Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Махамбеттің жыр жебесі

жалпақ дүниеге айғақ болатын тұсы бар. 1836-1838 жылы Нарын құмындағы халық көтерiлiсiнiң жеңiлуi, түптеп келгенде, көшпелiлер басынан бақыт құсы ұшып, дәуреннiң өткенiн көрсетедi. Яғни, жеңiлген Исатай мен Махамбет бастаған азатшыл рухтағы қауым емес. Өйткенi, олар сол азатшыл рухына қылау түсiрмей, мақсат-мұратынан айнымай құрбан болды. Жеңiлген-система болатын. Яғни, Еуразияның апайтөс ұлы даласына бейiмделiп, қалыптасқан көшпелiлердiң шаруашылық-мәдени типiн жалпы адамзаттық жаңғырудың үрдiсi ығыстырды. Мұндай заманалық жаңғырудың табиғи жолмен, бейбiт түрде жүзеге асуы да мүмкiн едi. Өкiнiшке орай, қазақ даласындағы системаның алмасуы сырт күштiң отаршыл экспансиясы тұрғысында жүзеге асты. Махамбет болса осынау өлiара шақтағы халық болмысының жиынтық айғағы.
Бiздiң сүйсiнетiнiмiз, Махамбеттiң өз заманына адалдығы, өлара шақтағы сүйек сырқыратар өкпек желге ықтамай, омырауын ашып тастап, қасқайып қарсы жүргендiгi. Егер, қазақ деген халықтың бүгiнгi болмысында өзiндiк бiрдеңе бар болатын болса, мұның өзi Махамбет сияқты бағаналы бәйтеректiң өткен мен бүгiннiң арасына көпiр болып көсiлiп жатқандығынан.
Махамбет үшiн көшпелiлердiң дәстүрлi мәдениетi, өнерi, талғам-танымы өмiр сүрудiң тәсiлi едi. Ол әбден орныға шыңдалған далалық демократияны жан-тәнiмен қорғап, сол жолдан ауытқымай дүниеден өттi. Мұның өзi түптеп келгенде, халықтың бiртұтас тағдыры үшiн, ұлттың бiртұтас арман-аңсары үшiн күрес болатын. Отаршылдық ұлттың тұтастығына iрiткi салып, таптық жiктiң ұрығын септi. Бұл дегенiмiз, мүлде жат өмiр салттың, бөтен системаның бел ала бастауы едi. Махамбет iрiлiгi осынау системалық өктемдiкке қасқайып қарсы тұруында. Мұның бұлтартпас айғақтары Махамбет жырларының өнбойында тұнып тұр.
Махамбет жырларының құдiреттiлiгi арман-аңсарының заманалық кесектiгiнде. Махамбет халық басындағы бақ пен сордың жалқылық мысалына жұбанбайды, заман дүмпуi тудырған iрi ағымдардың аққарасын саралап толғанады. Бұл ретте, оның санасы сергек, танымы терең, мақсаты айқын. Ұлттың азаттығы мен халықтың әлеуметтiк теңдiгiн Махамбеттен терең жырлаған, Махамбеттей жеткiзе жырлаған ақын қазақ топырағында некен-саяқ. Дәстүрлi талғамымызда хас өнердiң бойына сұлулық пен шындық тең бiтiп, қоржынын аудармауы керек. Махамбетте мұның екеуi де кәмiл. Ол сонысымен көшпелiлер мәдениетiнiң аса тегеурiндi соңғы тұяғы ретiнде мойын бұрғызады. Махамбет өзiнiң рухы асқақ жырларын жыршылығы тасып шығармаған. Оның бойындағы буырқанған аста-төк өнер күрес жолындағы ең оңтай қаруы болған. Тек қана жырлары емес, оның арынды күйлерi де ұдайы ситуация үстiнде туындап отырған. Бодандықта өмiрi өксiген халқының қағажу көрген хал-күйi, өз халқына қарсы сырт күштiң қол шоқпары болған Жәңгiр хан мен Баймағамбет сұлтанға деген запыран ашу, ел қамын жеп еңiреп өткен Исатай батырдың ұрпаққа өнеге өр тұлғасы, көтерiлiс күндерiнiң ең бедерлi сәттерi, асыл арманның күйреуi, осының бәрiн тағдырдың жазмышындай еткен заманалық үрдiс, мiне, Махамбет өнерiне арқау болған нақтылы өмiр көрiнiстерi осылар.
Осынау ойдың орамы Махамбет жырауға ғана емес, сонымен бiрге Махамбет күйшiге де тiкелей қатысы бар. Махамбет күйлерi, оның қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, ел бастаған ақын бола отырып, осының бәрiне қоса күй де шығарған екен-ау дегiзетiндей әуезе сезiмнiң бодауына жүрмейдi. Ол поэзияда қандай дара болса, күйде де сондай оқшау. Махамбет күйлерi адуын мiнезiмен, асқақ сезiмiмен дараланады. Кiбiртiгi жоқ, iшкi толғаныстың тегеурiнi, күрсiнi көп көкiректен лақылдап ақтарылғандай. Ең ғажабы, осының бәрiн өзгеде жоқ әуен-сазбен өрнектеп отырады. Махамбет күйлерi оның поэзиясының саз-сарынға айналған түрi. Ұлы мұрат жолында арқалы қимыл жасап, атқа қонған ерлерге сүйсiнгенде “Исатайдың Ақтабаны-ай” күйiн саңқылдатқан. Ата жаудың темiр торына түсiп, тар есiктен сығалап, өр кеудесiн өксiк қысқанда “Шiлтерлi терезе” күйiн бебеулеткен. Адыра қалған ата мекен, жаттың табанына тапталған туған жер қасiреттiң үлкенi, қайғының зоры болып, қабырғасын қайыстырғанда “Қайран Нарын” күйiн сұңқылдатқан. Арманында ақау жоқ үзеңгiлес серiктерiнiң ер тұлғасына, мәрт мiнезiне арнап “Тарлан”, “Жұмыр-Қылыш” күйлерiн күмбiрлететiн…
Қапыда дұшпанның қақпанын басып, Қиыл өзенiнiң бойында Исатай бастаған есiл ерлер қырғынға ұшырағанда “Өкiнiш”, “Қиылдағы қырғын” күйлерiн азынатқан… Мiне, осылай жалғаса бередi. Себепсiз домбыраға қол созу жоқ. Күйдi көңiл көтеру үшiн емес, көкейдегiсiн жеткiзу үшiн тартатынын Махамбеттiң өзi де жасырмайды. “Домбыра тартсам келер күй” дейдi.
Махамбет қатардағы көп күйшiнiң бiрi емес. Ол даланың қатал талабын қапысыз орындап, сарабдал сынынан сүрiнбей өткен соң ғана домбыраға бiлек артқан. Бұған Махамбеттiң “Ақжелең” күйi айғақ. Себебi “Алпыс екi тармақты Ақжелеңнiң өрiсiн ұзартып, өресiн биiктеу санаулы ғана саңлақтардың пешенесiне жазылған. Ал Махамбеттiң “Ақжелеңi” күйшiлiктiң осынау ұлы дәстүрiн нұрландырар дүние. Тiптен, бұрыңғы “Ақжелеңдердiң” сезiмiне серпiн қосып, мұңына мiнез дарытып, айтарымен аңғартарын байыта түскен.
Махамбеттiң күйшiлiгi оның бiртұтас тұлғасын даралап қана қоймайды, сонымен бiрге дәстүрлi көшпелiлер мәдениетiн жасаушылардың әмбебап қасиетiне де жарқын айғақ. Мұның өзi өнердегi ғана емес, өнерпаз бойындағы синкреттiлiктi алғашқы қауымдық құрылыстың талғамына телитiн әлдекiмдердiң теориясымағы тайғанақ екенiн аңғартумен бiрге, көшпелiлер мәдениетiнiң болмысына өзгеше зердемен қарауды пайымдатады.

Ерлік пен елдіктің өшпес рухы
З. Қабдолов, халық жазушысы, академик

Махамбет! Бұл есім - өмірдегі қасіреттің синониміне, өнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы әрі ардақты ат. Көзі ашық, көкрегі ояу қазақтың бір де бірі бұл есімге бейтарап қарай алмайды:

«Ереуіл атқа ер салмай
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку – еңку жер шалмай …» немесе:

«Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн…» -
дей бастасаңыз – ақ болғаны, алдымен мейірімін төгеді, содан соң мерейленіп кетеді.
Мұның себебі – «Атандым Ғазиз ақын бала жастан, әнші жоқ Қараөткелде меннен асқан» дегендей, Абайдан кейінгі өлеңшілерді өз алдына қойғанда, Абайға дейінгі қазақ поэзиясында бұдан асқан ақын жоқ. Бұл шындықты әр қазақ та бар қазақ түгел мойындап болған. Әрине, асқар таудың асу – асу белдері біреу емес, бірнешеу болатыны секілді, қазақтың жыршылық – жыраулық өнерінің де төбесін тіреген қадау – қадау діңгектері бірқыдыру бар: Асан Қайғы мен Қазтуған, Доспамбет пен Шәлгез, Жиембет пен Марғасқа, Ақтамберді мен Тәтіқара, Үмбетей мен Бұқар … Осылардың әрқайсысы заңғардың әр биігіне ұқсаса, Махамбет бар биіктің ішіндегі Қыранқия тәрізді қиырдан мұнартады. Махамбет өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті. Әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап – таза қорғасыннан құйылған ап – ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең – жырында жоқ. Оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.
Ақын болу – бір бар; ал оның үстіне батыр болу ше? Және де ақын – ақын, батыр – бат

1234
скачать работу

Махамбеттің жыр жебесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ