Құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымы
Другие рефераты
«Инфрақұрылым» термині – экономикалық жүйе негізі, фундаменті, ішкі құрылымын білдіреді. Осыған сәйкес, біз «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына» келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздардың инфрақұрылымы – бұл бағалы қағаздарды шығаратын, сататын және сатып алатын субъектілер арасындағы қатынастарда қызмет атқаратын қатысушылар жиынтығы. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары әр мемлекетте әр түрлі жиынтықтардан тұрады. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын кәсіби қатысушылар және сауданы ұйымдастырушылар ретінде қарастырмыз.
Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы – мәмілелерді жасау мен орындау үшін қолданатын және әртүрлі техникалық шараларда, институттарда, нормалар мен шарттарда материалданған технологиялар жиынтығы.
Инфрақұрылымның дамуы нарықтың дамуы мен, сауда көлемінің өсімімен қатарлас жүреді. Мәмілелер санының аз болған жағдайда және нарықтың айналымы де аз болса, инфрақұрылымды ұстау өте қымбатқа түседі, сондықтан да ол өте төмен деңгейде орналасады.
Басқа елдердің бағалы қағаздар нарығының даму тарихы, нарықтың барлық қатысушыларына тәуекелді және олардың көлемін өздері мойындап, өзінің тәуекелдерін басқа біреуге жүктеуге мүмкіндік бермеуді көрсетеді. Тиімді бағалы қағаздар нарығын құру үшін, сауда кезінде қатысушылар белгілі бір тәуекелдер түрлерінен босатылатын құрылымдарды құру керек. Осы тәуекелдерді инфрақұрылым өз мойнына алуы тиіс, сол үшін де оны ұстау маңызды болады.
Инфрақұрылымның не бір сегментінің ұйымдастырылуы нарықтың дамығанына, сауда көлеміне, қатысушылардың және инструменттердің сипатына тәуелді болады. Алайда, екі негізгі топқа жатқызылатын инфрақұрылымның кейбір жалпылама түрлері де болады:
-
бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдерді басқару
-
операцияларды өткізу бойынша меншікті құнын төмендету.
Тәуекелдерді басқарудағы инфрақұрылымның қызметі келесідей:
-
әртүрлі тәуекелдер түрлерін бір-ьірінен ажыратып, белгіле бір тәуекелдерді оған аударуға мүмкіндік беру
-
тәуекелді тарату бойынша жауапты адамды анықтау
-
қатысушылармен келтірілген шығындар бойынша жауапкершілікті жүзеге асыру
Тәуекелдерді басқарудағы қолданылатын механизмдерді келесідей бөлуге болады:
-
әкімшілік, ұйымдастырушылық құрылымына әсер етеді
-
технологиялық, қолданылатын технологияны бақылайды
-
қаржылық, қаржы басқарудағы ерекше тәсілдерін қосқанда
-
ақпараттық, нарықтағы және одан тыс ақпарат ағындарын басқару
-
заңды, тәуекел туған жағдайда заңды қорғанысты қамтамассыз етеді.
Тиімді тәуекелді басқару жүйесін құру үшін, бірдей әкімшілік,
технологиялық және қаржылай шешімдері тиісті заңды құжаттар негізінде қабылдануы керек.
Операциялардың меншікті құнының төмендеуі мынылырдың арқасында жетеді:
-
операцияларды және құжаттарды стандарттау
-
мамандандырылған құрылымдардағы операцияларының шоғырландырылуы
-
жаңа технологияларды қолдану (мысалы: ақпараттық)
Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымның жеке жүйелерінің
функциясын түсіну үшін, мәмілелерді іске асыру кезінде оның жеке кезеңдері стандартталып, кәсіпкерліктің дербес салаларына мүшеленгенін қадағалау болып табылады.
Мәміле және оның инфрақұрылым элементтерінен өтуі
Шарт: «А» инвесторы бағалы қағаздарды иеленеді және оларды сатқысы келеді, ал «В» потенциалды инвесторы бос ақша қаражаттарға ие және оларды құнды қағаздарға салуды жоспралайды. Бағалы қағаздарды сату процессінде келесі шарттар орындалу қажет:
-
«В» инвесторы қандай бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешім қабылдау керек
-
«А» және «В» кездесу керек (физикалық түрде міндетті емес)
-
«А» және «В» мәміленің негізгі шарттарын ескерту қажет:
-
мәміле бағасы
-
жабдықтау және төлеу шарттары,
-
мәміленің орындалу мерзімі,
-
мәмілені орындау бойынша кепілдік және жақтардың жауапкершіліктері.
-
Сауда-саттық шарты жасалуы тиіс.
-
Мәміле орындалу қажет, яғни келесілер орындалу қажет:
-
«В» жағынан бағалы қағаздар үшін төлем төленуі тиіс,
-
«А»-дан бағалы қағаздар берілуі тиіс,
-
«А» берген бағалы қағаздардың түпнұсқалылығы, ал «В» — ның төлеген ақша қаражаты тексерілуі тиіс,
-
бағалы қағаздарды иелену құқығының ауысуы туралы құжаттардың рәсімделуі.
-
Көптеген жағдайларда үшінші жақ хабарландырылу қажет – бағалы қғаздардың эмитенті немесе Ұлттық Банк.
Осы әрекеттер жүзеге асу үшін келесі жүйелер құрылу қажет:
-
Ақпаратты ашу жүйесі – «В» барлық бағалы қағаздар туралы ақпаратты және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін білу қажет. Бұл ақпаратта біріншіден эмитенттер туралы мәліметтер болуы тиіс, сонымен бірге нарықтың жағдайы (мысалы: бағалы қағаздардың өтімділігі) да айқындалуы жөн. Осы ақпаратты қол жетімді етіп жасау үшін, эмитенттер және бағалы қағаздар нарығының жағдайы туралы ақпаратты ашу жүйесін ұйымдастыру қажет.
-
Сауда жүйесі — «А» және «В» кездесу үшін, олар бір бірін табу керек. Сонымен қатар, олар мәміле бойынша потенциалды серіктестің сенімділігін білгісі келеді. Бұл қызметті делдалдар-брокерлер өздеріне жүктейді. Өз кезегінде брокерлар бір-бірін сауда жүйесінде табады. Бірінші болып осындай жүйелер қор биржалары шықты. Бастапқыда қор биржалардың рөлі – бағалы қағаздар нарығындағы кәсіпкерлі делдалдарды бір-бірімен кездестіру болды. Бұдан былай олар өздеріне бірнеше қызметтерді алды. Биржада сауданы ұйымдастырудың ережесі құнды қағаздардың бағасын анықтаудың белгілі механизмін қарастырады. Сонымен бірге биржада сауда-саттық келісім-шарттары да қатаң стандартталған, оларда алдын ала қатысушылардың аттары мен бағадан басқа мәміленің барлық шарттары жазылған. Әдетте, биржалық мәмілелер бағалы қағаздардың стандартты санына жасалынады, оларды лот деп атайды. Бағалы қағаздарды жеткізу және мерзімдері мен төлемдер де қатаң сақталынады.
-
Мүлік құқығын тіркеу жүйесі – саудаға қатысушылардың тәуекелдерін төмендету үшін, биржа өзіне елеулі бөлігін алуға мүмкіндік беретін арнайы шаралар қолданылады. Осылай, көптеген биржалар бағалы қағаздарды саудаға шығарудың алдында сатылатын қағаздарды сақтауға, яғни Депозитарийға беруді талап етеді. Ол сатылатын бағалы қағаздардың болуын және түпнұсқалылығы туралы кепілдік береді.
-
Клиринг жүйесі – биржада үлкен айналым болған жағдайда, стандартталған болса да әрбір, мәмілені қадағалау өте әурелі және қыбмат жұмыс болады. Оны жүзеге асыру үшін клиринг деп аталатын жүейні енгізеді, оның мақсаты биржада жасалған барлық мәмілелердің дұрыс жасалғанын қадағалау болып табылады. Клиринг палатасының міндеті болып осы жүйеде орындалған барлық мәмілелердің параметрлерін анықтау және растау, ал кей кезде қорытындыларды шығару.
-
Төлем жүйесі – сауда мәмілелерімен сабақтас ақшалай операцияларды қамтамасыз ету үшін қолданылатын банк жүйесінің бөлігі. Әдеттегідей, барлық саудаға қатысушылар биржа мен клиринг жүйесімен сабақтас банкте есеп шотын ашады. Алайда, саудаға қатысушылар кейде банкаралық корреспонденттік шоттарды пайдаланады. Бұл жүйенің тиімділігі аз және дамымаған сауда жүйелерінде қолданады.
2005-2008 жылдар аралығындағы кәсіби қатысушылар санының серпінін 16-шы суреттен көруге болады. Кәсіби қатысушылардың ішінен брокер-дилерлік лицензияны алу сұранысы жоғары екенін атап өтуге болады. Оның даму серпіні жыл сайын өсуде. Бұған себеп ретінде – ҚР бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлар қаражаттарының көбеюі қарастырылады.
Қарастырылған кезеңдерде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімінің жүйесін жүргізу ұйымдар санының біршама төмендегенін көреміз. 2005-2006 жылдар аралығында тіркеушілердің саны – 18 болса, келесі жылдары серпіні төмендеп отыр – 2007 жылы 11%-ға, 2008 жылы (базистік жылмен салыстырғанда) 5% төмендеп отыр. Аталған қатысушылар санының төмендеуі уәкілетті органның талаптарына сай болмауы себеп болып отыр.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|