Құрылыс теориясының негіздері
Другие рефераты
А.М. Бутлеровтің химиялық құрылыс теориясының негізгі түсініктері
1. Молекуладағы атомдар бір бірімен белгілі бір тәртіппен валенттіліктеріне байланысты жалғасқан. Молекуладағы атомдар арасындағы байланыстардың тәртібі – химиялық құрылыс деп аталады, және де бір структуралық формуламен белгіленеді (құрылыс формуласымен).
2. Химиялық құрылысты химиялық әдістермен құрауға болады(Қазіргі уақытта дамыған физикалық әдістер де қолданылады).
3. Заттардың қасиеттері олардың құрылысынана тікелей тәуелді.
4. Берілген заттың қасиеттері бойынша оның молекуласының құрылысын анықтауға болады, ал құрылысы бойынша қасиеттерін болжауға болады.
5. Молекуладағы атомдар мен атомдар топтары бір біріне өзара әсер етеді.
Бутлеровтің теориясы органикалық химияның ғылыми фундаменті болды және оның шапшаң дамуына үлесін қосты. Теорияның негізіне сүйене отырып, А.М. Бутлеров изомерия құбылысына анықтама берді, көптеген әр түрлі изомерлердің бар екенін болжады және ең алғаш солардың кейбіреуін алды.
Құрылыс теориясының дамуына Кекуле, Кольбе, Купер және Вант-Гофф еңбектері көмектесті. Бірақ олардың теориялық салдары жалпы сипаттама берген жоқ, негізі эксперименттік материалды түсіндіру мақсаты ретінде қызмет етті.
Құрылым формулалары
Құрылым формулалары (құрылымдық формула) молекуладағы атомдардың байланысу тәртібін көрсетеді, яғни оның химиялық құрылысын. Құрылымдық формулалардағы химиялық байланыстар сызықшалармен белгіленеді. Сутегі атомы мен басқа атомдардың арасындағы байланыс әдетте көрсетілмейді (ондай формулаларды қысқартылған құрылымдық формулаар деп аталады).
| | скачать работу |
Другие рефераты
|