Мақсатымыз – экономикалық баланстың үйлесімділігін реттеу
Другие рефераты
Дәстүрге айналған Астана экономикалық форумы үстіміздегі жылы төртінші мәрте өткізілген болатын. Экономикалық ой алаңның орталығына айналған Астаналық экономикалық форумында төрткүл дүниеден түгел жиналған экономика және қаржы мамандары, осы саланың серкелері ой бөлісті, пікір таластар өткізіп, әлемді әлекке салған қаржы дағдарысының себептерін сөз етті. Әлемдік экономиканы басқарудың дұрыс бағытын іздеу жолындағы зерттеулер нәтижелерін, оның әр елде пайдаланылып жүрген озық үлгілерін ортаға салды. IV Астаналық экономикалық форум-ға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та арнайы қатысып, экономистер алдында бірқатар мәселе көтерген еді.
Президент бұған дейін өзінің «Бесінші жол» мен «Дағдарыстан шығу кілті» сияқты мақалаларында қаржы экономикасы мен нақты экономиканы дамыту іс-шараларында инновацияның үлесін көбейту жолдарын ашу қажеттігін көрсеткен болатын. IV Астаналық экономикалық форумда осы ой-пікірлерін сабақтай отырып Нұрсұлтан Әбішұлы: «Соңғы 70 жыл ішінде ең ірі болып саналатын экономикалық жойқын апаттар жөніндегі терең мәселелер әлі шешімін тапқан жоқ. Әлемге дағдарыстың тигізген әсерін жан-жақты және объективті түрде талдау қажет. Экономикалық сая-саттағы баланстың үйлесімсіздігі – маңызды сабақ болуы тиіс» – деді. Президент көтерген бұл мәселеге орай қазақстандық сарапшылар бірқатар зерттеулер жүргізіп, маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Бұл ретте SONA реттегіш құралының экономиканы талдау жұмысына үлкен маңызы бар. АҚШ долларының сатып алу қабілеттілігін және оның Кеден одағы елдерінің экономикасына әсерін бағалауда өте тиімді жүйе болып саналатын SONA жайында мамандарды әңгімеге тартқан едік. Экономика ғылымдарының докторлары, академик Сайлау БАЙЗАҚОВ және профессор Юрий ШОКАМАНОВ бастаған сарапшылар тобы төмендегідей пікірлерін білдірді:
– Қазақстандық сарапшылардың бастамашыл тобының күшімен макроэкономиканы талдайтын SONA анализаторының жобасы жасалды. Бұл нақты секторлардағы инфляция деңгейін ғана емес, сондай-ақ оперативтік жүйедегі АҚШ доллары, ресейлік рубль, қазақстандық теңге және басқа да шетел валюталарының сатып алу қабілеттілігін бақылайтын әмбебап құрал. Мысалы, айырбас курсын алайық, қазақстандық теңгеге басқа валюталардың тигізетін мультипликативтік әсерін есептеуге болады. Бірақ бұл жағдайдың өзінде, қорытынды шешім басқару шешімін қабылдайтын тұлғада немесе уәкілетті органда қала береді. Үйткені біздің білуімізше экономикалық саясат бір төбе де, ал экономикаға тиімді даму жолы – басқа төбе. SONA анализаторы – осы екеуінің дәнекері, кеңесшішілік қана қаблеті бар тетік. Тура автокөлік жүргізушілерге арналған навигатор сияқты қызмет атқара алады.
Мәселен, АҚШ экономикасында 2001-2008 жылдары доллардың сатып алу қабілеттілігі 2000 жылғы 74,1% -дан 2008 жылы 61,0% деңгейіне төмендеген. Яғни, 2000 жылдың өзінде, оның сатып алу қабілеттілігі өз номиналынан 25,9 пайызға ғана төмен болған. Дағдарыстың алдындағы сегіз жыл ішінде – оның деңгейі 0,61%-ға дейін төмендепті. Бұл қортынды есеп америка экономикасының 2008 жылғы дамуын, оның 2000 жылғы дамуымен салыстырудан шыққан. Дәлірек айтсақ, АҚШ-тың 2008 жылғы нақты экономикасындағы ақша айналымы 2000 жылға қарағанда 5,5% -ға артық болған. Ал бұған осы жылдар ішіндегі оның нақты экономиксының толық шығындарын (ол 15,1% -ға тең) қоссақ, нақты және қаржылық секторлары арасындағы үзіліс 21,4% -ға көтеріліп шыға келеді.
Анализатордың нұсқасы экономикада еңбек ететін адамдардың табысына негізделген. Бірінші табыс көзі ретінде мөлшерлі негізгі қормен қаруланған кәсіптегі бір адамның жалпы ішкі өнім бойынша еңбек өнімділігіне негізделген. Бұл нақты экономиканың өлшемі ретінде пайдаланылды. Ал табыс көзінің екіншісі ретінде кәсіптегі бір адамның жылдық табысына шаққандағы сол жылдағы еңбек өнімділігі алынды. Осы қос еңбек өнімділігінің екіншісі айналымдағы ақшаның құнын анықтайды. Өйткені ақшаның сатып алу қабілеті кәсіптегі адам еңбегінің орташа жылдық ақысына кері байланысы анықталады. Қорыта айтқанда анализатор нарықтағы негізгі үш күштерді бір-бірімен тығыз байланыстырып тұр. Осы нарық экономикасының үш табыс көзінің біріншісі – еңбек пен негізгі қордың біріккен өнімділігі. Оны күнделікті тәжірибеде жалпы факторлық өнімділік (совокупная факторная производительность) деп атайды. Екіншісі – осы еңбек пен негізгі қордың біріккен өнімділігін бір адамның ақшалай орташа табысына шаққандағы күш. Анализаторда бұл күш кәсіптегі бір адамның орташа табысының өнімділігі (производительност экономического труда) деп аталды. Ал нарықтың үшінші күші валюталық – қаржылық жүйенікі. Ол күштің мөлшері көрсетілген бір адамның орташа табысының мөлшеріне кері байланыста. Өйткені әлем мойындаған анықтама бойынша, ақша құны оған сатып алуға болатын тауар шамасымен өлшенеді. Ол шама ақшаның сатып алу қаблетілігі болып табылады. Бір адамының орташа табысын анықтауға экономикада жұмыспен қамтылған адамдар саны алынады.
Жоғарыда көрсетілгендей нарықтың үш күші және экономиканың екі (нақты және қор экономикасы) секторының даму өлшемдері орташа бір кәсіп адамының табыс шамасымен негізделеді де, ұлттық валютасының сатып алу құнын анықтайды. Осы нарықтың үш күшіде тек көрсетілген негізгі екі өнімділіктен туындайды. Сондықтан біз ұлттық валюталардың сатып алу қаблеттілігін нақты экономиканың реттегіш күші деп санаймыз да, бұл күштің мөлшерін анықтаймыз. Себебі ақшаның сатып алу каблеттілігі нарықтағы барлық тауар бағасының мөлшеріне кері шамада.
Экономикалық еңбек өнімділігінің өлшемі неге негізделеді? Алдымен – экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың еңбекақысы мен жалпы табысының қатынасы. Біріншіден – екі көрсеткіш, яғни еңбекақы мен жалпы табыс көрсеткіші өлшемдес, өзара бір-бірімен салыстырмалы түрде бірдей өлшемде болады. Екіншіден, екі көрсеткіш ақшалай эквивалентке ие сондай-ақ ақшаның негізгі көзі болып табылады. Үшіншіден, экономикалық еңбек өнімділігінің индикаторы жеке кәсіпорын мен жеке сектор қызығушылығына сәйкес және өндіріс бойынша максималдық жалпы табыс қызығушылығын да ескереді. Төртіншіден, ағымдағы уақыттағы жалпы табысты салыстыру негізінде нақты еңбекақы бірлігін есептеуде сол жылы жеткен табыс нормасы қабылданды.
Экономикалық басқарудың басты индикаторлары арасындағы ара-қатынас ұйымдық-технологиялық және ғылыми-техникалық іс-шара немесе инновация әсерімен өзгереді. Инновацияның негізгі ұстанушылары, нақты экономиканың нарықтық күшін дамыту құрылымын өзгертуге және ұлттық валютаның сатып алу қабілеттілік деңгейіне тікелей әсер ететін инвестиция болып табылады.
Инвестициялаудың қарқындылығы экономикадағы негізгі құралдардың өсуінің нақты қайтару қоры мен акселерация коэффициентіне байланысты. SONA анализаторы осыған орай олардың мөлшерін бақылаумен өзара байланысты индикаторларының шектеулі санын өңдеу бойынша жұмысты орындайды. Ол жетістік деңгейіндегі басты индикаторлардың бағасын олардың базалық кезең уақытындағы деңгейіне қарсы қоюға қабілетті. Мұны басқаруды төменгі деңгейінде және макроэкономика деңгейінде де енгізуге ұсынылады. Ол әртүрлі басқару деңгейіндегі қолданылатын салалық, аймақтық және басқа да макроэкономикалық талдау жүйелерін және RMSMX, CGEM, GINSIM, SAS, SAP басқармалық түрлерін қолданумен алынған нәтижелерді бағалауға көмектесетін «тіреуіш» бола алады.
SONA анализаторының индикаторлық субардинациялық жүйесі осыған орай қабылданған басқару шешімімен сапасын тексеру үшін қолданылады. Ал анализатордың басты индикаторы экономикадағы жұмысшылар саны мен оның негізгі көрсеткіштерінің өсуінің сандық параметрлерін анықтауға көмектеседі. Оған мыналар жатады:
– Соңғы өнім өндірісі бойынша аралық өнім өнімділігі;
– Негізгі капитал мен жиынтық факторлық еңбек өнімділігі;
– Экономикалық еңбек өнімділігі;
– Экономикадағы жұмыспен қамтыл-ғандар саны.
Барлық индикаторлар елдің экономикалық дамуын талдау үшін қажетті болғандықтан, олар осы төрт базалық түсіністіктер мен дәрежелердің өнімділігі болып келеді. Сондықтан нақты кезең уақытына бекітілген экономикалық еңбек өнімділігінің кері ұзындығы айналадағы ақшаны сатып алу қабілеттілігіне сәйкес индексін ұсынады.
Жасыратыны жоқ, бүгінде ұлттық экономиканың нақты және қаржылық секторының дамуын талдаудың қолданбалы құралы бір-бірімен байланысты емес және елдің экономикалық жүйесінің бірыңғай бөлігі ретінде қаржы экономикасы мен нақты экономика арасында кері және тікелей байланыс жетіспей отыр. Нәтижесінде оның нарықтық күшінің өзара келісімді даму механизмінің жетіспеуі «ақша жасайтындар мен бизнес жасайтындар арасындағы» алшақтауды көрсетті.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|