Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЛЕПТІ СӨЙЛЕМДЕР



 Другие рефераты
ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР БОЛЫМСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМДЕР СӨЙЛЕМДЕРДІҢ СӨЙЛЕУ МАҚСАТЫНА САЙ ТОПТАСУЫ

Сөйлемдер дүниедегі болмыс туралы пікірді хабарлап қана қоймайды, ол сөйлеушінің болмысқа қатысты туған эмоциясын да білдіреді. Сөйлеушнің эмоциясын қоса білдіретін сөйлемдерді лепті сөйлем дейміз. Сөйлемдерді лепті және лепсіз, яғни эмоциясыз деп бөлу өз алдына бөлек принципке сүйенеді. Бұл топтау сөй-лемдердің мазмұнына, эмоцияның қатысуына, катыспауына және эмоцияны білдіретін формалардың көріну, көрінбеюіне негізделеді.

Эмоциялық, экспрессивтілік тілдің барлық құрылымдық бөлшектерінде көрінеді. Осыған орай лексикада, грамматикада қара жаяу сөз, формаларға сыңар болып жұмсалатын эмоциялық тұлғалар катар жүреді. Бұл тұлғалар затты, қүбылысты, дүниедегі қатынасты ғана білдіріп коймайды, оған қоса сөйлеушің эмоциялық сезімін білдіреді. Эмоция—психикалык кұбылыс. Оның тілде көрінуіне екі коммуникативтік себеп бар. Бірі — болмыстан алған әсерді білдіру, тандаушыға жеткізу. Екіншісі тыңдаушыны (немесе үшінші бір жакты) бір іске жұмылдыру үшін   әсер ету . Тілдің   синтаксистік жүйесінде эмоциялық тудыратын формалар көбіне баяндауыш мүше катарынан көрінеді. Бұл заңды да. Өйткені баяндауыш сөйлемді ұйымдастыруда негізгі кызмет атқарады.

Эмоциялықты білдіруге бейімделген формалар, амалдар синтаксисте әр түрлі, бұл интонациядан, арнаулы баяндауыш формаларынан көрінеді, мұнымен бірге түгел құрылысы жағынан осыған қалыптаскан сөйлемдер де бар. Эмоция кісінің түрлі сезіміне-куанышына; таңдануына, жиренішіне байланысты. Бірақ осы алуан түрлі эмоциялық сезімдер көбіне синкретті ортақ формалар арқылы көрінеді.

Көп жағдайда сөйлемнің лепті, лепсіз көрінуі тек интонацияға сүйенеді: Құлайды!деп айқайлады.

Біз ілгеріде эмоция бір жағынаи зат, құбылыстың өзіне, соның әсеріне байланысты болады дедік. Сондықтан да істің карқынын білдіретін баяндауыштардың көпшілігі әрі эмоциялы болып келеді. Интеллектілік мағына мен эмоциялык, негізінен катар жүретіндіктен эмоциялық форма жай хабарлаушы баяндауыштар қатарынан да, бұйрық мағыналы баяндауыштар катарынан да табылады. Осынысына қарамай біз экспрессивті баяндауыштарды парадигматикалык қатардағы дара топ ретінде бөлек карап отырмыз. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, экспрессивті баяндауыштар морфологиялық формаларды, тіпті өзіне сынар болып келетін қара жаяу баяндауыштық формаларды өз ыңғайымен ерекше жұмсап кұралады: алмасам, алмасам ба, алмас па, жалықпайды екен т. б. Екіншіден, өз бойында интеллектілік мағына мен эмоциялык мағынаны қатар сыйыстыратын баяндауыштық формалармен бірге тілімізде тек эмоциялықты білдіретін баяндауыштар бар. Бұлар интеллектілік мағыналы баяндауыштардың еш-қайсысына қосуға келмейді. Үшіншіден, эмоциялы баяндауыштар түрлі коммуникативтік жағдайға, стильдік міндетке сай өзара қызмет бөліскен. Осыньщ бәрі эмоциялық баяндауыштар тобын дербес грамматикалык жүйе дәрежесінде қараған жөн екенін байқатады. Осы қысқаша жалпылай шолудан кейін біз эмоциялы баяндауыштардың жеке-жеке формаларын, олардың қызмет ерекшеліктерін көрсетпекпіз.

1. Субъектіге тән сапаны эмоциялы түрде атау үшін айтса айтқандай, мьщты десе мықты тәрізді кұралған баяндауыштар қызмет етеді. Бұл баяндауыштар бар сөзді қайталақтатып тіркестіру негізінде жасалады. Баяндауышқа енген компоненттердің бағыныңқысы шартты рай тұлғасы арқылы негізгі компонентпен байланысады. Ах, сорлы балам, айтса айтқандай. Аудырмай түсірген (Ш. X.).

2.           Субъектіге тән іс-әрекетті ерекше екпін түсіріп, тұ-
жырып айтуда алғаным алған, алғаны алған, айтатыным
айтамын тәрізді кұралған  баяндауыштар  жұмсалады.
Бұл баяндауыштар да бір сөздің қайталақтап келуі ар-
қылы жасалған. Баяндауыштардың бір түрінде (алға-
ным алған) негізгі компонент болып -ған, -ген формалы
есімше түбір күйінде келеді де, қайталақ компонент тәуел-
дік жалғауын жалғаған есімше түрінде келеді,  екі
компонент өзара предикативтік қатынас арқылы байла-
нысады. Бірінші компоненттің тәуелдік жалғауы баян-
дауыштың жақтық мағынасына қарай түрленеді.

Әпкем баратыны барады. Ертеңнен қалмайды. Су жаңа дөңгелек осы қалғаны қалған (Ш. X.).

3.           Эмоциялы баяндауыштың бір түрі келетіні келеді,
келуі келді (келген) тәрізді болып жасалады. Баяндауыш-
тың негізгі компоненті ретінде келер шақ ,  өткен шақ
формалы етістік жұмсалады да, оларға есімше, тұйық
рай тұлғалы қайталау компоненттер үстеледі.

Әпквм келетіні келеді (келуі келеді, келуі келген).

4.           Компоненттері да, де жалғаулықтары арқылы бі-
ріккен күрделі баяндауыштар да (алды да кетті) эмо-
циялық күйді білдіру үшін қызмет етеді.

Жалғаулық арқылы біріккен күрделі баяндауыш көсемше форма арқылы бірігуден гөрі эмоциялы болуға бейім болуынын себебі бар. Баяндауыштын бұл түрі ерекше интонациямен айтуға ыңғайлы: сіресіп қалдымсірестім де қалдым.

4.          Эмоциялық   баяндауыш   «сын   есім — десеңші»,
«етістік — десеңші» болып  кұралады:   күшті  десеңші,
алады десеңші.
Бұл баяндауыштар сұраулық сөз қатыс-
қан лепті сөйлемдер құрамында жұмсалады.

Оған не жоқ десеңші (Б. Т.).

  1. «Етістік — дейсің (деймін)», «есім сөз — деймін»
    болып құралған баяндауыштар да  іс-әрекетті эмоция-
    мен атау үшін жұмсалады: жауды дейсің, ұстамын дей-
    мін.
  2. Эмоциялы баяндауыштардың бір түрі -тын, -тін
    формалы есімше немесе есім сөз және өзі есімдігінің бі-
    рігуі арқылы жасалады. Есімше, есім сөз және өз есімдігі матасып байланысты: сөйлейтіннің өзі, күлегештің өзі.

7.          Эмоциялы баяндауыштың тағы бір түрі алғанды
шығарды тәрізді болып құралады: -ған, -ген, -тын, -тін
формалы есімше шығарды етістігімен тіркесіп, бір ба-
яндауыштық форма құрап тұр. Екі компонент объекті-
лік катынас арқылы  біріккенмен,  объектілік  мағына
бұл тіркесте көрінбейді. Объектілік қатынастын жоға-
луына екі компоненттің лексикалық мағыналарының, бұл
қатынас шеңберінде сыйыспауы себеп.

Үй-ішіне ырза болмай, үнемі төмен қарап отырғанды шығарды (Ә. Н.).

Отырғанды шығарды тәрізді құралған баяндауыш субъектіге тән іс-әрекетті ренішпен, жақтырмай атау қажет болғанда жұмсалады. Бұл баяндауыш жалпылай емес, тек бір стильдік аяға—ауызекі сөйлеу тіліне тән. Біздің ойымызша, «табыс септіктегі есімше — шығарды» болып құралған баяндауышқа тікелей сыңар болып экспрессивтік қатыспаған сөзде келетін күлетін болды сияқты баяндауыштар жұмсалады. Осы типті баяндауыштарға қарсы қойып салыстырғанда алғанды шығарды тәрізді баяндауыштар ез ерекшелігін айқын көрсетеді.

Аталған эмоциялы баяндауыш келер шаққа тән форма алып та жұмсалады.

8.          Бір топ баяндауыштар тек өткем шақка қатысты
іс-әрекетті эмоциямен атау үшін қызмет етеді.

Солардың бірі -ғаным тұлғалы есімше мен бар ма сөзінің тіркесуінен жасалады: келгенім бар ма.

Олардың түрлері де көзіме ыстық көрінгені бар ма (Б. Момышұлы).

Баяндауыш кызметінде жұмсалатын бұл тіркестің құрамындағы негізгі сөздер өзара предикативтік қатынасқа түсіп байланыскан. Бірақ экспрессивтік мағына, соған байланысты интонациялық калып компоненттердің арасындағы синтаксистік қатынастың солғындап, көрінбей кетуіне әкеледі. Сондықтан да (-ған формалы есімше — бар ма) құрамы бір баяндауыштық тұлға болып танылады. Бұл баяндауыштық форма көбіне ауызекі сөйлеу тілінде ұшырап, жедел өткен шақ етістіктен жасалған баяндауышқа стильдік сыңар ретінде жұмсалады: сөйледім сөйлегенім бар ма.

9.          Эмоциялық мағына білдіретін  мына баяндауыш-
тық форма да құралуы жағынан ілгергі аталған формаға жақын: алмасы бар ма. Бұл баяндауыштың құрамындағы сөздер де предикативтік катынасқа түсіп байланысып тұр. Ерекшелігі — бірінші компоненттін етістікті есім тудыратын -ма, -ме жұрнағы арқылы жасалған сөз ретінде кірігуі. Осынысының өзі сөзді өрнектеуге жәрдемші ретінде пайдаланылады.

Шөптібай жетіп келмесі бар ма (А. Н.).

10.Өткен шақ етістіктен болған баяндауышқа эмо-
ционалдық сыңар болып келмесін бе тәрізді баяндау-
ышқа эмоционалдық сыңар болып келмесін бе тәрізді
жасалған баяндауыштар жұмсалады. Баяндауыш құра-
мына бұйрық рай тұлғасындағы болымсыз етістік пен
сұраулы шылау кіріп тұр. Бұл эмоциялы баяндауыштың
ілгергі аталған алғаны бар ма, алмасы бар ма тәрізді
формалардан екі айырмашылығы бар. Біріншіден, ал-
масын ба ілгергілерге карағанда жинақы,   қысқалау
форма. Сөйлеу үстінде, белгілі коммуникативтік жағ-
дайға сай бұның талғанатын реті болады. Екіншіден,
бұл форма өткен шақтық істі білдірумен қатар, тұрақ-
ты болып тұратын іс-әрекетті де білдіреді де, мақал-
мәтелдер кұрауда кө

123
скачать работу


 Другие рефераты
Героизм и передвижничество
Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану
Анализ доходов и рентабельности
Әкімшілік құқық және экономиканы басқару


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ