Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЛЕПТІ СӨЙЛЕМДЕР

п жұмсалады. Қасқырдан бөлтірік
тумасын ба
(Б. М.).

11.Өткен шақта болған іс-әрекетті эмоциямен, әсер-
лі етіп айту үшін -ар, -ер тұлғалы есімше мен шылау ма,
ме
бірігіп жасалған баяндауыш та қызмет етеді: жетіп
келермін бе, ала қоярсың ба, айта қояр ма.

Аңқау басым, әлгі машинесінің артына міне коярмын ба! (Б. М.).

Келер шақ есімшенің бұл мағынада жұмсалуы шылауды катыстыруы, ерекше интонацияның қатысуы арқылы мүмкін болып отыр. Осы косымша компоненттердің қосылуы есімшені бастапқы (келер шақ) мағынасынан ажыратып, жаңа қызметке бейімдеген.

12. Эмоциялы лепті  сөйлем құрайтын баяндауыш-
тардың бір түрі «болымсыз шартты райлы етістік -ба
(бе)» болып құралады: алмасам ба! Бұл баяндауыш
шартты рай болымды етістіктен жасалып тілекті,  ар-
манды білдіретін баяндауыштарға сыңар ретінде пай-
даланылады: алсам-алмасам ба. Экспрессивті баяндау-
ыш іс-әрекетті көксеу, арман етуді эмоциямен білдіру-
мен қатар белгілі ситуацияда, сөздің лексикалык мағы-
насына қарай сес көрсетуге ыңғайланып кетеді. Сені бү-
гін жеткізіп тастамасам ба! Сенің түбіңе
жетпесем бе!
(Б. М). Келтірілген мысалдарға қарағанда, баяндауыштық форманың жақтық өзгерісі өлшеулі. Ол тек бірінші жақ түрінде ұшырасады. Генезисіне үңілгенде, баяндауыш мына құрамдағы құрмалас сөйлемнің бағыныңқы бөлшегінің дараланып шығуы негізінде пайда болғаны байқалады: Соны сатып алмасам ба, саған жолықпай-ақ қояйын. Баяндауыштың морфологиялық құрамы (шартты райлы сөздің болымсыз формада келуі) осы генезиске байланысты.

«Шартты рай болымсыз етістік -ба (бе)» формалы баяндауыш ауызекі сөйлеу тіліне тән.

13.         Шартты рай тұлғалы етістіктен жасалған баян-
дауыш тілекті, арманды эмоциямен білдіру үшін жұм-
салады: Оқуды бітірсек! Ел-жұртымызға щолымыздан
келген пайдамызды тигізсек!

«Шартты рай етістік — шы (ші)» түрінде құралған баяндауыштар да армандаулы іс-әрекетті білдіру үшін қызмет етеді.

Шіркін, ол өсітіп көз айырмай өмір бойы қарап тұр-сашы (С. Мұрат.).

Осы баяндауыштар қатысқан сөйлемдер кейде бұрын, өткен кезеңде болған немесе болмаған іс-әрекеттің қарсы реакциясы (өкініш) ретінде туған армандауды білдіретіні бар: алмадым алсамшы, келмедің келсеңші, алдым алмасамшы, келдің келмесеңші. «Шартты рай етістік — шы (-ші)» формалы баяндауыштарды осы ситуативтік байланысын пайдаланып сөйлеушілер оны болмаған іс-әрекеті экспрессивті түрде білдіру үшін жұмсайды.

Келін-ай, шөп те сондай ауыр болады екен, әлгі құрығырды машинадан сырып түсіре алсамшы (Б. М.).

Осы сөйлемде түсіре алсамшы деген баяндауыш реакция тудыратын іс-әрекетті (түсіре алмадым) атап, білдіріп түр.

14.         Болымсыз мағыналы баяндауыштар қатарында
экспрессивті сыңар ретінде «-ған, -ген (-қан, -кен)
емес» болып құралатын форма жұмсалады: келген емес,
көрген емес.                                                           

Сейтен бала жасынан жылан-шаяннан қорқып көрген емес (I. Е.).

Өткен шақ есімше мен емес сөзінің бұл бірігуі ерекше синтаксистік форма тудыру мақсатында пайда болған. Есімшенің болымсыз формасы морфология аясында -ма, -ме жұрнақтары арқылы жасалады: алмаған, көрмегені; -ғана-емес экспрессивті форма ретінде экспрессивтігі жоқ болымсыз мағыналы өткен шақтық баяндауыштардың бәріне вариант болып жұмсалады: келмеді, келген жоқ келген емес.

15.         Экспрессивтігі жоқ болымсыз  мағыналы  баян-
дауышқа стильдік вариант ретінде «шартты рай етістік-
тің болымды түрі — ба (бе) болып» құралған баяндау-
ыш жұмсалады: айтсам ба (айтпаймын).

16.         Ауызекі сөйлеу тілінде бір сөзді қайталақтатып
құралған алмақ түгіл  аламын  тэрізді  баяндауыштар
жұмсалады. Бұл баяндауыштың жасалу жолы былай.
Негізгі компонент ретінде ауыспалы осы  шақ,  нақты
осы шақ, өткен шақ етістік сөз келеді де, қайталанатын
сөз -мақ, -мек, (-пақ, -пек) т. б. формасында келеді. Екі
компонент түгіл демеулігі арқылы қарсылықты  қаты-
насқа түсіп байланысады. Баяндауыш диалогтың жауап
репликасында ұшырасады. Өйткені ол сөйлеушінің ал-
дыңғы айтылған сөзіне байланысты тұжырымды, поле-
микалы жауап білдіргенде жұмсалады. Осы ерекшелі-
гімен бұл баяндауыш экспрессивтігі жоқ келер  шақ,
осы шақ, өткен   шақ істі   білдіретін баяндауыштарға
стильдік сыңар болып келеді: алады алмақ түгіл ала-
ды,
жазып жатыр жазбақ түгіл жазып жатыр, көрді
көрмек түгіл көрді.

Түсіндірерсің!

Түсіндірмек түгіл түсіндіремін! (Б. М.).

17.         Кезінде істелген істі өкінішпен білдіру үшін кө-
семшенің болымсыз түрінен жасалған баяндауыш жұм-
салады: алмай, көрмей. Бұл формадағы етістіктің жеке
жұмсалатын сөйлем құрауы — ерекше жай, жалпы тіл-
дік зандылықтан оқшау болып  көрінеді.  Өйткені тіл
ғылымы талдауға қатыстырып жүрген мысалдарда кө-
семше етістік бағыныңқы позицияда ғана ұшырайтын (бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы немесе пысықтауыш мүше ретінде) форма болып көрінеді. Көсемше фор-малы баяндауыштың, дербес сөйлем құрауы ауызекі сөйлеу тіліне тән. Бұл жай ауызекі сөйлеу тілінін эллипсисте (сөйлемді қысқартып айтуға) бейімділігіне байланысты болуға тиіс.

Мені есіркегенше арбаға өзің отырмай!.деп Бибі де кейіп тұр (С. Мүрат.).

18.Көсемшенің болымсыз түрінен  жасалған  баян-
дауыш (алмай) кезінде істелмеген істі өкінішпен атау
үшін қызмет етсе, -ып, -іп формалы көсемше сөз істеген
істі, әрекетті өкінішпен атау үшін қызмет етеді: Әр нәр-
сеге ренжіп!

19.Ашық рай болымды баяндауыштарға эмоциялы
сыңар форма ретінде мына ретпен құрылған баяндауыш
жұмсалады: -уға (-ғанға)   формалы  етістік — дейін
барды. Ұрысуға дейін барды, ұрысқанға дейін барды.

20.Ашық рай болымсыз баяндауышқа эмоциялы сы-
ңар ретінде жұмсалатын зат есім — құрлы көрмейді,
субстантивтенген есімше — құрлы көрмейді, зат есім—
құрлы болмады, есімше — құрлы болмадым,  (Күр-
ке
құрлы болмады, алған құрлы болмады) болып құрал-
ған баяндауыштар бар.

Күміс самаурының шойын құманым нұрлы болмады (Ғ.М.).

Аталған баяндауыштың эмоциялы болуы құрамына ішкен нұрлы, көлеңке құрлы тәрізді құрылған синтаксистік формалардың кіруіне байланысты.

Эмоциялы баяндауыш тек болымсыз формада жұмсалады.

Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлемге эмоциялық түр беретін баяндауыштық формадан бөлек амалдар бар. Олардың бірі — одағай сөздері сөйлемге енгізу. Бұл баяндауыштың актуалдық сапасына байланысты болуға тиіс. Ей, шеттерінен күйіп пісті-ау (С. Мұрат.).

Баяндауыштар қайталанып айтылып та эмоциялық білдіріледі. Мұндайда алдыңғысына демеулік қосылады. Күлімсіреген сәті Халимадан еш аумайды-ау, аумай-ды (С. Мұрат.).[72-79-б]

 

                          РЕПЛИКА РЕТІНДЕГІ ЛЕПТІ СӨЙЛЕМДЕР

Тілімізде құрылысы жағынан оқшау келетін, құрамындағы сөздерді мүшелік қатынасқа анық даралауға келмейтін сөйлемдер бар. Мысалы: Келгенде қандай, Ол ол ма! Бұл сөйлемдер лексикалық құрамы жағынан мүлде еркін бола алмайды, олардың бір тобы ылғи тұрақты бір сөздерді ғана қатыстырып құралады: Ол ол ма! 0 несі екен! Енді бір тобы бір сөздің тұрақты компонент болып қатысуы негізінде кұралады: Алғанда қандай! Айтқанда қандай! Осы ретпен құралуы бұл сөйлемдердің құрылысына фразеологизмдерге тән сипат береді. Өйткені сөйлемнің құрамындағы сөздер еркін тіркеспейді, орнықты болған үлгі бойынша біріктіріледі. Осы құрылымдық ерекшелігін ескеріп біз бұл типті сөйлемдерді реплика ретіндегі лепті сөйлемдер деп атаймыз. Осылай аталуына тағы бір себеп — бұл тәрізді сөйлемдер көбіне диалогта жауап реплика ретінде жұмсалады. Репли

123
скачать работу

ЛЕПТІ СӨЙЛЕМДЕР

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ