Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Махамбет шығармаларының көркемдік ерекшеліктері

індіні алсақ,- теңеу, метафора, әсірелей теңеу (эпитет) және әсірелеуді кездестіреміз. Міне, не барлығы  6-7 жолдың ішінде бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше көркем сөздердің қабат келуі, түр жағынан алып қарағанда да, оның шеберлігін көрсетеді. Бірақ оның шеберлігі тек қана сол сөздерді табуында емес, сол образдарды сөздердің ақынның ойымен байланыстылығында. Демек бұл контексте қолданылған образдар тек көркемдік үшін тұрған жоқ, бәрі де ақынның негізгі пікіріне  бағыныңқы; суреттейін деген құбылысының, айтайын деген ойының бірі онысына,  бірі мұнысына жарап тұр. Ақынның күштілігі де, сөздерінің көркемдігі де осында.

            Қай жазушы, қай ақын болса да, шындық болмысты образ арқылы суреттейді. Бірақ көрсетейін деген құбылысты, айтайын деген ойды суреттеу үшін кез келген  образ кез келген жерде дәл келе бермейді. Бір уақиғаны айтып беру үшін бір жерде эпитет керек, екінші жерде теңеу, ауыстыру, не фигура керек, не жоғары мысал тәрізді аралас келуі керек. Ақын-жазушылар мұнымен санасады, санасуы да керек. Образды айтайын деген ойына, суреттейін деген уақиғасына қарай таңдап қолданушылық - ол ақын-жазушылардың  сөзге ұсталығын көрсетеді. Бұл жағынан алғанда, Махамбет өз шеберлігіне таң қалдырады. Ол Исатайдың жауға шапқан жерін :

                                                       

Толғай, толғай оқ атқан,

                                                            Он екі тұтам жай тартқан.

                                                            Қабырғасын қақыратқан.

                                                            Тебінгісін тесе атқан,

                                                            Тізгінінен кесе атқан,-

деп суреттейді.

            Бұл арада ақын көрсетейін деген құблысын дамыту арқылы берген. Түтеген оқ, бораған атысты олай суреттемесе, уақиға шындығы жинақы, жанды боп шықпас еді. Бұл жерде уақиғаның дамыту арқылы суреттелуі өте орынды.

            Махамбет бір нәрсенің ұлылылығын айтпақ болса, не бір нәрсені мақтамақ болса, көбінесе әсірелеуді қолданады.

            Мысалы, "Нарын" деген өлеңін алсақ:

Қойды мыңға жеткізген

Нарынның анау құмдары.

Түйені жүзге толтырған.

Көкпекті, шытыр жерлері,

Жатып қалған тайлағы

Жардай атан болған жер,

Жабағылы тоқтысы

Қой болып қора толған жер.

Балдырғаны білектей,

Баттауығы жүректей, -

 

деп суреттейді. Мұнда Махамбеттің көрсетейін дегені Нарын. Мұның үшін Махамбет әсірелеуді қолданған.

            Бір нәрсені мақтайын дегенде, не үлкейтіп көрсетейін дегенде әсірелеуді пайдаланса, бір нәрсені кішірейтіп көрсету үшін, не істің оңға келмей қалғанын суреттеу үшін, ол литотаны қолданады.

            Өздерінің дегені болмай, жауынан жеңілген күндерін суреттейтін өлеңдерінде былайша суреттейді:

 

Телегей - теңіз шалқыған

Қоғалы көлдер суалып,

Тізеге жетер - жетпес күн болған, -

Жапанға біткен бәйтерек

Жапырағынан айрылып,

Қу түбір болған күн болған

 

            Бұл келтірілген мысалдарымыз, Махамбеттің айтайын деген ойына, суреттейін деген құбылысына керекті образдарды таңдап ала біледі деген пікірлерімізге толық дәлел.

            Сонымен қатар, Махамбет нені айтсын, нені суреттесін, мейлінше еркін, жеріне жеткізе, ар жағына ештеме қалмағандай, онан асырып ешкім айта алмағандай етіп суреттейді. Махамбет өлеңдерінің тіл мәселесі жөніндегі келтірілген көркем әдебиетке тән сөздерін де таба алатындығын, әр сөзінің орындылығын, оның мазмұнымен тығыз байланыстылығын көрсетеді. Қорытып айтқанда, Махамбет шын мағынасында көркем сөздің ұстасы.

            Қорытынды. 

            Сол айтқандай, Махамбет поэзиясының  ең күшті, ең құнды жағы халық үшін қызмет істеуінде, еңбекші  бұқараның мүддесін іске асыруында. Мұны біз жоғарыда көрсетілген Махамбет өлеңдерінің әлеуметтік мәнін талдаумен байланысты  дәлелдеуге күш салдық.

            Махамбет сөз жоқ, көтерілісші елдің ақыны болды. Ол ақсүйек феодалдарға қарсы күрескен қазақ еңбекшілерінің арманын, ойын мұңын жырлады. Оның үгіттік лирикасына тақырып болған да-осы халықтық мәселелер. Оның үгіттік күшінің де қандай дәрежеде екенін айқындайтын ерекшелік те ақынның өлеңдеріндегі жұртшылық, тілегімен қабысып жатқан идеясымен қабысуында. Жауынгер батыр тек қана қылыш, найзамен ғана жауға шапқан жоқ, ол өзінің жалынды өлеңдерімен де дұшпанын найзалай түйреп, езілуші халықтың ой-сезімін оятты. Бұл жолда оның өлеңдері таптырмас күшті құралдың бірі болды. Өзі үгітшілік өлеңдері үгіт ролін атқарды. Бірақ, Махамбет өлеңдері жай ғана үгіт емес, ойға, сана-сезімге эстетикалық азық боларлық дәрежеге көтерілді.

 

Қажым Жұмалиевтың зерттеулері пайдаланылды

Пред.6
скачать работу

Махамбет шығармаларының көркемдік ерекшеліктері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ