Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қорықтар аймағы

рі «тастар тынымбағы» болып табылады. Оның суреттерінің ғажаптығы мен айқындылығы әйгілі «Краснояр бағандарынан» асып түседі. Ғаламшар тіршілігі көзді ашып-жұмғанша, балалардың «Тымпи!» ойыны тәрізді, «тасқа айналған» сияқты! Сөйтіп, сиқырын қайтаратын құтқарушысын күтіп, сол күйінде ұзақ ғасырларға қатып қала берген.

2.4 Күміс қоңыраулар көлі.

Аты аңызға айналған мәңгі де түрленгіш Зайсаным! Ол аспан сәулесі түскен айна астында сергек ұйқыда жатыр. Ұшудан қалжыраған кішкене ғана маса суға құлап түсіп, бір сілкінеді де, судың нәзік айдынымен толқындана дөңгеленеді. Ауа райының құбылуымен бірге Зайсан да өршеленіп, жұлқынады. Азуы арсиған толқындар жағадағы жарға сұр қасқырдың қапшығындай тап береді. Ондай кезде ол өте қауіпті!
Мұнда жиі соғатын жел екпінімен шөлді өртеп, жағалаудағы қамыстар мен сансыз құстардың қиқуымен құлақ тұндырады. Жусан иісті, ащы, жұпар, хош иісті желдер соғады. Жұлқына соғатын немссе баяу да майда леппен толқындата соғатын таза желдер де болады. Осы толған дауыстың барлыгы — бақыт немесе қайғы, махаббат немесе айрылысу туралы, тіршілік туралы жырлайтын ұян да албырт дала тұрғынының үнін бейнелейтін домбыра сазы.
Мұндағы мәңгілік ғасырлар бойы нығая түскен. Жағадағы кеңістік елсіздікті және тыныққан керуенге қосылған азан-қазан дауысты, құландардың дүбірін, тұзат тұяғының бұрқыратқан шаңын және қос өркешті түйелердің маңғазданған аяқ алысын, қарақұйрықтардың зорыға тыныс алуын және аш барыстың ақыруын ұмыта қойған жоқ. Ал таң сәрідегі жұлдызбен бірге күннің жалындап атуы мен батуы кезіндегі қайраң үстіндегі тірі бағана тәрізденіп, үйіріле билеген масалар гуілі үдей түседі. Республиканың шығыс бөлігіндегі көлдерді қарлы таулар, тайгалық ормандар және сары дала қоршап жатыр.
Түн сайын «су астынан қоңырау сыңғыры естіледі» деген аңыз түн ортасында жандана түседі.
Зайсанның Күміс Қоңыраулар көлі аталуы да содан екен. Тағы да тынымсыз жел, мәңгілік Күн, масалар гуілі. Түн ортасындағы көл суы астындағы қоңырау сыңғыры туралы аңыз өлмей, жасай береді.

2.5 Жердің алтын бесігі.

Әйгілі «Беловодье» жері — Белухадан қарт Ертіске дейінгі Оңтүстік және Батыс Алтай аралығынан күмістей сылдыраған, суы мөлдір екі өзен ағып өтеді. Бұқтырма мен Нарым алқаптарының нендей ерекшелігі бар? Неліктен бұл жер «Жердің алтын кіндігі» деп есептеледі? Бір қарағанда, алқаптың еш ерекшелігі жоқ сияқты: кең-байтақ, орман және қарлы биік жоталар.
Алқаптарда өзендерді бойлай ел жайлаған. Орманда аң-құс тіршілік етеді, төңіректе биік те балғын шөптер өседі.
Мұнда тек күн биік таулар арасынан арайлап атады. Самырсынды ормандар мен шатқалдарда мұнартқан қараңғылық сейіле бастаса, Хрусталь тауы күннің алтын шұғыласына оралып та үлгірген. Ормандарда қанатты достар әлі ұйқы құшағында болса, Бүркітаулау шыңында — қырандар ұялайтын орында – мәңгілік қар сәлдесі алтын нұрға бөленіп те үлгірген. Үшкүнгейдің үш өркешті шыңдары үш шырағданның жанған отындай көз шағылыстырады, ал алқапта әйелдер ауладан малды жайылымға айдап жүр. Таң сәрідегі алтындай қар кескіні сап-сары, янтарь түсті алтай балын өзендей ағызатын алқап шалғынының тасқын суында айқын көрінеді. Алтындай құлпырған астық Жер-Анаға бас игендей жайқалады. Ал күзде бұл өлке елімізге сары алтындай астық өзенін ағызады. Жұмсақ алтынды, маңғаз бұлғын да, алтын мүйізді маралдар да осында жайылуда. Хариус балығы суы таза, мөлдір ысырмада жалған қауырсындарымен жалт-жұлт етеді. Аспанда «халзандар» — алтын жалды қарт қырандар қалықтап жүр. Ал кендер мен алтыны бар өзендерден жоғары сапалы нағыз Алтай алтыны шығарылуда. Бірақ өлкенің ең үлкен байлығы, оның алтын қоры — қолынан бәрі келетін адамдар.
Алтын, алтын, қайда барсаң да алтын. Ақындар алтын сөздерден өлең шығарады, домбыра да өмір, тау, қырандар, сүйіктілер туралы үн қатады. Осылардың барлығында да «алтындай», «алтыным», «алтыным-асылым» сөздері жиі қайталанады.

Шығыс Қазақстан
Әдетте, Шығыс Қазақстан — Жоғары Ертіс өңірі дегенде, көз алдымызға ең алдымен, беткейлердегі қарақорым орманымен, одан әрі қарлы мұзарттары мен мұнарлана көз тартқан, самала шыңдары жан-жақтан еңселене бой көтерген, заңғарлығы бір-бірінен асып түсетін ғажайып таулы өлке елестейді. Асқарлары көк аспанмен таласқан ертегідей бұл өңір кімді болса да әсемдігімен, мөлдірлігімен сөзбен айтып жеткізе алмастай әсер қалдырады, өзіне ғана тән қайталанбас сұлулық әлемімен рахатты нұрлы сезімге бөлейді.
Әсем тау алқаптарынан құлдиға қарай сыңғырлай аққан тұнық та таза бұлақтар мен өзендер бастау алады. Маңайды сәнге бөлеген қылқанды, жапырақты ормандар, жидек бұталары, сан алуан өсімдіктер, қарағай, тобылғылар тынысы кәусар ауаға қосылып, адамның бойын сергітерлік жұпар иіс шашады.
Қымбатты оқырман! Сен де оны көр, қызықта, серуенде! Өйткені бұл сенің алыстан үмітті арманыңдай аңсап, күшті магниттей өзіне тартқан ертегі елің оңтүстік-батыс Алтай — Қазақстан Алтайы! Мәңгі қар мен мұз құрсанған зеңгір таулар шыңдарының ең кербезі, ең сұлуы, ең биігі, ең тәкаппары, теңіз деңгейінен 4506 метр биіктікте асқақтаған қос өркешті, ақ сәлделі Мұзтау да осында.
Өр Алтайдың мұзартынан жаралып, төсінен нәр алған төл перзенті — Ертіс. Оның ұлы мұхитқа жетіп құяр сапары да осы таулы өлкеден басталады. Кербез де сылқым, салмақты да сабырлы, жойқын күш иесі осы дарияның арнасын тасқынды толқындарымен толтыруға асыққан Бұқтырма, Тұрғысын, Калжыр, Күршім, Нарын, Үлбі, Уба, Шульба, Қызылсу, Ұлан, Сібе, Мұқыр, Шаған сияқты жүздеген үлкенді-кішілі тау өзендері де бұл өңірді аймалап өтеді. Олар өздерін жарық дүниеге әкеліп, алыс сапарға баласын шығарып салып тұрған мейірімді аналарындай елжірей қалған кеуделі шыңдар мен орманды алқапқа қимас көзбен қарайды. Жоғарыдан сарқырай аққан өзендер осы өңірден ұзатылып бара жатқан арудың ата-анасымен, ел-жүртымен қоштасқанындай терең тебіреніспен, нәзік сезімді үнмен баяу сыңсиды. Бір сәт тынышталып, табиғат күйін тыңдаңызшы, ол ақын болып жырлайды, бұлбұл болып сайрайды, күйшілердей күй төгеді бір нәзік. Сен одан сұлулықтың тамаша тәкаппарлығын өз перзентінің туған өңір, өскен өлкеге, ата-анаға деген шексіз махаббатының қүдіретін сезінесің, одан бойыңа қуат аласың да, өмірге деген құштарлығың одан сайын арта түседі.
Егер сен табиғат ғаламатының сырлы үніне құлақ түрген әуесқой болсаң, онда алыстан қызықтырып, өзіне шақырған ақбас шыңды көгілдір тауларға — менің сүйетін Алтайыма саятта, кеудесін түйе шудалы бұйра бұлттар легі көмкерген заңғар таулардың басына шық, сол биіктерден айналаңа бір сәт көз жүгірт, арманды өлке — Алтаймен осылайша дидарлас.
Кең байтақ Қазақстанның шығысына — Алтайға саяхат мұнымен шектеліп қалмас, неге десеңіз, қарт Ертістің оң қапталында Холзун, Уба, Иванов, Қатын, Нарын, Күршім тау жоталары иық тіресе шоғырланып жатыр. Ал ұлы өзеннің сол жағалауында да бір қиыры Жоңғар қақпасына, Алакөл мен Балқанға дейінгі үлан-ғайыр алқапта Қалба, Сауыр, Сайқан, Тарбағатай, Шыңғыстау, Шұбартау сілемдері, шетсіз-шексіз сары далалы өңір кең көсілген. Бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы кора-қора қой өргізіп, үйір-үйір жылқы айдаған ежелгі атақонысы, кең жайлауы болған қасиетті Сарыарқа да осы өңірден басталады. Бұл байтақ аймақтың айдынынан үйрек-қаз. үзілмеген Зайсан, Марқакөл, Сібе, Дулығалы, Алакөлдей көлдері, адам қолымен дүниеге келген Ертіс, Бұқтырма, қоймалары, олардағы қуатты су-электр станциялары, Алтай аңы мен құсы, жануарлар дүниесі туралы әңгіме өзінше бөлек дүние.
Алтайда жомарт табиғат қазынасы қаншалықты қисапсыз мол болғанымен, ол шектеусіз де емес. Ғылым мен техника дамыған қазіргі заманда қоршаған табиғатпен жарасымды қатынас жасау, оған аялы қамқорлық ауадай қажет.
Кадірменді оқырман! Тағы бір сәт Алтай өңірінің тарихына да ой жүгіртіп көрелік. Бұл ғажап өлкенің таулы ормандары, сарқырап аққан өзендері, жайқалған құнарлы жайылымдары, жортқан аңы мен ұшқан құстары, жер қойнауындағы алтын, күміс, мыс, қалайы, мырыш, тағы басқа да қазба байлықтары адам баласын ежелден-ақ өзіне тартқан. Мұны алғашқы адамның мекен-жайлары, қола дәуіріндегі кен шығару орындары, тастарға салынған өрнек-бедерлері, тас суреттер мен таңба белгілері дәлелдеп отыр. Бұл кескіндер (Қалба, Шыңғыстау, Тарбағатай тауларында) ертеде аң аулап, мал баққан елдердің бейнелеу өнері мен алғашқы жазу түрлері (пиктограмма, идеограмма) туралы аса маңызды, құнды деректер береді. Жоғары Ертіс өңірінің кейбір жерлеріндегі, Сарыарқадағы, Шұбартаудың Арсалаң қойнауындағы, Тарбағатай, Қалба жоталарындағы тасқа қашалған тамаша кескінді бейнелер біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта осы өңірді мекендеген көшпелі тайпалардың тіршілігі, ұғымы, алғашқы жазу түрлері жөнінде жан-жақты хабардар етеді.
Қазақстанның Шығыс аймағы Алтайдың Түркі қағандығының байрақ көтерген мемлекеттігінің алғашқы орталығы болғаны тарихи дәлелденгені ақиқат. Бұл жер ежелгі ата-бабаламыздың көне мәдениетінің қасиетті бесігі де. Мүны Ертіс бойынан табылған руникалық ойма жазулар да растай түседі.
Казір Ленинградтағы (Санкт-Петербург) мемлекеттік Эрмитаждың ертедегі Шығыс бөлімінің көрмесінде тұрған гүлмен көмкерілген қола айнадағы руникалық жазудың да өзіндік сыры мол. Оны 1935 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамының экспедициясы облысымыздың Үржар ауданынан әкелген болатын. Бұл жазудың жұмбағын арада көп жылдар өткеннен кейін белгілі түркітанушы ғалым, филология ғылымының докторы, профессор жерлесіміз Алтай Сәрсенұлы Аманжолов «Ер азамат, шарап (ішу)- мезгілсіз өлу» деген қағида, үрпақтан-үрпаққа мирас болар өнерлі өсиет деп шешті. Көне жазу мәдениетінің үлгілері Шығыс Казақстан облысының Шемонаиха ауданынан, Ертістің оң жағалауындағы ескі қорымнан 1969 жылы, жартас жазулары Жарма ауданынан 1983 жылы, Марқакөл ауданынан 1985 жылы, сондай-ақ жазуы бар төртбұрышты тас мөр Күршім ауданынан

123
скачать работу

Қорықтар аймағы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ