Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қорықтар аймағы

табылған.
VІІІ-ХШ ғасырлар аралығында Ертістің жоғары сағасындағы кең алқапта Найман тайпаларының мемлекеті қалыптасты. Хандықта іс қағаздары жүргізілгені, құжаттар мөрмен бекітіліп отырылғаны белгілі. Бүкіл алемнің жартысын ат тұяғымен дүбірлете таптап өткен Шыңғысханның қаһарлы қолының бетін алғаш қайтарып, оларды Ертістің сол қапталындағы өңірге жібермей, 20 жыл бойы жолын бөгеген айбарлы күш иесі де Найман үлыстарының соңғы ханы Күшлік бүкіл ұлтымыздың мақтанышы емес пе?! Ұлы жиһангар жазу мәдениетін де наймандардан алғаны, «Монғолдың құпия шежіресі» сол Найман жазуы бойынша хатқа түсірілгені тарихи шындық. Қазақ халқының басына қисапсыз қайғы-қасірет әкелген Жоңғар шапқыншылығы, әсіресе, 1723 жылғы қырғын «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама» заманы деп аталып кеткені малім. Сол бір қиын — қыстау уақытта жат жұрттықтарға қарсы күресте халықтың басын құраған Абылай ханның қасынан Дарабоз, Ханбат атанған Қаракерей найман батыры Қабанбай да табыла білді. Ол керей Жәнібеқ бура Қонақбай, найман рулары Байжігіт Дәулетбай, Көкжарлы, Көкжал Барақ, Сарыжомарт Танаш, Терістаңбалы Жарылғап, Сати, Баян, Бура Кошқарбай, Тілес, Матай Бекжан сияқты батырлармен бас қосып, Калба жоталарын, Ертіс бойын, Тарбағатай жерін қалмақтан азат етіп, жауды Алтай тауларынан асыра қуып тастағаны белгілі. Тарбағатай бөктерінде, Шорға даласында жаумен шайқасқан 80 күндік Шорға шайқасы да, Аягөз маңындағы Ақшәулі ұрыстары да — бабалар ерлігінің ұмытылма үлгісі. Шетсіз-шексіз қазақ даласының бір қиырын алып жатқан Алтай өңірінің әр төбесі, әр тасы, әр қойнауы халық шежіресінің, халық тарихының үнсіз куәгері. Даланың Ромео мен Джульеттасы атанған Козы Көрпеш-Баян сұлу сияқты кіршіксіз махаббат иелері де осы жусанды дала төсінде өмір кешті. Қара күш пен зұлымдық атаулыға қарсы халықтың арманда өткен қыршын ғашықтарға арнап түрғызған ескерткіші еңселі бой көтеріп, Аягөз жағасында күні бүгінге дейін тұр. Қасіретті шерге толы Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек оқиғалары да осы Шыңғыстау бөктерінде болған. Атамекенін, ел-жүртын жанындай сүйген, халқы үшін асыл жанын пида еткен батырларын бұл өңірде мәңгілік есте сақтап, ерліктерін дәріптеген, аңыз-әңгімелер мен дастаңдарында мадақтап жырлаған. Сондай ғажап, әдемі аңыздардың бірі — Толағай батыр туралы әңгімелер. Шорға дала-сының қиыр шығысында, Зайсан көлінің күнгей бетінде Маңырақ, Тарбағатай жоталарымен иық тіресе өр кеуделі Толағай тауы жатыр. Халық аңызына жүгінсек, бұл өңірді қадім замандарда бүкіл аймақты күйзелткен қуаңшылық жайлап, алты ай жазда аспанына тоқымдай бұлт үйірілмепті, бір тамшы жаңбыр жаумай, мал-жан адам айтқысыз шөлден қырыла бастапты. Бұл қасіреттен құтылу айласын ешкім таба алмапты. Сол кезде Карамерген аңшының Толағай деген алып баласы асқарлары аспанмен таласқан Алтай тауларына барып, оның үлкен бөлігін орман-тауы, өзен — көлі мен бөктерін жайлаған аң-құсымен қоса арқасына кетеріп алып, Шорға даласына таяп қалған сәтте тау кетеріп шаршаған алыптың аяғы тайып құлап, өзін тау басып қалыпты, содан бері жыл сайын бұл жерден жаңбыр үзілмейтін болыпты, таудың Толағай аталуы содан екен дейді халық аңызы.
Алтай өңірі халықтарының бай рухани мәдени ерісінің айғағы ретінде қаһарлы жиһангер Шыңғысханның замандасы, ұлы бабамыз Кетбұға абыздың «Ақсақ құланы», найманның Каракерей, Төртуыл, Садыр, Матай сияқты іргелі тайпаларының төл атасы Телегетайдың күйлері, сондай-ақ халық зердесінде сақталған «Балжіңгер», «Бозайғыр» күйлері ғасырлар қойнауларынан бүгінге дейін жетіп отыр.
Ертіс бойын үзына жайлаған Семей, Өскемен аймағы — аттары алемге жайылған асыл азаматтарымен де даңқы шыққан қасиетті мекен. Бұл даланың боз жусанды алқабында бір кезде Сібірде айдауда жүрген поляк революционері Адольф Янушкевич, халқымыздың даңқын әлемге жайған Шоқан Уалихановтың мұраттас достары П. Н. Потанин, Ф. М. Достоевский, белгілі орыс ғалымдары В.-А. Обручев, П. П. Семенов-Тянь-Шанский, А. Н. Белослюдцев болып, даланың ақжарқын қонақжай халқына терең ризашылығын білдірген. Бұл — ұлы Абайдай кемеңгер ойшылды, оның інісі атақты ақын Шәкәрім Құдайбердіұлын, «Абай жолы» эпопеясымен аты бүкіл әлемге мәшһүр болған ұлы қаламгер Мүхтар Әуезовты, Алашорда партиясының басшылары Әлихан Бөкейхановты, Райымжан Мәрсековты дүниеге әкелген жер.
Бір сөзбен айтқанда, бұл өлке — егеменділікке бет алған Қазақстан Республикасының өзіндік экономикалық, әлеуметтіқ мәдени даму тарихы бар ежелден белгілі ірі аймақтарының бірі. Мұнда әрбір қаламен, аудан орталығымен қолайлы байланыс, су, әуе жолдары, асфальтталған тас жолдар, темір жолдар жүйесі жолға қойылған. Емдік қасиеті бар, суы шипалы Рахман қайнары, Барлық Арасан, Уба, Лениногор сияқты санаторий-курорттары, демалыс үйлері бар. Жетпістен астам ұлт өкілдерінен тұратын жергілікті халық, ризықты еңбегімен, сыйласты тұрмысымен 2030 жылдың «Азия барысына» үміттене қарай өмір сүріп жатыр.

Табиғат кербездігін жиып тұрған,
Мол байлық өн бойына сыйып тұрған,
Алтайым, шын бақыттың мекенісің,
Әр күнің шежірелі күй ұқтырған.
деп жырлайды ақын жүрегі.

Қымбатты оқырман, сен де осы түрлі-түсті фотосуреттермен көркем бе-зендірілген кітап-альбомды қолыңа ұстай отырып, кербез Алтай ғажайыпта-рын тамашала, одан бойыңа нәзік сезім, өршіл қуат ал, олардың қайталанбас сұлулық құдіретін жан сарайыңа сақтай біл!

123
скачать работу

Қорықтар аймағы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ