Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

СӨЗ ТІРКЕСІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



 Другие рефераты
«СЫН ЕСІМ — ЗАТ ЕСІМ» ТИПТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ СӨЗДЕРДІҢ ТІРКЕСУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН БАЙЛАНЫСУ ФОРМАЛАРЫ МАРҒАСҚА ЖЫРАУ (ХVІІ ғ.) ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ (1598-1645 жж.)

Ілгеріде біз негізгі синтаксистік тұлғалар мен синтаксистік формалардың сипатын атадық. Осындай тұлғалар ретінде біз сөйлемді, сөз тіркесін, сөзді де атадық.

Сөздер сөйлем құрау үстінде өзара түрлі функциялық қатынасқа түседі, ол функциялық қатынас сөздердің грамматикалық байланысы арқылы көрінеді. Мысалы, Күн ұясына қонды деген сөйлемді алайық. Мұнда сөйлем кұрамына енген сөздер өзара мынандай грамматикалық (синтаксистік) байланыста тұр: Күнқонды; ұясына қонды.

Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі (немесе одан да көп) сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.

Сыртта ол аспандағы жұлдыздарға қарап тұрды. (Т. Ә. «Сары сыбызғы»). Бұл сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар: Ол қарап тұрды; жұлдыздарға қарап тұрды; аспандағы жұлдыздарға (қарап тұрды).

Біз сөз тіркесіне берген анықтамада оған екі шарт қойып отырмыз. Біріншіден, сөз тіркесі деп тану үшін сөздер бағыныңқы қатынаста болуға тиіс, яғни екі сөздің бірі екіншісіне грамматикалық формасы, қызметі жа-ғынан бағыньңқы қатынаста түруға тиіс.

Жұлдыздарға деген сөзге аспандағы бағынынқы болып байланысып тұр. Қарап тұрды деген сөзге жұлдыздарға бағыныңқы болып байланысып тұр. Сөздер сөйлемде салаластық қатынасқа түсіп байланысуы да мүмкін. Мысалы, бірыңғай мүшелердің байланысуы.

Көкшетау мен Айыртаудың сылқылдаған бұлағы, күрсінген көлі,   шулаған  орманы ақынды ерте   әлдиледі

(Т.Ә.).

Тіл білімінде бірыңғай мүшелердің өзара катынасын, сөз тіркесіне жатқызбау керек деген де пікір бар. Көпшілік ғалымдар бірыңғай мүшелерді сөйлемнің өз кұрылымына байланысты, онын өрбуіне қатысты компонент деп қарамайды. Оны дара-дара сөйлемдердің сыйысу амалы деп атайды: Көкшетаудың бұлағы әлдиледі. Айыртаудың бұлағы әлдиледі. Бірақ тіл біліміне арналған бірталай еңбектерде сөйлемдегі бірыңғай мүше болып келген сөздері де сөз тіркесінің қатарына жатқызады. Сондағы дәлелдері мынандай: сөйлем құрамында бірыңғай мүшелер өзара белгілі бір грамматикалық қатынасқа түседі: ыңғайластық, талғаулык, карсылықты т. т. Бұл қатынастар шылау сөздер, интонация арқылы білдіріледі.

Бірыңғай мүшелердің қатысуымен кұрылған сөз тіркестері салаласып байланысқан тіркес деп аталып жүр. Ілгеріде келтірілген сөйлемде Көкшетау мен Айыртаудың деген сөздер бұлағы деген сөзге бағыныңқы мүше ретінде байланысып тұр: Көкшетаудың бұлағы, Айыртаудың бұлағы. Ал бұлар өзара тең салалас қатынаста: Көкшетау мен Айыртау.

Сөз тіркесі синтаксистік қызметі жағынан, лексикалық мағынасы жағынан даралығын жоғалтпаған сөздерден кұралады. Мысалы, өршіген жел, биік мая, тоты құс. Сөз тудыру, сөздің грамматикалық мағынасын кұбылту үшін пайда болған тіркестер сөз тіркесі катарына жатпайды: қызыл балық, ақ боз, ақ баттауық, көк ала. Мысал ретінде кетірілген сөздер — күрделі сөздер. Бұлардың компоненттері бастапқыда синтаксиске тән тәсілдер арқылы қосылғанмен, казір бір ұғьмды атайтын сөз қалпына енген. Көп жағдайда осылай кұралған тіркестер жүре келе бірігіп, біріккен сөзге айналып кетеді. (Ашқарақ, шетел, қолғап, жапалақ). Сөз тіркесі сөйлемнің сөздерден гөрі күрделі, сөздердің өзара бастапкы байланысқа түсуі арқылы пайда болған бөлшегі, тұлғасы деп санаймыз. Осыған карай сөз тіркесін сөйлем құрауға қатысатын материал деп те атауға болады. Өйткені сөздер сөйлемге дара-дара кірікпейді, өзара мағыналык, грамматикалық байланысқа түсіп кіреді. Күлімдеген ай шалқып тұр: ай шалқып тұр, күлімдеген ай. Сөз тіркесі, сонымен, екі сөздің арасындағы катынасты білдіреді. Құрамы жағынан бұл сөзден де, сөйлемнен де бөлек екені анық, ал мағына жағынан қалай десек, сөз тіркесі де атауыштық (номинативтік) қызмет атқарады: оқыған бала, жаңа қалада, далада жайылған, т. т. Бұл жағынан сөз тіркестері сөзге жуық. Осылай екенін мынадан байқауға болады. Атау көп жағдайда жаңа ұғымға жуық келетін сөздерге түрлі анықтауыш қатыстыру арқылы жасалады: шай қасық, сары май. Осылай кұралған атауыш тіркестер тұтасып біріккен сөзге айналып кетеді: қол қап-қолғап.

Сөз тіркесін сөздер бағыныңкылық катынасқа түсіп те жасайды дедік. Солай болғандықтан олардын бірі басыңқы, екіншісі грамматикалық қызметі, формасы жағынан соған бағынышты болады. Бірі басыңкы компонент деп аталады, екіншісі бағыныңқы компонент деп аталады: судың ағысы.

Басыңқы компоненттің лексикалық мағынасы, грамматикалық бітімі бағыныңқы компоненті түгелдей өзіне лайықты етіп, бағындырьп тіркестіреді. Бағыныңкы компонент басыңқы сөз арқылы айтылған ұғымды толықтырады: анықтайды, мекенін, мезгілін білдіреді, объектісін атайды т. б. Осынысына орай сөз тіркесінің кұрамындағы басыңқы компонент пен бағыныңқы компоненттің арасындағы қатынасты негізінен анықтауыштық, толықтауыштык, пысықтауыштық деп топтап, жинақтап атауға болады.

Сусыған құм. Аспанды бұлт торлаған.

Сөз тіркесінің грамматикалық бітімін басыңқы сөздің сипаты белгілейді. Басыңқы сөздің ыңғайына қарай сөз тіркестері былай топталады: етістікті тіркестер, есімді тіркестер (сын есімді тіркестер, зат есімді тіркестер, есімдікті тіркестер); алыс жол, асау өзен. Алыс жол — зат есімді тіркес, өйткені басыңқы сөз — жол. Ол зат есімге жатады.

Аспанды торлаған — етістікті тіркес, өйткені басыңқы сөз — торлаған, ол — етістік. Синтаксистік байланысқа түскен екі сөздің құрамын сөз тіркесі деп тану үшін ол сөздер мағына жағынан, синтаксистік қызметі жағынан дербес, дара болуы керек екенін айттық. Осы шартпен құралған тіркестер еркін тіркес деп аталады. Өйткені тіркестің кұрамындағы сөздер еркін катынаста. тұрып, өзгеріп, алмасып жатады: кеңседен шықты, кеңсеге жиналды, ауылға оралды, қаладан оралды. Тіркес тек сөйлем құрауға немесе сөз тіркесіне ғана қатысты пайда болмайды. Лексикалык, грамматикалық тұлғалар тудыру үстінде де тіркестер пайда болады.

Ора бастады, ат үсті, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен күн көру т. т.

Лексикалык, грамматикалық форма тудыру мақсатында жұмсалатын тіркестерді түйдекті тіркес деп атайды.

Экспрессивті лексиканың қатары да көп жағдайда тіркестер арқылы қорланып жатады. Аузы қышиды, ала аяқ т. т.

Бұлар фразеологиялык, идиомдық, тіркестер немесе тұрақты тіркес деп аталады. Өйткені тіркес тұтас күйінде бір ғана ұғымның атауы ретінде жұмсалады. Тіркестегі сөздер даралауға келмейді, дара, дербес алынғанда, бастапқы ортақ лексикалық мағына жойылады.

Түйдекті тіркес те, тұрақты тіркес те синтаксис, соның ішінде сөз тіркесі синтаксисі зерттейтін объект емес. Бұларды атағанымыз  тіркестің пайда болатын жайларын, олардың түрлерін байқату үшін ғана. Ескертіп кететін нәрсе — тіркес, сөз тіркесі деген екі терминдік атауды ажыратып тану керек. Тіркес — тілдегі процестің атауы, сондықтан бұл атауды жалпы мағынада жұмсаймыз. Сөз тіркесі — тіркестің белгілі шартқа сай көрінісі. Сөз тіркестері компоненттерінің құрамына қарай жай сөз тіркесі, күрделі сөз тіркесі деп екі топқа бөлінеді.

Екі жай сөзден құралған сөз тіркесі жай сөз тіркесіне жатады. Егер тіркестің бір компоненті ретінде күрделі сөздер қатынасса, оны күрделі сөз тіркесі деп атаймыз: көлге қонды — жай тіркес, көлге қонып жатыр — күрделі тіркес.[10-13-б]

скачать работу


 Другие рефераты
Реферат по статье Гадамера Неспособность к разговору
Древнегреческая и Римская цивилизации
Монғолия Қазақтары
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ