Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Махамбет шығармаларының жанрлық ерекшелігі

bsp;                                 

Біз жоғарыда да Махамбеттің өмірімен байланысты ішкі Бөкей ордасының шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол қайшылықтармен байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс өзінің қолбасы батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді тарихи жүкті мойнына артқан адамның бірі - Махамбет. Сондықтан да Махамбет поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз  Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де, солармен салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің негізгі ерекшелігі оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері тек жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой, нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітшісі, әрі ардақты ақыны етті. Бұл мазмұн Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Түр - мазмұнның түрі болуы қажет деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: "Ереулі атқа ер салмай", "Мұңайма", "Айныман" деген өлеңдері , мазмұнына түрі сай, жалынды үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұраулы сөйлемдер болып келеді, не жарлай арнау, не сұрай арнау, немесе риторикалық сұрау болып отырады. Мысал үшін "Мұңайма" деген өлеңін алайық:

 

                                               Ханның ісі қатайды,

                                               Азамат ерден мал тайды.

                                                Қанды көбік киініп,

                                                Бір аллаға сыйынып,

                                                Ұрандап жауға тигенде,

                                                Кім жеңері талай - ды,

                                                Жолдастарым,мұңайма!…-

дейді ақын.

            Мұндағы "азамат, жолдастарым" деп, достарына қайрыла сөйлеу, сөйлемін риторикалық сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл, күреске үндеу тілегіне сай.

            Махамбет өлеңдерінде бұл тәрізді үгіт өлеңдермен қатар, лириканың басқа да түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері үлгісінде құрылады.

            Қазақ фольклорінде дүние салған адамның тіршіліктегі іс-әрекеттерін әр жағынан алып, толық баяндап жырлайтын жоқтаулар, естіртулер көп. Махамбет өлеңдерінің кейбіреулері фольклорда кездесетін жоқтау өлеңдердің қысқа түріне жақындайды. ("Тарланым", "Тайманның ұлы Исатай"). Исатайдың өліміне арналған "Тарланым" деген өлеңін алсақ, жалпы жоқтаулардың әдісімен, батырдың өміріндегі әралуан іс, амал, қасиет мінездерін санап көрсетеді. Бірақ, мұнда да Махамбеттің өзіне тән кейбір ерекшеліктері бар. Махамбет өлеңдерінде Исатайдың өмірін жалпы алмайды, оның өмірінің әлеуметтік-таптық жақтарын алып, батырдың езілуші халық, қара шаруа, еңбекшілердің мүддесін қорғап феодал, ақсүйектерге қарсы шыққан, шын мәніндегі халық қамқоры болған жақтарын айрықша көрсетеді. Шернияз сықылды басқа жағына ақын тоқталмайды.

            Махамбеттің жоқтау тобына жақын келеді деген өлеңдері, оның басқа өлеңдеріне қарағанда фольклормен тығызырақ байланыста деуге болады. Өйткені эпитет, метафора теңеулерін алсақ, көбіне фольклордан алынған поэтикалық тілдер.

            Ал Махамбеттің кейбір өлеңдері философиялық бағытқа негізделген өлеңдер болып келеді.

                                                Қоғалы көлдер, құм сулар,

                                                Кімдерге қоныс болмаған?

                                                Саздауға біткен құба тал,

                                                Кімдерге сайғақ болмаған?

                                                Басына жібек байлаған,

                                                Арулар кімнен қалмаған?

                                                Таңдап мінген тұлпарлар,

                                                Иесін қайда жауға салмаған?

                                                Құландар ішпес бұршақ қақ,

                                                Кімдерге шербет болмаған?

                                                Садағына сары шіркей ұялап,

                                                Жау іздеген ерлердің,

                                          

12345
скачать работу

Махамбет шығармаларының жанрлық ерекшелігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ