Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Махамбеттің жыр жебесі

ен адам. Келесi бiр деректерде, түркiмен мен қазақ арасында бiр соғыста төрт-бес жасар Мәлi қолға түсiп, Жайық-Берiш iшiндегi Жаубасар деген кiсi асырап алады. Қолға түскен Мәлiге “Құлмәлi” деген ат қойылады. Жаубасардың Ерназар деген ағасы болған. Бұлардаң әкесi Тұмаш деген кiсi екен. Мәлi (Құлмәлi) негiзiнен Жаубасардың ағасы Ерназар қолында өседi. Кейiн Мәлi қазақ қызына үйленген соң, одан Өтемiс пен Шыбынтай деген бала туады. Мiне, осы дерекке сүйенген шежiренiң бiр парасы бойынша, Махамбеттiң әкесi-Мәлi, оның әкесi-Ерназар, оның әкесi-Тұмаш, одан әрi Жайық-Берiш деп таратады.
Құлмәлi әулетi аз ғана уақыт аясында үрiм-бүтағы өсiп-өнiп, Тасойған құмындағы iргелi ауылдардың бiрiне айналған. Оның үстiне Құлмәлiнiң шешендiк, батырлық, турашыл қасиеттерi ұрпақтарына да дарып, ел тағдырына қатысты iстерде сергектiк танытып отырған. Мәселен, Өтемiс өз кезiнде Айшуақ, Жантөре, Бөкей хандардың беделдi билерiнiң бiрi әрi Берiш ауылының старшыны болған. Өтемiс төрт әйел алып, олардан Тоқтамыш, Бекмұхамбет, Махамбет, Ысмайыл, Смайыл, Қожахмет (Ахмет), Әйiп, Хасен, Сүлеймен, Ыбырайым атты он ұл туған. Осылардың iшiнде Бекмұхамбет (кейбiр деректерде Бекмағамбет Жәңгiр ханның он екi биiнiң бiрi болса, Ысмайыл Қожахмет, Ыбырайым сияқты балалары Исатай мен Махамбетке үзеңгiлес серiк болып, ереуiл кезiнде ерлiк көрсеткен.
Қожахмет 1838 жылы шiлденiң 12-сi күнi болған шайқаста Исатаймен бiрге қаза табады. Ал Ысмайыл болса патша саясатына қарсылық көрсеткен адам ретiнде жиырма бес жылға Сiбiрге айдалған (Жұмалиев Қ. Егеулi найза. Ал., 1979, 7-бет). Қысқасы, Құлмәлi әулетi өз iшiнде мақсат-мүдделерiнiң әр түрлi болуына қарамастан халық iшiне қатысты iстерге белсендiлiкпен араласып, белгiлi дәрежеде ықпалын жүргiзiп отырған. Махамбеттiң:

“Ерте көшiп, кеш қонған,
Бiз санаулы сәндi орданың бiрi едiк”,-дейтiнi, немесе:
“Өтемiстен туған он едiк,
Онымыз атқа мiнгенде,
Жер қайысқан қол едiк”,- деп толғайтыны сондықтан.

Өтемiстен туған он ұлдың iшiнде Махамбеттiң орны алабөтен. Табиғат оның тал бойына ақындық, шешендiк, күйшiлiк, батырлық сияқты бiрнеше кесек қасиеттердi дарытты. Осынау кесек қасиеттердiң бәрi шашау шықпастан асқақ мұраттарға қызмет еттi. Бұл орайда, Махамбет өзiнiң барша болмыс қасиеттерiмен көшпелiлер көсемiнiң соңғы тұяғы сияқты едi. Ол өзi туып-өскен өңiрдiң Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиiз, Жиембет, Доспанбет сияқты бiртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкiрегiне тоқып өстi. Жай ғана тоқып өскен жоқ, олардың артында қалған асыл мұралары мен асқақ ойларын Махамбет өзiнiң өмiрлiк арман-аңсарына бағдаршы етiп өттi. Әйгiлi Сырым батырдың әдiлет сүйгiш, азатшыл рухы Махамбеттiң бесiк жыры болды. Кейiн Сырым батырдың арманы Махамбет өмiрiнiң мағынасына айналды.
Махамбет өзi өмiр сүрген заманның ағымына жүйрiк, қыр-сырын жетiк бiлген, көзi ашық, көкiрегi ояу, бiлiмдар адам болған. Орыс, татар, араб тiлдерiн тәуiр меңгерген. Мұның өзi жазған хаттардан-ақ аңғаруға болады.
Махамбеттiң сергек жаратылысы мен қабiлет-дарыны төңiрегiне ертерек мойын бұрғызтқан. Тiптен, Жәңгiр ханның өзi назар аударып, баласы Зұлқарнайынға Махамбеттi ақылшы, серiк етпек болады. Осы ниетпен Орынбордағы оқу орнына орналасқан Зұлқарнайынға Махамбеттi қосып жiберген.
Махамбет Орынборда 1824 жылдан 1829 жылға дейiн тұрған. Сөз жоқ, бұл уақытты Махамбеттiң текке өткiзбегенi анық. Оның ескiше-жаңаша сауатын ашып, қоғамның саяси-әлеуметтiк жай-жапсарын зерделеп үлгеретiнi осы кез. Сондықтан да ол Орынбордан қайтқанда Жәңгiр ханның “сарай ақыны”, Зұлқарнайынның ақылшысы болып емес, елiнiң жоқшысы болып оралады.. Махамбет Орынбордан оралардан бiр жыл бұрын 1828 жылы Каспий жағалауы мен Едiл, Жайық өзендерiнiң бойын қазақ шаруаларының пайдалануына тыйым салған заң шыққан болатын. Бұл заң малдың тұяғына iлесiп күн көрген халықтың тынысын тарылтып, наразылығын тудырды.
Махамбет 1829 жылы Орынбордан қайтып келiсiмен бұқара толқуына қатысып, оларды Жайықтан берi өткiзуге ат салысады. Бұл үшiн ол жауапқа тартылып, 1829-1831 жылдар арасында Калмыков түрмесiнде отырып шығады.
Замана тауқыметiндей озбыр да дүлей күшпен Махамбеттiң беттесуi алғаш рет осылай басталады.
Махамбеттiң өскен ортасы- Iшкi Бөкей ордасы өзiнiң табиғи орналасуы жағынан ғана емес, саяси-әлеуметтiк ахуалы жөнiнен де сол кездегi қазақ қоғамынан өзiндiк ерекшелiгi бар едi. Егер, бұл ерекшелiктi түйiндеп айтар болсақ, Алтай мен Атырау арасында көсiлiп жатқан байтақ қазақ даласын аз күшпен, жедел түрде отарлауды өзектi мақсаты еткен Ресей патшалығы үшiн Iшкi Бөкей ордасы мейлiнше ұрымтал сынақ алаңы болды. Сол кезде, Ресейдiң шығысындағы ең саны көп, ең жерi үлкен және өмiр салты өзгеше қазақтардың сынаптай сырғыған көшпелi руларына сырт күштiң билiк жүргiзiп, уысында ұстауы оңай шаруа емес едi. Ол үшiн көшпелi қазақ қоғамын қайтсе ыдыратуды, қайтсе өздi-өзiн қырқыстыру арқылы кiрiптар етудi, қайтсе талмау жерiн тап басып тұзаққа түсiрудi Ресей патшалығы шығыстағы ең өзектi мақсат мүддесi еттi. Сондықтан да, Бөкей хан Нарын құмына оқшау билiк құру үшiн Бiрiншi Павелден рұхсат сұрағанда, тiлегi оп – оңай орындалған. Бiрiншi Павелдiң 1801 жылғы наурыз айының 11 – i күнi берген бұйрығы бойынша Едiл мен Жайықтың арасында бөгiп жатқан Iшкi Орда деп аталған Бөкей хандығы құрылды. Сөйтiп көшпелi қазақтардың тағы бiр шебi сетiнеп, тағы бiр керегесi бөлiнiп, саяси - әлеуметтiк тұтастығы әлсiрей түстi. Оның есесiне патшаның атқа мiнiп, дала кезе алмайтын ноқай отаршылдары үшiн рахат болды. Бұған дейiн құпия болып келген байтақ қазақ даласы, ендi бүкiл әлеуметтiк құрылыммен, ұлттық – бiлiм ерекшелiгiмен, рулық тәртiп – жүйесiмен көз алдарында. Қалай билеп, қалай төстеп, қалай зерттеймiн десе де еркiнде. Мұның өзi техникалық дамудың жетiле қоймаған, коммуникацияның әлсiз кезiнде, сондықтан да көшпендiлердiң әлi де болса ауыздық салдырмас асау күш болып тұрған кезiнде Ресей патшалығы үшiн отаршылдықты шыңдап, жетiлдiрудiң сынақ лабораториясы сияқты едi. Нәтижесiнде кешiкпей – ақ қалағанын жүзеге асырудың тетiгiн тапты. Олар бүкiл мақсат – мүддесiн хандық билiк арқылы жүзеге асырып отырды. Хандық билiктiң iшкi құрылымын хан депутаты, хан кеңесi, старшын – есауыл, базар сұлтаны, арнаулы тергеушi, iс жүргiзу кеңесi дейтiн жүйеге түсiрiп, даланың тiршiлiк - тынысын толық бақылауға алды. Бұл тәртiп ру басыларының, iрi байлардың өз тумаларына деген басиелiгiн әлсiретiп, рулық пәтуа – бiрлiкке сызат түсiрiп отырды. Қазақ даласының өзге өңiрлерiне қарағанда, Iшкi Ордада тауарлы – ақша қатынасы басымырақ өркендеп, ел iшiтаптық жiкке бөлiне бастады. Бiр кездегi халқы үшiн оққа кеудесiн тосатын хандар, рулармен бiрге у iшетiн байлар ендi өз халқының қанын соратын қарсыластарына айналды. Патша отаршылдарына қолшоқпар болған хан – сұлтандар мен байлар бүкiл Iшкi Ордадағы халықтың 4 процентi бола отырып, 5300 мың десятина жарамды жердiң 4500 мың десятинасын иемдендi. Салықтың бұрын – соңды көрiп бiлмеген, от ауыз, қызыл киiз, тұяқ ақы, хан соғымы, хан қонақ ақысы, пiтiр, құшыр деген түрлерi пайда болды. Бiр ғана Жәңгiр хан халықтан жыл сайын 18 мың қой, 1000 жылқы, 700 түйе жинап алып отырды. (Қаз. КСР ОМА, 4-қор, 4197 - iс) Әрина бұл дәулеттiң басым бөлiгiн патша әкiмдерi обып әкетiп жатты. Тiптен халықты хан – сұлтандар мен байлар арқылы қанауды мiсе тұтпаған патша әкiмдерi, бекiнiстегi әскерлер, помещиктер бара – бара тiкелей өздерi қол сұғып ашық қанауға көштi. Сол кезде Орынборда шекаралық комиссиясында полковник шенiнде қызмет атқарған орыстың белгiлi жазушысы, лексикографы және этнографы, Петербург Ғылым академиясының корреспондент – мүшесi В.И. Даль (1801-1872) былай деп жазды: “Шекара бойындағы қазақтар мейлiнше кедей тұрады. Гурьев пен Звериноголовскiнiң арасындағы, ұзындығы 1850 шақырым жердi қыстайтын мың үйдiң әр қайсысында орта есеппен бес жаннан бар. Ал әр үйге шаққанда жетi мүйiздi iрi қарадан, бес жылқыдан, бiр түйеден, жүз қойдан келедi. Бiрақ нақтылы шындыққа ден қойсақ, ондаған мың қой мен жылқы бiткен байлар және жалғыз ешкiге қарап отырған тақыр кедейлер бар. Олар бүкiл ауыртпалығын осы жалғыз ешкiге артып, сүтiн күнара, тiптен үш күнде бiр кезек – кезек қорек қылып отыр. Бұл ойдан шығарылған ертегi емес таза шындық” (Даль. В.И. Полн. Собр. Соч. т. 1-10. СПб. 1897-1897, 7-том, 235-бет).
В.И.Даль мұнан да өткен сұмдық мысалды “Северная пчела” журналының 1834 жылғы 101- санында келтiрген: “Шекара бойындағы қазақтар осы қыста тағы өз балаларын сата бастады. Жақында мен 75 сомға (ассигнациямен) сатып алынған төрт ер баланы көрдiм . Кiшiсiнiң жасы жетiде …”
Мiне, көшпелi қазақтардың азатшыл рухы отаршылдықтың темiр қамытын мойнына iлген соң, кешiкпей-ақ осындай күйге тап болды. Махамбет осы сұмдықтарды көзiмен көрдi. Сондықтан да, 1836 жылы әбден шыдамы таусылған халық теңiздей толқып көтерiлгенде, осынау тегеурiндi дүмпудiң дем берушiсi Махамбет болды. Ол Исатай батырмен бiрге арыстандай ақырып, азаттық туын қолдаса көтерiп шықты.
Бiрақ, амал қанша, әдiлдiк жеңiлдi, озбырлық жеңдi. “Кезенген жауға кез келдiк, жалғыз найза, бiр атпен”,-деп, Махамбеттiң өзi айтқандай, жаужүрек батырдың қолындағы жалаң қылыш отты қарудың алдында дәрменсiз болды. Ең сұмдығы, көшпелiлер тарихында тұңғыш рет ханы халқына қарсы шығып, ата жауымен ауыз жаласты. Алдымен Жәңгiр хан, кейiн Баймағамбет сұлтан подполковник Геккеге арқа сүйеп, әдiлдiк сұраған халықты қанға бөктiрдi. Арыстан туған Исатай оққа ұшты. Одан да өткен сұмдығы, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ақынына көшпелiлердiң ұзына тарихында тұңғыш рет қол көтерiлдi. 1846 жылы Баймағамбет сұлтанның жұмсауымен Төлейдiң Ықыласы, Боздақтың Жаңабергенi, Нұралының Мұсасы, Өтеулiнiң Жүсiбi, Тұрымның Төрежаны сияқты пенделер Махамбеттi өз үйiнде, балашағасының алдында қылыштап өлтiрдi.
Жалқы деректiң

1234
скачать работу

Махамбеттің жыр жебесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ