мекендеушілерін сақтап, қорғауға арналған Батыс Алтай қорығы.
Қазақстанда шөл, шөлейт және тау экожүйелерінің ұлан-ғайыр территориясын алып жатқан 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк құрылған. Олар — «Алтынемел», «Баянауыл», «Іле Алатауы», «Көкше-тау» және «Қарқаралы» ұлттық парктері. Қорықтардан айырмашылығы — олардың территориясында қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асырумен қатар, табиғаттың кейбір түрлерін пайдалануға және экологиялық туризммен айналысуға рұқсат етілген.
Қазіргі кезде Қазақстанда ерекше қорғауға алынған территория өсімдіктері мен жануарлар дүниесін тізімдеп, түгендеу жұмыстары аяқталды. Қазақстанда 835 түрлі омыртқалы жануарлар мекендейді, олардың 22-сі республиканың Қызыл кітабына енгізілген. Еліміздегі 500 түрлі құстың 346-сы қорықтарда ұя салып, тіршілік етеді. Қазақстан флорасында жоғары өсімдіктердің 6000-ға жуық түрі бар. Олардың сирек кездесетін 400-дейі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
Қорықтарда табиғаттың өзгеру, даму процестерін сипаттайтын ғылыми-зерттеу жұмысы тұрақты жүргізіледі, «Табиғат жылнамасы» бақылауы өткізіліп түрады.
Табиғи тепе-теңдік пен барлық жанды нәрсеге қолайлы ортаны сақтап, өзара бір-біріне ықпал .ету жүйесін қалыптастыру үшін, басқа да табиғи түрлермен толықтырып отырмаса, ауыл шаруашылығы алқаптары мен өндірістік кешендердің қоршауында қалған қорықтарға бірте-бірте жойылып кету қаупі туады.
Ерекше қорғауға алынған табиғи территория жүйесін кеңейте түсу Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі үзақ мерзімді «Экология және табиғи ресурстар» стратегиясы маңызды міндеттерінің бірінен саналады. Республикада табиғат қорғаудың алдыңғы қатарлы және қолайлы жүйесіне жол ашатын биосфералық резерваттар құру үшін арнайы 15 аймақ бөлінген. Бұл Қазақстанның көрікті де көркем табиғатын қорғап, көздің қара-шығындай сақтауға зор мүмкіндік туғызады. Ал олардың қызметінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық тиімділігі шаруашылық іс-шараларын тоқтату шығынынан жүздеген есе асып түседі. Табиғатқа қажеттілікті өтеу объектісі емес, жанды нәрсе атаулының біртұтас тіршілік ортасы ретінде қарайтын мезгіл жетті. Бұл жайында заманымыздың ғұлама ғалымы Жан Дорст былай деп жазған болатын: «Адам бойында жабайы табиғатты сақтау үшін ұмтылуға қажетті объективті себептер жетіп артылады. Алайда, түптеп келгенде, табиғатты тек сүйіспеншілік қана құтқара алады. Адам бұл дүниеде сұлулықсыз өмір сүре алмайтындықтан, қоршаған ортаны сәл де болса сүйіп, қастерлей білген жағдайда ғана, табиғат өзіне төнген қауіп-қатерден құтылады».

2. Негізгі бөлім
2.1 Батыр өзен

Ғасырлар жырындағаыдай қарт Ертіс. Ертегі және аңызга бөленген өзен. Ол өз бастауын Монғол таулары тармағынан алып, ғаламшарда ирек-ирек көгілдір жолақтай болып ағады. Мұнда оны Қара Ертіс деп атайды. Қара аталуы оның түсіне байланысты. Оның жасаған жақсы істерінің мөлшерімен шендесе алатын өзендер көп емес. Ол 4 мемлекетті бір-бірімен байланыстырады.
Картада ол көптеген өзендер мен бұлақтардан нәр алып, сосын сол нәрімен сусыз даланың шөлін қандыратын өсімдіктің қуатты тамырына ұқсас болып көрінеді. Өзендср құдіретті Ертіспен жолығуға асыққан сүлу бойжеткен тәрізді таудан жазық кеңістікке қарай құлдырап, зулай ағып, шапшаң жетуге ұмтылады. Алайда өзендердің барлығы бұлай жасай алмайды. Олардың көпшілігі жолдан шатасып, ыстық даланың құшағына тап болады. Сөйтіп Ертіс сұлуды сарғая сағынып, бір тамшы жасы қалғанша жылай-жылай солып, кеуіп кетеді.
Ертіс бұл жерлерден жақсы қорғаушы болып өтеді. Адамдар оған сүйіспеншілікпен, үмітпен және құрметпен қарайды. Мұны оның кіші бауырлары мен қарындастары-өзендер, шағын өзендер, бұлақтар да түсінеді. Сондықтан да олар Ертіске өз суын жомарттықпен табыс етеді. Маңайдағы тіршілік оның осы жандандыратын ылғалына тәуелді. Осы жомарттығына орай, халық оны қадірлеп, Ертіс-әке дейді. Ол тәкаппар, қүдіретті, уақыт жағынан қарт, бірақ жаны мәңгі жас ол мифтік Геракл тәрізді тіршілік үшін күреседі, жағасына келген жанның әрқайсысымен тіл қатысады.
Аңыз-өзең, еңбекқор-өзен, емші-өзен ағып жатыр.

2.2 Батырлар өлкесі

Шығыс Казақстан — алып тау бұйраттарының; көгілдір өзендер мен көлдердің о шеті мен бұл шетіне тек ұшқыр Тұлпар ғана жете алатын шетсіз де шексіз гүлденген дала.
Мұндай жерде тек батырлар туып, өмір сүреді. Ел басына күн туғанда солар көмекке келді. Олар туралы халық есіндекептеген әпсаналар мен аныздар сақталған, көптеген орындарды халық ең жаксы ұлдарының есімдерімен байланыстырады. Ержүрек жігіттер Қара-керей Кабанбай, Канжығалы Бөгембай, олардыц сенімді серіктері — Шыңқожа, Көкжал Барақ, Қошқарбай, Баян және де басқа батырлар халық есінде мәңгі сақталып қалды. Батырлар Алмалы көлі маңындағы Барлық тауынан бастау алатын ыстық қайнарға жараларын емдеу үшін талай рет аялдаған екен. Бүл өлке Боранбайды да, Абылай хан батырларын да біледі, олардың көпшілігі көз жүмып, осы жерде мәңгі қалыпты. Шыңғыстау таулары бұлыңғырланған түйе өркештеріндей тізбектеле созылған. Онша биік болмағанмен де үш ұлының — Абайдың, Шәкәрім мен Мұхтардың есімдерін дүние жүзіне паш етіп, аспанға көтерді. Қазір көптеген құрылықтар мен халықтарға әйгілі қазақтың жазба әдебиетінің қуатты ағыны мөп-мөлдір таза бастаудан, осы таулардан, осы жерден туындады.
Фашизммен күрес жылдары осы жерден мындаған батырлар майданға аттанып, өз елін ғана емес, бүкіл дүниежүзін сақтап қалды. Мереке күндері батырлар алаңға шығады, олардың жауынгерлік соғыста болғандарының да, тылда жеңіске жеткендерінің де омыраул-арыңдағы марапаттары алтындай жалтырайды. Алайда ең қымбат алтын — олардың жомарт та ақ жарқын жү-регі. Бүгінде жаңа батырлар жаңа елде жақсы істерді жүзеге асыруда, астық өсіріп, кен шығаруда, металл балқытып, ұшақтар мен пойыздар жүргізуде, үйлер салуда. Жаңа өмір құрылысын жасауда.

2.3 Марстық ғаламшарда

Марстың от шарпыған ғаламшарында болып, онда тіршіліктің бар-жоғын білгініз келе ме? Калауыңыз болса, ол да қолдан келеді. Зайсан қазаншұнқырына барып, шөлге қарай бұрылыңыз. Сіз жалындаған Қиын Құрыш шоқыларынан атқылаған ұшқындарды алыстан-ақ көресіз. Гипстің шоғырланған үлкен салқымы Күнмен астасып, оған шағылысқан шанышқылы жебелерін жолдайды. Көз алдыңызға аққан жұддыздар оттай қызыл шоқыларға түсіп, жанып жатқандай көрініс келеді.
Қиын Құрыш – біздің жеріміздегі жалыңдаған ғаламшар. Отты Марс! Ғарыштық көрініс шоқылар күмбездер, мұнараша және күзет орны, киіз үйлер, бүлінген орлар мен ежелгі қорғандардың үйінділері. Бұл марстық көріністі ғасырлар бойғы жаңбыр, қар, жел мүсіндеп жасады. Жел мен уақыт қана шетсіз де шексіз бұл шытырманды, шұңқырларды және үңгіршектерді, қуыстар мен тар дәліздерді аралай алар еді. Соңдықтан біздің ғаламшарымызда кенеттен өткен кездерден аң кесірткелер немесе зілдер, ертегілерден немесе қияли романдардан ғажайып мақұлық пайда бола қалса, таңдануға болмайтын сияқты.
«Марстық алқап» — табиғат ғажаптарының бірден бірі емес. Қалба жотасы, Арқат, Шыңғыстау тауларында, Лениногор маңайында «жаны бар» ғажап тау көріністері баршылық. Осындай ғажап мүйістің бі

123
скачать работу


 Другие рефераты
ІШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПІ
Жүрек қызметінің көрсеткіштері
Культура Средневековья
Конспект урока по биологии - ДНК


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ