Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Махамбет шығармаларының көркемдік ерекшеліктері



 Другие рефераты
Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері Музыка пәнін қазақ ұлттық аспаптар арқылы үйрету Махамбет шығармаларының жанрлық ерекшелігі Қылқобыздың қос қыраны

Махамбет өлеңдерінің көрскемдік ерекшелігі

 

Махамбет хадимше және орысша хат танып, жаза да білген ақын. 1839 жылы Назар, Шүренде жүрген кезінде, өз еліндегі достарына арабша жазған хатының қолжазбасы күні бүгінге шейін архивта сақтаулы.

          Махамбет хат біле тұрса да оның бізге жазып қалдырған өлеңдері жоқ. Бірен-саран өлеңдері болмаса, көпшілігі-ақ ауызба ауыз, суырыпсалмалық әдісімен шығарылған өлеңдер. Өлеңді керекті жерінде суырып салып айту қазақ ақындарына дағдылы әдет. Мұның әуелгі себебі хат білмеушіліктен, кейін біртіндеп оған дағдыланушылықтан десек, Махамбет те суырып салмалыққа жас шағынан талаптанып, әдеттенгенге ұқсайды.

            Махамбет өлеңдері, көбіне жыр ағымымен келеді. Суырып салма ақындардың бірен-сараны болмаса, көпшілігі-ақ өлеңдерін жыр ағымымен шығарады. Әрине бұл сөзден 11 буынмен өлең шығарушы суырып салма ақындар (импровизаторлар) болмайды екен деген ұғым тумауы керек.  Айтайын деген ойын не 7-8 буынды, не 11 буынды өлеңмен айтып беру тақырыпқа, суреттейін деген жағдайға байланысты. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жырын алсақ, бәрі дерлік, жыр ағымымен (7-8 буынды) келеді. Ол кездейсоқ емес. Батырлар жырында суреттелінетін әралуан ерлік қимылдар: жорық, шабуыл, тартыс, жекпе-жек айқас т. б. Әртүрлі өмір құбылысы өзіне тән суреттеу әдісін керек ететіні бізге мәлім. Ақын-жазушылардың оны саналы түрде ұғынбауы мүмкін, бірақ, сезінбеуі мүмкін емес. Бұл оларға табиғи нәрсе.

            Махамбеттің жыр еткен тақырыбы ерлік, халықты ерлік қимылға үндеу. Сондықтан жайма-шуақ жәй кездегі көңіл күйін көрсетуге қолайлырақ келетін 11 буынды өлеңдерден көрі, қимыл, әрекетті, алыс-жұлыс, жортуыл тәрізді өмір құбылыстарын суреттеуге лайықты жыр ағымы, 7-8 буын аралас келетін өлең ырғағы оған анағұрлым ыңғайлы тәрізді.

            Біздің байқауымызша, ойдан тез шығарып айтушыларға, белгілі синтаксистік біткен бір ойды көрсету үшін шумақтарының бірыңғай болып келуін қажет қылатын он бір буынды өлеңнен көрі жыр ағымымен келетін жеті-сегіз буынды өлең құрылысы әлдеқайда жеңіл тәрізді.. Өйткені жыр ағымымен шығарылған өлеңдерде синтаксистік бір ойдың бітуі үшін шумақ төрт, не сегіз жолдан бітуі және алдыңғы шумақ құрылысы, өлеңнің соңғы жолдарында сақталып отыруы, немесе шумақ төрт жолдан құрылса үш жолы ұйқасып, бір жолы ұйқассыз қалуы (а-а-в-а ) шарт емес. Жыр ағымында шумақ аз жолдардан да, көп жолдардан да құрыла береді. Мысалы, Махамбеттің "Ереулі атқа ер салмай" атты өлеңі 19 жол. Бір-ақ шумақ. 19 жол өлең көп бағыныңқылы бір-ақ сабақтас сөйлемнен құрылады.

            Сонымен қатар, жыр ағымдарында, көбіне, ұйқас ерікті болып келеді. 11 буынды өлең тәрізді белгілі бір ойды айтып беру үшін 1-2-4 жолдары ұйқасып, 3 жолы ұйқассыз қалып отыратын тәртіп жоқ. Ой қалай бітсе, өлең жолдарының ұйқастары да соған бағынады. Бұл өлең құрылысы импровизаторларға анағұрлым жеңіл соғатынға ұқсайды.

            Әрине жыр ағымы импровизаторлықтың негізгі шарты емес, кейде бұл үйрену, ақынның дағдылануымен де байланысты болуы мүмкін. Махамбет өлеңдерін буыны жағынан қарастырсақ үш түрлі өлең құрылысы барлығы аңғарылады. Он бір буынды, жеті буын мен сегіз буын араласып келетін жыр ағымы, таза жеті буынды өлеңдер.

            Он бір буынды-Махамбетте бір-ақ өлең. "Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай". Басқа өлеңдерінің бәрі де не 7 мен 8 буыннан, не таза 7 буын болып келеді. 7 мен 8 буын аралас келетін өлең түрлері:

 

Бұл дүниенің жүзінде (7)

      Айдан көркем нәрсе жоқ, (7)

Түнде бар да, күндіз жоқ.

       Күннен көркем нәрсе жоқ,(7)

Күндіз бар да, түнде жоқ.(7)

 

            Сонымен қатар, аралас буынды болып келетін өлеңдер тек жеті буын мен сегіз буынды ғана емес, кейбір жолдарының буын сандары онан да көрі басқаша.  Мысалы:

 

Толарсақтан саз кешіп  (7)

Тоқтамай тартып шығарға. (8)

Қас үлектен туған қатепті (9)

Қаранар керек біздің бұл іске. (10)

 

Махамбет өлеңдерінде кездесетін мұндай жолдар айтайын деген ойына сабақтас. Өлеңнің ұйқасы мен ырғағына ойға бағындырудан туған деуге болады. Әрине бұл жаңалық емес. Онан бұрынғы тарихқа аты белгісіз, эпостық тамаша жырлар шығарып кеткен халық ақындарының өлең-жырларында мұндай жолдар кездеседі.

            Бірақ, Махамбет өзінен бұрынғы және өз кезіндегі ақындардың қайсысынан болсын жалы биік, өркеші жоғары тұратын ақын. Әңгіме оның өлеңдерінің мазмұны жағынан ғана емес, көркемдігі жағынан да солай.

Махамбеттің қай өлеңін алсақ та терең мазмұнды тамаша көркем образдарға бөлеп, өлең сөйлемдерінің логикалық жағын шебер байланыстыруында. Сондықтан белгілі зерттеушілер болмаса жәй оқушылар оны кейбір жолдарының буын артықтығын аңғармай да қалады. Өйткені өлеңнің мазмұны оқушыға тек солай құруды, сондай сөздерді керек ететін тәрізді ой-сезім туғызады. Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан атышулы өлеңінің бір жерінде:

                                                Шамдансам жығар асаумын.(8)

                                                Шамырқансам сынар болатпын,-(9)

 

деген жолдарында буын сандары, өлеңнің жалпы құрылысынан бөлекше келгендіктен олқы соғып отыр деп кім айта алады? Өзінің өршіл  ерліктерін көрсету үшін, ол жауының алдында тек солай сөйлеуге ғана тиісті тәрізді.

            Махамбет өлеңдерінде (11 буынды, қара өлең ұйқасымен келетін бір-ақ өлеңін есепке алмағанда) үш түрлі ұйқасты кездестіреміз: шұбыртпалы, кезекті, ерікті ұйқастар. Ақын көбінесе шұбыртпалы ұйқас пен ерікті ұйқасты көбірек қолданады. Өйткені бұл екі ұйқастың екеуі де ақынның айтайын деген ой-пікірін дәл беруге ыңғайлы, белгілі бір заңды өлшеуге бағынған шумақты, ұйқасты өлеңдерден шеңбері тарлық етпейтінге ұқсайды.

 

            1. Шұбыртпалы ұйқас:

 

                                                            Беркініп садақ асынбай,

                                                            Біріндей жауды қашырмай,

                                                            Білтеліге доп салмай,

                                                            Қорамсаққа қол салмай,

                                                            Қозы жауырын оқ алмай…

                                                            .            .            .            .            .          

                      

12345След.
скачать работу


 Другие рефераты
Оффшорные банки
Пакт Молотова-Риббентропа
Вода. Тяжелая вода
Королев С.П.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ