Қосжарнақтылар класы
Другие рефераты
ҚОС ЖАРНАҚТЫЛАР КЛАСЫ
Көкнәрлер (маковые — Papaveraceae) тұқымдасы
Көкнәрлер тұқымдасына 24 туыс, 250 түр жатады. Басым көпшiлiгi шөптесiн өсiмдiктер, кiшiгiрiм ағаштары мен бұталарыда бар. Олар жершарының солтүстiк бөлiгiнде, әсiресе субтропикалық және қоңыржай климатты аймақтарында көптен кездеседi. Жапырақтары кезектесiп орналасады, шеттерi тiлiмделген болып келедi. Сабағында қауашағында морфин, кодеин тағы басқа, апиыны бар сүттi шырындар жиналады. Гүлдерi үлкен, қос жынысты, дұрыс гүл. Тостағанша жапырақшаларының саны 2, олар гүл ашылысымен түсiп қалады. Күлте жапырақшасының да саны 4, олар екi қатар шеңбер түзiп орналасады. Күлте жапырақшаларының түсi қызыл, сары, ақшыл болып келедi. Аталығы көп, аналығы да көп. Аналығы көптеген жемiс жапырақшаларынан тұрады. Жатыны екi немесе көп ұялы және жоғарғы болып келедi. Аналығының мойны жоқ, отырмалы болып келедi. Жемiсi қауашақ. Тұқымдары ұсақ, түсi қара, эндоспермi майлы болып келедi. Тұқымдастың өкiлдерi насекомдармен, жел арқылы да тозаңданады.
Көкнәрлер тұқымдасының формуласын былай жазуға болады: * ♀♂ Т2 К2+2 А∞ Ж∞
Көкнәр туысы (мак — Papaver). Тұқымдастың ең үлкен туысы, оған 120-дай түр жатады. Қазақстанда 11 түрi кезедеседi. Көпжылдық және бiржылдық шөптесiн өсiмдiктер. Олардың аса кең тарағаны апиын көкнәрi (мак снатворный – Papaver comniferum). Бұл түрдiң дәнiнде 45-50% дейiн май болады. Соған байланысты оны май алынатын дақыл ретiнде себедi. Көкнәрдiң майын тамаққа және бояу алуға пайдаланады. Сонымен бiрге одан медицинада кеңiнен қолданылатын апиын алынады. Апиыннан «пантонан» алынады, оның құрамында морфин, наркотин, паповерин, кодеин секiлдi алкалоидтат бар. Көкнәрдiң апиын алынатын сорттарын азияның көптеген елдерiнде (Иранда, Авганистанда, Жапонияда, Қытайда және Индонезияда) арнайы себедi. ТМД-елдерiнде көкнәрдiң мұндай сорттарын Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжiкстанда, аздап Қазақстанда да себедi. Шығыс көкнәрi (мак восточный – Papaver orientalis) деген түрiн үлкен ашық – қызыл түстi гүлдерi үшiн бақтарда отырғызады. Көкнәрдiң жабайы түрлерi де аса сәндiк өсiмдiктер. Әсiресе, сеппе көкнәр (мак самосейка – Papaver rhoeas)
көктемде шөлдi аймақтарда, тау етектерiнде қалың болып жайқалып өседi. Гүлдеген кездерiнде далаға ерекше көрiк беретiн, егiстiктiң бiржылдық арамшөбi. Жiңiшке көкнәр (мак тоненький – Papaver lenellum) деген түрi сирек кездесетiн өсiмдiк ретiнде қазақстан қызыл кiтабына тiркелген. Бұл тұқымдасқа жататын басқа да туыстар бар. Солардың бiрi қызылтаңдай (роемерия – Roemeria) туысы. Оған 2 түр жатады. Бұлардың да гүлдерi қанық боялған, сәндiк өсiмдiктер. Дәрiлiк қасиеттерi де бар. Тағы бiр туысы мүйiзкөкнәр (глауциум — Glaucium). Оның 4 түрi бар. Ал үлкен сүйелшөп (гистотель большой – Chelidonium majus) деген түрi аса улы өсiмдiк. Оны халық медицинасында әр түрлi терi ауруларын емдеуге, сүйелдi кетiруге пайдаланып келген. Бұл өсiмдiктiң «сүйелшөп» аталуы да соған байланысты болса керек.
Жалпы көкнәрлер тұқымдасының барлығы сәндiк өсiмдiктер. Оларды мал жемейдi, егiстiктiң арамшөптерi, бiрақ дәрiлi қасиеттерi бар. Кейбiр түрлерiнен тамаққа және техникалық мақсатта пайдалынатын май алынады.
Алаботалар тұқымдасы (семейство Маревые — Сhenopodiacede).
Дүние жүзi бойынша алаботалар тұкымдасына 1600түр, 105- туыс жатады. Қазақстанда алаботалар тұқымдасының 225 түрi кездеседi. Олар негiзiнен субтропикалық, климаты құрғақ және топырағы тұзды келетiн шөлдi аймақтарда кең таралған. Алаботалар тұқымдасының өкiлдерi Орта Азияда, Солтүстiк және Оңтүстiк Америкада, Австралияның орталық аудандарында көптеп кездеседi. Алаботалар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң iшiнде қос жынысты және дара жынысты өкiлдерi бар. Олардың барлығының гүлдерi ұсақ, көрiксiз, дұрыс гүлдер. Мұндай гүлдердiң гүл серiгi қарапайым, тек 5 тостағанша жапырақшадан тұрады. Қос жынысты гүлдердiң 5 аталығы тостағанша жапырақшаларына қарама- қарсы орналасады. Аналықтары өзара бiрiккен 2 жемiс жапырақшасынан тұрады. Жоғары жатынды гүл. Алаботалар тұқымдасының өкiлдерiнiң басым көпшiлiгi бiржылдық, екiжылдық, көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Жартылай бұталары, бұталары, аздап ағаштары да кездеседi.
Алабота туысы (марь — Chenopodium).
Оған бiржылдық, екiжылдық, көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер мен бұталар жатады. Жапырақтары сабаққа кезектесiп орналасады. Гүлдерi қосжынысты, топтасып жиналып масақ немесе сыпырғы тәрiздi гүлшоғырын түзедi. Гүл серiгi қарапайым 5 тостағанша жапырақшадан тұрады. Аталығының да саны 5, аналығы 2. Жемiсi тұқымша. Сиректеу шырынды жемiстiлерi де болады. Алабота гүлiнiң формуласын былай жазуға болады: * ♀ ♂ ГС·5 А5 Ж(2)
Аса кең тараған өкiлiнiң бiрi ақ алабота (марь белая – Chenopodium album). Ол бiржылдық өсiмдiк. Жапырағы сопақтау – ромба тәрiздi, шетiнде ойыстау тiсшелерi болады. Сабағын және жапырақ тақтасының астыңғы бетiн ақ ұнтақ тұтып тұрады. Ақ алабота жаз бойы гүлдейдi және көп мөлшерде дән байлайды. Бiр өсiмдiк жылына шамамен 20 мыңға дейiн тұқым бередi. Олардың бiразы мәдени өсiмдiктерден өнiм жинағанға дейiн жерге шашылып үлгередi. Келесi жылы көктемде, әсiресе айдалған жерлерде ақ алабота қаптап өседi. Осылайша егiстiктi арамшөп басады. Ақ алабота топырақтан тамырлары арқылы азот, калий, фосфор секiлдi заттарды көп мөлшерде сiңiредi. Нәтижесiнде топырақ құнарсызданады. Мұның өзi мәдени өсiмдiктердiң түсiмдiлiгiнiң едәуiр төмендеуiне әкелiп соқтырады. Сонымен бiрге ақ алабота зиянкес насекомдардың мекендейтiн орны болып табылады.
Көкпек туысы (лебеда — Atriplex). Туыстың өкiлдерi алаботаға көп ұқсайды. Олардан гүлдерiнiң дара жынысты болуымен ажыратылады. Көкпектер бiр үйлi, сиректеу екi үйлi өсiмдiктер. Аналық гүлiнiң гүлсерiгi болмайды, оны бiрiккен жабындық жапырақтары алмастырады. Көкпектер өзен жағасында, сүдiгерге жыртылған жерлерде, қара-қоқыстың айналасында қаптап өседi. Сонымен бiрге олар шөлдi және жартылай шөлдi аймақтардың сор және сортаң топырақтарында көптеп кездеседi. Туыстың кең тараған өкiлiнiң бiрi жылтыр көкпек (лебеда лоснящая – Atriplex nitans). Ол егiстiктiң бiржылдық арамшөбi. Үш бұрышты жапырағы сабаққа кезектесiп орналасады. Жапырағының түп жағы сүңгi тәрiздi болып келедi. Жылтыр көкпектiң гүлiнiң формуласын былай жазуға болады: Аналық гүлiнiң формуласы: * ♀ Гс· 0 А0 Ж(2); аталық гүлiнiң формуласы: * ♂ Гс(5) А5 Ж0
Жемiстерi жаңғақша, кеибiреулерiнде — тұқымша.
Алаботалар тұқымдасына жататын жабайы өсiмдiктердiң маңыздыларының бiрi сексеуiл (саксаул — Haloxylon) оның қазақстанда мынадай 3 түрi кездеседi: ақ сексеуiл (саксаул персидский – Haloxylon persicum), қара сексеуiл (саксаул безлистный – Haloxylon aphyllum) және зайсан сексеуiлi (саксаул зайсанский – Haloxylon ammodendrom). Оның биiктiгi 8 метрге дейiн жететiн ағаш. Бұталары да кездеседi. Тамырлары 10—12 м тереңдiкке дейiн жетедi. Жапырақтары редукияға ұшыраған, тек қабыршақ түрiнде болады. Соған байланысты сексеуiлде фотосинтез процесiн олардың жасыл өркендерi жүзеге асырады. Сексеуiл Орта Азияның құмды шөлдерiнде, өзен алқабындағы тақырлау сор топырақтарда, тастақты жерлерде кездеседi. Олар құмды шөлдерде сирек орман түзедi. Сексеуiл ағашынан тұратын сирек орманның Қазақстанда жер көлемi 4561,1 мың гектарға тең. Сексеуiлдiң халық шаруашылығында маңызы аса зор. Ол құмды шөлдердi эрозиядан сақтайды. Құнды отын болып табылады. Сонымен бiрге сексеуiлдiң малазықтык мәнi де бар. Алайда соңғы жылдары қазақстанда сексеуiл орманы сиреп кеттi. Оның басты себебi жергiлiктi халық сексеуiлдi отынға дайындағанды техниканы пайдаланатын болды. Тiптен iрi қалаларға сексеуiлдi машинамен тасып сатып, оны табыс көзiне айналдыруда. Сондықтан сексеуiлдi қорғау шараларын республика көлемiнде қолға алу қажет. Сексуiл тұқымынан жақсы өседi, агротехникасы да жолға қойылған. Сондықтан да оны қолдан өсiру шараларын жүзеге асыру кезек күттiрмейтiн мәселе. Егер бұл мәселе шешiмiн таппаса, онда сексеуiлдiң жойылып кету қаупi бар.
Бұл тұқымдасқа Қазақстанда кездесетiн тағыда көптеген жабайы өсiмдiктер жатады. Аса кең тараған туыстарына тас бұйырғын (нанофитон — Nanophyton), бұйырғын (ежовник — Anabasis), сораң (солянка — Salsola), климакоптера (климакоптера — Climacoptera), ақсора (сведа — Suaeda), бұзаубас сораң (солерос — Saliconia), қараматау (камфоросма — Camphorosma), изен (кохия — kochia), терiскен (терескен — Kracheninnikovia), ебелек (рогач — Сeratocarpus), т.б. жатады. Бұлардың басым көпшiлiгi аса құнды малазықтық өсiмдiктер. Олардың iшiнде бұйрығын туысының алатын орны ерекше. Бұйрығының қазақстанда 17 түрi кездеседi. Олар негiзiнен шөлдi және жартылай шөлдi аймақтарда өседi. Маңызды түрiнiң бiрi сортаң бұйрығын (ежовник соланчаковый – Anabasis salsa). Оны түйелер өте жақсы жейдi. Ал итсигек (ежовик безлистый – Anabasis aphylla) деген түрi өте улы, оның жас өркендерiнде құнды аколоид «анабазин» болады. Анабазиннен бiрнеше дәрiлiк және ауылшаруашылығы зиянкестерiне қарсы қолданылатын препараттар алынады. Оңтүстiк қазақстан облысының орталығын Шымкент қаласында итсигектен дәрi-дәрмек жасайтын арнайы зауыт бар. Алабұталар тұқымдасының изен (кохия простертая – kochia prostrata), терiскен (терескен серый – Kracheninnikovia ceratoides), күйреуiк (солянка восточная – Salsola orientalis) секiлдi түрлерi Республикамыздың жем-шөп қорын арттыру мақсатында мәдени жағдайда өсiредi.
Алаботалар тұқымдасына жататын мәдени өсiмдiктер де бар. Олардың аса маңыздысы қант қызылшасы (свекла о
| | скачать работу |
Другие рефераты
|