Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мектеп жұмысының инновациялық процестерін басқару



 Другие рефераты
Мектепті басқарудың негізгі функциялары Мектепішілік басқарудағы жаңалану процесін енгізулер бағдары Мектеп жұмысын басқару қызметтері, əдістері жəне формалары Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың мен бақылаудың ерекшеліктері және міндеттері

«Инновация» термині жаңашылдық, өзгеріс, қандай да жаңалық ендіру дегенді аңдатады. Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу жəне тəрбие жұмыстарымен мұғалім жəне оқушының бірлікті іс-əрекеттерін ұйымдастыру мақсаттарына, мазмұнына, əдістері мен формаларына енген, енетін жаңалықтардан хабар береді (ғылыми рəміз ретінде бұл терминді аудармасыз, өз күйінде қолданғанды жөн көрдік).

Инновация, сонымен, жаңалық жеткізуші, жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал. Жаңалығы болмаған инновация мəнсіз. Инновациялық маңызға ие болмаған жаңалық іс-əрекет қалпын жақсартудың дерексіз (абстракт), болмысқа жарасымы жоқ құрғақ теория. Басқарудағы жаңалықтар мен инновациялар əрқилы даму, тіршілік сатылары мен қисынды құрылымдарды қамтиды. Өз даму айналымында инновация белгілі кезеңдерден өтеді: идеяның туындауы, мақсат белгілеу, жаңалық идеясын ойластыру жəне əрекет бабына келтіру, жаңалықты іске асыру, тарату жəне тоқырау (жойылу). Инновациялардың іске асып бару кезеңдері жаңалықты қабылдап, игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз байланыста.

 

Жекеленген басқарым инновацияларының жиынтығы мектепті басқарудың жалпы инновациялық процесін құрайды, ал ол өз кезегінде аудан, аймақ, республикалық білім жүйесінде жүріп жатқан кең ауқымды инновациялық кешендердің құрамынан орын алады.

Инновациялық процесс – бұл күнделікті тəжірибеде өз алдына бөлек жаңалық ретінде танылған нақты да соны ауқымды бірлігі. Мектеп басшысының айналысатыны да осы үлкен, кең шеңберлі процесс.

Инновациялық тəртіп пен кейіп өріс алған жағдайларда оқушылардың да, педагогтардың да тұлғалық бой тіктеуге, өз мүмкіндіктерін іске асыруға болған ынта-ықыласы белсенді даму арнасына түседі. Бұл педагогикалық процесс қатысушыларының өзара қатынасында көрініс береді. Инновациялық процесс нəтижесі – қолданымға енген теориялық та, практикалық та жаңа идеялар. Мұғалім бұл орайда жаңалық авторы, дайындаушысы, зерттеушісі,

пайдаланушысы жəне насихаттаушысы сипаттарын бірдей алады. Ал бұл қызметтерге қатысты басқару жұмыстары соны тұжырым, теория, идея, технология, əдістеме жəне озат педагогикалық тəжірибелерді қандай да мақсатқа орай бағалауды жəне кəсіби іс-əрекетте пайдалануды қамтамасыз етеді.

Қоғам, мəдениет жəне білімнің бүгінгі даму жағдайында педагогикалық іс-əрекеттегі инновациялық бағыттардың қажеттігі бірнеше шарттардан туындап отыр. Олар:

- əр текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің, əдіснамасының жəне оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру технологияларының жаңалануы;

- білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитаризация) сипат алуы;

- оқу пəндері көлемінің үздіксіз өзгеріп баруы;

- оқудың жаңа ұйымдастыру формалары мен технологияларын ұдайы іздестіруді қажет ететін жаңа оқу пəндерінің енгізілуі;

- мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі мен қолдануының өзіне болған қатынастар сипатының өзгеруі;

- жалпы білімдік оқу мекемелерінің нарықтық экономикаға бет бұруы;

- жаңа оқу орындары, олардың арасында мемлекеттік емес білім ордаларының құрылуы;

Күнделікті тəжірибеде инновациялық процестер сипаты күтілген нəтижелер мазмұнымен, енгізілудегі ұсыныстардың күрделілік жəне тыңғылық дəрежесімен, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-əрекетке дайындық дəрежесімен анықталады.

Соңғы нəтижеге болжам жасай отырып, мектептегі инновациялық процесті басқаруда осы қызметтің негізгі бөлімі ұжымдық талқыға түседі. Бағдарламалы инновацияға байланысты өте ірі шаралар топтық əдіспен дайындалады.

Нақты бағдарлама түзіліп, онда ұжымдағы əрбір мүше іс-əрекетінің бастау бағыты көрсетіледі, соңғы нəтиже болжамы түзіледі, көзделген мақсаттың іске асу мерзімі айқындалады, бар жағдай- шарттардың жақсылана түсуі қамтамасыз етіледі.

Инновациялық процестерді басқаруда нəтижеге бақылау жасау үлкен маңызға ие. Бақылаудағы міндеттер:

- жеткен нəтижелерді бағамдық талдауға салу, білімдік іс-əрекет процестерін реттеуге байланысты жұмыстар жүргізу үшін қажетті тұжырымдар жасау;

- ұжым кейпі мен іс-əрекеттеріне түзетулер енгізу мақсатында инновациялық процестің барша қатысушыларының қызметтері мен жұмыс нəтижелеріне баға беру; қорытындылар шығару;

- кешенді – мақсатты бағдарламаға сəйкес инновацияларды басқару нəтижелерін бағалау жəне басқару ықпалдарын ретке келтіруге орай ұсыныстар беру;

- инновациялық процесс қатысушыларын ақпараттандыру мен ынталандыру үшін тура жəне кері байланыс өзектерін қалыптастыру.

Мектепті басқару сол мекеменің бұдан былайғы тіршілік нəтижесіне үлкен ықпалын тигізеді.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет

Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет

Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет

Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет

Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет

Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.

Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. — 369 бет.

Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.

Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. — 460 бет.

Педагогика және психология сөздігі. — Алматы, 2002.-254 бет.

Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет

скачать работу


 Другие рефераты
Социальная ценность права
Социологическое исследование
Возникновение разумного человечества
Жер планетасы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ