Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қошке Кемеңгерұлы



 Другие рефераты
Құнанбайұлы Абай (1845-1904) Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858- 1931) Қожа Ахмет Яссауи Қасым Аманжолов (1911-1955)

Білім мен білікке ұмтылған Қошке Кемеңгерұлының тағдыр-талайы зиялыларымыздың жарқын ғұмырымен қат-қабат байланысып жатыр. Ол 1915 жылдан бастап 1930 жылға дейін үзіліссіз ұлт әдебиетіне, драматургиясына, журналистикасына, ғылымына айрықша үлес қосты. Осы уақыт аралығында Қошке өз қатарластарымен бірге отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске қатысты. Оның сан салалы ізденіске толы ұлтты дамыту жолындағы қызметін 30-жылдары басталған Кеңес өкіметінің репрессия науқаны үзді.

Қошке Кемеңгерұлы 1896 жылы 15 шілдеде  сол кездегі территориялық бөлініс бойынша Ақмола облысы, Омбы уезінің Қаржас ауылында дүниеге келді. Ата-бабасы мұнда Баянауылдың Сарытауынан қоныс аударған болатын. Деректерге қарағанда, Шорман би “Омбыға барғанда тамақ ішетін, намаз оқитын жерім жоқ” деп, баласы Мұса оқыған кадет корпусы көрінетін Ертістің сол жақ бетінен 250 сомға жер сатып алып, сол жерге 1849 жылы сенімді ағайыны Атанұлы Кемең­герге, өзіне арнайы үй салдырып,  қызметшілері үшін тұрғын жай, малы үшін қора-қопсы тұрғызады.

Кемеңгер Дүйсенбай, Дүйсебай есімді екі ұл сүйген. Дүйсебайдан тарайтын Қош­мұхамбет есейе келе қалам ұстағанда, жазғандарына “Қошке Кемеңгерұлы” деп қол қояды. Ата атын қадірлеу – қазаққа етене тән дәстүр. Сондықтан ХХ ғасыр басында “ұлы” деген қосымша бүгінде біз арыла алмай жүрген орыстың  “ов” жалғауының орнында қолданылған.

Діндар Дүйсебай ерте жастан хақ жолына түсіп, бойдақ күнінде-ақ Меккеге барып келіп, қажы атанады. Осы қасиетті Меккеге барарда ол Атығайдың беделді мырзасы Қартабаймен сапарлас болады. Жас Дүйсебайды Қартабай қатты ұнатып, елге келгенде оған Жәмила есімді қызын өз қолымен ұзатады. Сонымен болашақ қаламгер көзі ашық, ауқатты, берекелі отбасында туып, жан-жақты тәрбие алды.

Қисықтағы Қаржаста Белгібай молдадан оқыған Қошкені әкесі Омбы приход школына береді (Бұл кезде мұсылманша оқу орны – мектеп, медресе, орысша оқу орны – школа, училище аталған). Алғаш христиан дініне тарту үшін ашылған приход школдары мұсылмандардың ниетін аңғарғаннан кейін олардың балаларын “Божий Закон” сабағынан босатқан-ды. Жас Қошке осы школдан орыс тілін, басқа да пәндердің негіздерін үйреніп шығады.

Мұнан кейін Қошке Омбының ветеринарлық-фельдшерлік школына түседі. Арнаулы оқу орны болғандықтан мұнда ол зоотехника, медицина негіздері бойынша сабақ алады. 1913 жылы аталған школдың 2-класын бітіргенде, Омбы ауылшаруашылық училищесіне түсуге аңсары ауады. Осы жылы аталған білім ордасына Қошкемен бірге Ахмет Әбдірахымұлы, Смағұл Қазыбекұлы, Мұхтар Саматұлы сынды шәкірттер де түседі. Бұлардан бір жыл бұрын училищеге Сүлембек Байжанұлы, Бірмұхамед Айбасұлы, Асфандияр Шорманұлы секілді қазақ балалары қабылданған екен. 1916 жылы бұл оқуға Смағұл Садуақасұлы түседі.

Қошке бастаған Омбы шаһарындағы оқуға ұмтылған шәкірттер Алаш жастарының бір жерге ұйысып, топтасуына мұрындық болған тәрізді. 1915 жылы Омбыда “Бірлік” атты қазақ жастары ұйымының құрылғандығы, оның  1916-1918 жылдары шыққан “Балапан” атты қолжазба журналына Қ.Кемеңгерұлының редакторлық жасағандығы бұл ойымызды шегелей түседі. Қошкенің халыққа танылуына себепші “Айқапта” 1915 жылы шыққан бірнеше өлеңі  мен осы “Бірлік” пен  “Балапандағы” қызметі еді.

Бір кездері Ресей империясының аумағын кеңейте беру үшін қазақ жеріне сұғына салынған Омбы өз заңдылығымен өркендегені мәлім. Жалпы Омбыда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Алаш оқығандарының екі толқыны саясат һәм руханият әлеміне қанат қақты.

1917-1918 жылдардағы саяси оқиғалар тұсында Қошке сергелдеңге түскен халық пен оқығандардың ішінде жүрді. Бұл кезде заман қатал, саясат құбылмалы еді. Осыған қарамай Алаш зиялылары сеңдей соғылысқан жұрттың арасынан бөлінбей, мәмілегерлік жолын іздеді. 1917 жылы сәуірде Қошмұхамбет Кемеңгерұлы Дінше Әділұлын ертіп, Ақмола облыстық қазақ комитеті атынан (Омбыдан) Ақмола қаласына келіп, уездік қазақ комитетін ашады. Оның төрағасы болып Сәкен Сейфоллаұлы тағайындалады. Қазақ комитетін құрушылар Ақмола шаһарында бірде медреседе, бірде қала басқармасының үйінде жиналып, аласапыран заманның қиындығынан халықты қалай аман сақтап қалу жолын ақылдасады.

Қошке Ақмолада Сәкен ұйытқы болған  “Жас қазақ” ұйымының жұмысына да қатысады. Бірақ облыстық қазақ комитеті мен уездік қазақ комитеті арасындағы кейбір маңызды мәселелер бойынша туған келіспеушіліктен соң және “Жас қазақ” басшылары Алаш Ордадан бойын аулақ салғаннан кейін 1917 жылы тамызда Қошке Омбыға қайтады. Сол жылы күз, қыс айларында Қ.Кемеңгерұлы  Ақмола облыстық Алаш партиясы комитетін ашуға күш-жігер жұмсайды. Сөйтіп, өзі сол комитеттің мүшесі болады. Желтоқсанның 5-13 арасында Орынборда әйгілі Алаш Орда үкіметін жариялайтын ІІ жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысады. Жас тұрғысынан жиырмадан енді асқан ол күрестен де, ізденістен де шет қалмады.

1915-1916 жылдары Омбыдағы қазақ жастары сол жағалаудағы Қаржаста жасырын жиналатын болса, 17-жылғы өзгерістен соң  қала ішінде ашық мәжіліс құрды. Алғашқы бас қосулардың нәтижесі – 1918-1919 жылдары Алаш Ордаға қалтқысыз жәрдем берген, ел бірлігі мәселесінде біршама тиянақты жұмыс жасаған “Жас азамат” ұйымы мен газеті еді. Қошке осы ұйымның алқасына кірді, оның Қызылжар қаласында шығып тұрған үні – “Жас азамат” газетіне редактор болды. “Қазақ”, “Сарыарқа”, “Абай” сынды ұлттық басылымдардың ізбасары іспеттес “Жас азамат” бетінде алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған мақалалар нөмір құрғатпай шығып тұрды. Бұл газет большевиктердің имансыз әрекеттерін елге жария қылды. Сондай-ақ қиын кезде жастарды ауызбірлікке шақырды.

1919 жылы Қошке Омбы политехника институтына оқуға түседі. Мұнда ол бірінші курсты ғана оқиды. 1920 жылы Ақмола облысына (орталығы – Омбы) қарайтын Петропавл (Қызылжар) уезіне мұғалімдікке шақырылады. Мұнда ол жаңадан құрылған, аты заманына сай “Қызыл мұғалімдер курсында” оқытушы ретінде дәріс оқи бастайды. Бұл шақта мұнда Мағжан да сабақ беретін. Осы оқуды тәмамдаған, кейін Омбыдағы қазақ педучилищесінің директоры болған Жүнісбек Жанғонақов естелігінде: “Курста 200 мұғалім оқыды. Қошмұхамбет жаратылыс пәнінен сабақ берді. Ол кісі әдебиет мәселесімен де шұғылданып жүретін еді. Қайсы уақытта өзінің жазған әңгіме, пьесаларын қолжазбасынан оқитын”, —  деп жазады.

Қызылжар қаласында Қошкенің драматургтік қабілеті де ұштала түсті. Осыған дейін  “Әулие тәуіп” секілді пьесасын сахналатып үлгерген Қ.Кемеңгерұлы енді бұл саладағы шығармаларының тақырыбын кеңейтті. Оның қаламынан 1919-1920 жылы “Қасқырлар мен қойлар”, “Бостандық жемісі” атты қос пьеса дүниеге келді. Бұл екеуі де Қызылжардағы қалалық бақтың сахнасында қойылды. Ж.Жанғонақов 1916 жыл оқиғасы туралы “Қасқырлар мен қойлар” пьесасында өзі – урядник рөлін, ал кейін жазушы болған Сәбит Мұқанов – болыстың шабарманы рөлін ойнағанын айтады.

1920 жылы 7 желтоқсанда Қазақстанның Сібір ревкомындағы өкілеттігі Сібір ауылшаруашылық және өндіріс институтының басшылығына Қ.Кемеңгерұлы мен М.Сейітұлын ветеринария факультетінің медицина бөліміне курстан тыс қабыл­дауын өтініп, арнайы хат жолдайды. Қошке осында оқып жүргенде аталған институт аты “Батыс Сібір мемлекеттік медицина институты” болып өзгереді. Бұл уақыттағы мекені туралы қаламгер: “Әке-шешем Омбы уезі, Теке болысы, Қисық жайлауындағы №9 ауылда тұрады. Менің қазіргі мекен-жайым: Омбы қаласы,  2-линия, 68-үй”, —  деп жазады.

1923 жылы институт анкетасына қайтарған жауабында Қошке “Бостандық туы” газетінің қызметкері болғанын айтады. Дерек көздері “Бостандық туы” – Омбыда шығып тұрған “Кедей сөзі” газеті жабылғаннан кейін, 1921 жылы 19 наурыздан бастап жарық көргеніне куәлік береді. Бұл газеттің Омбыда 5-6 саны ғана шыққан. 1921 жылдың ортасында Ақмола облысы Қазақстанға қарағаннан кейін газет Қызылжарға көшірілген. Олай болса, қаламгер Омбыдан газетке тілші есебінде қатынасқан.

1923 жылдың көктемінде Қ.Кемеңгерұлының жеке өмірінде үлкен оқиға болады: ол профессор Зарницынның жетекшілігімен Қызылжар жерінде халыққа ем-дом көрсетіп жүргенде Мұхамеджанқызы Зурамен көңіл қосып, шаңырақ көтереді. Бұл кезде Қошке студент-практикант еді. Тағдырдың жазғанына не шара, 1924 жылы наурызда Зура бала үстінде дүниеден озады. Осынау трагедия Қошкені есеңгіретіп тастайды.

Қ.Кемеңгерұлы ІІІ курсты тәмамдағаннан кейін 1924 жылдың 21 тамызында Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетіне ауысуға өтініш береді. Сол жылы ол Түркістан Республикасының орталығы Ташкентке кетеді. Мұрағатта мынандай мазмұнда жеделхат тіркелген: “Ташкент. “Ақ жол” газеті редакциясына. Қ.Кемеңгерұлына. Ол ІV курстың дәрісін түгел тыңдады. Омбы. Омбы көшесі, 26-үй. Соколова”. Бұл деректен Қошкенің Ташкентте “Ақ жол” төңірегіне тұрақтағаны байқалады.

Қ.Кемеңгерұлы Ташкентке не үшін кетті? Ол мұнда ұлтқа қызмет ету үшін көшті. 20-жылдары зиялылардың көбі негізінен Ташкентке орнықты. Мұндағы саясат райы салыстырмалы түрде Орынбордан тәуір еді. Түркістанда өкімет басындағылардың ескі оқығандарға ықыласы бөлек болды. Х.Досмұхамедұлы 1922 жылы құрған  “Талап” қауымына елшіл азаматтар топтасқан еді. Бұл шақта мұнда Алаш арыстары  баспасөз, оқу-ағарту салаларында қызмет жасайтын. Қ.Кемеңгерұлы бір кездері қайраткер Т.Рысқұлұлы көтерген Түркістан конфедерациясы идеясына сенді.

Қошке отбасының Ташкенттегі жылдары хақында осы қалада туған перзенті Нарманбет былайша баян етеді: “Анамыз айтатын: “Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы әкелеріңмен әңгімелес

12
скачать работу


 Другие рефераты
Дәстүрлі ән өнері
История развития банковского дела в России
Особенности религиозного сознания
Крымская война 1853-1856 г.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ