Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЛЕПТІ СӨЙЛЕМДЕР

ка ретіндегі сөйлемдер мазмұны жағынан да басқа сөйлемдерден ерекшеленеді. Бұларда эмоциялықты білдіру қызметі басым, логикалық мағына күңгірттеніп осы эмоцияның көлеңкесінен көрінеді.

Реплика сөйлемдер бір ғана сөзден құралатыны да болады: Осыған жалғыз барасың ба?Бармай!

Реплика сөйлемдер кісінің екінші жақтың сөзіне байланысты түрлі реакциясын: құптауын, ризалығын, жақтырмауын білдіреді.

Реплика сөйлемдер диалогта жұмсалып, алғашқы репликаға байланысты сөйлеушінің реакциясын білдіретін болғандықтан, лексикалық құрамы жағынан соны қайталап құралады.

Тағы көреміз бе?

Қөрмей!

Реплика сөйлемдердің құрылысын анық байқау үшін, оларды былай топтаймыз.

1.          Алдыңғы репликаның бір сөзін қайталау негізінде
кұралған сөйлемдер. Сөз болымсыз көсемше немесе —
ғанда тұлғалы есімше түрінде келеді.

Осыны айтасың ба?

Айтпағанда! (Қ. Ж.)-

2.          Алдыңғы репликадан қайталанған сөз бен тұрақ-
ты компонент ретіндегі сөзден кұралатын сөйлемдер.

— а) «Қайдағы. — қайталанған сөз (есім, есімше)» болып құралады. Ал жүрейік, шешей.

Қайдағы шешей! Өзің орта жасқа келген жігітсің

(Қ-М.).                                                       .

ә) «не қылған—қайталанған сөз (зат есім, сын есім)» болып құралады.

Әлі жас қой, бұған әлі келеді дейсің бе!

Не қылған жас! Биыл он төртке келді.

б)           «қайталанған сөз (есім, етістік) — (не) несі» бо-
лып құралады.

Саған ертең жолығудың реті болмайды.

Болады, болмайдыларың не! Ертең қалай да ке-
ліңдер.
(А. Ш.).

Қайталанып сөйлемге енген сөз ылғи тәуелдік формада тұрады.

в)           «қайталанған сөз (есім, етістік) — қалай» болып
құралады. Мұны сонша шимайладың.

—              Шимайладық қалай! Бұл әдейі салынған сурет.

г)            Қайдан — бұйрық рай тұлғалы қайталанған етіс-
тік болып құралады..

—              Бұрынғы есепші өзі босады ма?

Қайдан өзі босасын! Талай жыл орын теуіп әбден жайғасып алған неме еді ғой (А. Ш.).

д)           Қайталанған етістік шартты рай тұлғасында келіп
ша, ше демеулігін үстеп құралады.

—  Сонда бір қалжыңдап едім.

—  Қалжыңдасаң ше! Құрбың, қалжыңды түсінбейді
ме!     

е)           Қайталанған етістік -ғанда тұлғасында келіп ша,
ше
демеулігі үстеп құралады.

—  Соны да әкетесің бе?

—  Әкетпегенде ше!

ж)           Қайталанған етістік -ғанда тұлғасында келіп, тұ-
рақты компонент ретінде қандай сөзі қатысып құралады.

—  Жетіскен екенсің!

—  Жетіскенде қандай!? (Ә. Т.).

Ілгеріде аталған реплика сөйлемдер диалогтік ситуацияға сай құбылтып тұратын элементі бар типтерге жатады. Бұлардан бөлек құрамы тұрақты, барлық жағдайда бір құрамда жұмсала беретін реплика сөйлемдер бар. Мысалы: Ол ол ма, Бұл бұл ма, 0 несі екеней (маған), 0 не дегенің, Иә саған т. б.[80-81-б]

123
скачать работу

ЛЕПТІ СӨЙЛЕМДЕР

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ