Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мәшһүр Жүсіп

ының 1912 жылғы екі санында көлемді мақала жариялады.

Ақын бұл шығармаларында да көпшілік қауымды еңбекке, оқу-білімге, адалдыққа үндейді. Әсіресе қолыңнан келгенше кісіге жақсылық істе, кедей-кембағалдың қажетін өтеу адамдық борышың. Ал, халық үмітін ақтарлық игілікті ісің болмаса, кісі санатына қалай қосылмақсың? – деген пікір қорытады.

Ол адалдық, адамдық жайындағы толғамды ойларын өлең, мақала, аңыздың айналасында ғана айтпай, көптеген дастан да жазған. Оларды жоғарыда атап өттік.

Мәшһүр қазақтың көптеген білікті адамдарымен кездескен. Соның бірі – атақты Қажымұқан балуан. Ол онымен 1925 жылы таныс-біліс болып, екеуі Баянауылда бірнеше күн бірге жүріпті. Бірі ақын, бірі балуан – өнер адамдары іштей түсінісіп, қыл өтпес дос болып, қимай-қимай ажырасыпты. Сондай-ақ, Атбасар дуанының тұрғыны Мейрам Жанайдарұлымен де сырлас дос болыпты. Бұл кісі өз заманының оқымысты адамы екен. Арабша, парсыша, орысша сөйлей де, жаза да біліпті. Айрықша қасиеті – ауыз әдебиетін көп жинапты. Сонымен бірге “Мың бір түннің” бір тарауын өлеңмен жырлап, 1895 жылы “Дала уалаяты” газетінің 41-49 нөмірлерінде жариялапты. Мейрам жырлаған бұл дастан Ү.Сұбханбердина құрастырған “Қисса-дастандар” (1986 ж., 28-32-беттер) атты кітапқа енді.

Мейрам қара сөзбен емес, тақпақтап, мақалдап-мәтелдеп сөйлейді екен. Оның бізге жеткен мұрасы жоқтың қасы. Ол адамға Мәшһүр Жүсіп мінездеме бере келіп: “Ақылды адамда күлкі де жоқ, ашу да жоқ, кемдік көріп, тарығып сасу да жоқ, басына Қап тауындай бақыт қонса, шалқасынан шалқайып тасу да жоқ”, – деп бағалапты.

Жолмұрат Жүсіпұлы өз қолжазбасында Мәшһүр Жүсіптің атақты Бөгембай батырдың немересі Саққұлақпен де тығыз қарым-қатынаста болғанын, ол адамнан ақынның халқымыздың әдеби мұрасын көшіріп алғандығын да айтады.

Мәшһүр Жүсіп Ақан серімен бірнеше рет кездескенін, онымен сырласып, пікір алысқанын айта келіп, былайша тебірене сөз етеді: “Ақан серінің Құлагері өлген соң бұрынғы серілік мінезді қалдырып, көп бас қосатын ас, жиын-тойға жүрмейтін, бармайтын болып, дүние махаббатынан мүлде көңілін суытты. Ақан сері адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі еді, жігіттің құлпы жібегі еді”.

Мәшһүр Жүсіп ел ішін көп шарлап, ақсақалды қарт, ақ самайлы әжелердің аузынан халық ауыз әдебиетін жинайды. Сол мақсатпен кейде баратын ауылына жете алмай далаға қонса, кейде таудың ішіндегі бұлақтың басына түнейді.

Ақын мал соңында салпақтап күндіз-түні еңбек етіп жүрген кедей шаруаның ауыр азабын, жетім мен жесірдің көз жасын өлеңге қосты. Сол қиындық бейнебір өз басынан өтіп жатқандай сезінді:

 

Болмайды түн күндізсіз, күндіз-түнсіз,

Ай кірсіз деген сөз бар, Құдай мінсіз,

Шаттық пенен қапалық кезек нәрсе,

Бірінен соң бірі бар артық – кемсіз,

 

–деген жолдармен дүниенің бірқалыпты тұрмай өзгеретінін, алдағы жақсы күннен күдер үзбеу керектігін жырлайды, елге демеу, сүйеу болып, басу айтады. Біз осы жолдардан ақын өз қара басының ғана қамын ойлап қоймай, өзгенің де өзегіндегі өксігін, өкінішін бар жанымен сезіне алатындығын көреміз.

 

Кейде қара қылды қақ жаратын туралығымен де Мәшһүр Жүсіп ел ішінің пысық­тарына жақпай қалатын кездері болыпты. Сол себепті бірде момын шаруалармен көңілі өсіп жүрсе, бірде өзін жүдеп-жадап жалғыз қалғандай сезінеді. Ондайда ол қасқайып тұрып жырлап кететін:

 

Бұл сөзім алты алашқа таныс болсын,

Адамзат ермін десе намыс болсын.

Бір Құдай болысқанға дұшпан оңай,

Көптігі қопадағы қамыс болсын.

 

Ақын адам баласын ерлікке, өр намысқа шақырады, адал жанды бір Алланы өзі қолдап-қоршайтындығын тебірене толғайды. Мәшһүр Жүсіптің есімі көзінің тірісінде-ақ көп жерге тарап кеткен еді. Оның да бірнеше себептері бар. Біріншіден, ол бұл кезде бірнеше кітаптары шығып, елге танылған-ды, екіншіден, көне мұраны жатпай-тұрмай хатқа түсіруімен де белгілі болған десек, осындай жақсы істеріне қанық зиялы қауым оның еңбегін айрықша бағалап, өз еңбектерінде атын құрметпен атап отырған. Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларын ақтарып отырып ҚР ҰҒА Орталық кітапханасының қолжазбалар қорындағы 850-папкадағы аты-жөні белгісіз біреудің мынадай бір естелігіне көзіміз түсті: “Ақын жеті күн ауырды. Дәл жеті күн ауырып жатқанда бір айтқан сөзі: “Ажал жүр жағалап қоймаймын деп, Шәрәпиден жүр бермеймін” деп мырс етіп күледі (Шәрәпиден үлкен баласы). Өзі тірісінде айтушы еді, “жетпіс үшке жеткенше балталасаң да өлмеймін. Жетпіс үштен ары қарай сүйресең де аспаймын”, – деп.

“Азырақ-азырақ тынышсызданып жатқан кісідей болып, жан тәсілім етті де, пысылдап ұйықтаған кісідей болды. 1931 қой жылы жұмаға қарай таңға жақын аяулы ақын, зерделі жинаушы, жақсы азамат жарық дүниемен біржола қоштасты”, – делініпті.

Мәшһүр Жүсіп бүкіл түркі халқын тегіс сүйген, оны “батыр да, қайсар ел” деп дәріптеген, түркі тілі араб тілінен кейінгі ғажайып үнді, мазмұнды тіл екендігін дәлелдеп айтқан. Әсіресе, Қожа Ахмет Ясауиді түркі елінің ғұламасы атаған, бұл кісі туралы бір аңызды келтіреді. Сопы ақын “тоқсан тоғыз мың машайығын” шақырып: “Сіздер баршаңыз бір жерде отырып, бас-басыңызға бір ауыздан сөз айтыңдар, кейінгі заманға естелік болсын”, – дегенде, “қай ретті қылып сөйлейміз” деп Сұлтан хазіреттің өзінен сұрағанда: “Мақал деп айтылатұғын сөз болсын…” депті. Ең алдыңғысының айтқан сөзі екен: “Хазірет баршамызға бір-бір сөз айт деп шақырды. Жалғызың дәнеме айтпайсың, өзің білме, білгеннің тілін алма деген осы екен-ау”, – дейді. Сонда солардың ең аяқ соңында қалғаны: “Сендердің қасыңда құйысқанға қыстырылған тезек сықылды болып жүріп мен не айтамын”, – деген екен. Орта буында біреуі дәнеме айтпаған соң: “Кел, мұны қол-аяғын байлап, тіпті ештеме айтпаса суға тастап жіберелік” деп бас салғанда: “Құдайға шүкір, көп қорқытады, терең батырады” деген осы екен-ау”, – депті. Қазақ ішінде “мақал” деп айтылып жүрген сөз тоқсан тоғыз мың машайықтан қалған екен десіп келеді”, – деп зерттеуші айтса, біз мақал-мәтелдің бір үлгісі Қожа Ахмет Ясауиден бастау алған шығар деген ойға қалдық.

Осындай қыруар жақсы ісімен халық алдында айдай жарқырап көрінген ғұлама жан қашанда халқының жүрегінде.

 

Авторы: Сәрсенбі ДӘУІТҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы.

123
скачать работу

Мәшһүр Жүсіп

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ