Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мәшһүр Жүсіп



 Другие рефераты
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) Міржақып Дулатов Медетбай Тәжіұлы (1850-1928) Махмұд Қашқари

Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің көп қырлы талант екені елге мәлім. Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар. Ақынның 1907 жылы үш бірдей кітабы – “Көп жасағаннан көрген бір тамашамыз”, “Хал-ахуал”, “Сарыарқаның кімдікі екендігі” атты жыр жинағы жарық көрсе, “Миғраж”, “Хаятбақшы”, “Қорқыт”, “Гүлшат-Шеризат” деп аталатын қисса-дастандарын, публицистикалық этнографиялық еңбектерін, халық ауыз әдебиетін жинаудағы қыруар жұмысын атасақ та жеткілікті.

Біз Мәшһүр Жүсіптің ақындығына тоқталсақ, оның нәзік те отты, ойлы өлеңдері халықтың өз ішінен қайнап шыққан талант екенін көрсетеді. Ел ішінің жағдайына жастай қанық ақын ағайын-туыс, бауырдың жан сырын терең жырлайды, нәзік тербейді. Олардың мінез-құлқын салмақты баяндап, сабырлы түйіндейді. Бір қызығы, әрқайсының мінезі әртүрлі, бірі біріне кереғар, күле салуы да жылдам, ренжи салуы да оңай. Енді ақынға сөз берсек, ол:

 

Аманыңда елжіреп мақтайтын ағайын,

Алыстамай айналып жақтайтын да ағайын.

Ауырыңды жеңіл ғып жоқтайтын да ағайын

Еркелетіп бетіңнен қақпайтын да ағайын, –

десе, бұл күнделікті өзіміз көріп, өзіміз қоян-қолтық араласып жүрген ел тірлігі. Халқымыз “Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол”, – дейді. Ағайынның тағы бір мінезіне ашынып, “Туысқан бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды”, – деп те ашылады. Қалай болғанда да өзіңнің өскен жұртыңа жетері жоқ. Осыны Мәшһүр Жүсіп тіпті әдемі толғайды, ақынға құлақ ассақ:

 

Әуел баста аңдамай тартып жүрме сазайын,

Толып жатыр түрлі сөз қайсыбірін айтайын.

Түсінсе түйткіл сөзімді улы тілмен шағайын,

Өскен ордам жамандап жақсыны қайдан табайын, – дейді.

 

Мәшһүр Жүсіптің осындай жақсы жырларының қатарына оның “Жеті жетім”, “Қажылық иман шарттары”, “Адам екі түрлі”, “Жанайын ба?”, “Дауасыз дерт”, “Күндіз бен түннің айырмасы”, “Сырға сөз” секілді өлеңдерін атар едік.

Өз кезінде Мәшһүр Жүсіп сан-салалы ауыз әдебиеті үлгілерін мол жинағаны, өз замандастарының шығармаларын да хатқа түсіргені көпке аян.

Бұл жөнінде академик М.Әуезов былай деп тұжырымдайды: “Ол, өз шығармаларын былай қойып, басы ашық үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және естен шығармау керек. Сондықтан қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ғылымдық бір саласы историография бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт” десе, академик-жазушы С.Мұқанов: “ХVІІІ ғасырда жасаған ақындардың ішінен жыры мол сақталған – Бұқар жырау. Бұқардың жырларын сақтап, тарих алдында ерекше еңбек сіңірген адам – Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұқардың жырларын жазып алған Мәшһүр Жүсіп: “Бұқарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар, бізге келіп жеткен тамыры ғана. “Мес” жинағына қарасаң көңілің тояттайды, оқысаң көзің қуанады. Сиясы әсем көшірілген қолжазба Мәшһүр махаббатына лық толы. Ол көне қолжазбаның әрбір сөзіне дейін жеткізуге, қазақ тілінің алтын қорын шашпай-төкпей сақтауға тырысқан”. Осыған ұқсас пікірді ғалым Ы.Дүйсенбаев та айтқан. Ол: “М.Ж.Көпеев Бұқарға тиісті деген өлең-толғауларды, ел ішіндегі кәрі құлақ қариялардың аузынан жазып алып, ертеректе қағаз бетіне түсірген, екіншіден ол өзінің шамасы келгенше қарт жыраудың мұрасын толық және келіп жеткен қалпында сақтауға тырысқан, үшіншіден өзі де Бұқардың өмірі және шығармашылығымен жете таныс болғандықтан, кейбір жыр-толғауларына түсіндірмелер берумен бірге, басқа да қызықты мәліметтер келтіріп отырған”, – десе, бұл пікірді біз де мақұлдаймыз.

Мәшһүр Жүсіп 1858 жылы өзінің айтуынша (қазақша қой жылы, арабша ережеп айында, жұма күні, бесін кезінде), Қызылтауда, Найзатас деген жерде дүниеге келеді. Нәресте туған соң ата-баба салтымен азан шақырып, атын Адам Жүсіп болсын деп қояды. Ал, оның Мәшһүр Жүсіп дейтін атқа ие болуы жайы да қызық.

Сегізден тоғызға аяқ басқан шағында қалың топтың алдында бірде-бір мүдірместен мақамына келтіре отырып “Төрт жігіттің өлеңі”, “Ер Тарғын”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” лиро-эпос дастандарын жатқа толғайды. Жиылған қауым дән риза болып, “баланың аты – Мәшһүр болсын, тіл-көзден аулақ болуы үшін басына үкі тағып қойыңдар”, – дейді.

Қара өлең, қайым өлең, жар-жар, аужар, сыңсу, батырлар жыры, лиро-эпос жыры, шешендік сөздің неше алуан түрін жастайынан жаттап өскен Мәшһүр өзі де он бес жасынан бастап өлең шығара бастапты.

Біз өз уақтысында “Жалайридың жел жетпес жүйрігі” атанған Бақтыбай мен Сыр бойының ақыны Бұдабайдың түс көріп, түсінде көген емес, өлең алып, ақын боп оянғанын жақсы білеміз”. Ал, Мәшһүр Жүсіптің қалай ақын болғандығы жайлы әңгімесі оның өзінің алдындағы өнерпаздарға ұқсастығымен бірге, айырмашылығының да бар екендігін анық танытады. Мұны “Он бесте шабыттандым жүйрік атша, кеудеме өлең толды сызған хатша” деген жолдардан ұғынуға болады. Одан бұл кезде жазу-сызудың қазақ өлкесіне кең қанат жая бастағанын, Мәшһүр Жүсіптің де сауаттылықты жоғары бағалап, оған құрметпен қарағанын аңғарасың.

Бірақ, оның осы тұстағы өлеңдерінің тақырыбы күнделікті тұрмыстық жағдайды суреттеуден әрі асқан жоқ. Ол өзі араласып жүрген айт пен той, әртүрлі адам мінезі, жүріс-тұрыс ерекшелігі, көшу, қону, жаз бен қыс, ас, қыз ұзату сияқты нәрселер еді. Бұл өлеңдерінде кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне терең бойлап, талдау жасау жоқтың қасы, бір сөзбен айтқанда, бұл оның шәкірттік, үйрену кезеңі еді.

Мәшһүр Жүсіп, өзі айтқандай, он бес жастан кейінгі өмірінің бәрін дерлік өлеңмен сөйлеген. Ақын дүние танымын, адамдармен қарым-қатынасын, нені сүйіп, нені жек көретінін, кімнен үйреніп, кімнен жиренетінін де өрнектеген. Біз оның мұндай туындыларынан сол кездегі адамдардың өмірге деген көзқарасын, ішкі жан дүниесін, тұрмысын жан-жақты танығандай боламыз.

Ақын той мен топта, ел мол жиылған аста бай мен болыстан, би мен бектен ығыспаған, олардың қателіктері мен кемшіліктерін тіке айтып, жуанға істеген “жақсылығын”, жіңішкеге көрсеткен “қорлығын” бетіне басып отырған. Осы ақ ниеті үшін артынан опық жеген кездері де аз емес екен.

Расында да ол бала болып ойнамаған, бес жасынан бастап оқуға зейін қояды, ержетіп бозбалалық шаққа жеткен соң да ала қағаздан бас алмаған. Ақын шарқ ұрып ізденудің нәтижесінде білімге де, парасатқа да ерте жетіпті. Күннің шуағын бірінші болып қарсы алып, батып бара жатқан шапағын да өзі шығарып салатын заңғар таудың құзар басы сияқты, алдымен не көрсе де білімді жан көрмек. Ақылды, білімді адам өмірдің соққан бар дауылына төтеп бермек. Мәшһүр Жүсіпті де осындай жан деп білеміз. Оның жанының нәзіктігін, көңілінің жомарттығын, “өзім не болсам да мейлі – өзгенің жаны жараланбасын, басқаның басына бақытсыздық, күңгірттік келмесін”, – деп іштей жақсы тілеумен жүретінін айтып жеткізу мүмкін емес. Мәшһүр жырлары оқушысын еңбекке, адалдыққа, мейірімділікке үндеумен қымбат.

Мәшһүр Жүсіптің “Сарыарқаның кімдікі екендігі” атты кітабы тұтас халқымыздың ішкі-сыртқы жағдайын толғайтын дүние. Бұл еңбек 1907 жылы баспадан шықса да 1917 жылы cәтті бастама көтерген алаш азматтарының ой-арманымен тоғысып, үйлесіп жатыр. Ақын діннің, жердің, малдың кеткенін, елдің азып-тозып нашарлағанын айта келіп: “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді”, – десе, халқының қамын ойлаған озық азаматтың пікіріне толық қосыламыз.

Ақын үзбей өлең жазып, халықты өнер-білімге шақырғаны мәлім. Мәшһүр Жүсіптің түпкі арманы – халықты жаппай сауаттандыру еді. Алайда, ол мұндай игілікті іс тек сөзбен ғана іске аспайтынын, ол үшін қолда билік болуымен қатар, мол қаражаттың қажет екендігін кейін сезінді. Амалсыз ішкі мұң-шерін тағы да өлеңмен шертті.

Ол көпшіліктің берекесін алатын, жарастығын бұзатын озбырларға үнемі қарсы тұрып келіпті. Бұл турасында профессор Б.Кенжебаев: “Мәшһүр шығармаларының көпшілігінде заман жайын айтады, қазақтың теріс мінездерін, қазақ арасындағы ескіліктің қалдығын, би-болыстарды, патша үкіметінің чиновниктерін сынайды”, – десе, ғалым жіті байқап, дұрыс бағалаған деп білеміз.

Мәшһүр Жүсіптің өмір сүрген тұсы — бір рудың малын екінші бір рудың елі барым­талап, шетке шыққан жылқы-сиырын сіңіріп кете беретін, әлсіздің күні қараң, күштінің сөзі жүріп тұрған феодалдық қоғамның нағыз қаны тамып тұрған кезі еді. Қысы-жазы ауыл маңы айғай-шу, бос дүрмек. Оқу іздеп, өнер қуып жүрген бір де бір жасты көре алмаған ақын халыққа қарап:

 

Қазағым, өнер ізден, ұрлық-зорлық,

Қыласың бір-біріңе неге озбырлық, – дейді.

 

Ақын сөз өнерін өте жоғары бағалаған. Ол адамзат баласының бір-бірімен табыспайтын, жақындаспайтын кезі болмайды, олар бір-бірінің ішкі жан сырын сөйлесу арқылы түсінеді, ұғысады дей келіп:

 

Ұшқан құс, жүгірген аң-жануарлар,

Атанды бәрі қайуан – тілі жоқтан, –

деп түйіндейді. Бұл жерде ол адамның “ұшқан құс, жүгірген аңнан&

123
скачать работу


 Другие рефераты
Психологическая характеристика причин семейных конфликтов
Политическая культура
Арал теңізінің проблемалары
Общий и раздельный имущественный режим супругов


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ