Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Химиялық байланыс



 Другие рефераты
Органикалық реакциялардың классификациясы Ковалентті байланыстың табиғаты Құрылыс теориясының негіздері Органикалық химияның мәні

Электровалетті немесе иондық (гетерополярлы) байланыс

        Иондық байланыс валенттік электрондарды қосып алу ннемесе беріп жіберу мүмкіншіліктерінде аса көп айырмшылық бар атомдар арасында пайда болады,нәтижесінде атомдар қарама-қарсы зарядталған иондарға айналады.Екі қарама-қарсы зарядталған иондар арасында, электроваленттік ,иондық байланыстың тузіліуінесебеп болатын электростатикалық әрекеттесу пайда болады. Мысалы, хлор мен натрий арасындағы реакция нетижесінде жеті валентгі электроны бар хлор натрийдің жалғыз валенттік элекгронын тартып алып теріс зарядты хлор ионына айналады. Электронын жоғалтқан натрий атомы оң зарядты ионға айналады.

Хлор атомы, бір электронды қосып алып,инертті газ-аргондікі сияқты сегіз электрондық сыртқы қабатка ие болады. Натрий атомы, бір электронын жоғалтқаннан кейін, неонның сырткы электрондық қабатындағы сияқты тұрақты сегіз электрондық қабат жалаңашталады.

Иондық байланыстар, көбінесе, минералдық заттарға тән,олар тез бұзылады,мысалы электролиттік диссоциация кезінде және осы байланыс орынынан молекула иондарға ыдырайды.

Коваленттік (гомеополярлы) байланыс

Ковалентті байланыс бірдей атомдар арасында немесе электрон тарткыштық мәндері жақын атомдар арасында тузіледі. Мүндай байланыс көптеген органикалық және бейорганикалық қосылыстарға тән, мысалы:

Н2, СІ2 ,N2, О2 және т.б.

Бұл   жағдайда   да   атомдар   бірігіп,инерттік   газдардың   сырткы қабатындағьдай тұрақты электрондық кабатқа ие болады, бірак бұл атомның сыртқы қабатындағы дара электрондары жұптасу арқылы валенттік қабатты толтырумен жүзеге асады. Хлор молекуласының түзілуін төмендегі түрде көрсетуге болады.

Әрбір хлор атомында жеті валенттік электроны бар,ал хлор молекуласы тузілгенде,олардың әркайсысы тұракты сегіз электрондық кабатқа ие болады,себебі әр кайсысының сыртындағы бір дара электроны қосылып,ортақ электрон жұбын түзеді.Бүл жұп бір мезгілде екі атомға да ортақ болады, өйткені олардың әр кайсысының сыртқы кабатына кіреді,сөйтіп осы атомдардың байланысын жүзеге асырады.

Коваленттік химиялық байланыстың түзілуін кванттық теория тұрғысы былай түсіндіреді. Қарама-карсы спинді екі электрон бұлты жақындасқанда,олардың электрон бұлттары бір-біріне тартылып,кабысады немесе бүркеседі.Атомдық орбитальда бір атомның ядросын айналып жүрген электрон бүлттары қабысқаннан кейін ортақ молекулалық орбиталь түзеді.Кеңістікте атомдар ядроларының арасында теріс зарядтардың тығыздығы жоғары аймақ түзіледі,ол оң зарядты ядроларды тартып алуды жақсартады. Жүйенің жалпы энергиясы кеміп,химиялық байланыс түзіледі.

Коваленттік байланыстар иондық байланыстардан мықтырақ және электролит еместерге тән. Байланыстың ерекшелігі оның бағытталғыштығы мен полярлануы.

Координациялық байланыс

        Бұл байланыс бір ғана атомға тиісті электрон жұбын екі атомға ортақтастыру арқылы  түзілген коваленттік байланыс.Мысалы:аммиактың қышқылмен әрекеттесуі кезінде кышқыл протонының аммиак молекуласына байланысуы тек қана азот атомындағы бөлінбеген электрон жұбы арқылы жүреді.

Түзілген аммоний ионында төрт коваленттік байланыс әрқалай түзілгенмен, бірдей болады.Алғашқы үшеуі жоғарғыда қарастырылғандай түзілетін коваленттік байланыстар,ал төртінші жұп тек азот атомынікі. Осы соңғы коваленттік байланыс координациялық немесе донарлы-акцепторлы   деп аталады (Қарастырылып отырған мысалда азот атомы электрон-донар,ал азотқа байланысатын протон —акцептор).

Бөлінбеген электрон жұбы бар кез-келген атом электрон донор бола алады.Оларға,мысалы,О,S,Р,СІ және т.б жатады. Координациялық байланыстар комплексті қослыстарға ерекше тән. Олар жай ковалентті байланыстардан тұрақсыз,сондықтан,мысалы аммоний ионы сутек ионын бөліп жіберіп тез диссоциаланады да аммиакқа айналады.

Координациялық байланыстардың бір түрі - семиполярлы байланыс. Мұндай байланыс бор фтор үш пен аммиак әрекеттескенде түзіледі.

Пайда болған қосылыста коваленттік координациялық байланыс аммиактағы азот атомының электрон жұбының арқасында түзіледі.

Сөйтіп, семиполярлы (жартылай полярлы) байланыс ковалентті жөне электровалентгі байланыстардың қосындысы немесе өте күшті полярланған коваленттік байланыс болып табылады.

скачать работу


 Другие рефераты
Клещи
Ямайка
Қазіргі кездегі салық кодексіндегі өзгерістерді талдау
Социально-экономические и культурные права граждан


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ