Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мәшһүр Жүсіп

rdquo; артықтығы – ақылында дегенді айтып отыр.

 

Мәшһүр Жүсіп өз өлеңдерінде әркім өз еңбегімен күн көрсін дегенді үндейді, сонымен бірге біреудің есебінен тірлік кешу арамтамақтардың ісі екенін де есінен шығармаған.

Ақын адам өміріндегі ең бір қымбат дүние достық екенін, досы мол жанның бақытты екенін жан-жақты толғайды.

Ақынның бөліп айтуға тұрарлық айрықша бір ерекшелігі, өлеңдерін жазып шығарған. Ол әрбір жырын қағаз бетіне түсіріп, рет-ретімен тәртіптеп, шашау шығармай ықтияттап жинап отырған. Оның алғашқы өлеңдері “Дала уалаяты” газетінде 1889 жылдан бастап көріне бастады. Ақын 1889 және 1890 жылдар аралығында бірнеше мақаламен қоса, бес өлең жариялады. Олар мыналар: “Әңгіме”, “Бәрі қысқа, еркін дүниеге келеді екен”, “Кедейлікке үш қырсық оралады”, “Күн шықпай ерте тұрып”, “Білмейді ел өнерлісін аулақ болар”. Бұл өлеңдердің бәрінің сарыны ортақ, ой арнасы біреу – ол жастарды еңбекке, өнер-білімге, егін салуға, сауда істеуге шақырады. Ал, ел ішінде бос тентіреп кәсіпсіз жүрген кейбір желбуаз бозбаланы сынап мінейді:

 

Әр істі ойлау керек әуел бастан,

Не пайда өнер жоқ жігіт жастан.

 

Осылай дей отырып, еңбек етпейтін, сыбай-сылтаң жүрісті жандарды ұрыспай, сөкпей, тілдемей, жай ғана сыпайы сөзбен ұялтып, қызартады. Оларға “мынадай бол, мынадай істе” деп те ақыл айтпайды. Тек қана еңбек ет, еңбек адам баласының – анасы дегенді меңзейді. Мәшһүр Жүсіпті өз көзімен көрген, оның барлық еңбегімен таныс-біліс болған сол кездегі орыс оқымыстысы Белослюдов төмендегідей ой қорытады: “Мәшһүр Жүсіп халықтың мұңын жырлай бастайды. Мәшһүр Жүсіп өлеңді жазып шығарды, мұның өзі қазақ әдебиетінің тарихында халықтық сипаттағы жаңа бағыттың дамуына зор түрткі жасады. Бұрын өлең көпшілік алдында ауызша айтылатын, ал ақын атану үшін біреумен айтысқа түсетін, жыршы міндетті түрде суырып салма ақын болуы шарт еді. Енді Көпеев өлеңдері оқырманға жазбаша түрде ұсынылды, ақын деген сөз тек ақын-жырауларға қатысты ғана емес, өлең жазуға қабілетті талант иелеріне де қолданыла бастады”.

Мәшһүр Жүсіпті 1874 жылы өз ауылының ауқатты адамы Әкімбек деген кісі келіп әкесінен сұрап алады. Бұл байдың Қалибек деген жалғыз баласы бар еді. Арманы перзентін оқыту болатын. Оның молданың алдынан енді ғана шыққан Мәшһүрді ата-анасынан “аттай қалап” сұрауының кілті осы еді.

Мәшһүр Жүсіп балаларды оқыта жүріп, жазу-сызуын бір сәт тоқтатпайды. Күндіз сабақ беріп, қалжырап шаршағанына қарамай, түнде май шамның жарығымен өлең жазады екен. Кейбір түнде өзі сүйіп оқитын шығыс ақындары шығармаларына сарыла үңіліп, білімін үздіксіз көтеріп отырған. Адамға қазына дәулет жолдас болмайды, ғылым мәңгі өмірсерік. Өнерді үйрену үшін де алдымен білім керек. Білімсіз бірде-бір ісің ілгері баспайды. Ақын осылай толғамды ойларын ортаға сала отырып, өзі де көп оқыған, ізденген, өзгелерді осыған үндеген.

Ақынның үй ішін бір сөзбен мұғалімдер отбасы десе де болғандай. Өзі көп жылдар бойы бала оқытты. Жәдитті қатты қолдап қуаттаған. Бұл сол кездің жаңа бағыттағы оқу үлгісі еді. Ол осы оқу үлгісін жай ғана жақтап қоймай, нақты іс-әрекет еткен. Атап айтқанда, балаларды жәдитше оқытқан, осы үлгідегі кітаптарды ел арасына кеңінен таратуға күш салған.

Ақынның Әмен деген ортаншы баласы арнайы жолдамамен Ташкент қаласындағы №4 мектепте сабақ береді. Бір оқушы қыздың әке-шешесі он үш жасар баласын малға сатып, ұзатпақшы болып жатқанда, ара түсемін деп 1921 жылы азғындаған жандардың қолынан қаза табады. Бұл оқиғаны “Ақ жол” газетіндегі қазанамадан көрген ақын қатты күйзелген көрінеді. Мәшһүрдің тұла-бойы тұңғышы Шәрәпи де әжептәуір сауат алады. Өзі алдыңғы қатардағы колхозшы болса керек. Оның бұл баласы 1936 жылы өз ажалынан қайтыпты. Кенже ұлы Пазыл да көп жылдай мұғалімдік қызмет атқарады. Партия мен үкімет еңбегін бағалап, Ленин орденімен наградтаған. Ол 1970 жылы өмірден озыпты.

Әрине, Мәшһүр Жүсіп “Алланы бір, пайғамбарды хақ” деген мұсылман.

 

Исламның бес парызы біреуі – иман,

Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.

Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып,

Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған, –

 

деп толғап қана қоймай, өзі де шариғат жолымен жүрген тақуа. Мәшһүр шайтанды молдаларша ұғынбайды. Оны дербес малғұн, жұрт көзіне көрінбей жүріп азғырушы деп қарамайды. Ақынға сөз берсек, ол: “Ағаштың бойында гүрілдеп ағып жатқан өзен – адамның денесіндегі қан. Әй, жігіттер, естеріңде болсын, оны “шайтан” – дейді. Ол бір кесек нәрсе емес, денеңе арам қан боп кіріп, жүрегіңе барып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзады. “Шайтан” деген өзіңнің ойың дейді.

Ақын қолына түскен бір шежірені оқып отырып былай деп жазады: “Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би” дегендей, анық қазақтың өз ортасында сөйленіп жүрген танымал сөзден шежіре алып жазған біреуі де жоқ”, – дейді.

Жақында ғана осы олқылықтың орнын толтырып Мәшһүр Жүсіптің оныншы томы – “Қазақ шежіресі” Павлодар қаласынан жарық көрді. Бұл еңбек халық сусап күткен танымды дүние. Құрастырушылар тарапынан берілген түсінікте: “Қолжазбалардағы материалдар мазмұнына қарап, ғалымның тарих, мәдениет, әдебиет мәтіндерін бір-бірінен бөлмей тұтас ұсынғанына назар аударамыз. Сол себепті мәтін тұтастығын сақтау мақсатында орын алған фольклор, әдебиет үлгілері, фәлсафалық-діни ойлары қолжазбадағы жазылу реті бойынша аралас беріліп отыр. Мәшһүр қолжазбасындағы кейбір мәтінді тарихқа да, әдебиетке де жатқызуға болатынын ескерген жөн”, – десе, бұл өте дұрыс бағамдалған мәселе деп білеміз. Мәшекең орта жүз болғандықтан көбінесе өз елін жан-жақты жазған. Ұлы жүзді де, кіші жүзді де, қожаны да, төрені де ара-тұра болса да сөз етеді. Арғындардың арғы атасы жайлы Бұқар жырау:

 

Бәрімізді сұрасаң,

Құтан байдың баласы.

Арғындардың сабасы,

Қарақожа бас болып,

Қабыл болған дұғасы, – дейді.

 

Ал Мәшһүр Жүсіп арғын, найман, тарақты, қыпшақ аталарын жеке-жеке таратып, олардың ішінен шыққан сұлтан, би, батыр, әнші, ақындар жайлы да әжептәуір мәлімет береді.

Мәшһүр Жүсіп өмірге көзқарасында, әлеуметтік болмыстарды түйіп-бақылауда сыншылдық идеясын ұстанды. Ол кейде өзі өмір сүрген тұстың қалтарыс-қатпары көп көлеңкелі жақтарын барынша батыл сынайды, патша шенеуніктерінің, би-болыстардың “алсам, жесемнен” басқаны білмейтін озбырлығын қатты шенеп айтады. 1905 жылғы халық көтерілісі жайлы тебірене толғап, патшаның 17 қазандағы манифесі көз бояйтын жалған бұйрық екенін ешнәрседен тайсалмай айтқан да Мәшһүр Жүсіп еді.

1907 жылы Қазан қаласындағы Құсайыновтар баспаханасынан Мәшһүр Жүсіптің “Хал-ахуал”, “Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз”, “Сарыарқаның кімдігі екендігі” деп аталатын үш кітабы бірдей жарыққа шықты деп жоғарыда айттық. Бір айта кететін жәйт, “Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз” атты жинақ “Хал-ахуал” кітабының толықтырылып басылған түрі десе де болғандай.

Ақынның осы кітаптарын қадағалап оқыған адам оның сол кездегі Ресейдің саяси хал-жағдайымен белгілі бір дәрежеде таныс екеніне көзі жетеді. Оның бұл өлеңдерінен 1905 жылғы халық көтерілісінің де әсері бар екені көрініп тұр. Осы кітаптардың ішінде патшаның отаршылдық саясатына қарсы айтылған пікір де кездеседі. Мәшһүр Жүсіп Ресеймен қосылудың прогрессивті жақтарымен бірге, қиындығы да аз болған жоқ деп айтыпты. Егер біз осы үш жинақта жырланған дүниелерді түйіп айтар болсақ, халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тірлігін, іс-әрекетін, жан-дүниесін біршама суреттеп беруімен де құнды дер едік.

Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістанға үш рет сапар шегеді. Бірінші рет 1887 жылы, яғни 29 жасында барады. Бұл жолы Бұхарада оқып, білімін көтерген сияқты. Арабша, парсыша шыққан кітаптарды қадағалап зерттейді.

 

Екінші рет барғаны турасында:

Зубаржат шығыс бапқа бұл барғаным,

Жылым қой, отыз жеті жасым еді, – деп анықтама береді.

 

Мәшһүр Жүсіптің өз айтуынша, ол 1895 жылы араға сегіз жыл уақыт салып, жоғарыдағы аталған қалаларға қайта барыпты. Ақынның бұл екі сапары да оның білімін көтеру мақсатынан туғандығы көрінеді.

Ал, енді Бұхара, Ташкентке 1907 жылы үшінші рет баруының жөн-жосығына келсек, ол алдыңғы екі сапардан басқашалау. Оның себебі, ақынның осы жылы жарық көрген үш кітабында кедей-кембағалдың мүддесін көп толғағандығынан да болса керек. Бұл жөнінде нақты мәліметті Ә.Қоңыратбаев береді. Ол: “Мәшһүр Жүсіптің жоғарғы үш кітабының заңға ілігіп таратылмауы, оны басып шығарған Қазандағы Құсайыновтарға 12 мың сом ауыр айып салынуы, ақынның қамалушылар тізіміне ұшырап ел ішінде бұғып жүруі осыдан”, – деп тұжырымдайды.

Ақын Бұхараға, Ташкент жақта төрт жыл жүріп оралған соң да жағдайының жөнді болмайтынын түсініп, бұл жолы Еділ, Жайық жағалауын аралайды.

1940 жылы шыққан “Қазақ әдебиеті хрестоматиясына” Мәшһүр Жүсіптің “Шайтанның саудасы” енсе, осы жылы Мәскеуден жарық көрген “Дала әні” атты қазақ поэзиясының антологиясында бір өлеңі басылды. Сондай-ақ, “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” (1983ж.) атты кітапқа бірнеше өлеңдері енді (құрастырушылар Т.Әбдірахманов, Қ.Жармағамбетов), М.Мағауиннің құрастыруымен 1978 жылы “Советский писатель” баспасынан шыққан “Поэты Казахстана” деген кітапта “Шайтанның саудасы” тағы да басылды. Ол 1889-1894 жылдар аралығында “Дала уалаяты” газетінде бірнеше проблемалық материалдар, “Айқап” журнал

123
скачать работу

Мәшһүр Жүсіп

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ