Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құстар класы



 Другие рефераты
Мәдени өсімдіктер Қыналар Көпжасушалылардың тарихи дамуы Қосжарнақтылар класы

ҚҰСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ТIРШIЛIК ПРОЦЕСТЕРI

Құстар ашық кеңiстiктерде тiршiлiк еткен, жүгiретiн ата-тектерден шықты. Бiрақ жүгiретiн жануарға қағып ұшуға алып келетiн қимылдардың қажетi не?

Кейбiр  зеттеушiлер бұны секiретiн  және ұшатын насекомдарды аулауға қажеттiлiк -  алдыңғы аяқтардың сермеу қимылдары, рептилияларға шөптердiң  арасынан жемтiгiн үркiту үшiн керек, деп түсiндiредi. Басқалары, ойлы-қырлы жерлерде жүгiруде өсе бастаған  қанаттардың  ұтымдылығын қарастыруда. Ресей палеонтологы Сергей Михайлович Курзанов құрылысы ерекшелiктерi мұндай мүмкiндiктi растайтын өзiндiк рептилия – авиаминаны сипаттаған.

Қазiр ең тараған теория: құстардың ата-тектерi  кейiнен ағаш кезеңiнен өткен, екi аяқты жүгiретiн жануарлар болған.

Ұшу қабiлетiне құстардан басқа, әуеге бiрiншi болып көтерiлген насекомдар да ие және құстардан бұрын атмосфераға сәттi шыққандар көне-рептилиялар — жарғақты қанаттары бар  птерозаврлар. Бiрақ құстардың самғауы — ең жетiлгенi. Бекерге айтпайды құс-самғау үшiн жаралған.

Құстардың керемет ұшушылар болуына мүмкiндiк беретiн бiрiншiден, бұл  кластың басты ерекшелiгi-қауырсындары. Қауырсындары құстар  ататектерi – рептилиялардың денесiн қаптаған қабыршықтарды алмастырады.

Жеңiл, берiк денеге бекiтiлген қауырсын жабыны — әуеде таптырмас тiрек болып табылады. Бұл жабын дененiң жылуын сақтап, қоршаған ортамен жылу алмасуын реттейдi: аязда қауырсындарын жайып тон кигендей болады, ал ыстықта болса оларын денесiне басып жеңiл камзолға ауыстырады.

Құстың салмағын байқап отыра ұшу аппараттарының конструкторлары оның салмағын азайтып, қуаттылығын көбейтуге тырысты.

Бiрақ ең бастысы – бұл клетканың өзгеруi.

Сүйектерi қуысқа айналды, ал олардың кейбiреуiнде денеге берiктiк беретiн көлденең клеткалар пайда болды. Мұндай сүйектер кейiн қанаттарға айналған алдыңғы аяқтардың ұзындығына шыдай алды.

Ұшу аппараты ықшам және берiк болу керек. Құстардың құрылысы бұндай талаптарға сай. Құстардың омыртқа жотасы мойынды санағанда көп қозғалмайды. Қабырғалары өте жұқа және жалпақ қанаттардың сермеу қимыл жасауына мүмкiндiк беретiн айрықша қосымша буындары бар. Осыған қоса әр қабырғасы жанындағысымен iлгек тәрiздi өсiндi арқылы жалғасып, төс клеткасына  серпiндiлiк бередi. Барлық ұшатын құстардың төсiнде шығыңқы жерi – қыры болады. Белдеу, сегiзкөз және құйрық омыртқалардың бiр бөлiгi бiр- бiрiмен және жамбас сүйектерiмен бiрге өсiп, қатты сегiзкөздi түзедi.

 

ҚҰСТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГI

Құстардың терiсi бауырымен жорғалаушылардiкi сияқты құрғақ және безсiз. Аяқтарында қабыршақты  жабындары болады. Құстардың қауырсындары бауырымен жорғалаушылардың қабыршықтары сияқты мүйiздi заттан тұрады. Бауырымен  жорғалаушылардiкiндей зәрағарлары мен көбею мүшелерi клоакаға ашылады. Әсiресе  үлкен ұқсастық құстар мен бауырымен жорғалаушылардың ұрықтарында байқалады. Қазiргi тропиктiк құстар огациндердiң балапандары ағаш бұтақтарына сақталып қалған, қанат саусақтарымен  жармасады. Бұл ұқсастық құстар мен бауырымен  жорғалаушылар — ортақ ата-тегi бар, жануарлардың туыс топтары деген ұйғарымға негiздеме бередi.

Алғашқы құстар. Құстардың көне бауырмен жорғалаушылардан шыққандығы  туралы ой көне құстар дақтарының табылуымен расталады. Мұндай тастардағы дақтар 1661 және 1677 жылдары Германияда табылған. Дақтар негiзiнде ғалымдар бұл құстардың бейнесiн қайта қалпына келтiрiп, оларды алғашқы құстар деп атады. Алғашқы құстар қауырсындармен қапталған және үлкендiгi көгершiндей  болған. Оларды нағыз қанаттары, ұзарған жiлiншiгi, барлық құстарға тән аяқтағы саусақтарының орналасуы  және басқа құрылыс белгiлерi ерекшелендiрдi. Бiрақ көп омыртқалы ұзарған құйрығы, жақтарындағы майда тiстерi, ауаға толмаған сүйектерi  және басқа  белгiлерi, олардың  бауырмен  жорғалаушыларға  ұқсастығын көрсеттi. Қанаттың,  қыры жоқ төстiң  құйрықтыңқұрылысы,  алғашқы құстар  нашар  ұшып,  ағашта тiршiлiк еттi деп  тұжырым жасауға мүмкiндiк бередi. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы құстар шамамен 180 млн. жыл   бұрын,  ағаштарда  тiршiлiк етiп, бұтақтан  бұқтаққа секiре алатын ұсақ бауырымен  жорғалаушылардан  шыққан. Кейiннен  табиғатта  қазiргi құстардың белгiлерi  дамыған дарақтар  ғана сақталған.

ҚҰСТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ

Құстар эволюциялық қатынаста ең жас болып, екi аяқпен жүру, қауырсынды жабын, қанат пен тұмсық, қарқынды зат алмасуы бар жылықандылық, жақсы дамыған бас миы және күрделi мiнез-құлықтары бар жоғары дамыған жануарлар болып есептеледi. Құстардың осы ерекшелiктерi, оларға Жер шарында кеңiнен қоныстануға  және барлық мекендеу орталарын – құрлықты, суды, ауданы игеруге мүмкiндiк бердi; олар жоғары полярлы кеңiстiктерден өте ұсақ мұхиттағы аралдарға дейiн тараған. Мекендеу орталары құстар эволюциясында  iрiктеу факторы болып табылды (дене, қанат, аяқ құрылысы, қозғалу, қорек табу тәсiлдерi). Құстарға маусымдық циклдер тән, олар көбiнесе көшпелi құстарда байқалады және өз аумағынан шықпайтын көшпендi немесе отырықшы құстарда аса байқалмайды. Құстардың сан-алуан түрлiлiгi әсiресе тропикалық аймақтарда шоғырланған. Құстардың әр түрi бiрнеше биогеоценоздарда тiршiлiк етуi мүмкiн. Ең көп болып, арасында етқоректiлерi, өсiмдiкқоректiлерi, араласқоректiлерi  бар орман құстарының тобы  есептеледi. Олар бұталарға, қуыстарға, жерлерге ұя салады. Ашық аймақтың – шалғындардың, далалардың, шөлдердiң құстары ұяларын жерге салады; жағалаулардағы құмтар жартастарға ұя салады және бiрнеше түрдiң құстары бiрге мекендей отыра  бiрiгiп жаулардан қорғанып, құстар базарын түзейдi. Құстарға анық байқалатын популяция санының өзгеру динамикасы тән. Солай, құстардың ең көпшiлiгi (100 млрд дараққа дейiн) жеткiншектер ұшқаннан кейiн ал, ең азы (санының 10 есе азайғаны) келесi жаздың басында байқалады. Құстар санының өзгеруiне адамның шаруашылық қызметi үлкен рөл атқарады. Ормандардың, саздардың, шалғындардың көлемi қысқаруда, кейбiр құмтар жойып тасталуда. Қорек тiзбегiнде құстар рөлi үлкен,  себебi олар көптеген қорек тiзбектерiнiң соңғы түйiндерiн бейнелейдi. Жемiстер мен дәндердi таратуда да құстардың маңызы өте зор. Адамның үй шаруашылық қызметiнде құстардың маңызы негiзiнен ұнамды: олар кемiрушiлердi, зиянкестi жәндiктердi, арам шөптердiң дәндерiн жояды, сондықтан оларды бау-бақшалардың  биологиялық қорғанысы деп қарастыруға болады. Құстарды қорғау. аялау, қоректендiрiп тұру керек, әсiресе қыста, ұяларын бұзбау керек. Ашық, елгезек, ұяңдыбысты құстар болмаса, бiздiң ормандар, шалғындар, саябақтар, су қоймалары жым-жырт, тым-тырыс болып қалады. Құстар әкелетiн зиян олардың әкелген пайдасынан әлдеқайда төмен. Олар бауларды, жүзiм бақтарын ойран етедi, егiлген дәндердi шоқиды, көк өскiндердi жұлады сондықтан оларды үркiтiп тұру қажет. Құстардың ұшақтарға соғысуы жиелеп кеттi. Құстар – тұмау, энцефалит, сольманеллез сияқты жұқпалы ауруларды, кенелер мен кандалаларды  тасмалдайды. Адамдар сәндiк, сайрағыш құстарды асырап, құс өсiрумен айналысады.

скачать работу


 Другие рефераты
Қазіргі кезеңнің саяси институттары
Домбра күйлерінің аппликатура-интонациялық негізі
Ғылыми концепциялар мәселесі
Коммуникативная компетентность


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ