Органикалық қосылыстар
Другие рефераты
Қосылыстардың органикалық және бейорганикалық болып бөліну критерииі ретінде олардың элементтік құрамы алынады.
Органикалық қосылыстарға құрамында көміртегісі бар химиялық заттар жатады.
Органикалық қосылыстар бейорганикалық қосылыстардан бірнеше ерекшеліктермен айырылады:
-
көбінде барлық органикалық қосылыстар жанады немесе тотықтырғыштармен қыздырғанда СО2 бөліп, оңай ыдырайды (бұл белгіге қарап зерттелетін заттың органикалық қосылысқа жататындығын анықтауға болады);
-
органикаық қосылыстардың молекулаларында көміртегі Периодтық жүйедегі кез келген элементпен байланыса алады;
-
органикалық молекулаларда тізбекпен жалғанған көміртегі атомдарының тәртібі сақталады (ашық немесе тұйық);
-
көптеген органикалық қосылыстардың молекулалары тұрақты иондарға диссоцияланбайды;
-
органикалық қосылыстардың реакциялары өте баяу жүреді және де көбінесе аяғына дейін жүрмейді;
-
органикалық қосылыстардың ішінде изомерия құбылысы кеңінен тараған;
-
органикалық заттардың фазалық ауысуы өте төмен температурада жүреді (т.қайн., т.балқ.).
| | скачать работу |
Другие рефераты
|